Қазақстан тарихы/История Казахстана

Статус группы...

ҚАТЫСУШЫЛАР

105 адам

    ӘКІМШІЛЕР

    1 адам

    • Администратор

    ҚҰЖАТТАР

    0 құжат

    • СТЕНА СООБЩЕСТВА

    • 36 жазба
    • Eugeneplerm EugeneplermWO
      <a href=http://guod.me/lt/bust-size-vaizdas-moteriai-reiskia-padidinti-krutine.html>http://guod.me/lt/bust-size-vaizdas-moteriai-reiskia-padidinti-krutine.html</a>
      Маған ұнайды:
      01.05.2017, 22:25
      Предыдущие 6 комментариев
    • Құрметті достар! тоқтап қалмайық, сайт жұмысын жандандырайық, сіздердің пікірлеріңіз аса маңызды!
      Маған ұнайды:
      10.06.2013, 19:32
      Предыдущие 6 комментариев
    • Қазағым берік тірегім!

      Міне мейрам, міне думан ұлы той,
      Жібіп тасың, нұрға толды қыр мен ой.
      Қазағымның беріктігін көргенде,
      Шымырланып, нұрлап кетті тұла бой!

      Бір арнаға тоғысып сан ойлары,
      Бір арнаға жыйылды ел қаймағы.
      Беріктік пен татулықты серік қып,
      Көкте қалқып, жарқырап тұр байрағы!

      Аз болмады жұрттың көрген азабы,
      Азаймады кішілердің мазағы.
      Қанша мұңның мұнарасы жықсада,
      Бір сәткеде өзгермеді ажары!

      Беріктікті туғып тігіп балаңда,
      Ұрандатты “Қазағым!” деп алаңда,
      Ойнақтатып бір өзіңді Асқар шың,
      Еркелеп алды бір өзіңе далаңда!

      Абылайлар Жоңғарларды жайратты,
      Жауды жойды Қобыланым қайратты,
      Сан азап пен сан мың мұңды көрседе,
      Батырларым серттерінен таймапты!

      Нұрағам кеп берік елді бастады,
      Мұхтар ағам тілгіледі настарды.
      Қаламыммен шарпып жазған жырымды,
      Абай, Мағжан әруақтары қостады!

      Шоқтай қызып, оттай лаулап тұр әні,
      Сары алтынға молдан толған қырманы.
      Сан нақышпен оюланып жасалған,
      Нұр шашып тұр әжелердің сырмағы!

      Қазағым менің шайқалмас берік тірегім,
      Соғады сен деп ақындық жаным, жүрегім.
      “Ел – жұртым аман, көк туым көкте қалқысын”,
      Осы ғой менің сәбилік саған тілегім!
      Маған ұнайды:
      04.05.2013, 9:19
      Предыдущие 6 комментариев
    • Ер Махамбет өлмейді!

      Жерімдеп өткен, жүрегі ел деп жылаған,
      Мұзында көрген, құзданда сан мың құлаған.
      Өрлігі асқақ, атағы шексіз мәшһүр боп,
      Тіктелген баспен қасқайып қарап тұр ағам!

      Ерлік пен елдік тұмар қып тағып жүрекке,
      Аттанды батыр “Әруақтап!” нұрсыз түнекке,
      Махамбет жүзі, ерлігі ұрпақ мақтаны,
      Арман, мақсаты ерлікке ерер түлекке!

      Езгілеп, езіп Жәңгірдей жылан жасағын,
      Қорғамақ болды ер ағам елін, қазағын,
      Тайсалмас, қайсар, лаулаған жалын көздегі,
      Соныңа қарап жыр етпек сені жас ақын!

      Ордада тудың, Орданы алар алып боп,
      Қолдады сені жорықта елің халық боп,
      Қорқыныш деген бір үрей болмады жүзіңде,
      Жауыңа күлдің түссеңде тұтқын қарық боп!

      Исатай ермен еліңді бастап ерлікке,
      Шақырдың насты, бірлікке және теңдікке.
      Арыстан жүзді, айбатты алып арысым,
      Ұмтылдың алға, еліңді бастап елдікке!

      Қаламмен жырды төгеде білдің жасымай,
      Жасымай және настарды белден асырмай.
      Жолбарыс жүзді, қырандай қайсар дарыным,
      Ерлік деп өттің, Жәңгірдей ханға бас ұрмай!

      Сан төбет сені таламақ болды тасада,
      Атыла берді, тістері сынып қалсада.
      Ақымақ жандар жықбақшы алып арысты,
      Күштері жетпей, әлдері кетіп, талсада!

      Шайқаста- шайқас, үрейде, дауыл көрсеңде,
      Езгілеп жауды, аямай жаншып, жеңсеңде,
      Тұрасың ылғи бейнесі болып ерліктің,
      Шайқаста емес, қапыда аға өлсеңде!

      Өлмейді рухың, сан ғасыр бойы жаңғырар,
      Жаңғырар және ерлігің елді таң қылар,
      Ұлықтап сені ұрпағың сұңқар мінезді,
      Әуезді дауыс ұл – қызың сені ән қылар!

      Өлмейді ерім, Махамбет ерім өлмейді,
      Мұныма менің көнбегің мейлі, көн мейлі,
      Рухы мен жаны қалықтап қазақ көгінде,
      Ерлігі оның көк туда биік көлбейді!
      Маған ұнайды:
      04.05.2013, 9:19
      Предыдущие 6 комментариев
    • Айгерим Есебаева
      Берел қорымы

      Көшпелі ақсүйектредің жерленген обалары және олардан табылған ежелгі өнер туындыларының негізінде ,дүниежүзіне белгілі болған . Берел қорымы Шығыс Қазақстан облысы Қатонқарагай ауданында орналасқан .

      Қорым солтүстік –батыстан оңтүстік шығысқа қарай бағытталған ,әр түрлі көлемдегі төрт қорғандар тізбегінен және жеке жерлеу ғұрыптық кешендер топтарынан түзілген . Қазіргі күні ерте темір және түркілер дәуіріне жататын 70 обаның 15 зерттелді.

      Зерттеу жұмыстарының нәтижесінде Берел даласының ежелгі тұрғындары адамды бальзамдаудың әдістерін білгендіктері белгілі болды. Сонымен қатар жерлеу ескерткіштереінің бізге дейін жылқылар , киімнің қалдықтры , құралдар , әшекей бұйымдар , яғни кез келген жағдайда сақтала бермейтін органикалық заттар сақталып қалған . Органикалық заттардың сақталу қалпы молекулярлы генетикалық , палинологиялық зерттеулер жүргізуге қолайлы жағдай тудырды .

      Қорымда бірнеше ірі қорғандардың болуы және олардың тізбекте орналасуы , Берел даласының ежелде көшпелілердің этно саяси , мәдени орталықтарының бірі болғандығын көрсетеді. Оларды Геродоттың «алтын қорығын грифтер» , «аримаспы» , «аргиппейлер», «исседондар» деп атаған тайпаларымен ұштастыруға болады.

      Қазақ Алтайын зерттеуде обадағы жылқыларды лабороториялық жағдайда зерттеу үшін блокпен бүтіндей алу әдісі жаңадан қолданылды , сонымен қатар №10 обадан тоналмаған , салтанатты әбзелдеген он жылқы табылды .

      Берел қорымы көлемі 4000×1000 м жерді алып жатыр қорымда бүгінгі күні барлығы 70 жуық обалар мен ғұрыптық кешендер белгілі.

      Мерзімділік кестелеу бойынша ең ерте қорғандар ды б.з.б. V-IV ғғ. (2500-2300жж. Бұрын ), кейінгілерін б.з. VII-VIII ғғ. (1200-1300жж.бұрын)жатқызуға болады.

      Ескерткіш қазіргі администриялық бөлініс бойынша Шығыс Қазақстан облысы Қатонқарағайға ауданының Берел ауылынан оңтүстікке қарай 7км. Жерде орналасқан .

      Есеп беріліп отырған кезеңде 2004 жылы табылған заттарды ғылыми сараптау жұмыстары жүргізілді . сондай ақ №4, 4а, 71, 23 обалардың сызбалары және басқа зерттелген обалардың сурет материалдары өңделіп , 2004жылдың толық себебі дайындалды .

      Берел қорымындағы №4, 4а, 71, 23 обалардан табылған заттар сұрыпталып , скиф-сақ және түркілердің және түркілердің жерлеу ғұрпы бойынша жаңа мәліметтер бір жүйеге жинақталды.

      Қазақ Алтайы ескерткіштерінің құрылыстық ерекшеліктері айқындалды. Берел қорымындағы зерттеулерге байланысты мақалаға материалдар дайындалды.

      №4 обадан блокпен бүтіндей алынып , лабораторияға алып келінген жылқыларды тазарту жұмыстары іске асырылды.

      №4 , 71 обалар жер үсті , қабір іші құрылыстары , табылған заттары бойынша б.з.д.

      IV-IIІ ғғ. Мерзімделеді және Алтайдағы пазарық мәдениетіне жатады. Қазақ Алтайындағы ерте темір дәуірі ескерткіштері көршілес территориядағы ескерткіштерден құрылысы бойынша ерекшеленеді: қырынан қойылған бекіткіш тастар , қабір маңы шеңбері , қабір үстіндегі тас қаланды.Обаны тұрғызуда ежелгі көшпелілер жерленетін адамның әлеуметтік дәрежесіне мән берген , себебі әрбір қорғанның өзіне ғана тән ерекшеліктері бар .

      Жерлеу ғұрпы Алтайдың сақ тайпаларына тән : тастан бірнеше қабатты жер үсті құрылысын тұрғызу , қабірдің оңтүстігіне қойылған қиманың ішіндегі табытқа адамды басын шығысқа бағыттап жатқызу , жылқыларды солтүстік бөлігіне орналастыру , жылықылар мен қиманың үстіне бірнеше қабат қайыңнын қабығымен жабу. Бірақ жергілікті жерлеу ескерткіштерінің тас үйіндісінің пішіні сопақ , солтүстік-шығыстан оңтүстік батысқа қарай созылып жатыр. Тізбектегі кейбір қорғандарының бір-біріне жалғасып орналасуын жерленген адамдардың туыстық қатынастарымен түсіндіруге болады.

      Берел қорымы және Алтайдан басқа өңірлерде ерте темір дәуірінің жерлеу кешендерінің шығысына, түркілер жерлеу ескерткіштерін тіркестіріп қоятын болған.

      №10 обадағы археологиялық қазба жұмыстары аяқталды. Оның көлемдері : диаметрі 32 x 25м, биіктігі 2м.

      Бұл обаның жер беті құрылысы алғашқы зерттелген обаларға ұқсас; оның негізгі үлкен плиталардың , балықтың қабыршағы тәрізді бір біріне қойылған платформадан құралған.

      Тереңдігі 3,35 м болған қабір шұңқырының оңтүстік шығысқа қабырғасының бойында екі бөренелі қима орналасқан, оның солтүстік батыс қабырғасының арғы жағында жылқылар жерленген. Қиманың ұзын қабырғасы көлденең қабырғасына қарағанда биік. Қима бұрыштарын , ұзын қабырғаларының ұштарын жалпақ жалпақ жағынан ойып , көлденең қабырғаның ағаштарын ойықтарға кигізу әдісімен біріктірген . Оның ішінде бүтін бөренеден ойып , төрт бұрышына құлақшалар қалдырылған табыт қойылған , оның беті тақтайлармен жабылып , темір шегелермен бекітілген. Табыттың сыртқы , солтүстік батыс бұрышына қыш ыдыс , төртбұрышты , аяқтары ойылып жасалған ағаш орындық қойылған. Ағаш орындықтың үстіне қой етінің бір бөлігі және темір пышақ қойылған. Қиманың түбіне жалпақ плиталар көлдеңінен төселген. Табыт орнынан қозғалып кетпеуі үшін, оның әр түптері әр жерінен ұсақ тастармен бекітілген.

