Клуб юных писателей и журналистов

Статус группы...

ҚАТЫСУШЫЛАР

1 адам

    ӘКІМШІЛЕР

    1 адам

    • Администратор

    ҚҰЖАТТАР

    0 құжат

    • ФОТОГРАФИИ СООБЩЕСТВА

    • СТЕНА СООБЩЕСТВА

    • 19 жазба
    • шолпан мұқан
      Мен өмірді ұғындым.
      Асыл анам ,
      Мол мейірден жаралған ,
      Нұр жүзіңнен күн сəулесі таралған.
      Арман тұнған жетелейін жырыммен ,
      Мынау ғұмыр адастырар қара орман.

      Өзіңменен бекем əркез қамалым ,
      Бас имеске бар ма менің амалын .
      Ең алғашқы қадамымның куәсі ,
      Өзің барда жоқ адасар қамалым.

      Бүгін , міне ,
      Қуаныштан табыс нұр ,
      Сен болмасаң бірі де бос
      Қараң бұл.
      Сенің сыйлы жүрегіңнен нəр алған
      Кəусəр бұлақ ,
      Ағып жатқан жағам жыр.

      Анашым ,
      Мен сенің қызыл гүліңмін ,
      Шырқалатын көңілінде жырыңмын .
      Сен көлімсің ,
      Шөлдегенде сусындар ,
      Мен өмірді мен арқылы ұғындым.
      Маған ұнайды:
      07.07.2016, 20:55
      Предыдущие 6 комментариев
    • шолпан мұқан
      Аманат дала
      Бір - бірінен қалып - оқып жылдар өтті ғасырлар ,
      Бірін - бірі шалып озып қанша өтті пенделер.
      Кеудесінен танк өтіп
      жарқылдады жасындар
      Далам жатыр маңғазданып
      жоқ - тын оған тең келер.

      Тарихымның қатар беті
      Тек өзіңе жазылды .
      Шежіреме құяры бар мүлгіп жатқан тасының .
      Сен бергенсің қазағыма
      еркіндікті , жалынды
      Сенде өскен жусанменен ойнайды бар асылым.

      Тауым асқақ.
      Далам одан ешбір төмен емес - ті
      Қазақ үшін ол тым бөлек , түкпірінде сананың.
      Қан ағылып бұлақтайын ,
      Өткізіп сан белесті
      Қалдырылған қасиетті аманаты бабаның

      Көргің келсе шежіремнің ақиқатын , мөлдірін .
      Сырласыңдай сырласады .
      Тек сен барып сұрашы ,
      Айтады ол бабалардың , аналардың өрлігін
      Дархандықтың , даналықтың тағы да бір мұрасы.

      Бірі озып ,
      Бірі қалып өтіп жатыр жылдарым
      Қаламынан ақындардың қосылады жыр баққа
      Төтеп беріп уақыттың антқа салып сындарын
      Аманат боп қала беред (і ) , маңғазданып ұрпаққа
      Маған ұнайды:
      07.07.2016, 20:18
      Предыдущие 6 комментариев
    • шолпан мұқан
      Ұланымыз ұлы елдің.
      Үйге келдім
      асығып мен бір күні.
      Жанған оттай жалындаған едім мен.
      Болған үшін мен оқушы үлгілі ,
      "Жас ұланға " қабылдады дедім мен.

      Анамайтты
      маған қарап қалжыңдап
      Бала кезін еске алғандай жалт еткен.
      "Пионер" боп жүруші едік адымдап
      Сол бір кезде бақытты едім мен неткен.

      Осыны айтып
      əрі жалғад(ы) өз ісін ,
      Ал мен болсам тұрып қалдым орнымда
      Əңгімеміз əрі қарай өрбісін
      Деп ойлап мен жауап бердім тұрдым да.

