СӘЛЕМ ӘЛЕМ

СӘЛЕМ ДОСТАР!)

ҚАТЫСУШЫЛАР

10 адам

    ӘКІМШІЛЕР

    1 адам

    ҚҰЖАТТАР

    0 құжат

    • СТЕНА СООБЩЕСТВА

    • 1 жазба
    • Роза Шахан
      Журналдың халықтың санасына әсері зор екені сөзссіз.Осыған байланысты, ұлттық мәдениет пен құндылықтарды дәріптей отырып балалар мен жасөспірімдердің оқуға деген қызығушылығын арттырып, журнал шығарылымдары арқылы ұйымның жұмыстарын дәріптеу біздің мақсатымыз.Мақсат бар жерде, міндетте бар. Сонымен, Сәлем жураналының міндеттері:
      1. Балалар ақпараттық саласында журналдың рөлін анықтау;
      2. Балаларды қызықты және заманауи тақырыптармен қамтамасыз ету;
      3. Ұлттық тәрбие және ұлттық құндылықтарды басылым арқылы өрістеу;
      4. Ойлау өрісін кеңейте отырып, логикалық және интеллектуалды машықтарын қалыптастыру;
      5. Кез-келген оқырманның шығармашылық деңгейін көтеру.
      Журнал әртүрлі рубрикалардан тұрады. Рубрикалар Жас Ұлан Республикалық балалар мен жасөспірімдер ұйымының басты 7 бағыты бойынша жарияланады. Яғни Зерде , Руханият , Еңбек , Экоәлем , Отан , Салауат , 7 жарғы бағыттары.
      1. Отан . Отан - Отанға қызмет етудің маңыздылығы, өз халқың үшін мақтаныш сезімі, мемлекеттік рәміздерді, мемлекеттің және туған өлкеңнің идеологиялық негіздерін білуге жағдай жасайды. Рубрикада Қазақстанның кереметтері, табиғаты, өңірлер тарихы және т.б. көрініс таппақ.
      2. Салауат - салауатты өмір салтын қалыптаструдағы бағдарламаларды ұйымдастыру арқылы дене шынықтыруды дамытуға әсер етеді. Салауатты өмір салтын ұстаудағы қиыншылықтар мен олардың пайдасы, зияны туралы болмақ.
      3. Еңбек - оқушылардың білімділігін және біліктіліктерін қалыптастыру. Білім саласындағы оқушылардың атқарар рөлі, еңбек қоғамын қалыптастырудағы маңыздылығы сөз болады.
      4. Жеті жарғы - оқушылардың тұлғалық, әлеуметтік, құқықтық біліктіліктерін, азаматтық белсенділіктерін және өз құқығын қорғай білу қабілеттерін қалыптастырады. Шешендік сөздер, билер мен Жыраулардың, ар-намыс, балалар құқықтарының сақталу заңдылықтарын айқындамақ.
      5. Экоәлем - Балалардың қоршаған ортаға дұрыс қатынас орнату және табиғат қорларын тиімді пайдалануға бағытталған экологиялық мәдениетті қалыптастыру.
      6. Руханият - балалардың жан азығының таптырмас бір бөлшегі. Бұл рубрикада балалардың еркін ойында, дүниесінде жүрген ойларын жаза алады.
      7. Зерде - ақылдылық, нағыз интелект иегерлері туралы жазылады.
      Маған ұнайды:
      19.10.2013, 20:59
      Предыдущие 6 комментариев