Ғылым әлемінде

Ізденіс үстінде

ҚАТЫСУШЫЛАР

123 адам

    ӘКІМШІЛЕР

    1 адам

    ҚҰЖАТТАР

    0 құжат

    • СТЕНА СООБЩЕСТВА

    • 69 жазба
    • Серикбай Оркенулы
      Маған ұнайды:
      10.05.2016, 7:36
      Предыдущие 6 комментариев
    • Серикбай Оркенулы
      Маған ұнайды:
      10.05.2016, 7:36
      Предыдущие 6 комментариев
    • Динислам Тлесов
      Маған ұнайды:
      08.09.2013, 12:48
      Предыдущие 6 комментариев
    • Динислам Тлесов
      Н.Назарбаевтың ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесін Астанада өткізу туралы шешім қабылдануына байланысты Қазақстан халқына Үндеуі
      07 FriAsia/Almaty2012-12-07T09:32:00+06:00Asia/Almaty12bAsia/AlmatyFri, 07 Dec 2012 09:32:00 +0600 2012, 09:3210851
      Астана. 7 желтоқсан. BAQ.kz Құрметті қазақстандықтар!
      Өздеріңіз білесіздер, Қазақстан Астанада Халықаралық мамандандырылған ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу құқына қол жеткізді.

      Біз елеулі үміткер, осындай халықаралық форум өткізуде тәжірибесі бар бельгиялық Льеж қаласын жеңіп шықтық.
      Бұл Қазақстанның зор табысы.
      ЭКСПО көрмесі – бұл мәні жағынан бүкіләлемдік экономикалық форумдармен, ал туристік тартымдылығы жағынан әлемнің ең кең танымал спорт жарыстарымен теңдес жаһандық ауқымдағы оқиға.
      Халықаралық көрмелер өткен 160 жылдан астам уақытта олар негізінен экономикалық алыптар саналатын – АҚШ, Франция, Германия, Жапония, Бразилия, Канада, Ұлыбритания, Испания, Қытай және басқа елдерде өтті.
      Енді олардың қатарына Қазақстан да еніп отыр.
      Біздің осынау жаңа табысымыз біздің бүкіл әлемде құрметті елге айналғанымызды тағы да көрсетіп беріп отыр.
      Біз үшін Халықаралық көрмелер бюросына мүше 160 мемлекеттің басым көпшілігі дауыс берді.
      Іс жүзінде Астананы бүкіл әлем таңдады!
      Сондықтан ЭКСПО-2017-ні өткізу – бұл, сонымен бір мезгілде, Қазақстанның бүкіл әлем алдындағы орасан зор жауапкершілігі.
      Біз небары бес жылда Көрме орталығын тұрғызып, жаңа қонақүйлер, жолдар салып, көлікті дамытып, қонақтарды қарсы алуға даярлықты қамтамасыз етіп, үлкен дайындық жұмыстарын жүргізуіміз керек.
      Бұл міндеттің ауқымы аса зор.
      3 ай ішінде ЭКСПО-2017 көрмесін шамамен 5 миллиондай шетелдіктер келіп көретін болады.
      Бүкіл елдер өз павильондарын көрме тақырыбы – «Болашақтың энергиясына» сәйкес дайындайды.
      Өткеннің тәжірибесі көрсеткендей, мұндай көрмені өткізу олар өткен қалалар мен елдердің дамуына зор ықпалын тигізді.
      Бұл біздің еліміз үшін жаңа энергетикалық және «жасыл» технологиялар алуда аса зор мүмкіндік.
      Бұл ЭКСПО-2017-ні дайындау мен өткізу уақытында, сондай-ақ оның нысандарын одан әрі пайдалануда Қазақстанға келіп түсетін миллиардтаған доллар инвестициялар.
      Көрмені дайындау мен өткізудің барлық мәселелерін шешу үшін мен Мемлекеттік комиссия құрдым.
      Астанада жаңа Көрме кешенінің құрылысы үшін жер белгіленді.
      Бұл Қазақстандағы тағы бір «халықтық құрылыс» болмақ.
      Бес жыл тез өте шығады.
      ЭКСПО-2017-ні өткізу құқы жолындағы күрестегі Астананың табысы – ол бүкіл Қазақстан халқының табысы.
      Бүкіл қазақстандықтардың Халықаралық көрмені өткізуге белсенді атсалысатынына менің ешқандай күмәнім жоқ.
      Мен ЭКСПО-2017-нің біздің тарихымыздың тағы бір алтын парағы болатынына сенемін.
      Мен бүкіл отандастарымды топтасуға және біздің елімізді осынау кең ауқымды халықаралық оқиғаға белсенді дайындауға шақыр
      Маған ұнайды:
      08.09.2013, 12:47
      Предыдущие 6 комментариев
    • Динислам Тлесов
      Маған ұнайды:
      08.09.2013, 12:45
      Предыдущие 6 комментариев
    • Динислам Тлесов
      Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан - 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы
      1 9785

      Мансұр ХАМИТ (фото)

      Тәуелсіздіктің 21 жылдығын салтанатты атап өту қазақ халқының жадындағы тарихи сәттердің біріне айналары хақ. Олай деуге себеп: Қазақстанның Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев кешегі Тәуелсіздік күні салтанатына арналған жиында жұртшылыққа Жолдау арнап, мәңгілік ел болудың 2050 жылға дейінгі жаңа межесін айқындады. Тағы бір жағымды жайт, Тәуелсіздіктің салтанатты мәжілісі елордадағы қазақ мәдениетінің ең биік тұғырына айналған, теңдесі жоқ өнер ордасы – «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрында тұңғыш рет өтіп, ғажайып мәдениет ордасының шымылдығы Қазақстанның жаңа стратегиялық бағдарын айқындайтын Жолдаумен ашылды.

      Елбасы әдеттегідей Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиында­ғы сөзін ең алдымен еліміздің өтке­нінен бастады. Қазақ елінің 21 жыл бұ­рынғы тағдырлы тарихын көз алды­на елестете отырып, бүгінгі биік­ті бағамдап берді. «Өткен күн­нен алысы жоқ, келер күннен жақы­ны жоқ» деген бабалар­дан қалған сөз бар. Тәуелсіздіктің 20 жылдық көкжиегінен көз жіберетін болсақ, біз ғасырларға татитын тарихи жол­дар­дан өттік. Осыдан 21 жыл бұрын әлем жұртшылығы Тәуелсіздігін енді ғана жариялаған Қазақстан Респуб­ликасын былай қойғанда, қазақ деген халықтың бар-жоғын әлі та­нып-білмейтін еді. Бүгінде әлем та­ны­ған, күллі дүниежүзі мойындаған Қа­зақ­станның 21 жыл бұрынғы жағ­да­йы дәл осындай болады деп сену­дің өзі, шынында да, қиын еді. Бірақ бұл – бәріміз куә болған ақиқат дү­ние. Содан бері 21 жылда ұлан­ғайыр ұлы табыстарға қол жеткізе ал­дық», – деді Н.Назарбаев. Соны­мен қатар Президент ел дамуының бе­рік ірге­тасы қаланып, Ата заңы­мыз қабыл­данғанын, жаңа заңна­ма­лық жүйе қалыптасқанын айтты. «Қазақ­стан – 2030» стратегиялық бағдары айқындалып, Тәуелсіздіктің төл перзенті – барша жұртшылық таңға­ла­­тын Астана салынғанына тоқтал­ды. «Осылайша, Қазақстан қазір жаңғыру кезеңін артқа тастап, жаңа кезеңге аяқ басты. Дәл осы белес жаңа замандағы жаңа Қазақстанның орнын анықтады», – деді салтанатты жиынды ашып сөз сөйлеген Нұрсұлтан Әбішұлы. Бұдан ары Мемлекет басшысы елдіктің ендігі міндеті егемендік жылдары қол жет­кізгеннің барлығын сақтап, ХХІ ғасырда орнықты дамуды жал­ғас­­тыру екенін айтты. Демек, басты мақсат – 2050 жылға қарай мықты мем­лекеттің, дамыған экономика­ның және жалпы­ға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру. Ал мықты мемлекет деге­ні­міз не, сон­да? Мұны Елбасының сөзімен са­бақ­та­сақ, мықты мемлекет эконо­ми­калық жедел өсу жағдайын қамта­ма­­сыз ету үшін аса маңызды бол­мақ. Мықты мемлекет күнкөріс сая­са­ты­мен емес, жоспарлау саясаты­мен, ұзақ мерзімді дамумен және экономикалық өсумен айналысады. «Мінеки, дәл осы себептен Тәуел­сіздік күні қарсаңында, қымбатты менің отандастарым, сіздерге жаңа Жолдау ұсынып отырмын. Бұл – еліміздің даму перспективаларына жасаған өзіндік пайымдауым. Бұл – жаңа саяси бағыт», – деп түйіндеді өз сөзін Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы.

      «Қазақстан-2030» стрАтегиясында қамтылған көпшілік басымдықтар мерзімінен бұрын орындалды

      Қазақстанның қазіргі жетістігінің асқары да, бастауы да осыдан 15 жыл бұрын айқындалған «Қазақ­стан – 2030» стратегиясы еді. Сол жылдардың бейберекет қиындығы өз алдына, келешекті ойлау да мүм­кін болмайтын. Ілгерідегі осындай жағ­­­дай­ларды еске ала сөйлеген Мем­лекет басшысы сол жылдар ке­з­е­ңі­не һәм стратегиялық құжатта қам­тылып, мер­зімінен бұрын орын­далған дүние­лерге де тоқталды.