      Қабірдің солтүстік батысқа бөлігіне аяқтары ішіне қарай бүгіліп , іштерімен қойылған он жылқы жереленген. Солтүстік шығысқа бағытталып қойлған жылқылардың бастарында чеканмен ұрып тескен іздері сақталған. Жылқылардың барлығы жүгенделген , ерттелеген. Олар үш қатарға бөлініп қойылған : бірінші қатарда төрт жылқы жұбымен орналасқан , бастары көтеріліп тұруы үшін олардың астын плита тастармен тіреген. Бұл қатар бірінші қойылып , артынан үш үш жылқыдан тұратын екі қатар орналастырылған , соңғы екі қатардағы жылқылардың бастары алдыңғылардың жамбастарына қойылған. Бірінші қатардағы, қиманың солтүстік бұрышына қарай ойысып кеткен жылқының басына ағаштан жасалған тау текенің мүйізі қондырылған. Ерлердің беті аппликациялары жақсы сақталған. Аппликацияларда беті адамдікі , денесі тенбіл, мысық тұқымдас жыртқыш, басында тау текенің мүйізі орналасқан , қанаттары бар 8 сфинкс бейнеленген. Сфинкстердің алдыңғы жағы қызылға , артқы бөлігі көк түске боялған. Осы қатардағы екі жылқының ерлеріне қалқан ілінген.

      Соңғы қатардағы жылқылардың сулықтарының ұштары бүркіт грифон бейнесінде ойылып, жүгендері ағаштан жасалған қабанның тістеріне ұқсас салпыншақтармен әшекейленген. Екінші қатардағы жылқылардың әбзелдері ағаштан ойылған балық мүсіншілерімен және әр түрлі оюлармен безендірілген.

      Берел қорымының қорғандарынан табылған заттарына жүргізілген салыстырмалы, типологиялық анализ , осы ескерткіштерді мерзімдеуге және қай мәдениетке жататынын анықтауға болатынын көрсетті.

      Берел қорымынан ерте көшпенділер дәуірінің қорғандарынан табылған заттары қыш ыдыстар, жебенің ұштары, чекандармен , ат әбзел жабдықтарымен және т.б. көрсетілген.

      Қыш ыдыстар құмыралардан тұрады , өздерінің ерекшеліктері бойынша бірнеше топқа бөлуге болады. Олардың ішінде: созыңқы келген пропорциялы сопақша немесе домалақталған денесі бар құмыралар, мойыны ұзын кернейленген; созыңқы сопақшаланған немесе домалақталған денесімен ыдыстар , аса үлкен емес түзуленген немесе аздап конусталған аузымен ; биконусты денесімен , түзу және кең аузы бар құмыралар. Кейбір әшекейлер жапсырмалы бедермен сызықшалап , ойылып безендіріліп минералды бояумен боялған. Бірінші типтегі құмыралар. Кейбір әшекейлер жапсырмалы бедермен сызықшалап , ойылып безендіріліп минералды бояумен боялған. Бірінші типтегі құмыралар б.д.V-III ғғ-дағы жерлеу ескерткіштерге тән.

      Жоғарыда айтылған ыдыстар сұйық тағамдарды сақтауға арнайы жасалуы ықтимал, сондай ақ мойыны қысқа , ернеуі кең құмыраларда құрғақ заттарды сақтауы мүмкін.Әрине Бұл ыдыстарда мәйітке арналған тағамдар болған.

      Берел қорымынан табылған жебенің ұштары сүйектен,ұшқырлы жібек таяғы жағы ойылып жасалған,Орталық Азияның көптеген жерлерінде кездеседі.

      Осындай жебенің ұштарын ұзақ мерзімде б.з.д II ғ дейін қолданған.
      Маған ұнайды:
      01.04.2013, 19:35
      Предыдущие 6 комментариев
    • Айгерим Есебаева
      Орхон – Енисей ескерткіштерінің зертелу тарихы ХVII ғасырдың екінші жартысынан басталады. Ең алғаш рет (1662ж.) Орхон – Енисей жазуы жөнінде хабар берген адам – Амстердам қаласының бургомистрі Н.Витзен.

      1697 жылы Тобыл қаласының бояры С.Ремезовтың «Сібір қалаларының шөл далалары мен таулы жерлерінің чертежі» атты еңбегі жарық көрді. Сол еңбекте талас бойындағы «Орхон тасы» жер атап көрсетілді. Көне түркі жазба нұсқауларын зертеуші ғалымдардың пікірі бойынша, осы жер 1896-1898 жылдардағы талас ескерткіштері табылған тұсқа сай келеді.
      Маған ұнайды:
      01.04.2013, 19:07
      Предыдущие 6 комментариев
    • Гүлзия Қуантаева
      Диуани хикмет, «Ақыл кітабы» – Қожа Ахмет Йасауидің сопылық идеясын жыр еткен, этикалық-дидактикалық мазмұндағы әдеби шығармасы.

      Ақын өз кітабын қыпшақ даласы мен Орталық Азия түркілеріне кезінде түсінікті болған шағатай тілінде жазған. Мұның өзі араб тілінде жазылған Құран Кәрім мен түрлі хадис, тәфсирлердің күрделі қағидаларын жергілікті түркі халықтарының түсініп оқуына мүмкіндік берді. «Диуани хикмет» – көшпелі елдің ауыз әдебиеті үлгілеріне негізделіп, түркі халықтары фольклорының тілдік-стильдік, модельдік тәсілдерін зор шеберлікпен пайдалана отырып жазылған көркем туынды. «Диуани хикметтің» түпнұсқасы сақталмаған. Ең ескі нұсқасы XV ғ-дың орта кезінде араб әрпімен көшірілген. Бертін келе «Диуани хикмет» Қазан (1887–1901), Стамбұл (1901), Ташкент (1902–11) баспаларынан жарық көрген.

      Қожа Ахмет Йасауи хикметтерінің жазылу тарихын, поэтикасын, сопылық-философиялық идеясын, қоғамдық-әлеуметтік мән-мағынасын, ислам дінін таратудағы рөлін М.Ф.Көпрүлузаде, Н.С.Банарлы, Е.Э.Бертельс, А.К.Боровков, Э.Р.Рустамов, В.И.Зохидов, т.б. ғалымдар жан-жақты зерттеді. Қожа Ахмет Йасауи «Диуани хикметте» «Аллаға жақындай түсу үшін» әрбір адам өзінің өмір жолында төрт басқыштан өтуі керектігін айтады. Біріншісі – шариғат. «Шариғат» – ислам діні қағидалары мен шарттарын тақуалықпен мүлтіксіз орындауды әрі құдайға құлшылық жасауды талап етеді. Екіншісі, «тариқат» – дін ғұламаларына шәкірт болып, жалған дүниенің түрлі ләззаттарынан бас тарту, Аллаға деген сүйіспеншілікті арттыра түсу болып табылады. Бұл басқыш сопылықтың негізгі идеясын, мұрат-мақсатын аңғартып тұр. Үшіншісі, «мағрифат» негізінен дін жолын танып-білу сатысы деуге болады. Бұл басқыштың негізгі талабы – күллі дүниедегі болмыс-тіршіліктің негізі «бір Алла» екенін танып-білу, түсіну. Төртіншісі, «хақиқат» («фано») – Аллаға жақындап, оны танып-білудің ең жоғары басқышы. Сопылық түсінік бойынша, «шариғатсыз» «тариқат», «тариқатсыз» «мағрифат», «мағрифатсыз» «хақиқат» болуы мүмкін емес. Бұлардың бірі екіншісіне өту үшін қажетті басқыш болып табылады. Қожа Ахмет Йасауи Аллаға (яғни Хаққа) жету жолында міндетті түрде төрт асудан мүдірмей өтуі керек деген пікір айтады. Ақынның айтуы бойынша, Хаққа жету жолындағы әрбір асудың он-оннан мақамы (тоқтамы) бар. Демек, осы төрт асудың қырық мақамын игерген пенде ғана «жабарут» (адам мен табиғат арасындағы үйлесімділік), «мәләкут» (өмірдің мәнмағынасына қанық болу), «лахут» (бұл жалғаннан безіп, о дүниенің рухани әлемін меңгеру), «насут» (жоғарыда аталған үш өлшемнің басын қосып тұрған күш) деп аталатын рухани дүниенің сырын пайымдауға мүмкіндік алады.

      «Диуани хикмет» әрбір адамды имандылыққа, ізгілікке, жоғары адамгершілік қасиеттерге жетелейтін құдіретті күш, айқын бағдарлама деуге болады. Қожа Ахмет Йасауи әрбір адамның қадір-қасиетін, өмірде алатын орнын оның ішкі жан дүниесінің тазалығымен өлшейді. Адамның өз бойындағы ізгі адамгершілік қасиеттерді ұдайы жетілдіріп отыруы немесе бүкіл адамгершілік қасиетінен жұрдай болуы сол кісінің имандылығына байланысты деген түйін жасайды. Ал имандылық дегеніміздің өзі Алланың құлына ғана тән, адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеп, оны құдай жолына салып отыратын киелі күш деп түсіндіреді. Ақынның айтуы бойынша, имандылықтың ең басты көрінісі – мейірімді, кешірімді, өзгелерге жанашырлықпен қарау болып табылады. «Диуани хикметте» әрбір адамға қажетті қанағат-ынсап сезіміне ерекше мән беріліп, нәпсіні тыя білу мұсылмандықтың басты шарттарының бірі екенін ақын оқырманға қайта-қайта ескертіп отырады. «Ақыл кітабы» адамның ішкі жан-дүниесінің түрлі теріс ой-пиғылдардан, жаман ниеттерден таза болуын талдап, Алла алдында пәк, кіршіксіз болуға шақырады.[1]

      Бүкіл әлемдегі түркі халқы «Диуани хикмет» арқылы исламның рухани әлемімен, сол дәуір үшін ілгерішіл саналған сопылық ағымның философиялық ой-пікірлерімен танысты. «Диуани хикметте» жырланған адамгершілік, имандылық, қанағат, кішіпейілділік, жомарттық жайындағы этикалық-дидактикалық тұжырымдар бертін келе, қазақ ақын-жыраулары поэзиясынан өзінің көркемдік жалғасын тапты.
      Маған ұнайды:
      25.03.2013, 12:03
      Предыдущие 6 комментариев
    • Гүлзия Қуантаева
      11-ХИКМЕТ. ЗІКІРШІНІҢ ҚАБІРДЕГІ ХАЛІ

      Келің, достар, сал зікірді – Хаққа мадақ,

      Хақ зікірі жүрек көзін ашар, достар.

      Истиғфарды тынбай айтып тап қанағат,

      Шайтан-лағин тән мүлкінен қашар, достар.

      Шайтан-лағин – жаудың кетсін мүрдем анты,

      Күндіз – Алла, түнде Алла деп шырла, балқы,

      Тар лахатқа кірер кезде нұрға малты,

      Періштелер Алла нұрын шашар, достар.

      Алла нұры қабір ішін жарық қылар,

      Періштелер шырақтарын жағып тұрар,

      Момын пенде оны көріп зарық қылар,

      Пәни-жалған жарығынан қашар, достар.

      Дәреже боп Құдай үшін аққан жасың,

      Барша рухтар жиылып кеп шаттанғасын,

      Дұға қылып, – Алласына аттанғасын

      Жүмілә әруақ сүйіп бір-бір құшар, достар.

      Жеті қадам қабіріңнен кетпей халық,

      Мүңкір – Нәңкір кіріп келер оқтай қарып.

      Лаулап тұрған екі көзі оттай жанып,

      Нұрды көріп тағзым етіп қашар, достар.

      Мүңкір – Нәңкір жауап алмай қашып беріп,

      Еңірейді көздің жасын шашып-төгіп,

      Хақ зікірін айтқан жанға ғашық болып,

      Қанат қағып көкке қарай ұшар, достар.

      Әуез келер Хақтан: неге жыладың? – деп,

      Қабірдегі құлымнан не сұрадың? – деп,

      Ей, бейәдеп, ұқты нені құлағың? – деп,

      Мүңкір – Нәңкір оңды-солды қашар, достар.

      Әр демінде зікір қылды ол – қанбай нұрға,

      Қылам азат, – кепілдік хат жолдаймын да,

      Берем күллі игілікті ондай құлға! –

      Барлық қылған күнәларын кешер, достар.

