Батыс Қазақстан облысы, Орал

Статус группы...

ҚАТЫСУШЫЛАР

4 адам

    ӘКІМШІЛЕР

    2 адам

    ҚҰЖАТТАР

    0 құжат

    • СТЕНА СООБЩЕСТВА

    • 4 жазба
    • шолпан мұқан
      Мен өмірді ұғындым.
      Асыл анам ,
      Мол мейірден жаралған ,
      Нұр жүзіңнен күн сəулесі таралған.
      Арман тұнған жетелейін жырыммен ,
      Мынау ғұмыр адастырар қара орман.

      Өзіңменен бекем əркез қамалым ,
      Бас имеске бар ма менің амалын .
      Ең алғашқы қадамымның куәсі ,
      Өзің барда жоқ адасар қамалым.

      Бүгін , міне ,
      Қуаныштан табыс нұр ,
      Сен болмасаң бірі де бос
      Қараң бұл.
      Сенің сыйлы жүрегіңнен нəр алған
      Кəусəр бұлақ ,
      Ағып жатқан жағам жыр.

      Анашым ,
      Мен сенің қызыл гүліңмін ,
      Шырқалатын көңілінде жырыңмын .
      Сен көлімсің ,
      Шөлдегенде сусындар ,
      Мен өмірді мен арқылы ұғындым.
      Маған ұнайды:
      07.07.2016, 20:54
      Предыдущие 6 комментариев
    • шолпан мұқан
      Аманат дала
      Бір - бірінен қалып - оқып жылдар өтті ғасырлар ,
      Бірін - бірі шалып озып қанша өтті пенделер.
      Кеудесінен танк өтіп
      жарқылдады жасындар
      Далам жатыр маңғазданып
      жоқ - тын оған тең келер.

      Тарихымның қатар беті
      Тек өзіңе жазылды .
      Шежіреме құяры бар мүлгіп жатқан тасының .
      Сен бергенсің қазағыма
      еркіндікті , жалынды
      Сенде өскен жусанменен ойнайды бар асылым.

      Тауым асқақ.
      Далам одан ешбір төмен емес - ті
      Қазақ үшін ол тым бөлек , түкпірінде сананың.
      Қан ағылып бұлақтайын ,
      Өткізіп сан белесті
      Қалдырылған қасиетті аманаты бабаның

      Көргің келсе шежіремнің ақиқатын , мөлдірін .
      Сырласыңдай сырласады .
      Тек сен барып сұрашы ,
      Айтады ол бабалардың , аналардың өрлігін
      Дархандықтың , даналықтың тағы да бір мұрасы.

      Бірі озып ,
      Бірі қалып өтіп жатыр жылдарым
      Қаламынан ақындардың қосылады жыр баққа
      Төтеп беріп уақыттың антқа салып сындарын
      Аманат боп қала беред (і ) , маңғазданып ұрпаққа!
      Маған ұнайды:
      07.07.2016, 19:52
      Предыдущие 6 комментариев
    • шолпан мұқан
      Ұланымыз ұлы елдің.
      Үйге келдім
      асығып мен бір күні.
      Жанған оттай жалындаған едім мен.
      Болған үшін мен оқушы үлгілі ,
      "Жас ұланға " қабылдады дедім мен.

      Анамайтты
      маған қарап қалжыңдап
      Бала кезін еске алғандай жалт еткен.
      "Пионер" боп жүруші едік адымдап
      Сол бір кезде бақытты едім мен неткен.

      Осыны айтып
      əрі жалғад(ы) өз ісін ,
      Ал мен болсам тұрып қалдым орнымда
      Əңгімеміз əрі қарай өрбісін
      Деп ойлап мен жауап бердім тұрдым да.

      Пионер боп
      сіздер жүрдің кезінде
      Бұл да тарих.
      Жасына алман оны мен .
      Қуанышты болған шығар сезім де ,
      Патриот та болған шығар ...
      Сонымен :
      Пионер боп басқа елдің құлы едің
      Бұлт сейіліп орнады енді азат күн.
      Біз "Жас ұлан" ұланымыз ұлы елдің
      Ұланымыз
      Азат елдің
      Қазақтың!
      Маған ұнайды:
      07.07.2016, 19:51
      Предыдущие 6 комментариев
    • Айболат Кожангалиев
      http://www.zhastar-bko.kz/index.php/akparat/37-batis-new/1004-news.html
      Маған ұнайды:
      13.03.2013, 14:01
      Предыдущие 6 комментариев