      «1997 жыл естеріңізде ме? Парла­ментте мен сөз сөйлегеннен кейін абды­рау мен абыржу болды. Көпшілік: «Бұл не: насихат па? Әлде аспаннан түскен нәрсе ме?» – деп сауал қойып жатты. Сол кезде алға қойған міндет­тер сон­шалық­ты асқақ болып көрінетін. Деген­мен «көз қорқақ, қол батыр» дейді ғой. Біздің алдымызда оқиғалар барысына өзгеріс енгізу сияқты ауқымды міндет тұрды. Жаңа елдің іргесін қалау керек болды. Ол міндетті шешу үшін біз үш бірдей жаң­­ғыр­ту жүргізуге тиіс едік: мемлекет­тің ір­ге­сін қалау мен нарықтық экономи­када серпіліс жасау, әлеуметтік мем­лекеттің негіздерін қалау, қоғамдық сананы қайта өзгерту. Біз өзіндік жолымызды айқындауға тиіс едік. Бұл жол «Қазақстан – 2030» стратегиясында белгіленген болатын», – дей келе Нұрсұлтан Әбішұлы сол стратегияның жеті бағыты бойынша атқарылған шара­лар­ға тоқталды. Оның біріншісі – ұлттық қауіпсіздік. «Біздің алдымызда Қазақ­станның тұтастығын сақтай отырып, дамыту міндеті тұрды. Біз жоспарла­ғаннан да асыра орындадық.Тұңғыш рет тарихта біздің мемлекет халықаралық дәрежеде танылған нақты шекарасын белгіледі. 14 мың шақырым мемлекеттік шекара меже­ленді. Қазақстан Каспий теңізінің айдынында­ғы ахуалды сенімді бақы­лауда ұстайды. Болашақта кез келген аумақтық даулардың туындау қаупі қазір сейілген. Біз ұрпақта­рымызға көршілермен даулы аумақтар қал­дыр­ған жоқпыз. Біз адамның, қоғам мен мем­лекеттің қауіпсіздігін қамта­ма­сыз ететін күшті, заманауи, қорға­ныс­қа қабі­летті әскерді, пәрменді құқық қор­ғау жүйесін құрдық», – деді Нұрсұлтан Назар­баев.

      Елбасы тоқталған екінші басымдық – ішкі саяси тұрақтылық пен ұлттық бір­лік. Бұл бағытта Қазақстанның өзінің сая­­сатын нығайтып қана қоймай, әлем­дік қауым­дастыққа үлгі ел ретінде сана­ла­­ты­ны да бекер емес. Қазақстан бүгін­де мә­де­ниетаралық және конфессия­ара­­л­ық үнқатысудың халықаралық ор­та­лы­ғына айнал­ғаны белгілі. Әлемдік және дәс­түрлі діндердің алғашқы төрт съезі нақ біздің елімізде өтті. Осы ретте Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы «ХХІ ға­сырда Қазақ­стан Шығыс пен Батыстың үн­қатысуы мен өзара іс-қимылының кө­пірі болуға тиіс» – деп атап өтті. «Қазақ­стан – 2030» стратегиясында басты назар эконо­микалық өсуге аударылған болатын. Нәтижесінде, 15 жыл ішінде ұлттық экономиканың көлемі 1997 жылғы 1,7 триллион теңгеден 2011 жылы 28 триллион теңгеге өсті. Елдің ЖІӨ 16 еседен астам өсті. 1999 жылдан бастап Қазақстанның ЖІӨ-нің жыл са­йынғы өсуі 7,6%-ды құрап, алдыңғы қатарлы елдерді басып озды. Жан ба­сы­на шаққанда ЖІӨ 1998 жылғы 1500 доллардан 2012 жылы 12 мың долларға жетіп, 7 еседен астам өсті. Стратегиядағы тағы бір басымдық – ел азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқатын арттыру болатын. Мұнда да атқарылған жұмыстың нәтижесі көзге бірден түседі. Мәселен, орташа айлық жалақы 9,3 есе өсті. Зейнетақы төлемдерінің орташа мөл­шері 10 есе ұлғайды. Халықтың нақ­­­ты­лы ақшалай кірістері 16 есе өс­кен. Соңғы 15 жылда халықтың санының 14 млн-нан 17 млн адамға дейінгі өсімі де соның айғағы.

      Бұлардан бөлек, Мемлекет басшысы энергетикалық ресурстар саласындағы межелердің атқарылуын, инфрақұры­лым, оның ішінде көлік пен байланыс саласындағы басымдықтардың орын­дал­ғанын, ең ақыр аяғы кәсіби мемле­кеттің құрылуы жапсарын да егжей-тегжейлі баяндады.

      С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ (фото)

      Елбасы атаған ХХІ ғасырдың 10 жаһандық сын-қатері

      «Қазіргі уақытта адамзат жаңа жаһан­дық сын-тегеуріндермен бетпе-бет келуде. Еліміз бен өңіріміз үшін мен он негізгі сын-қатерді бөліп көрсетемін. Егер біз өз дамуымызда жаңа табыстарға одан әрі қол жеткізуді жоспарлайтын болсақ, олардың әрқайсысын міндетті түр­­де ескеруге тиіспіз», – дейді

      Н. Назар­баев. Сонымен, Президент айт­қан бірінші сын-қатер – тарихи уақыттың жедел­деуі. «Әлем қарқынды түрде өз­геру­де және болып жатқан өзгерістердің жылдамдығы адамды таңғалдырады. Соңғы 60 жылда Жер тұрғындарының саны үш есе көбейді, ол 2050 жылға қарай 9 млрд адамға жетеді. Осы кезең ішінде әлемдік жалпы ішкі өнім 11 есе өсті. Бүкіләлемдік тарихи процестің жеделдеуі қай кезде де мемлекеттер алдында жаңа шектеусіз мүмкіндіктер ашады, ал оларды толығымен пайда­ланғанымызды мен мақтан тұтамын», – деді Мемлекет басшысы. Елбасы тоқ­та­ған екінші сын-қатер – жаһандық де­мографиялық теңгерімсіздік. Бұл ретте Президент пайымынша, жалпы әлемдік тренд – адамзаттың қартаюы. Ал енді 40 жылдан кейін 60 жастан асқан адамдар­дың саны 15-ке толма­ғандардан асып түседі. Туудың азаюы және адамзаттың қартаюы көптеген елдерде еңбек нары­ғын­дағы проблема­ларға, атап айтқанда, еңбек ресурста­рының жетіспеушілігіне сөзсіз әкеледі. «Біз жас ұлтпыз. Еліміздегі орташа жас – 35. Бұл біздің адамдық әлеуетімізді сақтауға, әлемде өзіміздің дұрыс орны­ғуымызға зор мүмкіндік береді. Бүгінгі күні алға жылжуға бізде жақсы негіз бар. Елімізде әрбір іздеген адам табуына болатын жұмыс бар. Оның үстіне біздің әрқайсымыздың өзі­міз жұмыс істеп, өзімізді асырауға мүм­кін­дігіміз бар. Бұл – біздің үлкен жетіс­тігіміз. Мен сіздерді жалпыға ортақ ең­бек қоғамына бастап келемін, онда жұ­мыс­сыздар жай ғана жәрдемақы алу­шы­лар емес, олар жаңа кәсіптерді мең­геретін болады, мүгедектер жасампаз­дық қызметпен бел­сенді түрде айналыса алады, ал корпо­рациялар мен компа­ниялар олар­дың еңбегі үшін лайықты жағ­дай жасай алады», – деді Н. Назар­б­ае­в. Үшінші сын-қатер – жаһандық азық-түлік қауіп­сіздігіне төнетін қатер. Елбасы мұндай жаһандық қатер аста­рында Қазақстан үшін орасан зор мүм­кін­діктер бар екенін алға тартады. «Біз қазірдің өзінде астық дақылдарын аса ірі экспорттаушылар қатарына ендік. Біз­де аса ірі экологиялық таза аумақтар бар және экологиялық таза тағам өнім­дерін шығара аламыз. Ауыл шаруа­шы­лығы өнеркәсібінде сапа­лы секіріс жасау – толықтай қолымыз­дағы нәрсе. Бұл үшін бізге жаңа тұрпаттағы мемлекеттік ой-сана қажет бо­лады», – деді Прези­дент.

      Судың тым тапшылығы – бұл төртінші сын-қатер. «Бұл проблеманың геосаяси астары да жоқ емес. Қазірдің өзінде біз трансшекаралық өзендердің су ресурс­тарын пайдалануда бірқатар мәселелер­мен бетпе-бет келдік. Аталған мәселенің күрделілігіне қарамастан, біз оны саясаттандыруға жол бермеуге тиіс­піз», – деп атап өтті бұл тұрғыда Елба­сы. Бесін­ші сын-қатер – жаһандық энергети­ка­лық қауіпсіздік. «2050 жылға қарай алған­ның өзінде оларды қолдану ба­р­лық тұтынылатын энергияның 50 %-на дейін өндіруге мүмкіндік береді.