      Күнәларын Хақ кешіріп назар бұрар,

      Шүкір қылар жатқан барлық ажалдылар.

      Әруақ біткен кірлерінен тазарды бар,

      Қабірстанға Хақ рахметін шашар, достар.

      «Әлхамдулиллә оңнан келді.

      О, Жаратқан! –

      Біз құтылдық қабірдегі бар азаптан.

      Біз – тірілдік, өлік едік нала – батпан. –

      Дұға қылып Хаққа қолын жаяр, достар.

      Мүңкір – Нәңкір жылар сонда: Бар жарықтың

      «Иесі – Cен» жасын көрдің сан ғаріптің,

      «Лұтыф етсең», – талайсызға бақ дарыттың,

      Сәжде қылып шәкір тілін ашар, достар.

      «Лә иләһә иллә Аллаға» ғашық-құрбан,

      Дидар үшін дүние-боқты шашып тынған,

      Ақіреттің шын саудасын кәсіп қылған

      Хауыз Кәусар сусынынан ішер, достар.

      Ақіретте жазмыш болса Хақ жамалы,

      Жүз мың шайтан жаулық қылса жоқ зауалы.

      Әр қадамда артық болар «Қал» уа «Халы»,

      Дана болып Хақ жолдарын ашар, достар.

      Махаббаттың майданында сөнген-жанған,

      Хақиқаттың дариясынан терген маржан,

      Мағрифаттың дүкенінде зергер болған,

      Қимылдаса – дүр мен гауһар шашар, достар.

      Ғашық деп біл Хаққа жанын қылса құрбан,

      «Шар зарыб» ұрып, сахарларда тұрса жылдам,

      Жәрдем келіп ерендерден нұр сағынған,

      Сұлтан болып, дүр базарын ашар, достар.

      Мұнда тұрмас Хақтың иісі баураған жан,

      Қазіретсіп араласпас дауға жалған.

      Пақырлықтан ләззат ап, тәубә қонған,

      Ғаріп болып улы сусын ішер, достар.

      Құл Қожа Ахмет, махаббаттың отын жақшы,

      Нәпсі – пәле. Жер көкті жеп, сапырмақшы.

      Топырақ боп жатсын, өлмес – кәпір-нәпсі,

      Нәпсісі өлген Һүр мен Ғылман құшар, достар.
      Маған ұнайды:
      25.03.2013, 12:02
      Предыдущие 6 комментариев
    • Гүлзия Қуантаева
      6-ХИКМЕТ. САЛАУАТ

      Он сегіз мың ғаламға сәруар болған Мұхаммет,

      Отыз үш мың асхабқа сардар болған Мұхаммет.

      Жоқшылық пен індетке қанағатшыл Мұхаммет,

      Күнә тартқан үмбетке шапағатшыл Мұхаммет.

      Кірпік ілмей талықты, – сабыр табар Мұхаммет,

      Жетім, міскін, ғаріпті жарылқаған Мұхаммет.

      Үлес берген пендеге сара жолдан Мұхаммет,

      Азап кешкен әммеге пана болған Мұхаммет.

      Әбужаһил залымға төзім қылған Мұхаммет,

      Жалақордың хақ жолға өзін бұрған Мұхаммет.

      Жалғаншының қайғысын ұмыттырған Мұхаммет,

      Зікір айтып Рухын шынықтырған Мұхаммет.

      Малғұн, лағин, шайтанға соғыс қылған Мұхаммет,

      Шариғатқа үмбетін тоғыстырған Мұхаммет.

      Тариқатқа – жолбасшы, жаны ышқынған Мұхаммет,

      Ақиқатты баршаға табыстырған Мұхаммет.

      Жамандыққа – жақсылық бағыштаған Мұхаммет,

      Тауфық тілеп, залыммен алыспаған Мұхаммет.

      Сәждеге ұрып маңдайын, тағат қылған Мұхаммет,

      Қабыл болып дұғасы – таң аттырған Мұхаммет.

      Залымдардың бәлесін харап қылған Мұхаммет,

      Бір Алланың Дидарын талап қылған Мұхаммет.

      Бес уақыт намазда имам болған Мұхаммет,

      Миғражда көргені Дидар болған Мұхаммет.

      Ғаршы, Күрсі базарын иеленген Мұхаммет,

      Сегіз бейіш төріне Кие берген Мұхаммет.

      Міскін Ахмет құлына мұра қылған Мұхаммет,

      Жетімдерге жүрегін шыра қылған Мұхаммет.
      Маған ұнайды:
      25.03.2013, 12:00
      Предыдущие 6 комментариев
    • Гүлзия Қуантаева
      4-ХИКМЕТ. ЖЫЛАП ДҰҒА ҚЫЛАМ САҒАН

      Рахымыңнан мен ғаріпті шет қалдырма,

      Тынбай мезгіл жылап дұға қылам саған.

      Ояу болам боялғанша ақ таң нұрға,

      Жұмбай көзді жылап дұға қылам саған.

      Дәргейіңе келдім, міне, белім байлап,

      Жүрек, бауырым өртке толып, жаным қайнап.

      Орны толмас өкініш салып қанымда ойнақ,

      Ықыласпен жылап дұға қылам саған.

      Жастық-бақта күте алмаппын көңіл гүлін,

      Қарттық шақта сөндіріппін өмір нұрын.

      Дін жолында жеңілдер ме менің жүгім? –

      Иә, Құдірет, жылап дұға қылам саған!

      Осы жолда болмайды екен жан күтуге,

      Жан күткенді күтеді алдан мәңгі түрме.

      Безіп барлық пайдалардан хал бітуде,

      Осы күйде жылап дұға қылам саған.

      Құл Қожа Ахмет нәпсі-шыңнан асты жәйлап,

      Фана филлаһ мақамына басты байлап,

      Жүрек, бауырым аласұрып тасты қайнап,

      Осы күймен жылап дұға қылам саған.
      Маған ұнайды:
      25.03.2013, 12:00
      Предыдущие 6 комментариев
    • Гүлзия Қуантаева
      
      1-ХИКМЕТ. УА, ЖАРАТҚАН

      Уа, жаратқан! Хақ есігін аш алыстан,

      Мен бір жемтік, жеді нәпсім – аш арыстан.

      Күнәм шексіз, бақытсыздық батпағынан

      Шығара гөр, мен бейбақты қасарысқан.

      Дүние – нәпсі, соны іздеген соры қалың

      Иттей болдым, сүйек тастар жолыма кім?

      Қара басты! – Хақ жолынан мен адастым,

      Қайда барам, ей, достарым, не қыламын?

      Нәпсі, шайтан жүргізеді жарлық маған,

      Бір пенде жоқ соған құл боп шалдықпаған.

      Пендең сорлы – танымаған оң мен солды,

      Уа, дариға, қасіреттен қаңғып барам.

      Десе сенбе: менен де өткен болды әлемет,

      Қылығыммен салып біттім елге де әлек.

      Жүзім – қара, басып өткен ізім қара,

      Қай түріммен көрінемін, мен – қарабет?!

      Әзіз жанның жақсылығын танымадым,

      Қайтіп онда жан сырына бағынамын?!

      Бас ұрмады дәргейіңе масыл, залым,

      Иә, Раббым, енді, міне, зары қалың.

      Күнәм – ауыр, не бетім бар Досқа қарар? –

      Сансыз тәубе жеңілдетпес масқара бар.

      Құл Қожа Ахмет жылап келді, ал, панаңа,

      Назарың сал, жерім бар ма басқа барар?!
      Маған ұнайды:
      25.03.2013, 11:59
      Предыдущие 6 комментариев
    • Гүлзия Қуантаева

      «Еліміздің тірегі – Елбасымыз»

      Бейбітшілік – ел тілегі аманда,
      Қиын қыстау, мына біздің заманда.
      Болсыншы тек бірлігіміз лайым,
      Жеңіс туы көтерілсін қашанда.

      Бәйтерегі аспанменен таласқан,
      Астана тұр гүлдей жайнап орасан.
      Ел тілегін қорғаймыз деп әрдайым,
      Шекарашы сарбаздар тұр қорғанда.

      Елімізді жеткізіп жетістікке,
      Ғимараттар орнатып тегістікке.
      Еліміздің тірегі – Елбасымыз,
      Шақырады бірлік пен тіршілікке.

      Болса-дағы ең басты біліміміз,
      Болу керек шыдам мен бірлігіміз.
      Ынтымақ пен теңдікті алға ұстап,
      Көк байрақты биікке самғат, қазақ!

      Отан деп соқса жүрек лүпілдеген,
      Қазақтың ұл – қызы көп дүркіреген.
      Қаншама елдерменен жарыстарда,
      Қазағымның көк туын желбіреткен.

      Елорданың даңқын көкке шарлатқан,
      Елбасымыз Нұр ағадай барма жан?!
      Қанша елді бірлестікке шақырып,
      Достық туын жер жүзіне шарлатқан.

      Қиын кезең болса-дағы дағдарыс,
      Болған емес біздің елдей еш шалыс.
      Елбасының еңбегіне жетеме,
      Қанша халық біріктерсе қолғабыс.


