Новые участники

0 адам онлайн

Хабарландыру тақтасы

  • 1
  • 2
  • 3

Жаңалықтар

  • «JasA!» жобасы туралы

    Жастар жылы аясында елімізде алғашқы рет, жастардың өмір сүретін орталарында, яғни қалалары мен ауылдарында креативті және урбанистикалық бастамаларына қолдау көрсетілгелі отыр. Осы мақсатта, еліміз бойынша «JasA!» жобасына қатысатын 600 жастар іріктеліп алынып, қазіргі таңда ол жастар жергілікті қауымдастықтарының қажеттіліктерін анықтауда. Жобаға қатысушы жастар өз идеяларын дамытып болғаннан кейін, оларды іске асыру үшін шағын гранттар бөлінетін болады.

    06.09.2019, 0:00 | Пікір: 0
  • Республикалық экологиялық «ЭКОСЕЛФИ» байқауының өткізу ЕРЕЖЕСІ

    1.1. Осы ереже Республикалық экологиялық «ЭКОСЕЛФИ» бауқауының өткізу тәртібін айқындайды. 1.2. Байқау «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігі (www.zhasulan.kz, tatu.otbasy @gmail.com) «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ және ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министірлігінің қолдауымен ұйамдастырылуда.

    19.08.2019, 9:00 | Пікір: 0
  • «Менің тату отбасым» бейнероликтер мен фотосуреттер байқауы

    Отбасы – кез-келген қоғаммен кез-келген мемлекеттің негізі, бұл адамды өмір бойы бағыттайтын бірегей әлеуметтік топ, жақын адамдардың тек қандық туыстығы ғана емес, рухани бірлігі болып табылады. Отбасы бірлігі арқылы мемлекеттің тұрақтылығы қалыптасады. Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Отбасы - қазақстандық қоғамның діңгегі, еліміздің экономика, мәдениет, әлеуметтік саясаттағы жаңа жетістіктерінің негізі. Әр қазақстандық отбасының игілігі – «Қазақстан-2050» Стратегиясының басты мақсаты болып табылады» деген болатын.

    31.07.2019, 0:00 | Пікір: 0
  • «Қасиетті домбыра» Республикалық байқауы

    2019 жылы 1-2 шілде аралығында «Ұлттық домбыра күні» мерекесіне орай «Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» жастар қанатымен мен «Жас Ұлан» бірыңгай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» РҚБ бірлесіп «Қасиетті домбыра» Республикалық байқауын өткізді.

    03.07.2019, 0:00 | Пікір: 0
  • «Қасиетті домбыра» Республикалық байқауының ережесі

    Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласында, «жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – cол ұлттық кодыңды сақтай білу. Онсыз жаңғыру дегеніңіздің құр жаңғырыққа айналуы оп-оңай. <…> Ұлттық жаңғыру деген ұғымның өзі ұлттық сананың кемелденуін білдіреді. <…> Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс», - деген болатын. Осыған орай, өскелең ұрпақтың жаһандық бәсекеге қабілетті тұлға ретінде ғана емес, өз тарихын, өткені мен бүгінін ұлықтайтын азамат ретінде тәрбиелеу басты парыз.

    19.06.2019, 17:00 | Пікір: 0
  • "Ұлы Жеңіс - халықтар ерлігі": қазақстандық журналистер мен блогерлер Ұлы Отан соғысымен байланысты маңызды орындарды аралайды

    2019 жылдың 18-22 маусымы аралығында Ұлы Отан соғысының басталғанына 78 жыл толуына жəне Жеңістің 75 жылдығына арналған "Ұлы Отан соғысы - халықтар ерлігі" атты қазақстандық журналистер мен блогерлердің Беларусь Республикасына (Минск жəне Брест қалалары) баспасөз туры өтеді.

    16.06.2019, 15:00 | Пікір: 0
  • Бала шабыты

    Біздің еріктілер @jasulan_team барлық жерде өздерінің көмектерін көрсетуден жалықпайды. "Бала Шабыты" Халықаралық балалар мен жасөспірімдер конкурстық жобасына ерікті ретінде қатысты. Бұл іс-шара кем дегенде жылына 5 рет өткізіледі. Барлығында біздің еріктілер белсенділіктерін көрсетеді.

    10.06.2019, 10:00 | Пікір: 0
  • Атамекен фест

    5 маусымда ауқымды жастар фесті өтті - үздік жүргізуші, мықты спикерлер, олардың ішінде блогерлер және үлкен жетістікке жеткен адамдар бар. "Жас Ұлан" да бей-жай қалмады, еріктілер ретінде бұл іс-шараға қатысты.

    05.06.2019, 9:00 | Пікір: 0
  • Ментал арифметика бойынша Халықаралық форум

    31 мамыр-2 маусым аралығында Ментал арифметика бойынша Нұр-Сұлтан қаласында Халықаралық форум өткізілді. "Жас Ұлан" ұйымының 70 еріктісі форумға қатысып, өздерінің белсенділіктерін, шыдамдылықтарын, тәрбиелерін көрсете білді.

    02.06.2019, 11:00 | Пікір: 0
  • Жасұландықтар балаларды мерекелерімен құттықтады

    Алматы қаласының "Жас Ұлан" ББЖҰ мен "Арай" жоғарғы сынып штабының ұжымымен бірлесіп Балаларды қорғау күніне арналған жағдайы төмен отбасылардан шыққан балалар үшін Алматы қ. Н.Сац атындағы ЖӨТ ұйымдастырылған мерекелік ойын бағдарламасын өткізуге қатысты.Балалардың міндеті мастер-кластар, флэшмоб жұмыстарын ұйымдастыру және балалар алаңында ойыншы ретінде жұмыс істеу болды. Олар өз жұмыстарын өте жақсы орындады.

    01.06.2019, 16:10 | Пікір: 0
  • "Ұмытылуға жатпайды" іс-шараcы

    2019 жылы 31 мамырда Оқушылар шығармашылық сарайының "Мәңгілік Ел" тәрбие-білім беру орталығында "Ұмытылуға жатпайды" атты тақырыптық іс-шара өтті, соңында РҚБ «Жас Ұлан» БЖҰ қалалық комитет мүшелері саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу мұражайына барды. Мұражай экспозициясы оқушыларға лагерьдің тарихы мен тұтқындардың өмірі туралы айтып берді. Балалар ел тарихынан қызықты деректерді біліп, өткен сабақты ұмытуға болмайтынын түсінді.

    01.06.2019, 10:54 | Пікір: 0
  • Сүйінші, достар!

    Сүйінші,достар! «Жас Ұлан» ұйымы үшін қуанышқа толы тарихи сәт! Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Жас Ұлан» Бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының Ұстаздар кеңесінің алғашқы құрметті мүшесі атанды! Өздеріңіз білетіндей, «Жас Ұлан» ұйымы республикамыздың барлық балаларын бір шаңырақ астында біріктіру мақсатында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған болатын. Сондықтан Қасым-Жомарт Тоқаевтің бізді қолдауы біз үшін үлкен мақтаныш және жаңа серпін. Қасым-Жомарт Кемелұлы «Жас Ұлан» ұйымына қош келдіңіз ! Еліміздің болашақ ұрпағы үшін бірге еңбек етейік.

    25.05.2019, 17:00 | Пікір: 0

ОЙЫНДАР

  • 1
  • 2
  • 3

КҮН ФОТОСЫ

  • 1
  • 2
  • 3

ҚҰРМЕТ ТАҚТАСЫ

  • 1
  • 2
  • 3

БІРЛЕСТІКТЕР

63 бірлестік
  • 0
  • из
  • 0