      Қазақстан жаһандық энергетикалық қауіпсіздіктің басты элементтерінің бірі болып саналады. Мұнай мен газдың әлемдік деңгейдегі аса ірі қорларын иеленетін біздің еліміз өзінің энергети­калық саладағы сенімді стратегиялық әріп­тестік пен өзара пайдалы халықара­л­ық ынтымақтастық саясатынан бір қадам да кейін шегінбейтін болады», –деп пайымдады Президент. Алтыншы сын-қатер – табиғи ресурстардың сар­қ­ы­луы. «Бізге өз табиғи байлықтары­мыз­ға деген көзқарасымызды ой елегі­нен өткізудің принципті маңызы бар. Біз оларды сатудан қазынамызға кіріс құя отырып, оларды дұрыс басқаруды, ең бастысы, еліміздің табиғи байлығын орнықты экономикалық өсуге барынша тиімді кіріктіруді үйренуіміз керек».

      Жетінші сын-қатер – Үшінші индус­трия­лық революция. «Адамзат Үшінші индустриялық революция табалдыры­ғын­да тұр, ол өндіріс ұғымының өзін өзгер­теді. Технологиялық жаңалықтар әлем­дік нарықтың құрылымы мен қа­жеттіліктерін түбегейлі өзгертеді. Біз бұрын­ғыға қарағанда мүлде өзгеше технологиялық болмыста өмір сүріп жатырмыз». Сегізінші сын-қатер – үдей түскен әлеуметтік тұрақсыздық. Ал әлеуметтік тұрақсыздықтың басты себебі – әлеуметтік теңсіздік. «Әлеумет­тік-саяси дағдарысқа ұласатын жаһан­дық экономикалық дағдарыс Қазақ­станға сөзсіз қысым көрсетіп, біздің төзімімізді сынаққа алатын болады. Сондықтан күн тәртібіне әлеуметтік қауіпсіздік және әлеуметтік тұрақтылық мәселесі қойылады. Біз үшін маңызды міндет – қоғамымыздағы әлеуметтік тұрақ­тылықты нығайту», – деді Мем­лекет басшысы. Тоғызыншы сын-қатер – өркениет құндылықтарының дағдары­сы. «Әлем ауыр дүниетанымдық және құн­дылық дағдарысты бастан кешіріп отыр. Өркениеттер қақтығысы, тарихтың ақы­ры, мультимәдениеттің күйреуін жа­рия­лайтын үндер жиі естіледі. Жылдар бойы сыннан өткен құндылықтарымызды қорғай отырып, біз үшін осынау кертарт­па көзқарастан тартынуымыздың прин­цип­ті маңызы бар. Өз тәжірибемізден білетініміз, біздің «осал тұсымыз» деп атаған көпэтностылығымыз бен көпкон­фес­сиялығымызды өз артықшылығы­мызға айналдыра алдық».

      Оныншы сын-қатер –әлемдік жаңа тұрақсыздық қаупі. «Әлемде не болып жатқанын біздің бәріміз көріп отырмыз. Бұл дағдарыстың жаңа толқыны емес, әлемдік экономика әлі еңсере алмай отырған 2007-2009 жылдардағы дағ­да­рыс­тың жалғасы. Жаһандық экономи­калық жүйе 2013-2014 жылдардың өзінде елеулі іркіліске ұшыратып, атап айтқанда, шикізатқа әлемдік бағаның құлдырауын туғызуы мүмкін. Біз үшін мұндай көрініс аса тиімді бола қоймайды. ЕО мен АҚШ-тағы ықтимал рецес­сия дамыған елдердің шикізат ресурс­тарына қажеттілігін төмендетуге әкелуі мүмкін. Еуроодақтағы жоқ дегенде бір мемлекеттің ықтимал де­фол­ты «домино әсерін» тудырып, біздің ха­лықаралық резервтеріміздің сақталуы мен экспорттық өнім беруіміздің тұрақ­ты­лығына күмән туғызуы мүмкін. Ва­люта­лық резервтердің қысқаруы ва­люта­лық бағамдар мен инфляцияның қысымын күшейтіп, бұл қайтадан әлеуметтік-экономикалық ахуалға кері әсер етуі мүмкін. Осыған байланысты біз халықаралық ахуал дамуының кез келген көрінісіне жан-жақты дайын болу үшін биліктің барлық тармақтары­ның, мемлекет пен қоғамның ойласты­рыл­ған, келісілген және үйлестірілген бағытын тұжырымдауға тиіспіз», – деп түйіндеді Мемлекет басшысы.

      Қазақстан 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарында отыруы тиіс

      Сөйтіп, жаһандық сыни-қатерлердің жай-жапсарына көз жүгірткен Тұңғыш Президент бұны лайықты қабылдау да елдікке сын болатынын аңғартты. Ал ондай қатерге төтеп беруге 2030 Стра­те­гиясының аясы жеткілікті емес. Яғни, Қазақ елі ендігі елдік дамуының бағда­рын бүгін бекітіп, жоспарлау көкжиегін кеңейтіп, кезекті дүниетанымдық серпі­ліс­ті жасауы аса маңызды. Оның үстіне 15 жыл бұрынғы «Қазақстан – 2030» стратегиясы мемлекеттіліктің қалыптасу кезеңі үшін жасалған болатын. Жоғары­да айтқандай, барлық базалық өлшемін де мерзімінен бұрын тауысқан. Ақыр аяғы мемлекеттің алдында жаңа сынақ­тар мен қауіп-қатерлер тұр. Сондықтан «Қа­зақстан – 2050» стратегиясын қа­был­дау­дың маңызы зор болмақ. «2050 жыл – жай бейнелі дата емес. Бұл – бүгін­де әлемдік қауымдастық бағдар ұстап отыр­ған нақты мерзім. БҰҰ-да 2050 жыл­ға дейінгі өркениеттер дамуы­ның жа­һандық болжамы әзірленді. 2050 жыл­ға дейінгі болжамдық баян­да­маны Дүниежүзілік азық-түлік ұйымы жа­риялады. Қазір елдердің дені осын­дай ұзақ мерзімді стратегиялар әзірлеп, қабылдауда. Қытай өзі үшін дәл осындай стратегиялық жоспарлау көкжиегін айқындап алды. Ірі трансұлттық компа­ния­лардың өзі алдағы жарты ғасырға даму стратегияларын әзірлеуде», – деді Н.Назарбаев. Бұл ретте межеленген бағ­дарға тоқтала келе Елбасы «Қазақ­стан – 2050» стратегиясы – «Қазақ­стан – 2030» стратегиясының жаңа кезең­дегі үйлесім­ді дамуы екеніне мән берді. «Біз кімбіз, қайда барамыз және 2050 жылға қарай қайда болғымыз келеді?» деген сұрақ­тарға жауап – осы. Жас ұрпақтың нақ осы­ған мүдделі екеніне сенімдімін. Осы­ған орай, ұлттың 2050 жылға дейінгі жаңа саяси бағытының жобасын ұсына­мын», – деді Нұрсұлтан Әбішұлы. Бұдан бөлек, Елбасы Қазақ­стан 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарында отыруы тиіс­тігін қадап айтты. Мемлекет басшы­сының сөзіне қараған­да, дамушы елдер арасында дәл осы клубтағы орынға бәсекелестік қатал болмақ. Соған орай, Нұрсұлтан Әбішұлы «күн астындағы орын» тек ең мық­ты­ларға арналғанын нақты сезіне отырып, ұл­тымыз жаһандық экономикалық тай­та­ласқа дайын болуға тиістігін атап өтті.

      Бұдан бөлек, Елбасы 2050 жылға дейін кезең-кезеңмен бірқатар міндет­тер­ді шешу принципті маңызды екенін айта­ды. Ондай бағыттың ішінде мем­лекеттің макроэкономикалық саясатын жаңғырту, салық саясатын жетілдіру, ақша-кредит саясаты, мемлекеттік және сыртқы қарызды басқару саясаты секілді мәселелер бар. Бұл ретте Президент жаңа салық саясаты әлеуметтік бағыт алуға тиіс екенін алға тартады. «Бұл үшін 2015 жылдан бастап ынталандыру ша­ра­ла­ры кешенін, соның ішінде білім беру­ге, өзін, өз отбасын, қызметкерлерін ме­дициналық сақтандыруға қаражат салатын азаматтар мен компанияларды салық­тан босату практикасын көздейтін ынталандыру кешенін әзірлеу қажет», – деді Елбасы.

      Мансұр ХАМИТ (фото)

      Табиғи ресурстарды басқарудың түбегейлі жаңа жүйесін енгізу

      «Егер ұлтымыз шикізат ресурстары­нан түсетін кірістерді 35 жылдан кейін пайдаланғысы келсе, бұған бүгіннен бастап дайындалу керек. Бізге арнайы стратегия әзірлеу – барлық ірі корпора­циялар мен концерндер тәжірибесіндей, алда тұрған барлық жылдарға барша жұмысты бөліп жоспарлау үшін басым­дықтарды, серіктестерді айқындап алу қажет», – деді Жолдауда Ұлт көшбасшы­сы. «Бұл – біздің төл тарихымыздың басты сабағы: Қашаған бойынша келіссөздер мен дайындықты біз осыдан 20 жыл бұрын дерлік бастадық, ал нәтижесін тек қазір ғана алуға кірістік», – деді Ол. Бұл ретте Мемлекет басшысы ұлт болашағы мен мемлекет қауіпсіздігі мүддесінде көмірсутегі шикізатының стратегиялық «резервін» құру керектігін алға тартып, стратегиялық резервтің ел энергетикалық қауіпсіздігінің іргетасы болатынын айтты. Осылайша, мемлекет ықтимал экономикалық сілкіністер жағ­да­йына тағы бір қорғаныс шебін құратын болады.