      Маған ұнайды:
      23.03.2013, 21:29
      Предыдущие 6 комментариев
    • Гүлзия Қуантаева
      ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ ҒЫЛЫМЫ – дүние жүзі халықтары тарихының бір саласы. Өз бастауларын алғашқы қауымдық құрылыс кезіндегі жартастар мен үңгірлерде салынған суреттерден, кейінгі құл иеленушілік қоғам тұсындағы тасқа жазылған сына жазулардан алады (қ. Есік обасы). Авестада, Ахемен әулеті тұсындағы парсы деректерінде («Бехистун жазуы», т.б.), Ежелгі грек тарихшысы Геродоттың («Тарих»), т.б. ежелгі дәуір авторларының еңбектерінде қазақ жерін мекендеген сақтар, турлар, дайлар, исседондар, т.б. тайпалар жөнінде, олардың Ассириямен, Мидиямен, Иранмен байланыстары және Кир, І-Дарий, А.Македонский әскерлерімен соғыстары жайында аса құнды жазба деректер бар. Б.з.б. 2 ғ-дағы Қытай деректері (елшілерден, саудагерлерден, миссионерлерден алынған) Қазақстан тарихын зерттеуде үлкен рөл атқарды. Әсіресе, Сыма Цянның (б.з.б. 145–86) «Тарихи жазбалар» еңбегі аса құнды. Онда ғұндардың, үйсіндер мен қаңлылардың тұрмыс-тіршілігі, саяси құрылымдары және Батысқа қоныс аударуы жөнінде көптеген мәліметтер берілген. Осы кезде басталған (б.з.б. 2 ғ.) Қытайдан Орт. Азия арқылы Жерорта т. елдеріне жеткізетін Ұлы Жібек жолының гүлденуі Қытайда Тан әулеті билік құрған тұсқа (618–907) сай келеді. Бұл тұстағы Қытай тарихшылары жазған жылнамаларда түркі қағандықтары, олардың тұрмыс жағдайы, әскери күш-қуаты мен жүргізген соғыстары, түргештер, қарлұқтар, т.б. ұлыстар мен тайпалық одақтар туралы деректер көп. Қытай деректері көбіне сыңаржақты жазылғандығына қарамастан, Қазақстан тарихы мен мәдениетін зерттеуде аса құнды деп бағаланады. 6–8 ғ-ларда тасқа басылған көне түркі жазба ескерткіштері түркі қағандықтары (Күлтегін жазуы, Білге қаған ескерткіші, т.б.), түргештер, қарлұқтар, оғыздар,қыпшақтар, ұйғырлар, қырғыздар, басмылдар, т.б. жөнінде нақты мәліметтер көп. Ежелгі түркі ескерткіштері, сондай-ақ сол кезеңдегі Қазақстанның тарихи географиясын анықтауда да шешуші рөл атқарады. Ислам дінінің таралуы мен Араб халифатының күшеюі нәтижесінде 9–14 ғ-ларда араб саяхатшылары мен ғалымдары Қазақстан мен Орт. Азияны мекендеген түркі ұлыстары жөнінде толып жатқан жазба деректерін қалдырды. Атап айтқанда, ат-Табари (9 ғ.) Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан, Тамим ибн Бахр (9 ғ.) Ертіс аңғарындағы қимақтар, ибн Хордадбех (9 ғ.) Жібек жолы бойындағы қалалар мен қоныстар жөнінде құнды деректер береді. 10 ғ-да өмір сүрген әл-Якуди, ибн әл-Факих, әл-Истахри, ибн Хаукал, ибн Фадлан, т.б. еңбектерінде Қазақстанның тарихы мен географиясына қатысты мол деректер кездеседі. 13–14 ғ-ларда араб ғалымдары Якут, ибн әл-Асир, ибн Баттута, ибн Халдун, т.б. қарахан әулеті, қарлұқтар, оғыздар, қыпшақтар, хорезмдіктер, қарақытайлар, Дешті Қыпшақ, Шыңғыс ханның жорықтары, Алтын Орда, т.б. ұлыстар мен тайпалар, олардың саяси-экон. жағдайы жөнінде жазды. 13–14 ғ-лардағы А.Жуайни, Ж.Қарши, Рашид әд-Дин, т.б. авторлардың және Батыс Еур. саяхатшылар П.Карпини, В.Рубрук, М.Полоның шығармаларында 12–13 ғ-лардағы Қазақстанды мекендеген ұлыстардың этн. құрамы мен саяси тарихы, Орда Ежен ұлысы тарихы, Жошы ұрпақтарының генеалогиясы, Шағатай ұлысында болған қырқысулар, Сыр бойы қ-ларының қиратылуы жайында, т.б. деректер беріледі. 14–15 ғ-ларда бір топ авторлардың (Шараф әд-Дин Йезди, Му’ин әд-Дин Натанзи, т.б.) шығармаларын Әмір Темір ұрпақтарының тапсырмасымен парсы тілінде жазды. Бұл еңбектерде Алтын Орда, Ақ Орда, Моғолстан мемлекеттері және олардың Әмір Темір мемлекетімен қарым-қатынастары жөнінде жан-жақты мәлімет берілген. 16 ғ-да шығармаларын парсы тілінде жазған, түркі тектес тарихшылар М.Х.Дулат («Тарих-и Рашиди»), Бабыр («Бабырнаме»), т.б. өз еңбектерінде Әбілхайыр хандығы, Орыс хан ұрпақтары, Қазақ хандығының қалай құрылғандығы, алғашқы қазақ хандары (Керей, Жәнібек, Бұрындық, Қасым, т.б.), олардың саяси-әскери қызметтері жөнінде егжей-тегжейлі мәлімет береді. 15–16 ғ-ларда Орта Азия мен Шығыс Түркістанда шағатай (түркі) тілінде жазылған тарихи шығармалар жарық көре бастады («Шыңғыснама», «Шайбанинама», т.б.). Ораз Мұхаммед сұлтанмен бірге орыс әскерлерінің тұтқынында болып, кейін Борис Годунов патшаға қызмет еткен Қ.Жалайыри 15–16 ғ-лардағы Қазақ хандығы жөнінде аса құнды деректер қалдырды («Жамиғ ат-Тауарих»). 15–17 ғ-ларда қазақ халқы, билеушілері, батырлары мен билері жөніндегі деректер ауыз әдебиетінде де көптеп кездеседі. Қазақ хандығы Ресей бодандығына өте бастағаннан кейін, 18 ғ-да ағылшын кескіндемешісі Джон Кэстль, 18–19 ғ-ларда Ресей тарихшылары (П.С.Паллас, А.И.Левшин, Н.Я. Бичурин, т.б.) өлке тарихын жан-жақты зерттей бастады. Қазақстанда тарих ғылымының жандануы 19 ғ-дың 2-жартысынан бастау алады. Ол еуропаша білім алған қазақтың тұңғыш тарихшы-ғалымы, шығыстанушысы, географы Ш.Ш.Уәлиханов есімімен тығыз байланысты. Ол қазақ, қырғыз, ұйғыр басқа да түркі тектес халықтардың тарихын зерттеді. Орыс тарихшылары мен шығыстанушылары Н.М.Карамзин, Е.М.Соловьев, В.В.Вельяминов-Зернов, әскери тарихшы М.И.Иванин, т.б. ресей елінің неліктен 250 жыл моңғол-татар езгісінде болғанын саяси-әлеум. тұрғыдан түсіндіру мақсатымен Орт. Азия халықтарын жан-жақты зерттеуге кірісті. 19–20 ғ-ларда Абай Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, С.Бабажанов, М.Шорманов, Құрбанғали Халид, Т.Сейдалин, А.Жантөрин, С.Нұрмұхамедов, М.Ж.Көпеев, т.б. қазақ халқының тарихы мен мәдениетін зерттеуге үлес қосты. Олардың жазғандары қазақ тарихнамасында өлкетану еңбектері ретінде бағаланады. Сондай-ақ осы кезеңде жарық көрген (1911 ж. Орынборда) Шәкерім Құдайбердіұлының «Түрік, қырғыз-қазақ һәм хандар шежіресі» қазақ халқының құрылу тарихын ғыл. негізде зерделеген еңбек болатын. 19 ғ-дың 2-жартысында Қазақстан тарихымен орыс ғалымдары Л.Мейер, М.Красовский, М.И.Венюков, т.б., этнографиясымен Радлов, Г.Н.Потанин, Н.М.Ядринцев, А.Е.Алекторов, т.б. шұғылданды. 19 ғ-дың соңында Верныйда (қазіргі Алматы), Семей мен Орынборда тарихи-табиғат мұражайлары ашылды. 19 ғ-дың соңы мен 20 ғ-дың басында акад. В.В.Бартольд, П.И.Лерх, т.б. осы өлкеде археол. зерттеу жұмыстарын бастады. 20 ғасырдың бас кезі қазақ халқының ұлттық сана-сезімінің рухани өркендеген дәуірі болды. Баспасөз беттеріне қазақ зиялылары (М.Тынышбаев, С.Аспандияров, Ә.Н.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, Х.Досмұхамедов, т.б.) Отан тарихына байланысты жиі-жиі мақалалар жазды. 1925 ж. Тынышбаевтың «Қазақ (қырғыз-кайсак) халқының тарихы жөніндегі материалдар» деген еңбегі орыс тілінде жарық көріп, онда қазақтардың негізін құрайтын ру-тайпалар, олардың таңбалары мен ұрандары, қазақтардың шыққан тегі туралы аңыз-әңгімелер, қазақ жүздерінің пайда болуы, этн. құрамы, қазақ хандығының құрылуы сияқты өзекті мәселелер ғыл. тұрғыдан талдауға алынған. Сондай-ақ Аспандияровтың 1935 ж. жарық көрген «Көне заманнан бергі Қазақстан тарихы» деп аталатын еңбегі де (орыс тілінде) 1917 жылғы Қазан төңкерісіне дейінгі Қазақстан тарихына арналды. Аспандияров Ресейдің басқыншылық саясатын жүйелеп көрсете отырып, қазақ жерінің Ресейге өз еркімен қосылмағандығын дәлелдеді, бұл процестің прогрестік жол еместігін анықтап берді. Т.Шонановтың 1926 ж. Ташкентте жарық көрген «Қазақ жер мәселесінің тарихы» деген еңбегі қазақтардың бұрынғы жер иелену тарихын, жерге деген көзқарасын, патшалық отарлау саясатының салдарынан қазақтардың жерден тапшылық көргендігін мол фактілік материалдар негізінде көрсеткен зерттеу болды. 1921 ж. Архив бас басқармасы құрылып, тарихи құжаттарды жинастыру, өңдеу және ғылымға пайдалану ісі басталды. Мәскеу, Ленинград, Омбы, Орынбор ғалымдары (Бартольд, А.Ю.Якубовский, А.К.Самойлович, М.Е.Массон, т.б.) Қазақстан тарихы мәселелерімен шұғылданды. 20 ғ-дың 20-жылдары республикада КСРО ҒА мен Геогр. қоғамның археол.-этногр. экспед-лары (Ә.А.Диваев, А.В.Затаевич, Ж.Т.Шанин, С.И.Руденко) жұмыс істеді. Қазақстан тарихы мен Қазақстан Компартиясының тарихы, ұлт-азаттық қозғалысының тарихы туралы еңбектер шығару жөнінде алғашқы шаралар жүзеге асырылды, тарихшы мамандарын даярлау басталды. 18–19 ғ-лардағы Қазақ тарихы, әсіресе, Қазақстанның Ресейге қосылу мәселелері Ә.Бөкейхановтың «Қазақ (Қырғыз) өлкесінің тарихи тағдыры және оның мәдени табыстары» деген еңбегінде жан-жақты қаралды. Досмұхамедов, Рысқұлов, Жандосов, П.Г.Галузо зерттеулерінде де Қазақстанның Ресей құрамына кіру мәселелері қарастырылды. 1934 ж. Қазақ ұлттық мәдениеті ғыл.-зерт. ин-ты құрылды, оның тарих-археол. секторы 1917 ж. Қазан төңкерісінен бұрынғы және төңкеріс кезіндегі бірқатар жұмыстарды қорытындылады. 2-дүниежүз. соғыс жылдарында бір топ мәскеулік тарихшылар (А.М.Панкратова, С.В.Бахрушин, Н.М.Дружинин, М.П.Вяткин, т.б.) Қазақстанға көшіп келіп, қазақ ғалымдарымен бірлесіп жұмыс істеді. Нәтижесінде 1943 ж. орыс тілінде «Қазақ КСР-і тарихы» (ерте заманнан осы күнге дейін) жарық көрді. Бұл Қазақстан тарихы жөнінде жүйелі түрде жазылған тұңғыш еңбек болды. 1945 ж. ҚазМУ (қазіргі ҚазҰУ) мен пед. жоғары оқу орындарында тарих ф-ттері, Қазақстан ҒА-ның Тарих, археол. және этнол. ин-ты ашылды. Соғыстан кейінгі жылдары тарихи, археол., этногр. зерттеулердің көлемі едәуір кеңейді. Екі томдық «Қазақ ССР тарихы» шықты (2-бас., 1949). Қазақстан тарихын кезеңге бөлу мәселелері талданды. Кіші жүз қазақтарының Сырым Датұлы бастаған 1783–97 жылдардағы көтерілісін, Бөкей Ордасындағы Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған 1836–37 жылдардағы көтерілісті және қазақ халқының патша өкіметіне қарсы ұлт-азаттық қозғалысының басқа да мәселелерін зерттеуге елеулі үлес (мыс., Вяткин, В.Ф.Шахматов еңбектері) қосылды. Қазақтардың материалдық мәдениеті, тұрмысы, ою-өрнек өнері жөнінде этногр. материалдар (Н.Сәбитов, т.б.) жиналып, зерттелді. 40-жылдардың соңынан бастап археол. экспед-лар Қазақстан жерін түгел дерлік қамтыды: Оңт-те үйсін, қаңлы, Батыс Түрік қағандығы ескерткіштерін, шығыста қола дәуірі мен ежелгі көшпелі тайпалар мәдениетін, орталықта көне заман мәдениетінің жұрнағын қазу жүзеге асырылды (Ә.Марғұлан, А.Н.Бернштам, С.С.Черников). КСРО ҒА-ның Хорезм археол.-этногр. экспед. (С.П.Толстов) Жетіасар және Алтыасар қалаларының орнына зерттеу жүргізіп, көшпелі және отырықшы мәдениеттердің қарым-қатынасы мен өзара байланысы жөніндегі аса іргелі мәселе жаңа археол. материал негізінде баяндалды. 50-жылдары республика тарих ғылымының алдына қойған мәселелерінің бірі – жазбаша деректемелер базасын кеңейту, шығыстанушы мамандар даярлау болды. Қазақстан ҒА-да шығыстану секторы құрылды. Түркі дәуірі, қыпшақ, қаңлы, қарлұқтар туралы еңбектерінде М.Ақынжанов, Б.Е.Көмеков, А.Ш.Қадырбаев, С.М.Сыздықов, т.б. араб, түркі деректері негізінде зерттеулер жүргізді. Қазақстанның соңғы орта ғасырлардағы тарихына қатысты шығыс деректерін аударып, осы кезеңді зерттеуде С.Ибрагимов, Н.Мингулов, К.А.Пищулина, В.П.Юдин көп еңбек сіңірді. 16 ғ-дың 2-жартысындағы Қазақ хандығының саяси тарихын парсы деректері негізінде М.Қ.Әбусейітова, ал 18–19 ғ-лардағы қытай-қазақ байланыстарын қытай деректері негізінде К.Ш.Хафизова зерттеді. Сонымен бірге 17 ғ-дағы қазақ тарихының мәселелері (қазақ-орыс қатынастары, қазақ-жоңғар қатынастары) В.Я.Басин, В.А.Моисеев пен И.Я.Златкиннің еңбектерінде қарастырылды. Кеңес өкіметі дәуіріндегі қазақ ауылдарында жүргізген ұлттық мемл. құрылыс пен ұлт мәселесін шешу тарихы зерттелді. Ә.Қанапин, Р.Б.Сүлейменов, Қ.Біржанов еңбектерінде қазақ мәдениетін өркендету жолындағы табыстар баяндалды. Ежелгі заман мен орта ғасырдағы Қазақстан тарихы жөніндегі шығыс деректерін тауып, орыс және қазақ тілдеріне аудару ісі едәуір кеңейді. Қазақ халқының шыққан тегі зерттелді. Қазақ жерлерінің Ресейге қосылуы, 18–19 ғ-ларда қазақ қауымында болған әлеум.-экон. өзгерістер, Ресей капитализмінің «кеңейе» келіп, Қазақстанға да таралуы және ауылдағы рулық қатынастардың ыдырауы, 19 ғ-дың 2-жартысы мен 20 ғ-дың басындағы қоныс аудару, жұмысшы және агр. қозғалыс, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі, Ақпан төңкерісі жөнінде моногр. зерттеулер жасалды. Уәлиханов шығармаларының 5 томдық жинағы мен қазақ ағартушысы Алтынсариннің таңдамалы және 3 томдық шығармалары жарық көрді. Ә.Марғұлан, Б.Сүлейменов, Т.Тәжібаев, Қ.Бейсембиев, Ә.Қанапин, Х.Әбжанов, Қ.Ахметов қазақ ағартушыларының өмірі мен шығарм., қоғамдық ой-пікір мен ағарту саласындағы идеялық ағымдар туралы, жалпы мәдениет тарихына арналған ғыл. еңбектер жариялады. әл-Фараби шығармаларының түсіндірме мәтіні шықты. Қазақ жерін этногр. жағынан жаппай зерттеу жүргізілді, қазіргі қазақ аулының мәдениеті мен тұрмысына ғыл. талдау жұмыстары жарияланып, Қазақстанның археол. картасы жасалды. Оңт. және Шығыс Қазақстан мен Балқаштың солт. жағалауында, Қаратау аймағында палеолиттік қазындылар табылды. Ертедегі көшпелі тайпалар, сақ, үйсін мекендері мен «патша» қорғандарын зерттеу жалғастырылды. «Орталық Қазақстанның ежелгі мәдениеті» атты күрделі еңбек (1966), Ортағасырлық Тараз туралы кітаптар шықты. Ежелгі Отырар мен оның төңірегінде, Орт. Қазақстанда кең көлемді қазба жұмыстары өріс алды. 20 ғ-дың 50-жылдарынан бастап Қазақстан қоғамы шетелдік ғыл.-зерт. орт-тарының назарына ілікті. Қазіргі кезде ондай орт-тар Еуропа (Германия, Франция, т.б.), АҚШ, Жапония, Қытай, кейбір мұсылман елдерінде орналасқан. Бұл орталықтар, әсіресе, КСРО тұсында көбінесе бір жақты еңбектер (антикоммунистік бағытта) жазды. Дегенмен, олар өз еңбектерінде Кеңес Одағында пайдалануға тыйым салынған авторлар мен олардың шығармаларын кеңінен қолданды әрі Қазақстанды Ресейдің отарлауы, Азамат соғысының шындығы, 1930–32 ж. ашаршылық, 1937–38 ж. қуғын-сүргін, ұжымдастыру, фашизмге қарсы соғыс, тың игеру, т.б. тақырыптарда неғұрлым өнімді еңбек етті. Р.Конквест, Э.Бэкон, Л.Крадер, А.Хадсон, М.Олкотт, Р.Пирс, Э.Саркисянц, А.Боджер, А.Беннигсен, т.б. шет ел ғалымдары Қазақстан және қазақтар тақырыбында қалам тартты. Бұған қоса шет елдегі қазақ тарихшылары (Қытай, Түркия, Еуропа елдеріндегі) Қазақстан тарихына байланысты көптеген еңбектер жазды.Г.Ф.Дахшлейгер, [[Д.Дулатова[[, К.Есмағамбетов, Ж.Қасымбаев, Пищулина, Қозыбаев және И.В.Ерофееваның 1970–90 жылдарда жарияланған нақтылы-тарихи және тарихнамалық зерттеулерінде қазақ хандығының құрылуы мен дамуының, 18 ғ-дың 40–80-жылдарындағы отандық тарих, ең алды- мен, Қазақстанның Ресейге қосылуын зерттеу қорытындылары шығарылды. 20 ғ-дың 60– 80-жылдарында жарық көрген Е.Ділмұхамедов, Е.Бекмұхамедов, М.Асылбеков еңбектерінде, сол сияқты кейінгі кезде жарияланған Б.Аяған, С.Игібаев, В.Ғалиев, т.б. шығармаларында 19–20 ғ-лардағы Қазақстанның инфрақұрылымдары және қоғамдық-саяси, мәдени жүйесінің даму эволюциясы зерттелді. Қозыбаев өзінің 20 ғ-дың 80-жылдарының соңынан бастап жариялаған топтама еңбектерінде Қазақстан тарихының «ақтаңдақ» мәселелерінің, жабық тақырыптардың зерттелуіне, өз бағаларын алуларына күш салды. Әсіресе, ұлт-азаттық қозғалыстар, кеңестік дәуірдегі Қазақстан тарихының шындығы Қозыбаев зерттеулерінің басты нысандарына айналды. Алаш қозғалысының мәселелері 1990–2000 ж. М.Қойгелдиев, К.Нұрпейіс, Д.Аманжолова монографияларында жан-жақты сөз болды. Мыс., Қойгелдиевтің «Алаш қозғалысы» атты еңбегінде 19 ғ-дың соңы мен 20 ғ-дың басындағы Қазақстанның тарихи дамуына байланысты мәселелер кең ауқымда қарастырылған. Патша өкіметінің отаршылдық саясаты, ұлттық езгіге қарсы наразылықтың күшеюі, қазақ зиялыларының жан-жақты қоғамдық-саяси қызметі, Алашорда өкіметінің құрылуы талданды. Нұрпейістің «Алаш һәм Алашорда» еңбегі алаш қозғалысының бастауларына, монархия құлатылғаннан кейінгі, Кеңес өкіметі және Азамат соғысы жылдарындағы Алашорда өкіметінің жағдайына, оның Кеңес өкіметімен қарым-қатынасына қатысты мәселелерді қамтыды. Ресейлік түркілердің, туған халқының тәуелсіздігі үшін шет елде жүргізген қоғамдық-саяси қызметіне арналған Шоқайдың шығарм. мұрасын насихаттауға Б.Садықова, Б.Дәрімбет, С.Шілдебай, Д.Қамзабекұлы, А.Нүсіпхан зерттеулер жазды. 20 ғ-дың 20–30-жылдарындағы қазақтардың дәстүрлі өмір сүру салтының бұзылуы, ұжымдастыру, түрлі көтерілістер, ауа көшушілік, диаспора мәселелері Ж.Абылхожин, Т.Омарбеков, Қ.Алдажұманов, Г.Меңдіқұлова, З.Қинаятұлы еңбектерінде жан-жақты қарастырылды. Қазақ халқы тарихының түпнұсқа деректерін ғыл. айналымға енгізіп, оларды негізгі дерек көздерінің қатарына қосу мәселесі Қ.Атабаев, Ж.Артықбаев, Ж.Қадыртаева еңбектерінде зерттелді. Қазақстандық археологтар (К.Байпақов, З.Самашев, М.Елеуов, С.Жолдасбаев,Ж.Таймағанбетов, С.Әжіғали, т.б.) республиканың түпкір-түпкірінде зерттеу жұмыстарын жүргізді. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін оның әскери тарихы да кеңінен зерттеле бастады. Әскери тарих саласында Белан, К.Аманжолов, А.Тасболатов, т.б. көп зерттеулер жүргізді. Көптеген тарихшылар шет елдердегі архивтерде (Ресей, АҚШ, Қытай, Еуропа және кейбір мұсылман елдері) жұмыс істеп қайтты. АҚШ-тағы Стэнфорд ун-тінің архивінде Аяған, Қытай архивтерінде Хафизова, Қ.Салғарин зерттеулер жүргізді. Қазақстан ҰҒА-ның Тарих және этнол. ин-ты, 1991 ж. одан бөлініп шыққан Археол. ин-тының ғалымдары Қазақстанды археол. тұрғыдан кешенді зерттеу жұмыстарын жалғастырды. 1996 жылдан бастап ҚР ҰҒА-ның Тарих және этнол. ин-ты мен Археол. ин-тының ұжымдары, респ-ның кейбір жоғары оқу орындарының қоғамтанушы ғалымдарымен бірлесе отырып дайындаған Қазақстанның көне заманнан бүгінге дейінгі академиялық бес томдық тарихы қазақ және орыс тілінде жарық көрді. Жекелеген тарихшылар тәуелсіздік жағдайына орайластырып, орта мектептер мен жоғары оқу орындары үшін оқулықтар дайындап, жариялады.
      Маған ұнайды:
      23.03.2013, 21:09
      Предыдущие 6 комментариев
    • Динислам Тлесов
      23-ХИКМЕТ. ПЕЙІШ ПЕН ТОЗАҚТЫҢ АЙТЫСЫ

