Қызылорда

Статус группы...

ҚАТЫСУШЫЛАР

62 адам

    ӘКІМШІЛЕР

    1 адам

    ҚҰЖАТТАР

    0 құжат

    • СТЕНА СООБЩЕСТВА

    • 18 жазба
    • Дина БӨКЕБАЙ
      Қазалыдан кім бар мұнда, достар? қай мектептенсіңдер? Мектептеріңде қандай іс-шара боп жатыр, соны бөлісе отырсаңыздаршы...
      Маған ұнайды:
      08.11.2014, 9:21
      Предыдущие 6 комментариев
    • Айя Нагашыбаева
      Достар қалайсыздар)))
      Маған ұнайды:
      28.08.2014, 10:54
      Предыдущие 6 комментариев
    • СЫР ЕЛІНІҢ ҰЛАНДАРЫ! КӨШ БАСТАП КЕЛЕ ЖАТҚАН БІЗДІҢ ӨҢІРДІҢ ҰЛАНДАРЫНА САЙТ ЖҰМЫСЫНА ЕНЖАР ҚАРАУЫ ҰЯТ! СОНДЫҚТАН ӘРБІР ТОПТАРҒА КІРІП, ӨЗ ПІКІРЛЕРІҢІЗДІ ЖАЗЫП, САЙТ ЖҰМЫСЫН ЖАНДАНДЫРЫҢЫЗДАР!!
      Маған ұнайды:
      29.09.2013, 15:40
      Предыдущие 6 комментариев
      Дина БӨКЕБАЙ
      Бека ағай, мен енді тіркеліп жатырмын.Ендігі сеніміңізді ақтаймыз.)Жиі белсенділік танытуға тырысамын, ағасы..!.)
      08.11.2014, 9:19
    • Табиғаттың тазалығы – кіршіксіз жүректен басталады

      «Табиғаттың тазалығы – кіршіксіз жүректен басталады» - я, Астана қалалық саябағында өткен «ЕХРО-2017» көрмесіне орайластырылған экологиялық акцияның атауы осылай болатын. Республикалық «Жас ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының ұйымдастыруымен өткен аталмыш шараға қала мектептерінің оқушылары, жас ұлан ұйымының белсенділерімен ұйым көшбасшылары қатысқан болатын. Акция барысында қатысушылар төрт топқа бөлініп, берілген тапсырмаларды орындауы міндетті болды. Берілген тапсырмалар соңында көңілді эстафета мен қызықты ойындарға ұласқан аталмыш шара жас ұландардың жүзіне күлкі үйрілтіп, зор қуаныш сыйлады. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, көңілдерінен нұр шашыраған әрбір жас ұландық шынайы шаттықтың кемеріне енген болатын. «Көшбасшы», «Қызыл өрік», «Алоха» мен «Бемз» сынды төрт топқа бөлінген білімпаз жастар түрлі сынақтарда өз білімдерін көрсетті. Дегенмен, жүзден жүйрік, мыңнан алғыр болып, ерекше білімпаздығымен дараланған «Алоха» тобы жүлделі І орынды еншілеген болатын. Өздерінің қызықты да тәтті қылықтарымен ерекшеленген «Қызыл өрік» тобы ІІ орын еншілесе, «Бемз» бен «Көшбасшы» топтары ІІІ орынды місе тұтты. Көңілді де қызықты ойындар мен қызу бидің шырайын шығарған ұландар ойындағы жеңістен гөрі көкіректеріндегі жылу мен рухтарының асқақтағандарын сезініп, одан асқан жеңіс болмасына бек сенімді болды. Жеңімпаздарға түрлі сыйлықтар мен арнайы дипломдар табысталды. Елордамызға деген ыстық ықыластары мен шексіз махаббатырын жасыра алмаған ұландардың жүздеріндегі күлкілері еш тыйылмады. Кіршіксіз жүректердің кір шалмас саналарында тазалықтың негізі сіңген әр ұлан - болашақта табиғатымыздың әр тасымен әрбір тамшы суының қадірін ұғып, олардың тазалығы жолында аянбай еңбек етеріне сенім білдіреміз. Себебі, табиғаттың тазалығы – кіршіксіз жүректен басталады.