      2050 жылға қарай ЖІӨ-дегі ауылшаруашылық өнімінің үлесі 5 есе артуы тиіс

      Елбасы ауыл шаруашылығын, әсіресе ауыл шаруашылығы өніміне өсіп отырған жаһандық сұраныс жағда­йында ауқымды жаңғырту қажеттігіне де тоқталды. Әлемдік азық-түлік на­рығының көшбасшысы болу және ауыл шаруашылығы өндірісін арттыруға қажетті бағдарды да қадап айтты. Егістік алқабын ұлғайтуды, ең алдымен жаңа технологиялар енгізу есебінен елеулі көтеру қажеттігіне тоқталды. «Аса ірі экспорттық нарықты меңгеру үшін біз қай азық-түліктің жаппай өндірісін басты етіп қоятынымызды айқындауы­мыз керек. Алынған шаралардың нәти­жесі 2050 жылға қарай ел ЖІӨ-дегі ауыл­шаруашылық өнімінің үлесі 5 есе артуы болуы тиіс», – дей келе Мемлекет басшысы Үкіметке бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді.

      Әкім сайлау 2013 жылдан бастала береді

      Елбасы Жолдау барысында мемле­кет­­­тілікті одан әрі дамыту және демок­ра­тияны дамыту мәселелеріне де назар ау­дар­ды. «Біз басқаруды орталықсыз­дан­дыруды сауатты жүргізуіміз керек. Орталықсыздандыру идеясының мәні – шешім қабылдау үшін құқықтар мен қажетті ресурстарды орталықтан өңірлік билік органдарына беру. Біз 2013 жылы жауапкершілік пен өкілеттіктерді орта­лық пен өңірлер арасында бөлу жөнінде нақты шаралар қабылдауымыз қажет», – дей келе Елбасы Жергілікті басқару­ды дамыту тұжырымдамасы бекітілгенін, онда ауылдық, селолық деңгейде басқару сапасын арттыруға мүмкіндік жа­салатынын жеткізді. «Біз селолық әкім­діктерге қосымша өкілеттіктер бере­міз және олардың ауылдағы ахуалға ықпа­лын күшейтеміз. Бірақ сонымен бірге бізге қоғамдық бақылауды, жергі­лікті жерлердегі ахуалға азамат­тардың ықпалын күшейту керек. Сондық­тан мен мәслихат арқылы ауыл әкімдерінің сайланбалылығын енгізу туралы шешім қабылдадым. Сайлауды біз 2013 жылдың өзінде-ақ бастаймыз.

      Барлығы 2533 әкім, соның ішінде селолық округтердің, кенттердің және аудандық маңызы бар 50 қаланың әкімі сайланатын болады. Бұл барлық деңгейдегі әкімдердің жалпы санының 91,7%-ы! Осылайша, біз азаматтармен тікелей жұмыс жасайтын және мәселені жергілікті жерде шешетін барлық әкімдерді сайланбалылықпен қамтитын боламыз», – деді Н. Назарбаев. Соны­мен қатар осы бағдар бойынша Пар­ламенттің өкілеттіктерін күшейту жөнін­дегі саясат та жалғасады.

      Сыртқы саясатта ұстанған басымдығымыз өзгермейді

      «Біздің басымдықтарымыз өзгер­мей­­ді – көршілеріміз – Ресеймен, Қы­тай­мен, Орталық Азия елдерімен, сон­дай-ақ АҚШ-пен, Еуроодақпен, Азия елдерімен серіктестікті дамыту мәселесі болып табылады», – деді Нұрсұлтан Әбішұлы. Бұдан бөлек, Елбасы таяудағы мақсат Еуразиялық экономикалық одақ құру екенін, осыған орай мәселелердің консенсус арқылы шешілетінін нақты мәлімдеді. Бұл ретте саяси егемендікке қысым көрсетілмейді. «Сыртқы саяса­тымызды теңдестіру әлемдік істерде елеулі рөл атқаратын және Қазақстан үшін практикалық қызығушылық туғы­затын барлық мемлекеттермен достық және болжамды қарым-қатынастарды дамыту дегенді білдіреді. Алайда халықаралық ахуал және гео­саяси орта қарқынды өзгеруде және әрқашан жақсы жағына қарай ойыса бермейді. Солтүстік Африка мен Таяу Шығыстан Сол­түстік-Шығыс Азияға дейін тұрақ­сыз­дықтың алып белдеуі созылып жа­тыр. Күштердің ара салмағы жаһандық деңгей­де де, сонымен қатар жер шары­ның жекелеген аймақтарында да елеулі өзгерістерге ұшырауда. Соған сәйкес, БҰҰ, ЕҚЫҰ, НАТО, ҰҚШҰ, ШЫҰ, АӨСШК және басқа аймақтық қауіпсіздік тетіктерінің рөлі арта түседі. Орталық Азияда ұлттық қауіпсіздікке төнген жаңа қатерлер пайда болды. Мұндай ахуалда Қазақстанның сыртқы саясаты ішкі саясаты сияқты жаңғыртылуға тиіс», – деді Ұлт көшбасшысы.

      Жаһандану дәуірі – көпұлтты мемлекеттер дәуірі

      «Қазақстан – біздің қасиетті мекені­міз. Кейінгі ұрпақ осынау қасиетті ме­кен­де өмір сүріп, өркен жайды. Қазақ жеріне тағдырдың жазуымен алуан түрлі ұлт өкілдері қоныс аударды. Біз оларға құшағымызды ашып, қазақи қонақжайл­ы­­лықпен қарсы алдық. Олар біздің елімізде өсіп-өніп, бауырлары­мыз­ға айналды. Қазір біз көпұлтты сипа­ты бар біртұтас елміз. Мынау жаһандану дәуірі – көпұлтты мемлекеттер дәуірі болмақ. Жалғыз ұлттың мемлекеті деген бол­майды. Бұл әлемдік үрдіс», – деді Елб­а­сы. Сонымен қатар еліміздің дамуына барша ұлт пен ұлыс өкілдері бірігіп үлес қосқанына тоқталды. «Ен­де­ше, Тәуелсіз Қазақ елінің азаматтарын ала­лауға, бауырластығын бұзуға ешкім­нің қақысы жоқ. Барлық ұлт өкілдерімен тіл табысып, бейбітшілік пен келісімде өмір сүру барша қазақстандықтың басты қағи­д­аты болуы шарт», – деді Н.Назар­баев. Бұл ретте Елбасы ұлттардың этнос­ара­лық келісіміне сына қағуға тыры­са­тындардың барлығы да заңмен қудал­а­натынын, мұнда ерекше жауапкершілік біздерге, қазақтарға артылатынын қадап айтты. «Өз халқын сүйетін адам, өз жұртына жақсылық тілеген жан өзге халықтарды ашындырмайды, өз ұлтын ешкімге қарсы қоймайды. Біз ел иесі ретінде биік бола білсек, өзгелерге сыйлы боламыз», – деді Елбасы.

      2025 жылдан бастап әліпбиімізді латын қарпіне, латын әліпбиіне көшіруге кірісуіміз керек

      Мемлекет басшысының айтуынша, тіл туралы жауапкершілігі жоғары саясат қоғамымызды одан әрі ұйыстыра түсетін басты фактор болуға тиіс. Сондықтан алда­ғы уақытта да мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі кешенді шараларды жүзе­ге асыру табандылықпен жалғаса­ды. «Біз 2025 жылдан бастап әліпбиіміз­ді латын қарпіне, латын әліпбиіне көшіру үшін дайындыққа осы бастан кірісуіміз керек. Бұл – ұлт болып шешуге тиіс прин­ципті мәселе. Бір кезде тарих бедерін­де біз мұндай қадамды жасаған­быз», – деді Н. Назарбаев. Сонымен қа­тар, Елбасы терминология мәселесінде де қолға алар істердің әлі баршылық еке­нін айтты.

      Қазақ тілі шын мәніндегі мемлекеттік тіл мәртебесіне көтерілгенде, еліміз ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТІ деп аталатын болады

      Тіл туралы мәселеге тоқтай келе, Мемлекет басшысы «қазақ қазақпен қазақша сөйлессін» деген қағидатты тағы да қайталап айтты. «Тәуелсіздігін алған тұста еліміздегі қазақтың саны 6,8 миллион немесе 41% болса, қазір 11 мил­лионға жетіп, 65%-дан асты. Қазақ­тың саны 4 миллионға артты. Егер әрбір қазақ ана тілінде сөйлеуге ұмтыл­са, тіліміз әлдеқашан Ата Заңымыздағы мәртебесіне лайық орнын иеленер еді. Қазақ тілі туралы айтқанда, істі алдымен өзімізден бастауымыз керектігі ұмыт қалады. Ұлттық мүддеге қызмет ету үшін әркім өзгені емес, алдымен өзін қам­шылауы тиіс. Тағы да қайталап айтайын: қазақ қазақпен қазақша сөйлессін. Сон­да ғана қазақ тілі барша қазақстан­дық­тардың жаппай қолданыс тіліне айнала­ды. Тілге деген көзқарас, шындап кел­ген­де, елге деген көзқарас екені даусыз. Сондықтан оған бей-жай қарамайық. Қазақ тілі жаппай қолданыс тіліне айналып, шын мәніндегі мемлекеттік тіл мәртебесіне көтерілгенде, біз елімізді ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТІ деп атайтын бола­мыз», – деді Президент.