      Пейіш, тозақ таласар, таласуда баян бар,

      Тозақ айтар: мен артық, менде Перғауын, Һаман бар.

      Пейіш айтар: білмейсің, сенде қандай талғам бар?! –

      Перғауын, Һаман сенде-дүр, менде Жүсіп, Кенған бар.

      Тозақ айтар: мен артық, дүниепарас көп құл жүр,

      Қолдарына салынған алмас кісен, от-шынжыр.

      Пейіш айтар: мен артық, мен – Пайғамбар мекені,

      Алдарында олардың: кәусар, һүр мен нөкері.

      Тозақ айтар: мен артық, менде жөйіт, тарса бар,

      Жөйіт, тарса тәндерін сансыз азап паршалар.

      Пейіш айтар: мен артық, менде иманды құлдар бар,

      Момындардың алдында шексіз нығмет – гүлзар бар.

      Тозақ айтар: мен артық, залым құлдар бар менде,

      Залымдарға беретін зәһар – менде, зәр – менде.

      Пейіш айтар: мен артық, ғалым құлдар – төрімде,

      Аят, Хадис, Құран бар ғалымдардың көңілінде.

      Тозақ айтар: мен артық, алаяқ бар – қойнымда,

      Оттан ескен кісен бар мұнафықтар мойнында.

      Пейіш айтар: мен артық, менде – хақ жол тұтқандар,

      Сопылардың көңілінде Зікір, Пікір, Сұбхан бар.

      Тозақ айтар: мен артық, бейнамазды аяр бар,

      Бейнамаздың мойнында жылан менен шаян бар.

      Пейіш айтар: мен артық, менде – Дидар-Мұратың,

      Жар Дидарын көрсетер бар Рахман – Рахым.

      Тозақ сонда тақ тұрды, пейіш көкке самғады, ал,

      Құл Қожа Ахмет, не білдің? –
      Маған ұнайды:
      07.03.2013, 20:53
      Предыдущие 6 комментариев
    • Динислам Тлесов
      14-ХИКМЕТ. ӘБУБӘКІР СЫДЫҚ ХАҚЫНДА

      Көрген бойда-ақ иланған Әбубәкір Сыдық қой,

      Ұстын болып қыйналған Әбубәкір Сыдық қой.

