"Жас таланттар"

Достар! топқа мүше болуға асығыңдар!!!!

ҚАТЫСУШЫЛАР

83 адам

    ӘКІМШІЛЕР

    3 адам

    ҚҰЖАТТАР

    0 құжат

    • СТЕНА СООБЩЕСТВА

    • 19 жазба
    • шолпан мұқан
      Мен өмірді ұғындым.
      Асыл анам ,
      Мол мейірден жаралған ,
      Нұр жүзіңнен күн сəулесі таралған.
      Арман тұнған жетелейін жырыммен ,
      Мынау ғұмыр адастырар қара орман.

      Өзіңменен бекем əркез қамалым ,
      Бас имеске бар ма менің амалын .
      Ең алғашқы қадамымның куәсі ,
      Өзің барда жоқ адасар қамалым.

      Бүгін , міне ,
      Қуаныштан табыс нұр ,
      Сен болмасаң бірі де бос
      Қараң бұл.
      Сенің сыйлы жүрегіңнен нəр алған
      Кəусəр бұлақ ,
      Ағып жатқан жағам жыр.

      Анашым ,
      Мен сенің қызыл гүліңмін ,
      Шырқалатын көңілінде жырыңмын .
      Сен көлімсің ,
      Шөлдегенде сусындар ,
      Мен өмірді мен арқылы ұғындым.
      Маған ұнайды:
      07.07.2016, 20:53
      Предыдущие 6 комментариев
    • шолпан мұқан
      Аманат дала
      Бір - бірінен қалып - оқып жылдар өтті ғасырлар ,
      Бірін - бірі шалып озып қанша өтті пенделер.
      Кеудесінен танк өтіп
      жарқылдады жасындар
      Далам жатыр маңғазданып
      жоқ - тын оған тең келер.

      Тарихымның қатар беті
      Тек өзіңе жазылды .
      Шежіреме құяры бар мүлгіп жатқан тасының .
      Сен бергенсің қазағыма
      еркіндікті , жалынды
      Сенде өскен жусанменен ойнайды бар асылым.

      Тауым асқақ.
      Далам одан ешбір төмен емес - ті
      Қазақ үшін ол тым бөлек , түкпірінде сананың.
      Қан ағылып бұлақтайын ,
      Өткізіп сан белесті
      Қалдырылған қасиетті аманаты бабаның

      Көргің келсе шежіремнің ақиқатын , мөлдірін .
      Сырласыңдай сырласады .
      Тек сен барып сұрашы ,
      Айтады ол бабалардың , аналардың өрлігін
      Дархандықтың , даналықтың тағы да бір мұрасы.

      Бірі озып ,
      Бірі қалып өтіп жатыр жылдарым
      Қаламынан ақындардың қосылады жыр баққа
      Төтеп беріп уақыттың антқа салып сындарын
      Аманат боп қала беред (і ) , маңғазданып ұрпаққа
      Маған ұнайды:
      07.07.2016, 20:35
      Предыдущие 6 комментариев
    • Айбат Бекжанов
      Маған ұнайды:
      03.04.2015, 19:30
      Предыдущие 6 комментариев
    • Самал Мұхтарова
      Балалық шақ-балдәурен

      Балғын бөбек, жастық шақ кезеңім бұл,
      Мәңгілік есте қалар кезеңі мол.
      Тәй-тәй басқан кезімнен қырдан асып,
      Арасы жиырма бестің кездері бұл.

      Арайлап атқан таңдарыма мәз болып,
      Өтіп жатыр күндеріміз сансыз көп.
      Өтер күндер, өтер жылдар талайғы,
      Жібермеңдер сол күндерді мәнсіз ғып.

      Бір шетінен сол күндерді ұстап ап,
      Бір жақсылық жаса, болсын ұсақ-ақ.
      Оқу-білім айдынында кеме боп,
      Мейлің жүзгін сол айдында ұзақ-ақ.

      Өкінбе сен! Бақытсызбын демегін,
      Балалық шақ ең бақытты кезеңің.
      Оралмайтын жиырма бестің арасы,
      Бір-ақ көпір бүгінің мен ертеңнің.

      Маған ұнайды:
      13.12.2013, 19:24
      Предыдущие 6 комментариев
    • Айғаным Отарбай
      Анама!
      Түн ұйықтамай баяу ғана әндеттің ,
      Қолын талмай бесігімді тербеттің .
      Аман - есен ер жетсін деп алаңдап ,
      Сәбиіне тыныштықты тіледің .