      Пионер боп
      сіздер жүрдің кезінде
      Бұл да тарих.
      Жасына алман оны мен .
      Қуанышты болған шығар сезім де ,
      Патриот та болған шығар ...
      Сонымен :
      Пионер боп басқа елдің құлы едің
      Бұлт сейіліп орнады енді азат күн.
      Біз "Жас ұлан" ұланымыз ұлы елдің
      Ұланымыз
      Азат елдің
      Қазақтың!
      Маған ұнайды:
      07.07.2016, 20:14
      Предыдущие 6 комментариев
    • шолпан мұқан

      ФОТОГРАФИИ
      0 фотографий, 1 альбома
      Загрузите фотографии и ваша страница станет интереснее
      ВИДЕО
      0 видеороликов
      Вы еще не добавили видеозаписи. Каталог видео.
      АУДИО
      0 аудиозаписей
      Загрузите песню.
      МОЯ СТЕНА
      2 записей


      шолпан мұқан
      Аманат дала
      Бір - бірінен қалып - оқып жылдар өтті ғасырлар ,
      Бірін - бірі шалып озып қанша өтті пенделер.
      Кеудесінен танк өтіп
      жарқылдады жасындар
      Далам жатыр маңғазданып
      жоқ - тын оған тең келер.

      Тарихымның қатар беті
      Тек өзіңе жазылды .
      Шежіреме құяры бар мүлгіп жатқан тасының .
      Сен бергенсің қазағыма
      еркіндікті , жалынды
      Сенде өскен жусанменен ойнайды бар асылым.

      Тауым асқақ.
      Далам одан ешбір төмен емес - ті
      Қазақ үшін ол тым бөлек , түкпірінде сананың.
      Қан ағылып бұлақтайын ,
      Өткізіп сан белесті
      Қалдырылған қасиетті аманаты бабаның

      Көргің келсе шежіремнің ақиқатын , мөлдірін .
      Сырласыңдай сырласады .
      Тек сен барып сұрашы ,
      Айтады ол бабалардың , аналардың өрлігін
      Дархандықтың , даналықтың тағы да бір мұрасы.

      Бірі озып ,
      Бірі қалып өтіп жатыр жылдарым
      Қаламынан ақындардың қосылады жыр баққа
      Төтеп беріп уақыттың антқа салып сындарын
      Аманат боп қала беред (і ) , маңғазданып ұрпаққа!
      Маған ұнайды:
      07.07.2016, 20:13
      Предыдущие 6 комментариев
    • Арал Арал
      Қызық өмір
      Қалтарыс, бұлтарысы мың сан қабат
      Қызық өмір, ақырын тұрсаң қарап.
      Біреулердің еңбегі еш, тұзы cop боп
      Біреулердің бақыты жүр сорғалап.
      Қызық өмір, кім білсін, сонысымен,
      Аласы мен құласы, торысымен.
      Тағдыр түрлі болғанмен өмір біреу
      Ұнатамын өмірді сол үшін мен.
      Ұнайды өмір ынтымақ, күресімен,
      Құр қалмайды ешкім де үлесінен.
      Өліп-талып жеткенде бақытына,
      Шорт үзіліп, кей тағдыр түгесілген.
      Өміріме өзімнің таңданамын,
      Қалмайын деп қатардан қарманамын.
      Бүгінімді өткізсем қиындықпен,
      Ертеңіме үмітпен алданамын.
      Ұнатамын өмірдің ой-қырларын,
      Сауық құрып, сайрандап, той қылғанын.
      Өмір керек көлеңке, шуағымен,
      Өмір керек!
      Басқаның қойдым бәрін...

