Жас қаламгер

жас ұлан алға!!!

ҚАТЫСУШЫЛАР

87 адам

    ӘКІМШІЛЕР

    1 адам

    • Администратор

    ҚҰЖАТТАР

    0 құжат

    • 0
      Еркин Нуржанов-Шетелге сатылган казак баласы [www.kazhit.com]
    • 0
      абай 24 кара соз
    • 0
      абай31 кара соз
    • 0
      абай 19 кара соз
    • 0
      шаханов1
    • 0
      кешiр,тiрi олiктi,ра
    • 0
      шаханов5
    • 0
      умыту мумkiн емес
    • 0
      Еркек
    • 0
      Бiрге болу - арманым
    • 0
      Адалдык пен арамдык.
    • 0
      Кешiр
    • 0
      Дос
    • 0
      Кеширдим!
    • 0
      Kuter kane basnd
    • 0
      Бiр тойым
    • 0
      makataev
    • 0
      ~Q2FG000
    • 0
      шаханов3
    • 0
      шаханов6
    • СТЕНА СООБЩЕСТВА

    • 101 жазба
    • шолпан мұқан
      Мен өмірді ұғындым.
      Асыл анам ,
      Мол мейірден жаралған ,
      Нұр жүзіңнен күн сəулесі таралған.
      Арман тұнған жетелейін жырыммен ,
      Мынау ғұмыр адастырар қара орман.

      Өзіңменен бекем əркез қамалым ,
      Бас имеске бар ма менің амалын .
      Ең алғашқы қадамымның куәсі ,
      Өзің барда жоқ адасар қамалым.

      Бүгін , міне ,
      Қуаныштан табыс нұр ,
      Сен болмасаң бірі де бос
      Қараң бұл.
      Сенің сыйлы жүрегіңнен нəр алған
      Кəусəр бұлақ ,
      Ағып жатқан жағам жыр.

      Анашым ,
      Мен сенің қызыл гүліңмін ,
      Шырқалатын көңілінде жырыңмын .
      Сен көлімсің ,
      Шөлдегенде сусындар ,
      Мен өмірді мен арқылы ұғындым.
      Маған ұнайды:
      07.07.2016, 20:52
      Предыдущие 6 комментариев
    • шолпан мұқан
      Аманат дала
      Бір - бірінен қалып - оқып жылдар өтті ғасырлар ,
      Бірін - бірі шалып озып қанша өтті пенделер.
      Кеудесінен танк өтіп
      жарқылдады жасындар
      Далам жатыр маңғазданып
      жоқ - тын оған тең келер.

      Тарихымның қатар беті
      Тек өзіңе жазылды .
      Шежіреме құяры бар мүлгіп жатқан тасының .
      Сен бергенсің қазағыма
      еркіндікті , жалынды
      Сенде өскен жусанменен ойнайды бар асылым.

      Тауым асқақ.
      Далам одан ешбір төмен емес - ті
      Қазақ үшін ол тым бөлек , түкпірінде сананың.
      Қан ағылып бұлақтайын ,
      Өткізіп сан белесті
      Қалдырылған қасиетті аманаты бабаның

      Көргің келсе шежіремнің ақиқатын , мөлдірін .
      Сырласыңдай сырласады .
      Тек сен барып сұрашы ,
      Айтады ол бабалардың , аналардың өрлігін
      Дархандықтың , даналықтың тағы да бір мұрасы.

      Бірі озып ,
      Бірі қалып өтіп жатыр жылдарым
      Қаламынан ақындардың қосылады жыр баққа
      Төтеп беріп уақыттың антқа салып сындарын
      Аманат боп қала беред (і ) , маңғазданып ұрпаққа!
      Маған ұнайды:
      07.07.2016, 11:40
      Предыдущие 6 комментариев
    • шолпан мұқан
      Ұланымыз ұлы елдің.
      Үйге келдім
      асығып мен бір күні.
      Жанған оттай жалындаған едім мен.
      Болған үшін мен оқушы үлгілі ,
      "Жас ұланға " қабылдады дедім мен.