      Бірлігі бар ел озады, бірлігі жоқ ел тозады. Ал бірлік, ең алдымен, қазақтың өзіне керек

      Президент бірлік мәселесіне келген­де, ең әуелі осы істің қазаққа ауадай қажеттігін алға тартты. Сондықтан қазақтың бірлігі – елдігіміздің кілті, ең басты мәселесі. «Бірлік, ынтымақ, сабыр­лылық пен парасаттылық, ең алдымен, өзімізге – қазақтарға керек. Қазақты ешуақытта сырттан жау алған емес. Қазақ әлсіресе, алауыздықтан әлсіреген, күшейсе, бірліктен күшейген. Үйдің берекесі қабырғасының қиюымен емес, теңінің жиюымен, отбасындағы сыйластықпен, татулықпен кіреді. Мемлекет те солай», – деген пайымымен бөлісті Елбасы. Қазақстанның елдігі асқан, ерлігі тасқан, кемел де келісті елге айналуына бізден – қазақтардан артық мүдделі кім бар?! Қазақтың ішкі тұтастығын бұзғысы келетін рушылдық, жершілдік әңгімемен ел бірлігін бүлдір­гісі келетін күштердің пайда болуы Елба­сы ретінде мені алаңдатпай қоймайды», – дей келе Мемлекет басшысы ондай жымысқы ниеттілердің айқайына құлақ асып, айтағына ілескен жан әр атаның шежіресін әспеттеп, әр жаққа тартқанын аңдамай қалуы мүмкін екенін, ал ру мен тайпаға бөліну – ұлттық тұтастықтан айырылудың өте қауіпті түрі болатынын қадап айтты.

      «Қазақ шежіресінің түпкі мәнін ұмыт­пау керек, алып дарақтың бұтақтары сияқты күллі рулардың түбін қуа келгенде, барлығы бір ғана ұлы тамырға – қазақ деген ұлтқа барып тіреледі. Қай шежірені алып қарасаңыз да, ол қазақтың бірлігін, тұтастығын әйгілейді. Шежіре – қазақты бөлшектейтін емес, керісінше, біріктіретін ұғым. Барша адамзаттың Адам атадан басталатыны сияқты, бүкіл қазақтың шежіре атаулысы Атам қазақтан бастау алатынын әрбір қазақ жүрегінің төрінде ұстауға тиіс. Тек бірлесіп қана, бүкіл халықтың күш-жігерін біріктіріп қана біз алға баса аламыз. Бірлігі берекелі, тірлігі мерекелі, ынтымағы жарасқан елдің ғана ырысы мен табысы мол болмақ», – деді Нұрсұлтан Әбішұлы.

      Мемлекетіміздің зайырлылық сипаты - бұл Қазақстанның табысты дамуының негізі

      «Ендігі қазақ қоғамында көпшілікті толған­дыратын мәселенің бірі – діни ахуалдың жай-күйі. Әрине, біз мұсыл­манбыз, оның ішінде Әбу Ханифа мәз­һабын ұстанатын сунниттерміз. Баба­ларымыз ұстанған бұл жол ұлттық салт-дәстүрді, ата-ананы сыйлауға негіздел­ген. Жастарды үлкендерді сыйлауға негіз­деген. Біздің ата-бабаларымыз еш­уақыт­та қыз баланың бетін бүркеме­г­ен. Ендеше, бүгінгі ұрпақ та әлемдегі ізгі дін – ислам дінін қадірлей отырып, ата дәстүрін ардақтағаны абзал», – деді Нұрсұлтан Әбішұлы. «Қазір кейбір сыртқы күштер жастарымызды ислам дінінің хақ жолынан адастырып, теріс бағытқа тартуға тырысады. Оларға еретін болсақ, біз апа-қарындастарымыз бен қыздарымыздың бетін тұмшала­ғанд­ы былай қойғанда, олармен бір дастарханда отырып, тамақ ішуден қала­мыз», – деді Нұрсұлтан Әбішұлы. Прези­денттің пайымынша, мұндай ұлттық табиғатымызға жат келеңсіздік­т­ен бойды аулақ ұстау қажет. «Мен жастарды ХХІ ғасырға, келешектегі ХХІІ ғасырға қарай жетектеп отырмын. Ал мынадай жасалатын дүниелер бізді орта ғасырға, артқа қарай тартып отыр деген сөз. Осыны ойланыңыздар! Біздің мем­лекетіміздің зайырлылық сипаты – бұл Қазақстанның табысты дамуының басты негізі. Осыны бүгінгі һәм келешек қазақ­стандық саясаткерлер және барша қа­зақ­стандықтар жете түсінгені абзал», – деді Н. Назарбаев.

      Бізді бір-бірімізбен біріктіретін де, бауыр ететін де – бабаларымыздың бостандық жолында төгілген қаны

      «Қазақстанның 2050 жылға дейінгі жаңа стратегиялық бағдарын жүзеге асыруда қазақ халқына айрықша жауап­кершілік жүктеледі. Тағылымы мол тарихымыз бен ұлы бабаларымыздың ұлаға­тты өмірінен алар тәліміміз арқа­сында біз алдағы асулардан алқынбай аса аламыз. Үдеудің сыры – бірлікте, жүдеудің сыры – алауыздықта. Осыдан үш ғасыр бұрын Аңырақайда болған ұлы шайқаста ата-бабаларымыз бірлік­тің құдіретінің қандай болатынын өзіне де, өзгеге де дәлелдеген болатын. Сын сағатта туған еліне деген перзенттік па­рыз­дар бәрінен жоғары тұрды. Сол шай­қаста төгілген қан барша қазақтың тамырында бар қан еді. Солай ғой. Бұл – біздің бабаларымыздың қаны. Бізді бір-бірімізбен біріктіретін де, бауыр ететін де бабаларымыздың бостандық жолын­да төгілген осы қаны деп білемін», – деді Нұрсұлтан Әбішұлы. Сонымен қа­тар Президент елдік мұрат жолындағы ұлы ерлік қай уақытта да бабалары­мыздың бойынан табылғанын атап өтті.

      ХХІ ғасыр Қазақстанның алтын ғасыры болады

      Сөз соңында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев барша буын өкілдеріне арнап үндеуін жариялады. «Алдыменен алдыңғы толқын аға буын! Сіздердің көргендеріңіз бен өмірлік тәжірибелеріңіз кейінгі буынның ақиқат жолынан адаспай, алға бастауына септігін тигізді. Ортаңғы буын отандас­ты­рым! Сіздердің еншілеріңізге алып импе­рияның күйреп, жас Тәуелсіз мем­лекеттің түлеген кезеңі дөп келді. Сіздер­дің күрделі де қиын шешімдер арқылы жинаған өлшеусіз тәжірибелеріңіз қиын­дықтардан сынбай өтуімізге қажетті баға жетпес қазына болды. Ал енді кейінгі толқын жастарға айтарым, сендер – болашаққа деген үкілі үмітіміздің тірегісіңдер! Біздің бүгінгі атқарып жатқан қыруар шаруаларымыз тек сендер үшін жасалуда. Сендер – Тәуелсіз Қазақ елінің перзенттерісіңдер! Тәуелсіз елде туып, тәуелсіз елде тәрбие алдың­дар! Сендердің азат ойларың мен кемел білімдерің елімізді қазіргі бізге көз жетпес алысқа, қол жетпес қиянға апара­тын тың мақсаттардың құдіретті күші болсын деймін», – деді Нұрсұлтан Әбішұлы.

      «Мен барша халқымды жарқын болашаққа жол бастайтын, адамзаттың мәңгілік құндылықтары ерік-жігер мен еңбексүйгіштік, мақсаткерлік қасиет­терін сіңіруге шақырамын. Мен ХХІ ғасыр Қазақстанның алтын ғасыры бола­тынына кәміл сенемін. ХХІ ғасыр бей­бітшілік пен тұрақтылықтың гүл­денген ғасыры болады. Қазақстан халқы ұлы тарихтың иесі атануға лайық. Біз көздеген мақсаттарымызға міндет­ті түрде жетеміз. Аңсарлы азатты­ғымыз бен тәу етер Тәуелсіздігіміз баянды бол­сын, ағайын. Мәңгілік ел болу жолын­дағы ұлы істеріміз, жаңа дәуірлерге жол ашсын», – деп сөзін тамамдаған Елбасы барша қазақ­стандықтарды киелі мере­кемен құттықтады.
      Маған ұнайды:
      08.09.2013, 12:44
      Предыдущие 6 комментариев
    • Динислам Тлесов
      Маған ұнайды:
      08.09.2013, 12:07
      Предыдущие 6 комментариев
    • Динислам Тлесов
      Маған ұнайды:
      08.09.2013, 12:06
      Предыдущие 6 комментариев
    • Динислам Тлесов
      Үндістер екі Америка құрлығындағы байырғы халықтардың жалпы атауы. Американы ең алғаш ашқан Колумб емес осы үндістер. Бұл атау 15 ғасырда испан теңіз жиїанкездерінің Үнді жерін таптық деген жаңсақ пікірлерінен жергілікті халыққа еуропалықтар тарапынан сырттай таңылған. Жалпы саны 38 млн. адам (2002). Антропол. жағынан Үндістер үлкен моңғол пішіндес расаның америкалық тобына жатады.