      Мұқағали Мақатаев
      Маған ұнайды:
      16.12.2013, 0:52
      Предыдущие 6 комментариев
    • Ainur Zhaksygereeva
      жас ұлан ұйымының қатарында болу ол мен үшін өте үлкен де керемет сезім болып табылады.себебі осы үйым Қазақсьанда балалар мен жасөспірімдер үшін арнайы ашылған ұйым болып табылады.Осы қазан айында мен Астана қаласында өткен Жас тілшілер медиа- форумына қатысып келген болатынмын.Бұл форумда мен өзімді шынайы жасұлан екенімді сезгендей болдым.Ұшқыр ойлы жас тілшілер арасында болғаным үшін мен өте қуанышқа толы сезім күйін бастан кешірдім деп айта аламын.Жалпы қазіргі таңда еліміздің ішінде миллионнан астам Жас ұландықтар бар.Әрбір Жас ұландық жарқын болашақтың қалаушылары демекші менің ойымша осы Қазақстанның әрбір жасұланы осы ұйымға өз үлесін тигізсе деген ойым бар!
      Маған ұнайды:
      21.10.2013, 22:51
      Предыдущие 6 комментариев
    • НУРСАЯ ШУКИРБАЕВА
      Сен де бір кірпіш дүниеге
      Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар қалан»- деген ұлы Абайдың ұлы сөзі мені де бей – жай қалдырмайды. Бүгінгі мектеп қабырғасындағы алған білімім мен тәлім - тәрбием менің болашағымның бастауы.Сол болашағыма бастар жолда тура жүру, өмірдегі өз орнымды қабілетіме қарай адаспай табу, мектеп бітіріп мамандық таңдау, азамат боп, еңбек етіп қызмет қылу мен үшін үлкен жүк екенін білемін. Мен қазір 8 сыныптың оқушысымын. Барлық сабақты да жақсы оқуға тырысамын, соның ішінде әдебиет пәні жаныма жақындау. Кім болам?- деген сұрақтарға бастауыш сыныптарда президент болам, директор болам деп Нұрсұлтан атама, директор тәтеме еліктеуші едім. Қазір мен мамандық таңдаудың не екенін түсінемін. Болашақ журналист болғым келеді, бұл менің әлі де балалық еліктеушілігім бе, әлде шын таңдауым ба.... Шын таңдауым болса, оған қалай қол жеткізем, журналист жолы ауыр жол, оны алып жүре алам ба, қолымнан келе ме деген де сансыз сұрақтар санамда сайрайды. Ия, мен әзірге балалық қиялыммен армандаймын, әдеби кітаптар оқимын, ақын, жазушылардың шығармаларымен, өмір жолдарымен танысамын. Өзімше бірдеңелер жазып шимақтаймын, қиялымның іске асуын ойлаймын.
      Аудандық оқушылар Үйіндегі «Дебат» үйірмесіне қатысып белгілі бір тақырып төңірегінде пікір- таластар айтуға, өз ойымды нақты, тез, мағыналы жеткізуге бұл үйірменің де тигізер пайдасы болар деймін. Сыныпта да мәдени шараларға сценарийлер жазып, жүргізуші болып та жүрмін. Сөйтіп еліміздің түкпір-түкпірін аралап, қаламымды қару еткім келеді. Қиындықтан қорықпай, ағысқа қарай жүзгім келеді.
      Маған ұнайды:
      15.08.2013, 13:26
      Предыдущие 6 комментариев
    • Тимур Жакыпов
      Маған ұнайды:
      25.04.2013, 8:45
      Предыдущие 6 комментариев
    • Әсемжан Мустакапова
      Сәлем достар бұл сайттан өзіме жақсы дос табамын деп ойлаймын тағыда ЖАС ҰЛАНДЫҚТАР БӘРІНЕ ЖАЛЫНДЫ СӘЛЕМ
      Маған ұнайды:
      22.04.2013, 15:45
      Предыдущие 6 комментариев
    • Мейрамбек Орынгалиев
      Туған жер
      Туған жерім табиғатың тасыған,
      Саған баурап құшағыңа асығам.
      Атар таңның ертеңіне қарап мен,
      Қанша ойлап,қаншама рет тасығам.
      Туған жерім жаралғанмын тасыңнан,
      Қиналғанда табыламын қасыңнан.
      Алда сонау далада ескен лепті жел,
      Сипалайды маңдайымнан,басымнан.
      Құштар едім жерім саған жасымнан,
      Сені көрем сыр даланың қасынан.
      Сылдыр аққан Ақжайықтың жанында,
      Сені көрем Димаш төбе басынан.
      Мөлдір,тұнық ағып жатқан өзенің,
      Бұдан қалай ашылмасын өзегің?
      Әрқашанда қадірлеп сен құрметте,
      Өз үйің мен өз шаңырақ төсегім.
      Маған ұнайды:
      01.04.2013, 20:21
      Предыдущие 6 комментариев
    • Айсулу Жеткерген
      Шабытымды шарықтатқан-Еркіндік!
      О,арманым тіл қатшы бір өзіме,
      Арман-шың, асқар- мақсат бәрі есімде,
      Бір арманым бар менің бір арманым ,
      Осыныма расымен сенесіңбе?