      Мұңдасқанда зарлаған, құлдыққа бел байлаған,

      Іші-бауырын қарнаған Әбубәкір Сыдық қой.

      Бір сөзінен қайтпаған, сырын әркез сақтаған,

      Ғапыл болып жатпаған Әбубәкір Сыдық қой.

      Сүйгендерді тап қылған, қызын қолдан тапсырған,

      Қол қусырып тақ тұрған Әбубәкір Сыдық қой.

      Жеткен айтқан сөзіне, түскен Рухтың тезіне,

      Сенген Расул өзіне Әбубәкір Сыдық қой.

      Мұхамметке қайын ата, қылған емес еш қата,

      Ерте тұрған, кеш жата Әбубәкір Сыдық қой.

      Құл Қожа Ахмет толғасын – үңгірдегі жолдасын,

      Ғаріптікке олла, асыл Әбубәкір Сыдық қой.

      15-ХИКМЕТ. ОМАР ХАҚЫНДА

      Екінші досы Расулдың әділетті Омар-дүр,

      Мүмін жары асылдың әділетті Омар-дүр.

      Біләлге азан айттырған, шариғатты хат қылған,

      Дін шырағын жақтырған әділетті Омар-дүр.

      Қағба есігін аштырған, барша пұтты лақтырған,

      Расул көңілін хош қылған әділетті Омар-дүр.

      Шариғатқа күш-қорған, тарихатты ұстанған,

      Ақиқатты түс таныған әділетті Омар-дүр.

      Әділеттің жолында құрбан қылған ұлын да,

      Қалған шындық шыңында әділетті Омар-дүр.

      Шырақ болып парлаған, дін жолынан танбаған,

      Жөнсіздікке бармаған әділетті Омар-дүр.

      Міскін Ахмет, жол алғын, әлсіздікті доғарғын,

      Сонда рухы болар – нұр әділетті Омардың.

      16-ХИКМЕТ. ОСПАН ХАҚЫНДА

      Үшінші дос – жар болған иман қабы Оспан ғой,

      Әр демінде бар болған иман қабы Оспан ғой.

      Пайғамбардың күйеуі, дініміздің сүйеуі,

      Барлық ісі киелі иман қабы Оспан ғой.

      Тек Хақ сөзін жадқа алған, аят-хадис ақтарған,

      Әрбір сөзі жатталған, иман қабы Оспан ғой.

      Тұр тауындай – тобасы, екі нұрдың қожасы,

      Айтқанының бәрі асыл, иман қабы Оспан ғой.

      Мінгізбей жау атына қол салысты сапыға,

      Шаһид қылды қапыда – иман қабы Оспан ғой.

      Құл Қожа Ахмет, достарды – сыйпаттадың Оспанды,

      Күмән одан бос қалды, иман қабы Оспан ғой.

      17-ХИКМЕТ. ӘЗІРЕТ ӘЛІ ХАҚНДА

      Төртінші дос – жар болған Алла шері Әли-дүр,

      Миғражда бар болған Алла шері Әли-дүр.

      Хақ әмірін жүргізді, кәпірлерді кіргізді,

      Ай дидарлы, нұр жүзді Алла шері Әли-дүр.

      Көрген адам пір тұтар, тек зікірді тіл тұтар,

      Қолында бар – зұлпықар Алла шері Әли-дүр.

      Мінсе дүлдүл – нұрлана, жерге түсер зілзала,

      Кәпірлерге мұң-нала Алла шері Әли-дүр.

      Дұшпан ықты не күшті, кәпірге ашты соғысты,

      Оңға бұрған терісті Алла шері Әли-дүр.

      Нығмет сенде, Бір мен Бар,

      Төгем саған тілден зар,

      Құл Қожа Ахмет білген жар – Алла шері Әли-дүр.
      Маған ұнайды:
      07.03.2013, 20:52
      Предыдущие 6 комментариев
    • Динислам Тлесов
      13-ХИКМЕТ. ЕЙ, СОПЫ

      Ей, сопы, талап қылсаң Хақ Дидарын,

      Жаннан кеш, алқа ішінде жан қыйнағын.

      Алла үшін тәрік болсын бар жыйғаның,

      Талақ қыл түн ұйқыңды – өшсін мұндар.

      Ғашыққа Хақ рахметі жуық шығар,

      Өң – сынық, жүзін жаспен жуып сығар.

      Тамұққа менмендерді қуып тығар,

      Тозақта тәкаппарлар өтпес сын бар.

      Жарандар бұрынғы өткен аулақ кетті,

      Тақ – халас, жасы жуды саулап бетті.

      Сенің де ғұмырың тәмәм – нәубет жетті,

      Тәуба қыл күнің үшін ей, пәтшағар!

      Не істемес, ит-нәпсіге берсең ерік?! –

      Алла – жат, еңіресең де өршеленіп.

      Жеңілсең – тіріледі, жеңсең – өліп,

      Ұйқыңды құстай үркіт – түнде шырмар.

      Шығармас нәпсі деген түрме-құлып,

      Аздырар жолдан бұрып мүрде қылып.

      Сонымен сүрдің өмір бірге жүріп,

      Нәпсіні, нәпсіні теп ей, пәтшағар!

      Тұлдырсың – нәпсіге ерсең ақырдемде,

      Қосады діннен қуып кәпірлерге.

      Өлерде иман кетер ғафыл желге,

      Нәпсіден ақылға ер де болғын бизар.

      Перғауын, Һарун кетті шайтанға еріп,

      Сондықтан жер жарылды – сойқан болып.

      Үлгісін Мұса Кәлим айтар келіп,

      Екеуін үлгі алмаған Құдай қарғар!

      Хақ сыны тәубасызға тиді қатал,

      Кетем деп, жолға жыйнал, сыйлық апар.

      Көр-дағы кеткендерді – ғибрат ал,

      Тек сонда жатқан жерің болар Гүлзар.

      Момындар жыйнап өтер Ар мен Ғылым,

      Хақ үшін құрбан қылды Жан мен Ділін.

      Дүние емес, ақыретке пәрменді кім –

      Сол жанға үр мен нөкер бәрі даяр.

      Алланың ғарасат таңы бір атады,

      Жер де ойбай, көк те ойбай ғып жылатады.

      Парызшыл, тәубашылды ұнатады,

      Жарылқап – сол құлдармен сұхбат құрар.

      Намаз бен ораза тұтқан күлер тақтан,

      Бар халық сол бір жанды тілер Хақтан.

      Ондай құл қиямет күні жігер тапқан,

      Ол ұлды періштелер құптап тұрар.

      Хауыз бар – жарандарға ем сауда қылған,

      Ғашықтар татады оны тәуба қылған.

      Қайығы тәубасыздың аударылған,

      Ішер дүр ол бейбақтар улы зәһар.

      Бір күні қияметтің – мың жыл болар,

      Санынша бұл дүнияның құрдым болар.

      Қайым күн жетпіс мың жыл сүргін болар. –

      Тәубашыл құлдар үшін туды баһар.

      Кім Хақтың құлы болса – Хаққа жақсын,

      Тәкаппар, қалай бері аттамақсың?!

      Құл Ахмет, нәпсі тыйып, дат қыламын,

      Пірмұған тағар ма екен ақ тұмарын!?

      Бейхабар көрмей-білмей қан ағызар,

      Жан даусын естігей де Пәруардигар.
      Маған ұнайды:
      07.03.2013, 20:52
      Предыдущие 6 комментариев
    • Динислам Тлесов
      6-ХИКМЕТ. САЛАУАТ

      Он сегіз мың ғаламға сәруар болған Мұхаммет,

      Отыз үш мың асхабқа сардар болған Мұхаммет.

      Жоқшылық пен індетке қанағатшыл Мұхаммет,

      Күнә тартқан үмбетке шапағатшыл Мұхаммет.

      Кірпік ілмей талықты, – сабыр табар Мұхаммет,

      Жетім, міскін, ғаріпті жарылқаған Мұхаммет.

      Үлес берген пендеге сара жолдан Мұхаммет,

      Азап кешкен әммеге пана болған Мұхаммет.

      Әбужаһил залымға төзім қылған Мұхаммет,

      Жалақордың хақ жолға өзін бұрған Мұхаммет.

      Жалғаншының қайғысын ұмыттырған Мұхаммет,

      Зікір айтып Рухын шынықтырған Мұхаммет.

      Малғұн, лағин, шайтанға соғыс қылған Мұхаммет,

      Шариғатқа үмбетін тоғыстырған Мұхаммет.

      Тариқатқа – жолбасшы, жаны ышқынған Мұхаммет,

      Ақиқатты баршаға табыстырған Мұхаммет.

      Жамандыққа – жақсылық бағыштаған Мұхаммет,

      Тауфық тілеп, залыммен алыспаған Мұхаммет.

      Сәждеге ұрып маңдайын, тағат қылған Мұхаммет,

      Қабыл болып дұғасы – таң аттырған Мұхаммет.

      Залымдардың бәлесін харап қылған Мұхаммет,

      Бір Алланың Дидарын талап қылған Мұхаммет.

      Бес уақыт намазда имам болған Мұхаммет,

      Миғражда көргені Дидар болған Мұхаммет.

      Ғаршы, Күрсі базарын иеленген Мұхаммет,

      Сегіз бейіш төріне Кие берген Мұхаммет.

      Міскін Ахмет құлына мұра қылған Мұхаммет,

      Жетімдерге жүрегін шыра қылған Мұхаммет.
      Маған ұнайды:
      07.03.2013, 20:50
      Предыдущие 6 комментариев
    • Динислам Тлесов
      3-ХИКМЕТ. ҚАҺАР АТТЫ ҚАҺАРЫҢ

      Қаһар атты қаһарың – қорқып жылар Қожа Ахмет,

      Рахман атты рахымың – сертін қылар Қожа Ахмет.

      Күнәйім көп, ылайым кешіргейсің, Құдайым,

      Кім бар құлдар ішінде дертіңді ұғар, Қожа Ахмет?..

      Мұнафықтар ылаңы – күнә-қылмыс қылады,

      Жүзін жаспен жуады – өртін қуар Қожа Ахмет.

      Тарихатты білмедім, Хақиқатқа кірмедім,

      Пір бұйрығын ілмедім: дертің – бұлар, Қожа Ахмет.

      Ақырзаман болған дүр, залым төрге қонған дүр,

      Харам, шүбә толған дүр, татқан зәһар Қожа Ахмет.

      Хас шерменде, шын құлмын, ғашық жолда бұлбұлмын,

      Арыстан бабты пір қылдым, –

      Бақтан болар, Қожа Ахмет.