      Анамайтты
      маған қарап қалжыңдап
      Бала кезін еске алғандай жалт еткен.
      "Пионер" боп жүруші едік адымдап
      Сол бір кезде бақытты едім мен неткен.

      Осыны айтып
      əрі жалғад(ы) өз ісін ,
      Ал мен болсам тұрып қалдым орнымда
      Əңгімеміз əрі қарай өрбісін
      Деп ойлап мен жауап бердім тұрдым да.

      Пионер боп
      сіздер жүрдің кезінде
      Бұл да тарих.
      Жасына алман оны мен .
      Қуанышты болған шығар сезім де ,
      Патриот та болған шығар ...
      Сонымен :
      Пионер боп басқа елдің құлы едің
      Бұлт сейіліп орнады енді азат күн.
      Біз "Жас ұлан" ұланымыз ұлы елдің
      Ұланымыз
      Азат елдің
      Қазақтың!
      Маған ұнайды:
      07.07.2016, 11:17
      Предыдущие 6 комментариев
    • Aida Zharasova
      Алтын ұя-мектебім
      Мектеп менің екінші үйім.Менің күнделікті жарты күнім сонда өтеді.Біздер-сыныптагы оқушылар бір үйдің балаларындай бір-бірімізге бауыр басып қалдық.Ондағы ұстаздарымыз бізді білім нәрімен сусындатып қана қоймай,тағылымы мол,мықты тәрбие де береді.Мен болашақта қалаған мамандығының,білімді маманы боламын деген арманым бар.
      Мектебім ыстық мекенім,
      Өзіңде қыстап өтемін.
      Өзіңнен алған біліммен,
      Биікке самғап өсемін.
      Мектебім үйім мекенім,
      Сендегі бармен көктедім.
      Көктеген жасыл ағаштай,
      Өзіңнен бір кез түлеймін.
      Маған ұнайды:
      27.11.2014, 18:18
      Предыдущие 6 комментариев
    • Aida Zharasova
      Алтын ұя-мектебім
      Мектеп менің екінші үйім.Менің күнделікті жарты күнім сонда өтеді.Біздер-сыныптагы оқушылар бір үйдің балаларындай бір-бірімізге бауыр басып қалдық.Ондағы ұстаздарымыз бізді білім нәрімен сусындатып қана қоймай,тағылымы мол,мықты тәрбие де береді.Мен болашақта қалаған мамандығының,білімді маманы боламын деген арманым бар.
      Мектебім ыстық мекенім,
      Өзіңде қыстап өтемін.
      Өзіңнен алған біліммен,
      Биікке самғап өсемін.
      Мектебім үйім мекенім,
      Сендегі бармен көктедім.
      Көктеген жасыл ағаштай,
      Өзіңнен бір кез түлеймін.
      Маған ұнайды:
      27.11.2014, 18:16
      Предыдущие 6 комментариев
    • Айсулу Жеткерген
      Ананы аңсау
      Ана.Сарқылмас бақыт,мойымас жігер, тулап соққан жүрек.Мен ананың болмысын осылай сипаттаймын.Ана-дүниедегі баға жетпес қазына.Ананың әлдиінен,ананың махаббатынан асқан бақыт бар ма сірә?Ана бір қолымен бесікті тербетсе,бір қолымен әлемді тербеткен.Әрбір перзент атаулыға ананың махаббаты шексіз бақытпен тең.Ал,өз перзентінің биік белесті бағындырып,жақсы азамат болуы-ананың басты арманы.
      Ана деген сөзді естіген де дір етпейтін кеуде бар ма,туламайтын жүрек бар ма?Ана сөзі бүкіл тіршілікті аяғынан тік тұрғызары хақ..Сол секілді де қазір менің кеудем де бір толқып,бір тулап отыр.Менің де анам көз алдымда.Қалай ұмытам?!
      Анам мені өмірге әкеліп,сонан соң,бір айға жетер-жетпес уақытта көз жұмыпты.Мені көтеріп жүрген де бір дертке ұшыраса керекті.Үйдегілер өзіңді ойла,баланы алдыртып таста деп қаншама рет айтыпты,бірақ ол мені қимапты,бауыр етін тастағысы келмепті....
      Менің мына әлемді көріп,биік белестерді бағындырғанымды қалапты.Осылай 7айлық сәтімде өмірге келіппін.Бәрі де құдды көз алдымнан өткендей жағдай іспеттес.3күн аш құрсақ,перзентханада жатқан бұл баланың адам болып кетерін кім білген?Бәрі айтады: «сені адам болар деп ойламап едік»,-дейді.Иә,рас мұндай да ғажайып болғаны да.Алланың маған берген сыйы болар бәлкім? Анам қайтыс болғаннан соң,нағашыларым өздері мені Алматыға алып кетіпті.Сол жақта анамның сіңілсі 6-айлығыма дейін мені бағыпты.Сонан соң ата-әжем 6-жасыма дейін жеткізіпті.Кейін осы Қожабақы ауылына келіп,осында алғаш мектеп табалдырығын аттадым.Шынымды айтсам қазір сол кездерді есіме алсам,жылап алам.Сонда бұл жан анасының жанында жоқ екенін сезінбеген бе,анасын сағынбаған ба деген ой келеді .Рас,мен неге анамды сағынбаған екем,әлде оның сағынғанмен де келмейтінін білдім бе екен?
      Иә,мұның бәрі менің басымнан өткен жағдайлар.Мен бұны жай ғана жазып отырғаным доқ,немесе өзге жыласын деп жазыпта отырғаным жоқ.Менің осы сырымнан өзгелер сабақ алып,аналарын сыйлап,қадірлесін деген ой ғана.Мұны жазу маған да қиын.Мұндай жағдайды ешкімнің басына бермесін.Өз анасына арнап кім өлең жазбайды?Мен де нағыз ақындардай жазбасам да,өз жүрегімнен шыққан кішкене жүрекжарды өлеңімді анама арнаймын!
      Бала екем,есімді жиып оянсам,
      Отбасым бар жан-жағыма қарасам.
      Бір адам жоқ деп отбасы қасымен,
      Әрі-бері ой ойлаумен таласам!