      Ана деген көк аспандағы шуақ күн ,
      Мен бекерге еркеліктен тулаппын .
      Ана болмай сәби жүрсе шырылдап ,
      Жердің беті жамылғандай қара түн .

      Жан анашым ақ кіргенде шашына ,
      Мен байқатпай қарай берем ұрлана .
      Қолғанат боп , ержетті міне сәбиін
      Сен Анашым қартаймашы , жасыма.

      Маған ұнайды:
      03.11.2013, 13:55
      Предыдущие 6 комментариев
    • ДОСТАР! ЖАС ТАЛАНТТЫ ДОСТАРЫҢЫЗ БОЛСА, ОСЫНДА ЖАРИЯЛАҢЫЗДАР!!!
      Маған ұнайды:
      29.09.2013, 15:36
      Предыдущие 6 комментариев
    • Табиғаттың тазалығы – кіршіксіз жүректен басталады

      «Табиғаттың тазалығы – кіршіксіз жүректен басталады» - я, Астана қалалық саябағында өткен «ЕХРО-2017» көрмесіне орайластырылған экологиялық акцияның атауы осылай болатын. Республикалық «Жас ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының ұйымдастыруымен өткен аталмыш шараға қала мектептерінің оқушылары, жас ұлан ұйымының белсенділерімен ұйым көшбасшылары қатысқан болатын. Акция барысында қатысушылар төрт топқа бөлініп, берілген тапсырмаларды орындауы міндетті болды. Берілген тапсырмалар соңында көңілді эстафета мен қызықты ойындарға ұласқан аталмыш шара жас ұландардың жүзіне күлкі үйрілтіп, зор қуаныш сыйлады. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, көңілдерінен нұр шашыраған әрбір жас ұландық шынайы шаттықтың кемеріне енген болатын. «Көшбасшы», «Қызыл өрік», «Алоха» мен «Бемз» сынды төрт топқа бөлінген білімпаз жастар түрлі сынақтарда өз білімдерін көрсетті. Дегенмен, жүзден жүйрік, мыңнан алғыр болып, ерекше білімпаздығымен дараланған «Алоха» тобы жүлделі І орынды еншілеген болатын. Өздерінің қызықты да тәтті қылықтарымен ерекшеленген «Қызыл өрік» тобы ІІ орын еншілесе, «Бемз» бен «Көшбасшы» топтары ІІІ орынды місе тұтты. Көңілді де қызықты ойындар мен қызу бидің шырайын шығарған ұландар ойындағы жеңістен гөрі көкіректеріндегі жылу мен рухтарының асқақтағандарын сезініп, одан асқан жеңіс болмасына бек сенімді болды. Жеңімпаздарға түрлі сыйлықтар мен арнайы дипломдар табысталды. Елордамызға деген ыстық ықыластары мен шексіз махаббатырын жасыра алмаған ұландардың жүздеріндегі күлкілері еш тыйылмады. Кіршіксіз жүректердің кір шалмас саналарында тазалықтың негізі сіңген әр ұлан - болашақта табиғатымыздың әр тасымен әрбір тамшы суының қадірін ұғып, олардың тазалығы жолында аянбай еңбек етеріне сенім білдіреміз. Себебі, табиғаттың тазалығы – кіршіксіз жүректен басталады.

      Аманжолов Бекарыстан
      Маған ұнайды:
      08.07.2013, 15:20
      Предыдущие 6 комментариев
    • достар, құрметті админ, меніңше ендігі кезекте жаз мезгіліне байланысты жырдар жазу керек сынды
      Маған ұнайды:
      10.06.2013, 19:22
      Предыдущие 6 комментариев
    • Dinara Djirgalbaeva
      Достар!!! осындай керемет өлең шумақтарын топ қабырғасына қоса беріңіз!!!!!
      Маған ұнайды:
      16.05.2013, 8:14
      Предыдущие 6 комментариев
    • Ер Махамбет өлмейді!

      Жерімдеп өткен, жүрегі ел деп жылаған,
      Мұзында көрген, құзданда сан мың құлаған.
      Өрлігі асқақ, атағы шексіз мәшһүр боп,
      Тіктелген баспен қасқайып қарап тұр ағам!