      Әйтекедей,мұқаңдай,Фаризадай,
      Не күтеді таңірім мені алдай,
      Дүниеге түзу көзбен қараймын,
      Мына дүние мен ушін жаралғандай!

      Асқар-арман жетелейді мені алға,
      Адам өзи озгеге танданама?
      Анам менин жанымда болганда егер,
      Сыр шертуши ек шыгып ап жагалауга.

      Арман мени шымыр кылды шындады,
      Талай акын туган жерди жырлады,
      Менде солай жыр жазамын халкымнын,
      Тангажайып кубылысын сырларын..

      Ал агайын мына мени тындандар,
      Тек отанды,туган жерди жырландар.
      Мен калаймын жетсем деймин максатка,
      Орындалсын кен журекти армандар.

      Мына елимди мен бугин жыр етейін,
      Омирге мен сол ушин келгендеймин,
      Елимизди жетелеймын максатка,
      Акын болып максатыма жетсем деймин!
      Маған ұнайды:
      30.03.2013, 11:42
      Предыдущие 6 комментариев
    • Айсулу Жеткерген
      Жеткерген Айсулу
      Маған ұнайды:
      30.03.2013, 11:05
      Предыдущие 6 комментариев
    • Амангул Досмухаммедова
      Туған жер! Осы сөздің астарында бүкіл қазақ халқының өмірімен біте қайнасқан шексіз ұғым жатыр. Қазақ баласын қара домалақ бал шағынан бастап қалың қаланың күйбең өміріне дайындап, қара шаңырақтың қашанда биік екендігін қанға сіңірген қасиетті жер – туған жер.
      Есейіп, өмірдегі өз жолыңды тауып, уақыт ағынымен алыстарға шарықтап кете барсаң да, қайта айналып келуге мәжбүрлейтін де – туған жер.
      Менің кіндік қаным тамған жер – киелі Маңғыстау жері. «Туған жер – тұғырың» дейді халық. Әрине, елді, жерді жырламаған жырау, сөз етпеген шешен жоқ. Әр адам өз елінің табиғатына тартып туады. Маңғыстауым – жері қазынаға, елі шежіреге бай өлке. 362 әулие орналасқан киелі жер. Қазақстанның «жеті кереметі» атты жаңа жобаның үшеуі – осы Маңғыстауда. Олар: «Бекет-Ата» – жер асты мешіті, Қазақстандағы ең терең Қарақия ойпаты және Шерқала – биік ақ бор тауы.
      Туған жерімнің әрбір тасы, талы, топырағы, аң-құсы маған қымбат. Мен осындай киелі де берекелі жерде дүниеге келгенімді мақтан тұтамын. «Елдің қамын ойлаған ерте өседі»,-дейді Мұзафар атамыз. Мен өзімді елімнің ертеңімін деп есептеймін. Туған жерімнің қадірі асып, мәртебесі таси берсе екен деп армандаймын. Бүгінгі елімнің дамуына қарап, бұл менің бала арманым емес, шындыққа апарар сара жол деп есептеймін.
      Маған ұнайды:
      13.03.2013, 13:18
      Предыдущие 6 комментариев
    • Амангул Досмухаммедова
      Маған ұнайды:
      13.03.2013, 13:16
      Предыдущие 6 комментариев
    • Малика Калабаева
      "Қазақ мінезі"