      Иә,расымен анам қайда ағайын,
      Жіберіңдер іздеп ,тауып барайын,
      Бар бөлмені қарап шықтым сенбеймін,:
      Мені тастап,кетті ме деп ойлаймын.

      Жоқ қыдырып кеткен де көрші үйіне,
      Көңілім тұр,жай таппайды,күйіне.
      Жүрегім де ауырлық бар қайтейін,
      Қашан ана ораласың үйіңе?

      Тастады ма өзін ажал отына,
      Сарығып күттім,келер деп үнсіз отыра.
      Артым да сәби құлыным қалды екен деп,
      Бір бұрылып қарады ма артына?

      Ләззат алар бала ана үнімен,
      Өзіңді күттім,сансыз түндер,күнімен.
      Неге бізді тастап кеттің айтшы ана?
      Сол үшін де өмір бойы түңілем.

      Мені өсірді әжем,атам,бәрі де,
      Ана өзің көпшіліктің сәні де.
      Рахметім мол,бірақ,әттең,қайтейін?
      Ана орны сезіледі әлі де!

      Бала жүрек соғады әркез,ана деп,
      Болған да өзің,бір иіскеп қалар ек.
      Есіңде болсын,анашым әркез есің де,
      Кішкене жүрек соғады ан өзің деп!

      Сырымды менің қайсібірі ұғады,
      Шалынар бәлкім,періштемнің құлағы.
      Ана-бақыт,нұр себеді жаныңа,
      Ана-мәңгі өмірімнің шырағы.

      Суынған жүрек,суынған шығар не шара?
      Қарай ма өмір, күлкіге де жасқа да,
      Мейлі әкем,ағам,атам,бәріде,
      Ана орнын баса алмайды басқа да!