      Ерлік пен елдік тұмар қып тағып жүрекке,
      Аттанды батыр “Әруақтап!” нұрсыз түнекке,
      Махамбет жүзі, ерлігі ұрпақ мақтаны,
      Арман, мақсаты ерлікке ерер түлекке!

      Езгілеп, езіп Жәңгірдей жылан жасағын,
      Қорғамақ болды ер ағам елін, қазағын,
      Тайсалмас, қайсар, лаулаған жалын көздегі,
      Соныңа қарап жыр етпек сені жас ақын!

      Ордада тудың, Орданы алар алып боп,
      Қолдады сені жорықта елің халық боп,
      Қорқыныш деген бір үрей болмады жүзіңде,
      Жауыңа күлдің түссеңде тұтқын қарық боп!

      Исатай ермен еліңді бастап ерлікке,
      Шақырдың насты, бірлікке және теңдікке.
      Арыстан жүзді, айбатты алып арысым,
      Ұмтылдың алға, еліңді бастап елдікке!

      Қаламмен жырды төгеде білдің жасымай,
      Жасымай және настарды белден асырмай.
      Жолбарыс жүзді, қырандай қайсар дарыным,
      Ерлік деп өттің, Жәңгірдей ханға бас ұрмай!

      Сан төбет сені таламақ болды тасада,
      Атыла берді, тістері сынып қалсада.
      Ақымақ жандар жықбақшы алып арысты,
      Күштері жетпей, әлдері кетіп, талсада!

      Шайқаста- шайқас, үрейде, дауыл көрсеңде,
      Езгілеп жауды, аямай жаншып, жеңсеңде,
      Тұрасың ылғи бейнесі болып ерліктің,
      Шайқаста емес, қапыда аға өлсеңде!

      Өлмейді рухың, сан ғасыр бойы жаңғырар,
      Жаңғырар және ерлігің елді таң қылар,
      Ұлықтап сені ұрпағың сұңқар мінезді,
      Әуезді дауыс ұл – қызың сені ән қылар!

      Өлмейді ерім, Махамбет ерім өлмейді,
      Мұныма менің көнбегің мейлі, көн мейлі,
      Рухы мен жаны қалықтап қазақ көгінде,
      Ерлігі оның көк туда биік көлбейді!
      Маған ұнайды:
      07.05.2013, 12:09
      Предыдущие 6 комментариев
    • Ата – анам,
      Өзіңнен жолыма бата алам,
      Өзіңсің қорғаған сан қауіп, қаталдан,
      Қалдырмай келесің қатардан.
      Құрметтім,
      Барыңда жоқтықты көрмеппін,
      Сен барда биікке өрлеппін,
      Сен барда қайғыны білмеппін.
      Ардақтым,
      Бабамның жолында жалғаттың,
      Қатерден сан мәрте қорғадың,
      Жанымыз тұрғанда ұшында қармақтың.
      Шуағым,
      Сыйлаған өмірдің шуағын,
      Шөл кезіп, су таппай қиналсам,
      Зәмзәмім, өзіңсің бұлағым.
      Аяулым,
      Жаныма жуытпай келесің қаяу – мұң,
      Жолыңда қасық қан, жан пида,
      Жанымды беруге даярмын.
      Тірегім,
      Сендер деп соғады жүрегім,
      “Ата – анам болса екен бақытты,”
      Алладан тек осы тілерім.
      Қорғаным,
      Ісімді әрдайым қолдадың,
      Өзіңе алғысым ретінде,
      Жыр – шумақ, әнімді жолдадым.
      Жыр үнім,
      Тілеген жеңісін ұлының,
      Бүгінде сендерге жыр арнады,
      Баптаған ұлдарың, құлының,
      Баптаған ұлдарың, құлының!
      Маған ұнайды:
      07.05.2013, 12:08
      Предыдущие 6 комментариев
    • Кездерім бар...

      Кездерім бар құздардан жығылатын,
      Өз – өзіммен ұрынып, тығылатын.
      Өлең менен жалығып кей сәттерде,
      Менен өлең мен одан тынығатын.

      Кездерім бар жырлармен сырласатын,
      Шумақтармен еріксіз мұңдасатын.
      Ұйқастармен алысып таң атқанша,
      Құдіретімен өлеңнің құз басатын.

      Кездерім бар түнменен сөйлесетін,
      Жұлдыздармен қуана тілдесетін.
      Сырымызды біздердің тыңдамақ боп,
      Ай қарайтын, кей сәтте желде есетін.