      Құл Қожа Ахмет, тағат қыл, жыламақты әдет қыл,

      Бәле келсе – сабақ біл,

      Хақтан болар, Қожа Ахмет.
      Маған ұнайды:
      07.03.2013, 20:50
      Предыдущие 6 комментариев
    • Динислам Тлесов
      Қожа Ахмет Йассауи– түркістандық ғұлама, әулие. Қожа Ахмет Йассауидің арғы тегі қожалар әулеті. Әкесі – Исфиджабта даңққа бөленген әулие, Әзірет Әлінің ұрпағы Шейх Ибраһим. Анасы – Мұса шейхтың қызы Айша (Қарашаш ана). Мұса шейх те Исфиджабта әулиелігімен танылған. Кейбір деректерде Қожа Ахмет Йассауидың Ибраһим атты ұлы мен Гауhар Хошназ (Жауhар Шахназ) атты қызының болғандығы айтылады.Қожа Ахмет Йассауидың ұрпағы негізінен осы қызынан тарайды. 9 ғасырда Отырар, Исфиджаб, Баласағұн, Иасы, Сауран, Сығанақ Шаш, Сүткент, Жент, Кудур, Отлук, Өзкент, тағыда басқа Мауераннахр қалаларында ислам діні уағызшыларының белсенді әрекеттері саяси сипат алған болса, 10 ғасырдан бастап ислам ілімі жолындағы тәлім-тәрбиелік ордалар – медресе-теккелер түбегейлі орнығып, исламдық-руханияттық ахлақи (моральдық) ұстанымдар қалыптаса бастады. Қожа Ахмет Йассауи дүниеге келмей тұрып, Исфиджабта исламдық фикһ (құқық) мектебі ханафи мазһабының ондаған өкілдері өмір сүрді. Йассауи ілімі осы саяси-әлеуметтік, тарихи шарттарға байланысты қалыптасты. Қожа Ахмет Йассауи ұстаздарының көшбасшысы – Арыстан баб. Кашифи “Рашахат-ул айн-ил хайат” атты еңбегінде Қожа Ахметтің Арыстан бабтың шәкірті болғандығы, одан заһир және батин ілімдерінің сыры мен мәнін үйренгендігі, оған 16 жылы қызмет еткендігі туралы мәлімет береді. Йассауидың “Диуани хикметінде” де Арыстан баб жиі ауызға алынады. Қожа Ахмет Йассауидың өмірі мен қызметі туралы Жазба деректерде (Хазини, “Жауаһир-ул Абра Мин Амуаж-ил Биһар”) оның Юсуф Хамаданидың шәкірті екендігін көрсететін деректер болғанымен, соңғы зерттеулерде оны теріске шығаратын тұжырымдар айтыла бастады. Қожа Ахмет Йассауидың алғашқы шәкірті – Арыстан бабтың ұлы Мансұр Ата, екінші шәкірті – Сайид Ата Хорезми, үшінші шәкірті – Сүлеймен Бақырғани. Осылардың ішіндегі ең көрнектісі – Бақырғани (Хакім Ата) (Кашифи, “Рашахат-ул айн-ил хайат”). Тағы бір танымал шәкірттерінің бірі Мұхаммед Данышменди сопы Қожа Ахмет Йассауидың “Мират-ул Қулуб” атты мұрасын хатқа түсірді. Сондай-ақ Садр Ата, Бадр Ата, Қажы Бекташ Әулие, Сары Салтұқ, Шейх Лұқпан Перенде сияқты тұлғалар да Қожа Ахмет Йассауидың шәкірттері саналады. А.Беннигсон Қожа Ахмет Йассауидың Шопан Ата және Зеңгі Баба атты да шәкірттерінің болғандығын айтады. Йассауи шәкірттері жөнінде Фуат Көпрулу: “Мутасаууфтардың (сопылардың) өмірбаяны жайлы еңбектерде Ирак, Хорасан және Мауераннахр сопыларынан басқа түркі шейхтары деп жүрген сопылардың барлығы дерлік Қожа Ахмет Йассауи тариқатының шейхтары еді” дейді. Ахметтің әкесі діндар, құдай жолын ұстаған атақты шайкылардың бірі болған секілді. Бұлай дейтін себебіміз, ақынның 149-хикметінде оның шыққан тегі туралы төмендегі сыр шертеді[1]:
      ...Ысқақ баба жұрыны, шейх Ибраһим Құлыны,
      Машайықтар ұлығы - шейхым Ахмет Ясауи.
      ….Иасы оның арасы, жатыр гауһар парасы,
      Машайықтар сарасы - шейхым Ахмед Ясауи. Ахмет Бұқар қаласында Юсуф Хамаданидан діни білім алғаннан кейін, Түркістанға келіп, сол кезде Орталық Азияда кең тараған сопылық, діни-тақуалық идеялардың ірі насихатшысына айналады. Ахмет Ясауидің ержете келе Түркістанға келуі дінге байланысты болса керек. Ақын өз өлеңдерінде Түркістанға келгені жайында былайша баяндайды:
      ...Он жетімде Түркістанда тұрдым, міне
      Он сегізде Шілтеменеи шарап іштім,
      Рузы қылды, Жәннат кезіп қорлар құштым,
      Хақ Мұстафа жүздерін көрдім, міне...
      Оның бүгінгі ұрпаққа жеткен көлемді шығармасы — «Диуани Хикмат» (Хикмат жинақ). Бұл шығарма алғаш рет 1878 ж. жеке кітап болып басылып шығады. Содан кейін ол Ыстамбұл, Қазан, Ташкент қалаларында бірнеше қайыра басылады. Соның бірі 1901 ж. Қазанда Тыныштықұлының қазақтарға арнап шығарған нұсқасы болатын.Төрт тармақты өлеңмен жазылған бұл шығармасында ақын өзінің бала күнінен пайғамбар жасына келгенге дейін өмір жолын баяндайды, тіршілікте тартқан азабын, көрген қайғысын айтады, бұхара халыққа үстемдік жүргізуші хандардың, бектердің, қазылардың жіберген кемшіліктерін, жасаған қиянаттарын сынайды, бұл фәнидің жалғандығын білдіреді.«Диуани Хикматтан» түркі халықтарына, соның ішінде қазақ халқына, ертедегі мәдениетіне, әдебиетіне, тарихына, этнографиясына, экономикасына қатысты бағалы деректер табуға болады.
      Қожа Ахмет Йассауи ілімінде Хаққа қызмет ету халыққа қызмет етуден басталады. Ал, халыққа, ұлтына қызмет етудің шарты – топырақ сипатты болу, нәпсіні тыю. Топырақ сипатты болып, өзін халқына арнау кемелдікті білдіреді. Қожа Ахмет Йассауи кемелдікке жету үшін адамда ашқ (қуатты махаббат) пен дерт болу керек дейді. “Дертсіз адам адам емес, мұны аңла; Ашқсыз инсан хайуан жынысы, бұны тыңда”. Осы хикмет жолындағы “дертсіз адам” адамдық сезімнен жұрдай, өз ұлтының, қоғамының, Отанының алдында жауапсыз, мұңсыз, қара басының қамын күйттейтін жан. “Ашқсыз адам” – илаhи фитраттан, яғни Алла тарапынан адамға берілген құдайлық сыйдан мақрұм қалған, өзінің адамдық қадірін бағалай алмайтын, парасаттылыққа ұмтылмайтын, өзін қоршаған әлемге, адамға, табиғатқа, осының бәрін Жаратушы иеге мән бермейтін жан. Дертті адамның Қожа Ахмет Йассауи іліміндегі алатын орны ерекше. Ол хикметінде “Білімің – шырақ, халің – пілте, көз жасың – жағатын май” болсын дейді. Дертті, шерлі адам пілте болып жанып, ашқ отына түсіп, қоғамның кемшілік тұстары мен ақсаған руханиятын көріп, көз жасы, қайрат-жігерімен одан шығар жол, дауа іздейді. Шынайы ашққа осы дерт арқылы ұласады. Ал ашқ кемелдікке жетелейтін күш-қуат көзі. Қожа Ахмет Йассауи ілімінде адамның жаратылыс мақсаты – Хаққа құлшылық ету (ибадат), ол “Сізді, бізді Хақ жаратты ибадат үшін” – дейді. Бұл ибадат (убудийат) – Хақты тану жолындағы ең жоғарғы мақам. Құдайлық ашқты, Аллаға деген махаббатпен тұтастықта көретін Қожа Ахмет Йассауи дүниетанымы Алла жаратқан адам баласын кемсітпей, өзімен тең дәрежеде құрметтеуді парыз деп қарайды. “Сүннет екен кәпір де болса берме азар, Көңілі қатты ділазардан Құдай бизар” деген хикмет адамның тегі мен түсіне, діні мен діліне қарамастан оған құрмет көрсету, адам ретінде ардақтауды пайғамбарлық сүннет (жүйе, заң, қағида) ретінде танытады. Өйткені Қожа Ахмет Йассауи ілімі – дін, мазһаб аясына сыймайтын шексіз ашқ (махаббат) жолы. Қожа Ахмет Йассауи дүниетанымында “дертті адам”, “топырақ адам”, “кемел адам”, сондай-ақ, “ғарип адам” тұлғалары да дәріптеледі.
      Ғарип адамды кемелдік мәртебесіне жеткізіп, пайғамбардың қоғамдағы өкілі, ізбасары ретінде бағалайды (қ. Сопылық). Қожа Ахмет Йассауи өзін де ғарип ретінде көрсетеді: “Ғариппін ешкімім жоқ, бейшарамын hәм пақыр, Сенен басқа кімім бар, рақым ет Сен (Алла) таң сәріде” – деп рақымды тек Алладан ғана күтеді. Өйткені оны Алладан басқа шын ұғатын, қолдайтын ешкім жоқ. Оны ғарип қылып, жалғыздыққа итермелейтін күш оның дүниеге деген көзқарасы, илаhи ашқ – Хақ жолына деген ұмтылысы мен махаббаты. Ғариптік – адамның өз-өзімен іштей күресіп, санасын сансыратқан мәселелердің шешімін табу жолында рухымен тілдесу, өз әлімен ғана ләззат алу сияқты көңіл-күйді білдіретін психологиялық хал. Сондықтан да Қожа Ахмет Йассауи “Қай жерде ғарип көрсең һем дем болғыл” дейді. Яғни оларға дем бер, қолдау көрсет, қасынан табыл, құрметте дегені еді. Қожа Ахмет Йассауи дүниетанымында өмір мен өлім мәселесінің мәні өзгеше. Ғазали “өлімнің ақиқатын түсіну үшін, өмірдің мәніне жету керек, ал рухты білмей тұрып, өмірді тани алмайсың” дейді. Оның ілімінде нәпсі – жамандықтың, рух – жақсылықтың қайнар көзі болып табылады. Жақсылық пен жамандық секілді нәпсі мен рухтың да қатар өмір сүруі мүмкін емес. Рухтың өмір сүруі үшін нәпсінің өлуі шарт. Өйткені өмірдің мәні рухтың тазалығында, яғни көңіл айнасының сафтығында жатыр. Рух тазалығын мақсат тұту “ашқ” мәртебесіне ұласып, Хақ дидарын көру болып табылады. “Муту қабла ан тамуту-топырақ болмақ; Ашқтар өлмес бұрын өледі екен...” “Құл Қожа Ахмет, нәпсіні тептім, нәпсіні тептім, Өлмес бұрын жан берудің дертін шектім, Дидар тілеп тәрк етсем масиуаны; Өлмес бұрын болмысыңды айла фани...” Бұлар – “өлмес бұрын өлу” философиясына тән хикметтер. Қожа Ахмет Йассауи мұнда масиуаны (Хақтан басқа барлық дүниені) тәрк ету арқылы шынайы өмір мәнін ұғынуға шақырады. Оның көзқарасы бойынша, “шынайы өмір” деп, рухтың нәпсіден арылып, илаhи нұрлармен шайылуын айтады. Бұл ілім негізінде адамдарды “өлілер” және “тірілер” деп қарауға болады. Бұл жердегі “өлі” және “тірі” ұғымы рухқа байланысты. “Өлілер” – дүниеде нәпсінің құлы болып өткендер, олар тірі болса да өлікпен тең. “Тірілер” – нәпсілерін жою арқылы рухтарына “өмір” сыйлағандар, олар өлсе де мәңгілік өмірмен қауышқандар, бақи мәртебесіне жеткендер. Қожа Ахмет Йассауи дүниетанымында физикалық өлім жоқ. Ол жай ғана рухтың тәннен айырылып, басқа бір халге ауысуы. Аллаға құлшылықтың ең жоғарғы халі – еркіндік. Рухани өмір ішкі рухқа қатысты болғандықтан,Қожа Ахмет Йассауи іліміндегі еркіндік мәселесі де адамның “ішкі еркіндігі” шеңберінде қарастырылады. Ішкі еркіндікті ислам ахлағында “моральдық еркіндік” дейді. Яғни, Хаққа толық құл болған адам ғана толық еркін, азат. Демек, Алладан басқа барлық нәрседен тазару шынайы еркіндікке ұласады. Сопы Хақ алдында құл, халық алдында азат, еркін. Рухани өлімнің нәтижесінде нәпсі үстемдік құрып, адамды өзіне құл етеді. Адам өзінің жаратылысын, табиғатын жатсына бастайды. Нәтижесінде рух еркіндіктен айырылады. Қожа Ахмет Йассауи әдісі бойынша, рухты еркіндікке қауыштырудың жолы – зухд Қожа Ахмет Йассауи ілімінде ішкі еркіндікке жетудің дәрежелері мен басқыштары айтылады. Бұлар сопылық дүниетанымдағы “халдер” мен “мақамат” категорияларының рет-ретімен жалғасуы арқылы жүзеге асады. Ішкі еркіндік жайындағы мәліметтің негізі – дін. Ал дін адамзатқа “ішкі құлдықтан” құтылу және “ішкі еркіндікке” жетудің жолын көрсететін Алла тарапынан берілген илаhи жолдағы Қожа Ахмет Йассауи ілімі бойынша, “өлілер” мен “тірілер” ұғымына сәйкес, еркіндік мәселесінде де адамдарды екі топқа бөліп қарауға болады. Бірінші топ – “еркіндікті аңсаушылар”. Бұлар тек қана Хаққа табынып, құлшылық етеді. Екінші топ – “еркіндіктен қорқатындар”. Бұлар – нәпсі, мансап, байлық, атақ, дүние, адамға, т.б. табынып, құлдық ұрады. Хикметтің басы – Алланы бар және бір деп білу.
      Қожа Ахмет Йассауи адам баласы осы шындықтан бейхабар қалғанда өзінің негізінен алыстай бастайтындығын айтады. Осы ақиқатты адам баласына ескертіп, тікелей еске салып отыратын таным көзі – Құран деп біледі. Сонымен қатар, Алланы танудың негізгі сыры адамның өзінде екендігін айтады. Адам – микрокосмос болса, рух, бүкіл әлем, болмыс – макрокосмос, Алланың аяттары, яғни белгілері. Адам – рух әлемінде Алламен болған сұхбат-антты бұзбай “Зікір” арқылы үнемі есте сақтаушы. Қожа Ахмет Йассауи іліміндегі зікір, уажд (экстаз), сама сияқты әдістер Алламен болған сертті ұмытпау үшін қолданылған. Адамның арабша “инсан”, яғни “ұмытшақ” екендігін ескергенде, Құранның бір аты болып табылатын зікір (еске алу) адамдық болмысты толықтырып, кемелдендіріп отыратын әдіс екендігі белгілі. Осы тұста “қалу бәла” серті (“...мен сендердің Жаратушың емес пе едім” деген Тәңірінің сұрағына рухтардың “Ия, әлбетте” деген жауап-серті) мен рух әлеміндегі онтол. және туыстық бірліктің адамзат арасында осы кезге жалғасып, сақталуына деген ұмтылыстың, тілектің жатқандығын байқау қиын емес. Жалпы сопылық дүниетанымға тән бұл теориялы-тұжырымдамалық ұстанымды Қожа Ахмет Йассауи түркілік дүниетаным негізінде жаңғыртты. Ислам тарихында дінді ұғынудың, қабылдаудың ерекше түрі ретінде пайда болған “сопылық ағым” ресми діндегі (қалам мен фикһ) қасаңдыққа қарсы бағыт ретінде бой көрсетті. Сол секілді Қожа Ахмет Йассауи ілімі де түркілік дүниетанымның негізгі категориясы болып табылатын әмбебаптыққа сай дамыды. Тәңірді жазалаушы, қорқыныш иесі ретінде ғана емес, Тәңірді сүю және оның үкімдерін құрметтеу арқылы Аллаға махаббатпен қауышу-ұласу әдістерін қалыптастырды. Өйткені сопылық дүниетанымда Алла – ғашық (сүюші), мағшуқ (сүйілуші) әрі ғашықтықтың өзі болғандықтан да, ғашықтық болмыс жаратылысының ең негізгі мұраты. Бұл адам бойында махаббат, жауапкершілік сезімді, иман, т.б. асыл құндылықтарды қалыптастырады. Адам хикмет арқылы, оның нәтижелі жемістерінің негізінде ғана мәнді, мағыналы өмір, “адамша тіршілік ету өнерін” меңгере алады (қазіргі “Диуани хикмет”). Қожа Ахмет Йассауи ілімінің танымдық тірегін құрайтын адамгершілік қағидалардың өзегі – ахлақ (мораль). Ахлақ – хикметтің нәтижесінде қалыптасқан рухани құндылықтар жиыны. Адам ахлақ арқылы адамдық болмысқа, мәнге ие болады. Яғни, адам ахлақтық-рухани құндылықтарды бойына сіңіргенде ғана “шындыққа”, “жан тыныштығына” қауышады. Қожа Ахмет Йассауи ілімінде “жан тыныштығы”, “шындыққа жету” адамгершілік қасиет пен сипатқа ұласу арқылы тариқатта жүзеге асады. Аллаға қауышудың жолы қоғамға, адамға қызмет ету – тікелей ахлақтық кемелдену арқылы өтеді. Нәтижесінде рухани тазалыққа, өзін өзі меңгеруге қолы жетіп, “Кемел адам” тұрпаты қалыптасады. Көшпелі түркі қауымын имандылыққа шақыру арқылы Қожа Ахмет Йассауи ілімі барша түркі халықтары мәдениетіне үлкен өзгеріс енгізді. Дәстүрлі түркілік дүниетанымның негізі сыршылдық (мистика) дін екендігін ескерсек, сопылық танымның түркі мұсылмандығының ең маңызды ерекшелігін қалыптастырудағы себептерін ұғыну қиын емес. Бұл құбылыстың табиғилығын дін феноменол-сы тұрғысынан қарасақ, діндердің таралуындағы ескі ұстындардың толығымен жойылмайтынын, жаңалары сол құндылықтар, түсінік, ұғымдар негізінде өз орнын табатынын көруге болады. Көбінесе діндерде ескі ұстындар мистикалық институттармен тұтасып, “халық діндарлығы” түрінде тіршілігін жалғастырады. Бұл құбылыстың көрінісін Қожа Ахмет Йассауи дың сопылық-моральдық ілімінен көруге болады. Оның “құрма” символизмі арқылы Мұхаммед (ғ.с.) пайғамбарға байлануы, осы құбылысқа Арыстан бабтың “себеп” болуы, өмірін пайғамбар өміріне ұқсатуға тырысуы, пайғамбарға ұқсаудың ишараты ретінде ұлының атын Ибраһим қоюы, пайғамбар жасына келгенде тірідей “жерасты мешітіне”, яғни қылуетке түсуі, осының бәрі оның іліміндегі көшпелі түркілерге исламды таратудағы маңызды әдістемелік, құбылыстық ерекшелік әрі жаңалық болып табылады. [3]
      Жергілікті халықтың салт-санасы мен сенім-нанымына, әдет-ғұрпына қайшы келмейтін діни-мистикалық мектептің негізін қалаған Қожа Ахмет Йассауи шығармашылығы сопылық ағымның түркілік дәстүріне даңғыл жол салды. “Ислам дінін тек араб тілі арқылы ғана тануға болады” деген түсінікті теріске шығарып, сопылық әдебиет ұстанымдарын көне түркі әдеби тіл – шағатай тілінде сөйлетті. Қасиетті кітаптың арабша мағынасын толықтай түсіндіру, шариаттың қыр-сырын, дін қағидаларын қалың қауымға өз тілдерінде тереңнен таныту мақсатында хикметтерін жергілікті халыққа жақын айшықты поэзия тілімен жазды. Қожа Ахмет Йассауи түркі тілінде жатық әрі бейнелі жыр жазудың үлгісін жасап, түркі тілдерінің көркем шығармалар тудыру мүмкіндігінің мол екендігін дәлелдеді. Оның жазба әдебиет үлгісіндегі шығармалары түркі топырағында ертеден қалыптасқан суырыпсалмалық дәстүрдегі әдебиетке жаңа серпін, тың мазмұн алып келумен қатар, оны түр жағынан көркейтіп, кемелдендіре түсті. Сөйтіп, бұрыннан дидактикалық сипаты басым түркі әдебиеті насихаттық ой тұжырымдармен толыға түсті. Ол фольклор мен жазба әдебиеттің өзара жақындасуының, толысып, көркеюінің дәнекері бола отырып, Шығармашылық әдебиетінде ертеден қалыптасқан, Құран Кәрімде баяндалатын тарихи аңыздар мен пайғамбарлар, әулие-әнбиелер жөніндегі әпсаналарды хикметтерінде ұтымды пайдаланды. Қожа Ахмет Йассауи шығармашылығы түркі-мұсылман әлеміне кеңінен танылып, Йассауи ше хикмет жазу дәстүрге айналды. Кіші Азияда Қажы Бекташ, Жүніс Әмре, Сүлеймен Бақырғани хикметтерінен Қожа Ахмет Йассауи сарыны байқалды. 12 ғасырдан бері түркі халқының дүниетанымына елеулі ықпал еткен Қожа Ахмет Йассауи сарыны Асан Қайғыдан Абайға, сондай-ақ, күні бүгінге дейінгі қазақ ақындары шығармаларында көрініс тапқан
      Маған ұнайды:
      07.03.2013, 20:47
      Предыдущие 6 комментариев
    • НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ

      1940 жылғы 6 шілдеде Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Шамалған ауылында дүниеге келген. 1967 жылы Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы жоғары техникалық оқу орнын бiтiрдi.
      Экономика ғылымдарының докторы. Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының, Халықаралық инженерлік академияның, Ресей Федерациясы әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің құрметті профессоры. Беларусь ғылым академиясының құрметті мүшесі. М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің құрметті профессоры.
      1960-1969 жылдары Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істеді.
      1969-1973 жылдары Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия-комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды.
      1973-1977 жылдары – Қарағанды металлургия комбинатының партком хатшысы.
      1977-1979 жылдары – Қарағанды облыстық партия комитетiнiң хатшысы, 2-хатшысы.
      1979-1984 жылдары – Қазақстан КП Орталық Комитетінің хатшысы.
      1984-1989 жылдары – Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң төрағасы.
      1989-1991 жылдары – Қазақстан КП ОК бiрiншi хатшысы, 1990 жылғы ақпан-сәуір аралығында Қазақ КСР Жоғары Кеңесiнiң төрағасы.
      1990 жылдың сәуірінен – Қазақстан Республикасының Президенті.
      1991 жылдың 1 желтоқсанында тұңғыш рет Қазақстан Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтті. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басым дауыспен (98,7 процент) жеңіске жетті.
      1995 жылдың 29 сәуірінде жалпыхалықтық референдум нәтижесінде Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өкілеттігі 2000 жылға дейін ұзартылды.
      1999 жылдың 10 қаңтарында өткен баламалы сайлаудың нәтижесiнде Н. Назарбаев 79,78 процент дауыс алып, Қазақстан Республикасы Президентi болып қайта сайланды.
      2005 жылдың 4 желтоқсанында сайлаушылардың 91,5 процент дауысын алып, Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды.
      2010 жылдың 14 маусымында «Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының қызметін қамтамасыз ету саласында заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 298-ІV Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы күшіне енді.
      2011 жылдың 3 сәуірінде сайлаушылардың 95,5 процент дауысын алып, Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды.
      Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы.
      Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы.
      "Нұр Отан" халықтық-демократиялық партиясының төрағасы.
      Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы.
      Зайыбы – Сара Алпысқызы Назарбаева, 1992 жылдың ақпан айынан бері - Халықаралық «Бөбек» балалар қайырымдылық қорының негізін салушы және президенті. 1994 жылдың шілде айынан С.Назарбаева - "SOS - Қазақстанның балалар қалашықтары" қорының президенті.
      Президенттің үш қызы бар.
      Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаева (1963 ж.т.), үлкен қызы. Екі ұл, бір қызы бар. Саяси ғылымдар докторы. 5-ші шақырылған Парламент Мәжілісінің депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі комитеттің төрайымы.
      Құлыбаева Динара Нұрсұлтанқызы (1967 ж.т.), ортаншы қызы. Бір ұл, екі қыз тәрбиелеп отыр. 2004 жылдан бері - Қазақстан-Британ техникалық университеті директорлар кеңесінің төрайымы.
      Назарбаева Әлия Нұрсұлтанқызы (1980 ж.т.), кіші қызы. Екі қыз тәрбиелеп отыр. «Элитстрой» құрылыс компаниясының басшысы.


      Маған ұнайды:
      02.03.2013, 12:19
      Предыдущие 6 комментариев
    Предыдущие записи