      Аманжолов Бекарыстан
      Маған ұнайды:
      08.07.2013, 15:20
      Предыдущие 6 комментариев
    • Ақниет Ераханқызы
      салем достар!
      Маған ұнайды:
      20.06.2013, 11:48
      Предыдущие 6 комментариев
    • Құрметті достар! тоқтап қалмайық, сайт жұмысын жандандырайық, сіздердің пікірлеріңіз аса маңызды!
      Маған ұнайды:
      10.06.2013, 19:21
      Предыдущие 6 комментариев
    • Ақбота Мырзаева
      салем, калайсыздар?
      Маған ұнайды:
      31.05.2013, 16:11
      Предыдущие 6 комментариев
    • Ата – анам,
      Өзіңнен жолыма бата алам,
      Өзіңсің қорғаған сан қауіп, қаталдан,
      Қалдырмай келесің қатардан.
      Құрметтім,
      Барыңда жоқтықты көрмеппін,
      Сен барда биікке өрлеппін,
      Сен барда қайғыны білмеппін.
      Ардақтым,
      Бабамның жолында жалғаттың,
      Қатерден сан мәрте қорғадың,
      Жанымыз тұрғанда ұшында қармақтың.
      Шуағым,
      Сыйлаған өмірдің шуағын,
      Шөл кезіп, су таппай қиналсам,
      Зәмзәмім, өзіңсің бұлағым.
      Аяулым,
      Жаныма жуытпай келесің қаяу – мұң,
      Жолыңда қасық қан, жан пида,
      Жанымды беруге даярмын.
      Тірегім,
      Сендер деп соғады жүрегім,
      “Ата – анам болса екен бақытты,”
      Алладан тек осы тілерім.
      Қорғаным,
      Ісімді әрдайым қолдадың,
      Өзіңе алғысым ретінде,
      Жыр – шумақ, әнімді жолдадым.
      Жыр үнім,
      Тілеген жеңісін ұлының,
      Бүгінде сендерге жыр арнады,
      Баптаған ұлдарың, құлының,
      Баптаған ұлдарың, құлының!

      Маған ұнайды:
      04.05.2013, 9:16
      Предыдущие 6 комментариев
    • Динислам Тлесов
      Иә, дұрыс айтасың Малика. Кейбір жас ұлан ұйымының мүшелері галстуктың қадірін түсінбейді. Осындай жағдайлар қайталанбасын деп барынша тырысып жатырмыз. Галстук - Жас ұлан ұйымының ерекше белгісі. Жас ұлан ұйымының галстугын қадірлейік!
      Маған ұнайды:
      09.04.2013, 19:07
      Предыдущие 6 комментариев
    • Аида Батухан


      *Қызылорда облысы 1938 жылдың 15 қаңтарында Оңтүстік Қазақстан облысының құрамынан бөлініп шықты. Орталығы – Қызылорда қаласы.

      *Солтүстігінде – Қарағанды, батысында – Ақтөбе, шығысында – Оңтүстік Қазақстан, оңтүстік-батысы мен оңтүстігінде Өзбекстан Республикасымен шектеседі.
      *Қазіргі таңда облыста 705 484 мың адам тұрады. Адам саны жөнінен елімізде 11-орынды иеленеді.

      *Облыс халқының 95,6 пайызын қазақтар құрайды. Одан бөлек орыстар, корейлер, өзбектер мен татарлар да бар.
      *Әрбір шаршы шақырымға 2,8 адамнан келеді. Бұл көрсеткіш бойынша Қазақстанда 12-орынды еншілейді.

      Жер аумағы еліміздің 8,3 пайызын алып, 4-орынды құрайды.
      Қызылорда облысы – жер қойнауындағы қазбаларға бай өлке. Бұл аймақ түсті металл жөнінен 3-орын алса, отандық ас тұзының – 60, мұнай мен газ конденсатының – 21,4, мы­­рыш­тың – 15,1, уранның 14 пайызы осы топырақта жатыр.



      *Қызылорда облысы 1938 жылдың 15 қаңтарында Оңтүстік Қазақстан облысының құрамынан бөлініп шықты. Орталығы – Қызылорда қаласы.

      *Солтүстігінде – Қарағанды, батысында – Ақтөбе, шығысында – Оңтүстік Қазақстан, оңтүстік-батысы мен оңтүстігінде Өзбекстан Республикасымен шектеседі.
      *Қазіргі таңда облыста 705 484 мың адам тұрады. Адам саны жөнінен елімізде 11-орынды иеленеді.