      Кездерім бар қайғымен алысатын,
      Құлагер боп мұңменен шабысатын.
      Сүрінгенде сан мәрте биіктерден,
      Қуаныш пен жыласып, табысатын.

      Кездерім бар жүретінде айтақтай,
      Алып ұшып, жүрегімде жәй таппай.
      Ренжіскенде шаттық кетіп қасымнан,
      Езуімде жиылатын байқатпай.

      Кездерім бар мына өмірден жалығар,
      Шабыт қысып, демім жетпей тарығар.
      Жүрегімде ала – дүлей дауыл боп,
      Тіл байланып, сөз қатудан қағылар.

      Кездерім бар сағынатын өткенді,
      Еске алатын, мың жығылған өткелді.
      Өткендерім кетсін мейлі сағым боп,
      Есіме алып жыламаймын текке енді...
      Маған ұнайды:
      07.05.2013, 12:08
      Предыдущие 6 комментариев
    • Райхан Нұржанова











      Таза жүрек,нәзі үнді,сыршыл ақын.
      (Мағжан Жұмабаевқа арнау)
      Ішімде жанартаудай жатыр жырым,
      Ұшқындап,іште қайнап сұрапылым.
      Мағжандай дара тұлға,дарындыны,
      Асқақтата шабыттанып жырладым.

      Жұлдыз болып көгімізде жанатын,
      Жыр дүлейі қалады есте сара атың.
      Семсердей сілтеп сөздердің алтын кесегін,
      Қазағым үшін күйдің де жандың,қайнадың.

      Серік қып сенің өлеңдеріңді санама,
      Арнадым арнау алғысымдай қып ақын аға,
      Қоғамның көрсем кей кезде құлазып жатқанын,
      Сізді аңсап кетем айтатын ақыл жастарға.

      Ақыным –асыл,ержүрек ,батыл мінезді,
      Мен де бір балаң жырлайтын көңіл көктемі .
      Әрбір сөзіңнен,әрбір ісіңнен үлгі алам,
      Мағжан аға- меруерт өлеңнің төкпесі.

      Азаттықты аңсап арыстандайын ақырдың,
      Қамын ойлап мына сусаған қара халқыңның.
      Арманы үшін бостандық сүйген еліңнің,
      Туладың тасып дауылдайын шарқ ұрдың.

      Жаңғырса сенің сап жырларыңның кесегі,
      Тербеліп дала,самал жел ерке еседі.
      Кестелі сөздің бүккен бір сырын ұғынып,
      Көк бұйра толқын саябырсып тербелді.

      Құрбаны болып солақай саясаттың,
      Қыршын кетті кемелге толы мақсатың.
      Күрескер болып бейбітшілікке бастаған,
      Өжет жырдың өрнегін асқақтаттың.

      Өлеңнің қаптатып сыр төккен отты селін,
      Жырыңменен жамағатты тебіренттің.
      Алаш үшін тоқсан толқып,уайым шегіп ,
      Айбатыңды жолбарыстай көрсеттің.

      Арпалыс күнде көкжалдай азу қайрадың,
      Батыр Баяндай елдіктің шыңын ойладың.
      Заманның зарын,ащы шындықтың айнасын,
      Өрімді өлең өрнегін еңірене торладың.

      Жалындай атып жарқырап асыл тастайын,
      Қара мен ақты ажырата білдің жастайын.
      Туған жеріңді ғашықтай сұлу сөздермен,
      Шалқыта білдің белдерін,көркем баурайын.

      «Егемендікті есіркеймін»деп алқынған,
      Қолдадың қамыққан халқыңды дін аман.
      Сіздей тұлпар әр есте,әр жүректе,
      Өлмей -тұғын артына із қалдырған.

      Жан саясын іздеген махаббаттан,
      Шын достыққа,бостандыққа дабыл қаққан,
      Мағжан аға,сіз десе сағынғандай
      Қазағым,қайран елім мұңын шаққан.