      Бос уақытта қолыма қалам аламын,
      Желдей зулап,жебеп жүргей самалың!
      Есіме бірден сен түскен де анашым,
      Ұшқырлықпен қимылдайды қаламым!

      Күнгдер зулап,түндер өтер,қауышып,
      Бір қуаныш,табысармыз, қауышыпр,
      Жарық дүние сепкен болса жарығын,
      Төтеп берем,жат жандармен алысып.

      Суретіңе қарап еске аламын,
      Бұдан бөлек барма менің амалым,
      Мен көргенді көрмесе екенн,басқалар,
      Ендігі менің осы болмақ арманым!
      Маған ұнайды:
      29.05.2014, 9:06
      Предыдущие 6 комментариев
    • Айсулу Жеткерген
      Жүрек сыры
      Қиындық бар,сан қатер де,сан уайым,
      Кездеседі дүниенің қарасы мен ағында.
      Мұқағали өлмек емес ағайын,
      Артында зор поэзиясы барында.

      Жалған үміт жетегінде кетеміз,
      Қарамай алға,ойға да кәміл келмей-ақ,
      Бос үмітпен бір белеске жетеміз,
      Көр соқыр боп,шындықты да көре алмай.

      Рас,менде бар бір арман,
      Сол арманым заңғарадай,алыптармен сыналған.
      Айналайын қазағымның әдеті мен салтынан,
      Мұқағали деп,тулап шыққан жалындаған жырынан.



      Күмбірлетіп жыр жазамын,мен бүгін!
      Атқан таңым ашып ерте түндігін,
      Қуат алар жастарға мен үлгімін.
      Үлгімін рас,оған және себебім,
      Күмбірлетіп,жыр жазамын мен бүгін.

      Серік етіп парақпенен қаламды,
      Жаңартайын,мына әлемді ғаламды.
      Жасампаз емес,өнерпаз болам адамдар,
      Өнерпаз болам,қымбат қойып бар арды.

      Қаламгерім де бар өзіме жақын бұрыннан,
      Өлеңдерін оқыған сәтте-ақ ұғынам.
      Мұқағали-мұзбалақ ақын талантты,
      Өнеге алып келемін назды жырыңнан.

      Болсам деймін өзіңдей менде ақын,
      Жырларыңдай жалындап әркез тұратын.
      Арманыма ұшқын берген жырың ғой,
      Жырың ғой,сенің жанымды менің ұғатын.

      Арманым осы өзіме серт бергенмін,
      Орындалсыншы,арманыма мен сенемін.
      Бухгелтер болып,немесе кәсіпкер емес,
      Мен өмірді жырлау үшін келгенмін!
      Маған ұнайды:
      29.05.2014, 9:05
      Предыдущие 6 комментариев
    • Арал Арал
      Мен қазақтың баласы!

      Алты әлемге ардақты,
      Жайпап, жойған Қалмақты,
      Қайсар әлі салмақты,
      Мен қазақтың баласы!

      Абылайдай айбатты,
      Қобыландай қайратты,
      Тік көтерген байрақты,
      Мен қазақтың баласы!

      Қожа Ахметтей көрнекті,
      Текеметтей өрнекті,
      Артық сүйгенен,
      Мен қазақтың баласы!

      Нұр ағамдай басшысы,
      Фариза апам жаршысы,
      Мұхтар ағам жыршысы,
      Мен қазақтың баласы!

      Абай сынды ақыны,
      Түркі халқы жақыны,
      Атта бекем тақымы,
      Мен қазақтың баласы!

      Көкте ұшқан жыр – әні,
      Нұрға толған қырманы,
      Оюланған сырмағы,
      Мен қазақтың баласы!

      Білімсізді езгілер,
      Қорқарларды бездірер,
      Батылдығын сездірер,
      Мен қазақтың баласы!

      Аса ардақты данасы,
      Байтақ, жазық даласы,
      Аяулы, әсем анасы,
      Мен қазақтың баласы!
      Маған ұнайды:
      16.12.2013, 0:55
      Предыдущие 6 комментариев
    • Арал Арал
      Қымбат маған...