      *Облыс халқының 95,6 пайызын қазақтар құрайды. Одан бөлек орыстар, корейлер, өзбектер мен татарлар да бар.
      *Әрбір шаршы шақырымға 2,8 адамнан келеді. Бұл көрсеткіш бойынша Қазақстанда 12-орынды еншілейді.

      Жер аумағы еліміздің 8,3 пайызын алып, 4-орынды құрайды.
      Қызылорда облысы – жер қойнауындағы қазбаларға бай өлке. Бұл аймақ түсті металл жөнінен 3-орын алса, отандық ас тұзының – 60, мұнай мен газ конденсатының – 21,4, мы­­рыш­тың – 15,1, уранның 14 пайызы осы топырақта жатыр.

      Маған ұнайды:
      15.03.2013, 13:08
      Предыдущие 6 комментариев
    • Бексултан Абдуллаев
      Таза жас ұлан болу үшiн қазақша жазудан бастау қажет!
      Маған ұнайды:
      14.03.2013, 21:35
      Предыдущие 6 комментариев
    • Гани оразалы
      жас ұландықтар салем мен Казалыдан ғани деген досатрын болам
      Маған ұнайды:
      13.03.2013, 20:59
      Предыдущие 6 комментариев
    • Ainur Akimzhan
      Дұрыс айтасыңдар, балалар! Мойынтақтың қадірін білген бала- елінің, өзінің қадірін білетінін айқындайды.
      Маған ұнайды:
      06.03.2013, 10:00
      Предыдущие 6 комментариев
    • Малика Калабаева
      Әрбір "Жас ұландық" өз атына сай болу керек. Сөздін шынына келгенде мойнымызға тағу үшін берілетін, ант бере отырып қол жеткізетін галстуктын қадірін білейік достар!
      Маған ұнайды:
      03.03.2013, 22:49
      Предыдущие 6 комментариев
    • Өте орынды, дегенмен көшбасшыға көшбасшы атын халық береді. Дінислам сен соны ұмыттын. Қызылордаға сондай ат берген Қазақстан жас ұландары. Соны ұмытпа!!!!!
      Маған ұнайды:
      02.03.2013, 12:29
      Предыдущие 6 комментариев
    • Аида Батухан
      Әрине,Динислам.Иншаллах,көшбасшылар қатары көбейіп, Қызылорданың,тіпті Қазақстанның гүлденіп,өркендеуіне ат салысады деген үміттеміз)
      Маған ұнайды:
      28.02.2013, 13:49
      Предыдущие 6 комментариев
    • Динислам Тлесов
      Қазақстан Республикасында өзіміз блетіндей балалар мен жасөспірімдердің "Жас ұлан" ұйымы құрылған болатын. Иә, достар бүгінде еліміздің түкпір-түкпірінде сан мыңдаған "Жас ұлан" ұйымының белсенді мүшнлнрі бар. Бүгінгі заман талабына сай дәл осы сайт арқылы біз "Жас ұландықтар" бір-бірімізбен қарым - қатынас жасауға да осындай жағдайлар қарастырылып отыр. Сонлықтан құрметті "Жас ұлан" ұйымының мүшелері әрқашанда көшбасшы болып, осы ұйымға белсене араласып , бір- бірімізге қолдау көрсетіп жүрейік. Бұл сайтта тек қана "Жас ұлан" ұйымының мүшелері емес, тәлімі мол тәлімгер аға-апаларымыз да бар. Сондықтан іс-шара жүргызерде,яки болмаса қандай да бір қиындық туындап жатса, осы сайт арқылы көмек сұрап, ақылдасып жүрулеріңізді өтінемін.
      Республика бойынша көш бастап келе жатқан біз, Қызылордалық "Жас ұландар". Қатарымыз көбейе берсін,әлі талай көшбасшы жастар арамыздан шыға берсін,тек алға Қызылорда "Жас ұландары"!
      Маған ұнайды:
      28.02.2013, 0:46
      Предыдущие 6 комментариев
    •  (түр. Чингиз Хон; моңғ. Тэмүүжин) — Азияда тұңғыш біртұтас мемлекет құрушы, өз заманының аса ірі әскери және мемлекет қайраткері. Ежелгі ру басшысы Есүхей батырдың отбасында туған. [1]
      Мемлекет құруы
      Өзінің әскери таланты арқасында және дұшпандарының әлсіздігі мен бытыраңқылығын пайдаланып, 1183—1204 жж. өкімет билігі үшін күресте негізгі жауларын — Меркіт тайпасының көсемі Тохтадан бастап, Найман тайпасының басшысы Таян ханға дейін — талқандады да, кең-байтақ территорияны басып алды, сөйтіп онда мекендейтін көптеген ру-тайпалық одақтардың бірден-бір билеушісі болды.
      Осы жеңістері және тайпа көсемдерін өз маңына топтастыруға бағытталған бірсыпыра әлеуметтік шараларды жүзеге асыруы нәтижесінде Тэмуджин дала ақсүйектері құрылтайының шешімімен Барыс жылы (1206) барлық тайпалардың ұлы ханы болып жарияланды да, «Шыңғыс хан» (түркі тілдеріндегі «теңіз» деген сөзден шыққан деп есептеледі) лауазымын алды.ШЫНҒЫС ХАН Есугейден кейінгі хан сайланады.Шынғысханның атын моңғолдарды қорғасын деп Шыңғысхан атаған.
      Ішкі саясаты
      Ішкі саясатта Шыңғыс хан мемлекетті басқару ісін бір орталыққа бағындыруға күш салды, түркі-моңғол тайпаларын «мыңдық» деп аталатын әскери-әкімшілік бөліктерге бөлді (өйткені хан талабы бойынша, бұл бөліктердің әрқайсысы 1000 атты әскер беруге тиісті болды). Шыңғыс хан бұларды жайылым жерлерімен қоса өз туыстары мен нояндарға еншіге бөліп берді.
      Ұлы хан жазбаша іс жүргізуді ұйымдастырды. 1206 жылы ол әдеттегі құқық (Ұлы жасақ) ережелерін бекітті.
      Мемлекет ішіндегі наразылықтарды басу үшін 10 мың адамдық жеке гвардия (кэшиг) құрды.
      Әскери құрылысы
      Әскерде өте қатаң тәртіп орнатты: сәл кіналы немесе қорқақтық көрсеткен әскери адамдар өлім жазасына кесілді. Шыңғыс хан әскери стратегия мен тактикада мұқият барлау, жауды жекелеп талқандау, тұтқиылдан шабуыл жасау, дұшпанды алдау үшін арнаулы отрядтардан тосқауыл қою, қыруар атты әскермен маневр жасау, т.б. әдістерді қолданды.
      Жорықтары мен жаулап алулары