      Жадыратып жанымды кей сезімдер,
      Болашаққа бастайды нұрлы көздер.
      Айбынды елдің үмітін арқалаған,
      Сіз сенген жастарың,мына біздер!
      Маған ұнайды:
      01.05.2013, 17:23
      Предыдущие 6 комментариев
      Dinara Djirgalbaeva
      Қандай керемет арнау!!!!
      03.05.2013, 10:19
      Dinara Djirgalbaeva
      Қандай керемет арнау!!!!
      03.05.2013, 10:19
    • Асылай Ниязбаева

      Қыз мұңы

      Өмірімнің өзегі боп, өрнектері,
      Жанымды жылы сезім,тербеткені,
      Ақ арманның жетегінде жүретұғын
      Қазақтың бір қызы еді,бойжеткені.
      Ақ Жайық, арнасы кең, жар қабақты
      Дендердің сағасымен, сырғып ақты
      Фариза апам, айтпақшы"тағдыр оны
      Бұрымынан ұстап ап, тайғанатты"
      Тайғанатты тым ерте табаныңды,
      Жасытпады бірақ та талабыңды.
      Анасынан айырды, панасынан
      Анасындай айта алар кім-қарағымды?!
      Кел, Ақ Жайық!
      Тарқасып шер,сырласайық,
      Болмайды бойжеткендер,жырласа айып.
      Махамбет те,мұң айтқан шығар бәлкім,
      Көз жасымды қосақтап,мұңдасайық.
      Таңғы нұр, табиғаттың тұнығындай,
      Талың тұр, сәби күнгі тұлымыңдай
      Каспийге сәлемімді айта баршы
      Өрілген арқамдағы бұрымымдай.
      -Деп, Ару қыз, серт берді бүгін енді
      Қайсарлықпен қанық қып дүйім елді,
      Тіреу болып әкеме, қолғанат боп
      Қамқоршы боп ініме жүрмін енді.
      Мектепті тәмамдармын бестікпенен,
      Жетем талай мақсатқа бәстікпеген.
      Ақын болу,арманым, еді менің
      Желкенің өлең-жырдың есіп келем.
      Дарыныңды биіктеу дара сана
      Көктем көңіл көктер ме қаласа да?..
      Қанатына құстардың сырын іліп,
      Мұң шағады бір ару Қарашада....
      Маған ұнайды:
      11.04.2013, 19:50
      Предыдущие 6 комментариев
    • Динислам Тлесов

      Авторы: Тілесов Дінислам
      Қазақ тілі



      Қазақ тілі-дана тіл, ұлы тұлға,
      Болмайды өз тіліңді ұмытуға
      Қазақ тілі халқымыздың шежіресі
      Дайынмын жүрегіммен жылытуға.


      Қазақ тілін құрметтеңдер ағайын,
      Тілім үшін сан қиынға барайын
      Баурап алған сан қилы көп жандарды,
      Баурап алған ақындардың талайын.


      Баурап алды құдіретті тіл мені де,
      Сүйсіндірді байлығымен кеніне
      Сол себепті алдым қалам қолыма,
      Барайын деп ақындардың жолына.


      Тілім деп жаздым өлең,толғанып
      Ал біреулер жүр өздері қорланып.
      Ана тілін - өз бақытын ұмытып,
      Басқа тілді ана тіліндей қолданып.


      Қазақ тілін құрмет тұтар қазақ халқы,
      Асқақтаған мәртебесі, ұлы даңқы.
      Ақындар білер тілдің сұлулығын
      Ал біз болсақ енді ұқтық сырын бүгін!

      Маған ұнайды:
      09.04.2013, 19:12
      Предыдущие 6 комментариев
      Айя Нагашыбаева
      КЕРЕМЕТ!!!Жарайсың!)))
      27.08.2014, 20:47
    • Авторы: Аманжолов Бекарыстан
      Мен қазақпын!

      Мен қазақпын, өжет халық қазақпын,
      Бейбітпін мен бақыттымын, азатпын.
      Арыстанды апанынан суырып,
      Желін тартар щаң жуытпас боз аттың!

      Мен қазақпын, отты кешіп, тас жарған,
      Тегім менің Алты Алашты басқарған.
      Менен қорқып бұлт аспаннан қашатын,
      Қабағымнан бар әлемің жасқанған!

      Мен қазақпын, биікпін мен асқақпын,
      Қазағымнан биік тұрар асқақ кім?
      Қанып ішем қымызыммен шұбатты,
      Таласпаймын уызына баспақтың!

      Мен қазақпын арыстандай азулы,
      Тарихым бар қан мен зардан жазулы!
      Ит емеспін тұсап қояр қорада,
      Жолбарыспын қанға толған азуы!

