Хабарландыру тақтасы

Республикалық «ЖЕҢІС ХАТЫ» байқауын өткізу ЕРЕЖЕСІ

01.02.2020, 0:00 | Пікір: 0

  1. Жалпы ережелер:

 

1.1. Осы ереже «Жеңіс хаты» республикалық байқаудың (бұдан әрі – Байқау) мақсатын, міндеттерін және тәртібін айқындайды.

1.2. Байқау «Жеңіс хаты» халықаралық акциясы аясында өткізіледі.

1.3. Ұлы Отан соғысы 75 жыл бұрын аяқталды. Бұл соғыс әлемдік тарихты, адамдар тағдытын әлем картасын өзгертті. Біздің халық жоғары ұйымдастырылған және тамаша қаруланған қарсылас – нацисттік Германия қысымына төтеп берді. Біз қарсы тұрдық және жеңіске жеттік.

Жеңіс үшін ең құнды баға төленді – адам өмірі. Әрбір отбасының тағдырында соғыс өз ізін қалдырды. Аталар мен бабалар, апалар мен әжелер әр күн сайын ерлік жасады. Олар шабуыл операцияларында өлімге беттеді, окоп қазып, дала госпитальдарын ұйымдастырды, партизан болу үшін ормандарға кетті, тылда жұмыс істеді. Әркімнің өз жұмысы болды. Осының барлығы соғыстың соңғы күнін жақындатты. Жеңіс күні – ұрпақтарды сабақтастыратын мейрам.

 

  1. Байқау ұйымдастырушылары:

 

2.1. Байқау ұйымдастырушылары:

- «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігі;

- «Аtamnyn amanaty» қоғамдық бірлестігі;

- «Жеңіс Волонтерлары» Халықаралық волонтерлік қозғалыс.

 

  1. Байқаудың мақсаты мен міндеттері:

 

3.1. Мақсаты – жасөспірімдер мен жастардың назарын Ұлы Отан соғысы оқиғаларына аудару.

3.2. Міндеттер:

- жасөспірімдер мен жастарда ата-бабаларымыздың Ұлы Жеңісі үшін мақтаныш пен патриоттық сезімді тәрбиелеу;

- болашақ ұрпақтың бейбітшілігі үшін фашизмге қарсы соғысқан майдангер-батырлардың өмірлік тарихы туралы жастардың түсініктерін жандандыру;

- балалар, жасөспірімдер мен жастардың бойында Отан тарихына, соғыс ардагерлері мен соғыс жылдарындағы тыл еңбеккерлеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу;

- жастарды өз халқының тарихын, Отанын зерттеуге шақыру;

- талантты жастардың шығармашылық өсуіне ықпал ету.

 

  1. Байқауға қатысу шарттары:

 

4.1. Байқауға Қатысушылар:

Байқауға Қазақстан Республикасының мектептерінің 1-11 сынып оқушылары қатыса алады.

4.2. Байқаудың  мерзімі:

- қатысуға өтінімдер 2020 жылдың 3 ақпанынан 29 ақпанына дейін қабылданады;

- 1 наурыздан 7 наурызға дейін қазылар алқасының мүшелері жұмыстарды қарайтын болады;

- жеңімпаздарды 2020 жылдың 11 наурызында Instagram әлеуметтік желісіндегі ұйымдастырушылардың ресми аккаунты @jasulan_qz, @ata.amanaty және ресми сайты www.zhasulan.kz арқылы жариялайды. 

4.3. Байқауға қатысу үшін қатысушыларға Ұлы Отан соғысына байланысты оқиғаларға қатысқан өзінің отбасы мүшелеріне "өткенге хат" жазу қажет. Хатта Ұлы Отан Соғысының қаһармандарына алғыс айтып, соғыс туралы естеліктердің сақталына өзінің қандай үлес қосып жатқаны жайлы жазуы тиіс.

4.4. Өтініштер https://docs.google.com/forms/d/1KW-BU3UiFLTW9kbZE4slxabJ3tEF7Dfy8lGd12a6FN4/edit?usp=sharing сілтеме бойынша форманы толтыру арқылы қабылданады, сондай-ақ байқауға қатысушылар хаттың текстін Instagram әлеуметтік желісіндегі жеке парақшаларына жариялап, #jasulandyqtarumytpaidy   #atamnynamanaty #jasulan хештегтерін белгілеу қажет.  

 

V. Байқау жұмыстарына қойылатын талаптар

 

5.1. Байқауға қазақ немесе орыс тілдерінде, көлемі 300 сөзден кем емес және 1000 сөзден аспайтын жұмыстар қабылданады.

5.2. Байқауға бұрын еш жерде жарияланбаған шығармашылық жұмыстар қабылданады.

5.3. Жасырын, лақап атпен жазылған туындылар немесе автордың нақты аты көрсетілмеген жұмыстар байқауға қатыстырылмайды.

5.4. Байқауға  қатысуға автордың бір ғана жұмысы жіберіледі. Жұмыстың авторлық құқығы үшін байқауға жұмысты жіберген тұлға жауап береді. 

5.5. Байқауға келесі жұмыстар қабылданбайды:

- плагиат және/немесе үшінші тұлғалардың туындыларының дәйексөздерін қисынсыз қолданған;

- нормативтік емес лексика қолданылған; 

- саяси, діни және ұлттық келіспеушіліктер туындататын жұмыстар.

 

VI. Қорытындылау

 

6.1. Байқау жұмыстарын байқау комиссия бағалайды. Конкурстық комиссияның құрамына оқытушылар, журналистер, қоғам өкілдері кіреді. 

6.2. Байқау қорытындысы бойынша әр өңірден жеңімпаздар анықталады. Нәтижесінде байқауда 17 жеңімпаз болады.

6.3. Жеңген жұмыстар Instagram әлеуметтік желісіндегі ұйымдастырушылардың ресми аккаунтында @jasulan_qz, @ata.amanаty және бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырылады.

6.4. Жеңімпаздар дипломдармен марапатталады, сондай-ақ оларға 9 мамыр күні Нұр-сұлтан қаласында өтетін Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналған шеруге қатысуға мүмкіндік беріледі.

6.5. Жатын орын мен тамақтану бойынша шығындар қарсы алушы тараптан өтеледі.

 

VII. Ұйымдастырушының координаттары:

7.1. Барлық сұрақтар бойынша «Жас Ұлан» ББЖҰ РҚБ-ға мына мекен-жайға хабарласуға болады: Нұр-сұлтан, Б. Майлин көшесі, 1а үйі.

Байланыс деректері: 

+7 702 852 5169 – Аманжолова Аида

e-mail: zhasulan2020@mail.ru

 

«Atamnyn Amanaty» ҚБ  Нұр-Сұлтан қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 58Б үй.

+7 775 225 6915 – Айнур Акен

gmail: ata.amanaty@gmail.com

 

Пікірлер

Предыдущие 6 комментариев
Чтобы оставлять комментарии, Вам необходимо зарегистрироваться или авторизоваться на портале.