      Мазмұны [жасыру]
      1 Тіл
      2 Тарихы
      3 Мәдениеттi-тарихи облыстар
      3.1 Солтүстік Америка
      3.2 Латын америкасы
      4 Отаршылдық
      5 Дүниелiк өркениетке үндiстерiнiң үлесi
      6 Мәдениеті
      7 Сілтемелер
      Тіл[өңдеу]

      Лингвистер Үндістердің тілін ондаған тілдер шоғырына бөледі. Дж. Гринберг, т.б. ғалымдар Үндістер тілін 9 топқа және 1 шеттетілген тілге (Мексикадағы тараска) біріктіреді. Солтүстік және Орталдық Америка Үндістері тілі не-дене (атапаск, навах, апачи, тлинкит, хайда), пенути (майя, какчикель, маме, кекчи, киче, хуастек, михе, цимшиан, т.б.), алгонкин-мосан (алгонкин, сэлиш, кри, оджибве, монтанье, чиппева, т.б.), хока-сиу (хока, ирокез, сиу, т.б.), ацтектаноан (науа, пипиль, шошон, тарахумара, майо, тепехуан, т.б.), макро-ото-манге (сапотек, отоми, миштек, масатек, чинантек, т.б.), макро-чибча (чибча-муиска, ленка, мискито, гуайми, куна, т.б.), ал Оңт. Америкада же-пано-кариб (же, пано, уитото, гуайкуру, бороро, т.б.) анд-экваторлық (кечуа, аймара, араулан, араван тілдері, т.б.) болып бөлінеді. Ең ірі тілдер кечуа, гуарани, аймара. Көпшілік Үндістер екі тілді. АҚШ пен Канадада ағылшын және француз, Латын Америкасында испан және португал тілдерінде сөйлейді.
      Тарихы[өңдеу]

      Үндістердің ата-бабалары кейінгі палеолитте (б.з.б. 30 — 10 мыңжылдықтар) Америкаға Беринг теңізі және бұғазы арқылы Солтүстік-Шығыс Азиядан қоныс аударған. Сол кездегі діни наным-сенімдерді (құдіретке сиыну, ата-баба аруағына табыну, бақсылық, тотемизм, т.б.) ұзақ уақыт бойы сақтап қалған. Еуропа отаршылары келгенге дейін Орталық және Оңтүстік Америка Үндістер өзіндік өркениеттерді (ацтек, майя, инк, т.б.) қалыптастырды.
      Мәдениеттi-тарихи облыстар[өңдеу]

      Солтүстік Америка[өңдеу]
      Отаршылдық қарсаңында Америкада бірнеше тарихи-мәдени облыстар қалыптасты.
      Теңіз аңшыларының Арктик. облысы (эскимостар, алеуттер).
      Солтүстік Американың солтүстік-батыс жағалауы — маманданған балық кәсіпшілігі мен теңіз аңшылығының облысы (хайда, тлинкиттер, вакаштар, селистер, т.б.).
      Калифорнияда — аңшы-балықшылар облысы
      Канаданың солтүстік және Алясканың ішкі бөлігі — Алгонкин мен Атапаск тайпалары орналасқан облыс.
      Қазіргі АҚШ аумағының шығыс бөлігінде жер өңдеумен айналысқан отырықшы тайпалар мекендеген (шығыс алгонкиндер, ирокездер, мускогтар) облыс.
      Американы ашқаннан кейін далалық аймақта бизон аулайтын аттылы аңшылар (сиу, дакота, оседжжер, мандандар, арапахо, чейендер, паундар, кәддо, вичита) облысы
      Солтүстік Американың оңтүстік-батысы (қазіргі Нью-Мексико, Аризона-Юта, Колорадо штаттары) — суармалы егін шаруашылығы дамыған облыс (Пуэбло, Пима).
      Латын америкасы[өңдеу]


      Еуропалықтар келгенге дейін Орталық Америка мен Андыдағы Үндістер мәдениеті едәуір өркендеген ел еді. Бұл аймақтың тұрғындары егін шаруашылығының күрделі суландыру жүйесін игеріп, маис, бұршақ, асқабақ, күнбағыс, какао, агава, темекі, мақта, картоп екті. Сонымен қатар мал шаруашылығы, металлургия кәсібі де дами бастаған-ды. Жоғары мәдениет ошағы қалыптасып, балық аулауды кәсіп еткен қала-мемлекеттер пайда болды.
      Оңтүстік Американың тропиктік бөлігін (Амазонка мен Ориноко алқаптары және Бразилия таулы үстірті) жерді кетпенмен өңдеген тайпалар мекендеді.
      Аргентина Пампасымен Патагон таулы үстіртін мекендейтін Үндістер мен Солт. Американың далалық аймағындағы тұрғындардың тіршілігінде, мәдениетінде ұқсастық мол.
      Оңтүстік Американың қиыр түстігі мен Отты жер аралының байырғы Үндістері (она, ямана, алакалуфтар) аңшылықпен айналысып, жартылай көшпелі тіршілік еткен.
      Отаршылдық[өңдеу]

      Еуропа отаршылдары Үндістердің табиғи өсуін тоқтатты. Олардың құнарлы жерлерін иемденіп, тіршілікке қолайсыз өңірлерге көшірді. Тұтас халықтарды жойып жіберді. 1900 жылғы есеп бойынша АҚШ Үндістерінің саны 75%-ға азайған. Латын Америкасындағы Үндістер бірқатар ұлттардың (мексикалықтар, парагвайлық, т.б.) қалыптасуына маңызды рөл атқарды. АҚШ-та 291 мен Аляскада 200-дей байырғы халық қауымы тіркелген. Қазіргі кезде АҚШ үкіметі Үндістерге өтемақы төлеп тұрады. Жоғары оқу орындарына түсуге арналған квота белгілеген. Соған қарамастан, жергілікті Үндістердің көпшілігі жойылып кету алдында тұр. Олар еур. мәдениет пен тілді қабылдап, дәстүрлі мәдениетін жоғалта бастаған. Солтүстік Америка Үндістері католик және протестант, ал Латын Америкасындағылардың көпшілігі католик дінін ұстанады. Дәстүрлі діндерді, түрлі культтық ағымдарды (пейотизм, шейкеризм, т.б.) ұстанатындар да кездеседі. 20 ғасырдың ортасынан бастап Үндістер арасында өз тілі мен мәдениетіне деген қызығушылық орнады. Бүгінгі кезде Үндістер қауымы бақылайтын Канадада 60 шақты білім беру орталықтары, АҚШ-та 20 шақты колледж жұмыс істейді. Көптеген халықар. ұйымдары (Оңтүстік Америка үндістерінің кеңесі, Үндіс халықтарының бүкіләлемдік кеңесі, т.б.) бар. Әрбір елдің Үндістерінің ұйымдары (АҚШ-та — Америка үндістерінің ұлттық конгресі, т.б.; Канадада — Ұлттық бауырластық; Бразилияда — Бразилия үндіс халықтарының одағы, т.б.) Үндістер мүддесі үшін жұмыс істеп келеді.
      Дүниелiк өркениетке үндiстерiнiң үлесi[өңдеу]

      Үндістердің дәстүрлі шаруашылығы — егіншілік. Дүние жүзі халықтары олардан маис, картоп, күнбағыс, маниона, какао, мақта, темекі, т.б. өсімдіктер егуді үйренді.
      Мәдениеті[өңдеу]