      Мен қазақпын, мың өлген, мың тірілген,
      Іздерім бар сан тарихта жүрілген.
      Батылмын мен қарсы тұрар дауылға,
      Нас емеспін шошынатын дірілден!

      Мен қазақпын, өжет әлі қайратты,
      Сан ерлерім жауыздарды жайратты.
      Кірлетпеймін қазақ атын ешуақыт,
      Көкке шарпып, тік ұстаймын байрақты!

      Қазақпын мен жүрегі бір, жаны бір,
      Рухы биік, өн бойдағы қаны бір!
      Бөліп жеймін бір үзім нан болсада,
      Қазағымның жыры да бір әні бір!

      Өлмеймін мен, қазақ өшпес ғаламда,
      Бас иеді сол қазаққа данаңда!
      Қазақ десе бар әлемің жалт қарап,
      Қазақ десең басын бұрар бесіктегі балаңда!
      Маған ұнайды:
      08.04.2013, 13:49
      Предыдущие 6 комментариев
    • Айгерим Есебаева
      Тәуелсіздігім! Баға жетпейтін бақытым,
      Тәңірім берген, ырзамын саған, уақытым.
      Бір сәттік қана, бостандығыма алмаймын
      Бүкіл әлемнің тәждері мен тахытын.

      Қасым хан салған қасқа жолдарың сайраған
      Хақназар ердей намысын кекке қайраған
      Бостандық үшін күреспен өткен тағдырың
      Баба тарихтың қазандарында қайнаған

      Желтоқсанымда, жеңіліс тапқан, кешегі
      Жігерге толы, азаттық рухы еседі.
      Құрыштан құйған, Қайраттарымның қайраты
      Қаһармандықтың үлгісі болып көшеді

      Қазақстанымның желбіреткендей ,туын нақ
      Қуаныштардан делебе қозып, дуылдап
      Айналдым халқым !Алланың берген бағынан ,
      Айбынды Елміз, әлемдік қауым таныған
      Маған ұнайды:
      24.03.2013, 16:55
      Предыдущие 6 комментариев
      Dinara Djirgalbaeva
      Тәуелсіздігіміз жасап, жайнай берсін Достарым!!!
      26.03.2013, 12:54
    • Гүлзия Қуантаева

      «Еліміздің тірегі – Елбасымыз»

      Бейбітшілік – ел тілегі аманда,
      Қиын қыстау, мына біздің заманда.
      Болсыншы тек бірлігіміз лайым,
      Жеңіс туы көтерілсін қашанда.

      Бәйтерегі аспанменен таласқан,
      Астана тұр гүлдей жайнап орасан.
      Ел тілегін қорғаймыз деп әрдайым,
      Шекарашы сарбаздар тұр қорғанда.

      Елімізді жеткізіп жетістікке,
      Ғимараттар орнатып тегістікке.
      Еліміздің тірегі – Елбасымыз,
      Шақырады бірлік пен тіршілікке.

      Болса-дағы ең басты біліміміз,
      Болу керек шыдам мен бірлігіміз.
      Ынтымақ пен теңдікті алға ұстап,
      Көк байрақты биікке самғат, қазақ!

      Отан деп соқса жүрек лүпілдеген,
      Қазақтың ұл – қызы көп дүркіреген.
      Қаншама елдерменен жарыстарда,
      Қазағымның көк туын желбіреткен.

      Елорданың даңқын көкке шарлатқан,
      Елбасымыз Нұр ағадай барма жан?!
      Қанша елді бірлестікке шақырып,
      Достық туын жер жүзіне шарлатқан.

      Қиын кезең болса-дағы дағдарыс,
      Болған емес біздің елдей еш шалыс.
      Елбасының еңбегіне жетеме,
      Қанша халық біріктерсе қолғабыс.


      Маған ұнайды:
      23.03.2013, 21:36
      Предыдущие 6 комментариев
      Dinara Djirgalbaeva
      Жүректен шыққан қандай керемет өлең шумақтары!!!!!
      26.03.2013, 12:53
    • Dinara Djirgalbaeva
      Құрметті Достар! Егер де сендердің бойларында, белгілі бір салаға деген таланттарың болса, топтың қабырғасына өздеріңнің қызықты жұмыстарыңды жіберсеңдер болады !!!
      Маған ұнайды:
      20.03.2013, 16:35
      Предыдущие 6 комментариев