      Қымбат маған Алаш жұртым, қазағым,
      Бастан кешкен сан тарихтың азабын.
      Қымбат маған отты, рухты ерлерім,
      Көрген талай құзғындардың мазағын.

      Қымбат маған нұрын төгер ақ таңым,
      Бөленетін сол бір нұрға бақтарым.
      Қымбат маған туып –өскен ауылым,
      Ауылымда өткен балғын шақтарым.

      Қымбат маған дара шапқан тұлғалар,
      Тұлғаларым өзен бойлар жылғалар.
      Қымбат маған кең пейілі қазақтың,
      Өзгені ойлап өз асынан құр қалар.

      Қымбат маған Тәуелсіздік, айбыным,
      Ол болмаса атпай тұғын ай – күнім.
      Қымбат маған салт – дәстүрім, өнеге,
      Салт -дәстүрім сарқылмайтын байлығым.

      Қымбат маған ұлықтаған ұлылар,
      Ұлылардан үлгі – өнеге құрылар.
      Қымбат маған асқар тауым, шыңдарым,
      Бел жағалап, бұлттар сонда тығылар.

      Қымбат маған өзен, көлім, су, тасы,
      Су жағалап жайылатын ботасы.
      Қымбат маған кең жазира ен далам,
      Ен даламның жасыл кілем, жотасы.

      Қымбат маған өз отбасым, тірегім,
      Ал тірегім, кеудемдегі жүрегім.
      “Аман болғай маған қымбат даралар”,
      Қымбат әр бір ақ таңымда тілерім.
      Маған ұнайды:
      16.12.2013, 0:53
      Предыдущие 6 комментариев
    • Акмоншак Төлеген
      Қазақстан ұлан байтақ,бай далам,
      Мақсатыңа жеттің бүгін ойлаған.
      Көгімде де,жерімде де,елімде,
      Тәуелсіздік көк байрағы жайнаған!

      Туған жер гүл оранған Қазақстан,
      Көз тігемін болашаққа мен алыстан.
      Қиялдасам не салмайды ой маған,
      Кейде айнымай қаламын мен жас барыстан.

      Еркіндік көк байрағы шалқығанда,
      Көгімде ак көгершін қалқығанда .
      Келешегі елімнің мен боламын,
      Ілгері апаратын халқымды да.
      Тәуелсіздік мерекесі баршаңызға құтты болсын!!!
      Маған ұнайды:
      15.12.2013, 22:11
      Предыдущие 6 комментариев
    • Indira Indira
      ӘКЕГЕ ӨСИЕТ.
      Өмір бізге талай сынақ жол берген,
      Өмір бізге қиындық пен бақ берген.
      Қиындықпен күрескенде мойынбай,
      Алға самға бақыт құсы қырандай.

      Алла өзі сүйген құлын сыңар көп,
      Сыңақ деген сүрінбеу құлап тұрып.
      Алға ұмтыл әрдайым мойынсынба,
      Өмір деген ғажаптың ғажабы екен.

      Қыздарыңыз жеткізер биік шыңға,
      Әке арманын орындар осы жолда.
      Әке арманы қыздарының ержетіп,
      Биік асу шыңдарға самғағаны.

      Мұңаймаңыз әкетай енди міне,
      Қыздарыңыз бой жетті күлімдеңіз.
      Отбасында шаттық боп әрқашанда,
      Қыздарыңыз самғайды биік шыңға.
      Маған ұнайды:
      27.11.2013, 13:12
      Предыдущие 6 комментариев
    • Indira Indira
      Туған тілім.
      Туған тілім, ана тілім – қазақ тілім,
      Қазақ тілім кең байтақ дала тілім.
      Мәртебесін асқақтатып биік шың,
      Көтерейік ұжым боп қазақ тілін.