      1207-11 жж. Шыңғыс хан Сібірмен Шығыс Түркістанды (буряттарды, ойраттарды, қырғыздарды, ұйғырларды) бағындырды.
      1211 ж. Цзинь мемлекетіне жорық жасады. 1215 ж. Бейжінді алды. 1217 ж. Солтүстік Қытай түгел Шыңғыс ханның билігіне көшті. 1219 ж. Кореяпатшалығы Шыңғыс хан әскерлерінен тізе бүкті. Моңғол әскерлерінің Солтүстік Қытай мен Корея патшалығына жорықтарын ірі қолбасшы, әмір Мұқылы Гауин Жалаири басқарды.
      Қытайға қарсы шабуылдан кейін Шыңғыс хан әскерлерінің бір тобы 1218-19 жж. Жетісуды, 1219-21 ж. Қазақстан мен Орта Азияны жаулап алды.
      Ұлыстарға бөлуі
      Басып алынған жерлерді Шыңғыс хан ұлыстарға бөлді де, ұлдарына үлестіріп берді. Жошыға Ертістен Орал тауына, одан оңтүстікке қарай Каспий мен Арал төңірегіне дейінгі жерлер,Орта Азиядағы иеліктерінен Солтүстік Хорезм мен Сырдария аймағы, Шағатайға Мауераннахр, Жетісу, Қашқария, Үгедейге Батыс Моңғолия мен Тарбағатай аймағы берілді. Төлеәкесінің ұлысы Моңғолияны мұраға алды.
      Қайтыс болуы
      Шыңғыс хан Танғұттарға кезекті шабуылы кезінде қаза тапты. Соғысты Шыңғыс ханның мирасқорлары, Шыңғыс әулетінің хандары азды-көпті үзілістермен үсті-үстіне жүргізе берді.
      Маған ұнайды:
      26.02.2013, 14:36
      Предыдущие 6 комментариев