      Қазақтағы туа біткен жақсы қасиеттер: батырлық, батылдық, жауынгерлік, тәуекелшілдік, намысшылдық, аршылдық, төзімділік, еңбекшілдік, турашылдық, ойшылдық, шешендік, тапқырлық, біліктілік, айтқырлық, ақындық, алғырлық, түсінгіштік, ізеттілік, ибалылық, ілтипаттылық, тәлімділік, тәрбиелілік, үлкенді сыйлаушылық, жол сыйлаушылық, сөзге тұрушылық, сыйластық, адалдық, қалтқысыздық, кешірімділік, ұятшылдық, кішіпейілділік, қайырымдылық, қанағатшылдық, шүкіршілдік, берегендік, қонақшылдық, қауымшылдық, кеңпейілділік, ағайыншылдық, көпшілдік, жайдарылық, елгезектік, ынтымақшылдық, жыршылдық, сауықшылдық.
      Қазақтағы жүре біткен жақсы қасиеттер: халықшылдық (басқа халықтармен аралас-құраластық), ізденімпаздық (өнер, ғылым т.б.).
      Қазақтағы туа біткен кемшіліктер: аңғалдық, даңғойлық, ысырапшылдық, алданғыштық, ырықшылдық, көнбістік.
      Қазақтағы жүре біткен кемшіліктер: еліктегіштік, кеудемсоқтық, менмендік, әкімгерлік, астамшылдық, күншілдік, арызқойлық, парақорлық, араққорлық, опасыздық-бұлар жан-жағымыздағы кейбір көршілермен қарым-қатынастан жұққан кеселдер. Әсіресе, олар жеке адамдардың іс әрекетінде берік орныққан кемшіліктер болса керек.
      Маған ұнайды:
      04.03.2013, 11:56
      Предыдущие 6 комментариев
    • Алпамыс Оралтаев
      Маған ұнайды:
      03.03.2013, 22:56
      Предыдущие 6 комментариев
    • Малика Калабаева
      Абай Құнанбаев
      "Қырық төртінші сөз"
      Адам баласының ең жаманы - талапсыз. Талап қылушылар да неше түрлі болады. Һәм талаптың өзі де түрлі-түрлі. Һәм сол талаптардың қайсысының соңына түссе де, бірінен-бірі өнерлі, тұрлаулырақ келеді. Уа, ләкин адам баласы я талапты, я талапсыз болсын, әйтеуір "бәрекелдіні" керек қылмайтұғыны болмайды...
      Талаптың ішінде адам баласы көбінесе басына қадыр іздеп, сол талапта болады. Біреу мал қуып жатыр. Сараңдықпен, арамдықпен, әйтеуір мал тапсам, "Мал тапқан ердің жазығы жоқ", "Малдының беті жарық" дейтұғын мақалға сеніп, малдыны сөге алмайды деп, бұл мал һәм пайда, һәм қасиет болады бойыма дейді. Адамдыққа, ақылға қарағанда, ол - көңіл жиіркенетұғын іс. Осыған орай біреу ер атанамын, біреу қажеке атанамын, біреу молдеке атанамын, біреулер білгіш атанамын деп, сол харекетте жүр.
      Маған ұнайды:
      03.03.2013, 17:17
      Предыдущие 6 комментариев
    • Динислам Тлесов
      Барлықтарыңызға да жалынды сәлем! Құрметті жас қаламгерлер! Ата-бабаларымыздың ерлігін мен елдігін ту етіп, үлгі етіп, қолынан ақ парағы мен қара қаламын тастамайтын жас қаламгерлер.
      Маған ұнайды:
      28.02.2013, 0:10
      Предыдущие 6 комментариев
    • Айнура Сейдахмет
      Сәлем- Әлем!!!
      Маған ұнайды:
      23.02.2013, 23:31
      Предыдущие 6 комментариев