      Үндістер сәулет және бейнелеу өнерінің, қолөнердің тамаша үлгілерін жасаған. Бай ауыз әдебиеті, би өнері мен сан алуан философиялық көзқарастары сақталған.
      Маған ұнайды:
      08.09.2013, 12:05
      Предыдущие 6 комментариев
    • Динислам Тлесов
      Маған ұнайды:
      07.09.2013, 16:35
      Предыдущие 6 комментариев
    • Динислам Тлесов
      Маған ұнайды:
      07.09.2013, 16:34
      Предыдущие 6 комментариев
    • Динислам Тлесов
      Динозаврлар (Dіnosaurіa) – мезозой дәуірінде тіршілік еткен бауырымен жорғалаушы жануарлар; архозаврлар класының бір тармағына жатады. Дене тұрқы 20 см-ден 35 м-ге дейін. Динозаврдың қаңқа сүйектері алғаш рет 19 ғ-да Англия, одан соң Канададан, ал Қазақстан Арал маңынан, Оңтүстік Қазақстанда (Әлімтау, Қазығұрт, т.б.) табылған.
      Динозавр түрлері[өңдеу]
      Қазір осындай қаңқалар бойынша анықталған Динозаврдың 2 отрядқа (кесіртке жамбасты, құс жамбасты) жататын 600-дей түрі белгілі. Кесіртке жамбасты Динозаврға (Saurіschіa): жыртқыш Динозавр (Theropoda), прозауроподтар (Prosauropoda), зауроподтар; ал құс жамбасты Динозаврға (Ornіthіschіa) орнитоподтар (Ornіthopoda), стегозаврлар (Stegosaurіa), анкилозаврлар (Ankylosaurіa), цератопстар немесе мүйізді Динозаврлар (Ceratopsіa) жатады. Динозавр триас кезеңіндегі қарапайым құрылысты тераподтардан дамыған. Алғашқы Динозавр артқы екі аяғымен, кейінгілері төрт аяғымен жүруге бейімделген. Жыртқыш Динозаврдың артқы аяқтары құстардың аяқтарына ұқсас болған. Көптеген құс жамбасты Динозаврдың үстінде (орнитоподтарды қоспағанда) жыртқыштардан қорғануға бейімделген түрлі бұдыршақтар, сүйек сауыт (стегозаврларда, анкилозаврларда), мүйіз пайда болған (мүйізді Динозавр). Динозавр жұмыртқа салып көбейген. Көптеген ғалымдар Динозаврды жылықанды жануарларға жатқызады, бірақ олардың жылу реттеуші жабынды қабаты болмаған. Динозавр тіршілік ортасының өзгеруіне (мысалы, табиғи апаттар, жер бетінің өсімдік жамылғысының біртіндеп өзгеруі, т.б.) байланысты жойылып кеткен. Омыртқалы жануарлардың даму тарихын, мезозой шөгінділерінің геологиялық жасын анықтау үшін Динозаврды зерттеудің маңызы зор. Динозаврдың 35 түрінің 300-дей қаңқа сүйегі Канададағы «Динозаврлардың провинциальдық саябағында» сақталған.


      Г.Мантелланың динозаврға жасаған реконструкциясы

      Жаппай жойылудың үлкен мысалдарының бірі ол бор дәуірінің соңында динозаврлардың жойылуы. Динозаврларға бауырмен жорғалаушылардың екі отряды Saurischa және Ornitischa – олар бүкіл мезозой дәуірінде құрлықта тіршілік етті, сол себепті мезозой дәуірін кейде динозаврлар дәуірі деп те атайды.
      Мезозой дәуірінде динозаврлар өздерінің өрлеу шыңына жетті. Сол кезде олар екі отрядқа, 25 тұқымдасқа және 200-дей тұқымға жинақталды. Олардың ішінде аса ірілері брантозаврлар мен тиранозаврлар болма, сонымен қатар ең кіші түрлері де болған. Бұл топтар барлық жер шарының құрлықтарында таралып, 100 миллион жыл бойы тіршілік еткен. Содан кейін бор дәуірінің соңында бірнеше миллион жыл ішінде олар мүлдем жойылды.
      Динозаврлар жойылуының жорамалдары[өңдеу]


      Динозаврлар жойылуының нақты жорамалы жоқ. Әдебиеттерде олардың жойылу себептерін былай деп түсіндіреді; бор дәуірінің соңында динозаврлар үшін ауа райы тым суық болды, немесе тым ыстық болды, жергілікті сүтқоректілер олардың жұмыртқаларын жеп қойды; өсімдік жегіш динозаврлар мезозой дәуірінің өсімдіктерін жеп қойды; динозаврлар үлкен сәулелердің әсерінен жойылды, ол кезде жаңа жұлдыз жорық етуіне байланысты.
      Соңғы жорамалдарды мүлде алып тастауға болады. Себебі егер ондай сәулелер әсер еткен болса, олардың әсері бірнеше сағат қана, онда жер бетіндегі барлық жануарлар бірнеше сағатта жойылған болар еді. Ал динозаврлардың жойылуы бірнеше миллион жылға созылды. Бұл жерде климаттың біртіндеп өзгеруі динозаврлар жойылуына әсер етті деген жорамал дәлірек сияқты.


      XIXғ орт. Мегалозавр

      Аксельрод және Бейли деген ғалымдар бор дәуірінің соңында болған климаттың қалыпты күйден қалыпсызға ауысуын түсіндіреді. Мезозой дәуірінің көпшілігінде және 130 миллион жыл динозаврлар эволюциясы уақытында бірқалыпты жылы климат болған. Бор дәуірінің жылы кезеңінде бұл бірқалыпты климат бірқалыпсыз континентальды климатпен ауысады. Бұндай климат үшін температураның тез ауысуы тән. Осы дәуірде тіршілік еткен рептилилердің басқа да филотикалық топтары, яғни ящерлар, жыландар және тасбақалар бұндай климаттың тез жылынуы мен сууынан жасырылып – жерге көміліп, немесе ұйқыға кетіп, және су түбіне шөгіп осы күнге дейін сақталған. Ал динозаврлар жер бетінде тіршілік еткеннен кейін оларда климат ауысуына бұндай адаптациялары болмаған. Сол себепті олар жойылған (Аксельрод, Бейли 1968 ж).
      Бұл жорамалдар көп нәрселерді түсіндіреді. Соған қарамастан сол дәуірден осы күнге дейін жеткен рептилилер ішінен крокодил мен геттерияны алатын болсақ, олар да субтропикалық климатта өмір сүрген. Егер климат өзгерісі динозаврларға әсер етсе, оларға неге әсер етпеген деген сұрақ туындайды.
      Динозаврлардың жойылуы әлі де құпия болып қалуда.[1
      Маған ұнайды:
      07.09.2013, 16:19
      Предыдущие 6 комментариев
    • Құрметті достар! тоқтап қалмайық, сайт жұмысын жандандырайық, сіздердің пікірлеріңіз аса маңызды!
      Маған ұнайды:
      10.06.2013, 19:28
      Предыдущие 6 комментариев
    • Гүлзия Қуантаева
      Қазақстан экономикасы