      Тілім менің ар намысым қорғаған,
      Тілімменен шаттанамын мақтана.
      Қазақ тілім, ел тілім, дана тілім,
      Мұхтар ақын жырлаған қазақ тілім.

      Мұхтар ақын жүрегіммен жырлаған,
      Қазақ тілін көтеруге талпынған.
      Ел ағалар көңіл бөліп ақын сөзіне,
      Қазақ тілін қолдай білсін әрқашан.
      Маған ұнайды:
      27.11.2013, 13:11
      Предыдущие 6 комментариев
    • Шалқар Ұзақ
      Туған жерім

      Туған жерім тарихымның дастаны,
      Алатауым арманымның асқары.
      Туған жерім соғып тұрса жүректе
      Мен қалайша сүйе аламын басқаны.

      Туған жерім - ой-санамның тірегі,
      Өлмейді ол мәңгі-бақи жүреді.
      Атамекен деп соғады білемін,
      Бар әлемде барша қазақ жүрегі.

      Ауылымның мәңгі өшпейді кескіні,
      Сай-саласы, тас бұлағы, хош гүлі.
      Туған жерді жырламаған ақынның
      Ақын емес, ақын емес ешбірі.

      Мен туған жер Алатаудың етегі,
      Қанат керген қырандардың мекені.
      Гималайды менсінбеймін мен әсте
      Алатаудың күнге қолы жетеді.

      Туған жердің тарихымен бірігем,
      Жанымды да бере аламын ел үшін.
      «Өзге елдің жайнап тұрған гүлінен,
      Өз елімнің тікені артық» мен үшін.

      Ұзақ Шалқар
      Маған ұнайды:
      13.11.2013, 7:42
      Предыдущие 6 комментариев
    • Перваштар!! (кішкене әзілді де араластыра отырайық)
      Рубежканы тусінбейміз,
      Емтиханға балаймыз.
      Платонусқа кіріп алып,
      Баллымызды санаймыз.

      Ғашықпын деп келе салып,
      Сөз салуға шеберміз,
      Бишпакетті сумкіге сап,
      Самса ұрлап жегенбіз.

      Первашпыз деп барлығына,
      Қайрымдылық күтеміз,
      Сәл кешіксе ұстазымыз,
      Пардан қашып кетеміз.

      Қызығына ынтық болып,
      Бұл өмірді мақтаймыз.
      100дік баллды шеттен алып,
      Бар үмітті ақтаймыз.

      Студенттік өмірдің біз,
      Қызығына тоймаймыз.
      Үздік студент боламын деп,
      Перваш кезде ойлаймыз.

      Втараш болып келген кезде,
      Мұнымызға күлеміз.
      Перваш деген қастерлі ұғым,
      Қадірін біз білеміз.

      Уа перваштар бұл кезеңінің,
      Қасиетін біліңдер,
      Мұңаймаңдар, түңілмеңдер,
      Ойнап-күліп жүріңдер!!!
      Маған ұнайды:
      20.10.2013, 15:05
      Предыдущие 6 комментариев
    • Маржангүл Жақсылықова
      Ұстазым менің алғаш әріп танытқан,
      Мейірімен барлап, бойымды менің қанытқан.
      Алғашқы ұстаз - екінші ана, ол рас қой
      Менің ұстазым болады осы Мақаттан

      Өзі бір сондай керемет адам, тамаша
      Сөйлесіп тұрып, ән айтқың келер жаңаша
      Ән арнаған артық болмас ешқашан
      Осы бір өлең қуаныш егер сыйласа.

      Түсінеді, ойыңды ылғи оқиды
      Сонымен қатар басыңа білім тоқиды
      Бола қалса келеңсіз жағдай басыңда,
      Сол ұстазың сені алаңдап шошиды.

      Мерекелеріңіз құтты болсын ұстаздар
      Шәкірттеріңіз амандығыңызды тілейді!
      Маған ұнайды:
      15.10.2013, 21:25
      Предыдущие 6 комментариев
    • ДОСТАР! ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛДАРЫҢЫЗ ҚҰТТЫ БОЛСЫН! ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫ ЖАҒЫМДЫ ЖАҢАЛЫҚТАРМЕН КЕЛСІН! ЖАС ҚАЛАМГЕР ТОБЫНДА СІЗДЕРДІҢ КЕРЕМЕТ ЖЫРЛАРЫҢЫЗДЫ КҮТЕМІЗ!!!
      Маған ұнайды:
      29.09.2013, 15:43
      Предыдущие 6 комментариев
    • Табиғаттың тазалығы – кіршіксіз жүректен басталады

      «Табиғаттың тазалығы – кіршіксіз жүректен басталады» - я, Астана қалалық саябағында өткен «ЕХРО-2017» көрмесіне орайластырылған экологиялық акцияның атауы осылай болатын. Республикалық «Жас ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының ұйымдастыруымен өткен аталмыш шараға қала мектептерінің оқушылары, жас ұлан ұйымының белсенділерімен ұйым көшбасшылары қатысқан болатын. Акция барысында қатысушылар төрт топқа бөлініп, берілген тапсырмаларды орындауы міндетті болды. Берілген тапсырмалар соңында көңілді эстафета мен қызықты ойындарға ұласқан аталмыш шара жас ұландардың жүзіне күлкі үйрілтіп, зор қуаныш сыйлады. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, көңілдерінен нұр шашыраған әрбір жас ұландық шынайы шаттықтың кемеріне енген болатын. «Көшбасшы», «Қызыл өрік», «Алоха» мен «Бемз» сынды төрт топқа бөлінген білімпаз жастар түрлі сынақтарда өз білімдерін көрсетті. Дегенмен, жүзден жүйрік, мыңнан алғыр болып, ерекше білімпаздығымен дараланған «Алоха» тобы жүлделі І орынды еншілеген болатын. Өздерінің қызықты да тәтті қылықтарымен ерекшеленген «Қызыл өрік» тобы ІІ орын еншілесе, «Бемз» бен «Көшбасшы» топтары ІІІ орынды місе тұтты. Көңілді де қызықты ойындар мен қызу бидің шырайын шығарған ұландар ойындағы жеңістен гөрі көкіректеріндегі жылу мен рухтарының асқақтағандарын сезініп, одан асқан жеңіс болмасына бек сенімді болды. Жеңімпаздарға түрлі сыйлықтар мен арнайы дипломдар табысталды. Елордамызға деген ыстық ықыластары мен шексіз махаббатырын жасыра алмаған ұландардың жүздеріндегі күлкілері еш тыйылмады. Кіршіксіз жүректердің кір шалмас саналарында тазалықтың негізі сіңген әр ұлан - болашақта табиғатымыздың әр тасымен әрбір тамшы суының қадірін ұғып, олардың тазалығы жолында аянбай еңбек етеріне сенім білдіреміз. Себебі, табиғаттың тазалығы – кіршіксіз жүректен басталады.

      Аманжолов Бекарыстан
      Маған ұнайды:
      08.07.2013, 15:21
      Предыдущие 6 комментариев
    • Құрметті достар! тоқтап қалмайық, сайт жұмысын жандандырайық, сіздердің пікірлеріңіз аса маңызды!
      Маған ұнайды:
      10.06.2013, 19:21
      Предыдущие 6 комментариев
    • Нұрай Қалимерденова
      Туған тілім-бабам тілі-өз тілім,
      Туған тілім-анам тілі-өз тілім.
      Туған тілім-далам тілі-өз тілім,
      Туған тілім-адам тілі-өз тілім.
      Туған тілде сыры терең жаным бар,
      Туған тілде әнім менен сәнім бар.
      Туған тілім тіл болудан қалса егер
      Жүрегімді суырып-ақ алыңдар.
      Маған ұнайды:
      24.05.2013, 21:39
      Предыдущие 6 комментариев
    • Нұрай Қалимерденова
      Маған ұнайды:
      24.05.2013, 21:39
      Предыдущие 6 комментариев
    Предыдущие записи