      Қазақстан экономикасы - Қазақстанда нақты жұмыс істейтін нарықтық экономика құрылған. 2006 жылғы мамырда экономикадағы жұмыспен қамтылғандар саны 7991,4 мың адам болды. Өнеркәсіптің жетекші салаларының қатарына түсті және қара металлургия жатады. Қазақстанның мысы, қорғасыны, мырышы және кадмийі сапасының жоғары деңгейде болуына байланысты әлемдік нарықта сұранысқа ие және бәсекеге қабілетті.
      Қазіргі таңда экономикалық дамудың негізгі көзі елдің шикізат әлеуетін пайдалану болып табылады. 1985 жылмен салыстырғанда көміртегі шикізатын өндіру көлемі 225 пайызға өсті, ал дүние жүзі бойынша бұл көрсеткіш 1,3 есеге жуық өсті. 2005 жылы мұнай өндіру (газ конденсатын қоса алғанда) 61,9 млн. тоннаға, табиғи газ өндіру 25,2 млрд текше м болды. Қазақстанда болашақта ашық кен орындарын игеру есебінен 2015 жылға қарай 150 млн. тонна мұнай және 79 млрд текше м газ мөлшерінде көмірсутегі шикізаты өндіріледі. 2009 жылдан бастап мұнай өндірудің негізгі өсімі Каспий шельфінде байқалады деп көзделіп отыр.
      Еуропа елдері Қазақстан экспорты көлемінің негізгі бөлігін алады. Қазақстан ірі отын-энергетикалық өңір болып табылады. Еуропа елдері арасында Қазақстан экспортын негізгі тұтынушылар Швейцария, Италия, Польша, Германия болып табылады. Еуропа елдеріне экспорт жасау мұнай, ферроқорытпалар, металлургия өнеркәсібі өнімдерін, бидай сату есебінен артып отыр. Азия өңіріндегі елдерге қазақстандық өнімдерді жеткізу көлемі ұлғайды, онда негізгі тұтынушылардың бірі қытай өнеркәсібі болып табылады.
      1998-2005 жылдар аралығында ЖІӨ-нің нақты көлемі 1,8 есе артты, ал ЖІӨ-нің орташа жылдық өсімі 9,1% болды. 1998-2005 жылдары ЖІӨ-нің жан басына шаққандағы көлемі 2,5 есе артты. Қазақстанның ЖІӨ-нің көлемі 2006 жылы 76 млрд. долларға жетті, ол жан басына шаққанда 5,1 мың АҚШ долларын құрайды.
      Қазақстанның қаржы жүйесі ТМД елдерінің ішіндегі ең озық жүйенің бірі деп танылды. Банк секторы өз дамуында Достастықтың басқа елдерінен айтарлықтай алдыңғы қатарда келеді. Қазақстан банктерінің жиынтық активтері (50 млрд. АҚШ долларынан астам) Украина банктерінің жиынтық активтеріне теңеседі. Қазақстан Шығыс Еуропа елдерінің бірқатарынан алдыңғы қатарда. Қазақстанның капиталы сыртқы нарықта белсенді орын алуда, 2005 жылы бұл көрсеткіш 15 млрд. АҚШ долларына жетті. Қазақстан тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуды, сыртқы қолайсыз жағдайларға тәуелділікті төмендетуді қамтамасыз ету үшін бірінші болып Ұлттық қор құрды. 2001 жылдан бастап барлық мұнай түсімдерінің 60% Ұлттық қорда жинақталады. Аталған қордың көлемі 2005 жылдың соңындағы 8 млрд долларға қарағанда, 2006 жылы 14,5 млрд. АҚШ доллары болды. Елдің алтын валюталық қоры Ұлттық қорды қоса есепке алғанда 2006 жылғы 30 қарашада 15,086 млрд. АҚШ долларына дейін өсті.
      2006 жылы Қазақстанның халықаралық қорлары Ұлттық қордың қаржысын қоса алғанда ағымдағы бағамен 29 764,8 млн. АҚШ долларын құрады.
      Республика экономикасына 50 млрд. АҚШ долларына жуық тікелей шетелдік инвестиция тартылған. Қазақстан ашық сыртқы сауда саясатын дәйекті жүргізуде. Мәселен, 2004 жылы сыртқы сауда айналымының көлемі 7 млрд. доллардан астам оң сальдомен 33 млрд. АҚШ долларына жақындап, 1994 жылмен салыстырғанда 3 еседен астам өсті.
      2005 жылғы қаңтар-қараша аралығында Қазақстан Республикасының сыртқы сауда айналымы ұйымдастырылмаған сауданы қоспағанда 41016,4 млн. АҚШ долларын құрады. Сыртқы сұраныстың және жоғары экспорттық бағалар нәтижесінде экспорт 25197,4 млн. АҚШ доллары болды. Тұрақты ішкі сұраныстың қалыптасуы нәтижесінде импорт 15819 млн. АҚШ долларын құрады.
      Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында сыртқы сауда географиясы негізінен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығымен шектелсе, ол қазір айтарлықтай кеңейді. 2004 жылы Қазақстанның тауар айналымы құрылымында бірінші орынға ЕО-қа мүше елдер, Ресей, Швейцария және Қытай шықты.
      Республикадағы саяси және экономикалық тұрақтылық, қолайлы инвестициялық жағдай дүние жүзіндегі Қазақстанның жоғары рейтингінің сақталуына ықпал етті.
      Жылы Жалпы ішкі өнім АҚШ долларының айырбас бағамы Инфляция индексі
      (2000=100) Жан басына шаққандағы ЖІӨ
      (АҚШ деңгейінің % үлесі)
      1995 78,014,200 61.11 тенге 64 3.81
      2000 102,599,902 142.26 тенге 100 3.53
      2005 147,453,000 132.88 тенге 140 9.01
      Қазақстан бүгінгі таңда ТМД елдерінің ішінде бірінші болып Moody’s Investors Service, Standard & Poor’s и Fitch Rating’s Ltd сияқты жетекші халықаралық рейтингтік агенттіктердің инвестициялық класс рейтингін алды.
      2005 жылғы 20 желтоқсанда Fitch Rating’s рейтингтік агенттігі Қазақстан Республикасының инвестициялық рейтингін шетел валютасындағы ұзақ мерзімді облигациялар бойынша «ВВВ» деңгейіне дейін және ұлттық валютадағы ұзық мерзімді облигациялар бойынша «ВВВ+» деңгейіне дейін жоғарылатты, сондай-ақ шетелдік валютадағы қысқа мерзімді облигациялар бойынша «Ғ3» деңгейін растады. Бұл ретте барлық берілген рейтингтер «тұрақты» екені болжанып отыр. Осы агенттіктің соңғы есебіне сәйкес, Қазақстанда минералдық ресурстардың қомақты қорының болуы оның экономикалық келешегі зор екенін айқындайды.
      Қазіргі уақытта Қазақстан Бүкіл әлемдік банктің жіктеуі бойынша, кірісі орта деңгейден жоғары елдердің тобына жатады. Тұрмыс сапасының негізгі көрсеткіштерін салыстырсақ, соңғы 10 жыл ішінде қазақстандықтардың ақшалай табысы орта есеппен 5 есе өсті; орташа айлық жалақы 6 есеге жуық өсті; ең төменгі жалақы 25 есе өсті; ең төмен жалақы мөлшері 25 есе; зейнетақының орташа айлық мөлшері 4,6 есе артты.
      2006 жылғы мамырдағы жұмыссыздық деңгейі 7,7% мөлшерінде қалыптасты (2005 жылғы мамырда – 8,2%). Мемлекеттің 2005 жылы тегін медициналық көмектің кепілді көлеміне бөлінген шығыстары 2003 жылмен салыстырғанда 1,7 еседен астам өсті.
      Қазақстан экономикасы көне заманнан бастап Қазан төңкерiсiне дейiнгi кезеңде көшпелi мал ш-на негiзделдi. Мал жыл бойы өрiсте бағылады. Жер көшпелi қауымның ортақ меншiгi болып саналып, қазақ шаруалары оны қауымдасып пайдаланды. Мал жеке меншiкте болды. Шын мәнiнде малдың иесi жайылымға да иелiк еттi. Қазақстан Ресейге қосылған, одан мемлекеттiлiгi жойылған кезеңнен бастап, әсiресе, 1891 ж. Дала ережесi өмiрге енгiзiлгеннен кейiн, көшпелi ш-тың сипаты өзгердi. Тауар-ақша қатынастарының дамуы көшпелiлердiң едәуiр бөлiгiн жерсiз қалдырды, ал шұрайлы жайылымдық алқаптар ауқаттылардың қолына шоғырланды. Көшу ұзақтығы едәуiр қысқарып, табынның құрылымы және малды бағып-күту жағдайлары өзгердi. Тұрақты тұрғын үйлер мен мал қоралары пайда болды. Болыстар мен ауылдарға бөлiнген жерлердiң шекарасы айқындала бастады.
      9 ғасырың аяғы мен 20 ғ-дың басында көшпелi ш-ты дағдарыс шарпыды. Бұқараның кедей топтары қайыршылыққа ұшырап, мал басы кемiп кеттi. Көшпелiлердiң кедейленген бөлiгi отырықшыға айналды. Дағдарыстың тереңдей түсуiне патша өкiметiнiң ең шұрайлы жерлердi тартып алып, қоныс аударушыларға берген отаршылдық саясаты қатты әсерiн тигiздi. Шын мәнiнде бұл байырғы халықты ата мекендерiнен күшпен ығыстырып, құнарсыз жерлерге қуу болды. 1917 жылға дейiн патша үкiметi қазақтардан 45 млн. гектардан астам жердi тартып алып, iшкi Ресейден келген жаңа қоныс тебушiлерге алып бердi. Патша үкiметiнiң қоныс аудару саясаты жергiлiктi халықтың экон. мүдделерiне нұқсан келтiрдi. Ол қазақтардың ата-бабаларының құнарлы қоныстарын қоныс аудару қорына күшпен алып қосу арқылы жартылай отырықшы мал ш-на және егiншiлiкке бейiмделмеген қазақ көшпелiлерiнiң табиғи дамуын тежедi. Көшпелi ш. дағдарысы құнары аз аймақтарға ығысқан жұрттан мал ш-н анағұрлым тиiмдi жүргiзудi, сондай-ақ, егiншiлiк пен отырықшылыққа көшу мәселесiн шұғыл күн тәртiбiне шығарды. Қазақ халқының жерге қоныстану, оны пайдалану жолындағы күресi, атап айтқанда, жердi әдiл бөлу, орталықтан көшiрiп келген шаруаларға кепiлдi жер телiмдерiн қазақтардан тартып алып берудi доғартуға ұмтылу аса маңызды мәселелердiң бiрiне айналды. Қазақтардың Мемл. Думаға, басқа да мекемелерге жазған көптеген арыздарында жер иелену құқықтарының нақты еместiгi салдарынан көшпелi ш-тар жағдайының тиянақсыз болып отырғандығы атап көрсетiлдi. Мұның өзi олардың еңсесiн түсiрдi, ертеден орныққан үй-жай, қора-қопсыларынан айрылып, шөл және шөлейт, басқа да қолайсыз аймаққа қайта орнығуға, шаруашылықты жетiлдiруге деген ықыласын кемiттi. Отырықшылыққа көшу қазақ шаруалары үшiн қиын үдерiс болды. Жер иелену құқығымен қоса бұған белгiлi бiр мөлшерде қаржы-қаражат та қажет едi. Ал патша үкiметi қандай да бiр көмек көрсетуден бас тартты. Осындай себептерге байланысты қазақ жерiнде отырықшылыққа көшу кең таралмады. Бұл үдерiс егiншiлiктi дамытуға анағұрлым қолайлы жағдайлары бар солт.-шығыс облыстарда, қоныс аударған орыс шаруаларымен тығыз араласқан жерлерде өрiс алды. Сөйтiп, Қазақстанда әрқилы табиғи-геогр. және тарихи жағдайларға байланысты шаруашылықтың көшпелi, жартылай көшпелi және отырықшы сияқты үш түрi қалыптасты. Соңғы екеуiнде шөп шабу мен егiншiлiктi дамыту нәтижесiнде а. ш. машиналары пайдаланыла бастады. Қазақ ауылдарында бұл машиналарды алдымен бiрлесiп, кейiнiрек жекелеген адамдар несиеге сатып алды. 1908 ж. тек Ақмола облысының қазақтарында 6160 шөп шабатын машина болды.
      Тауар-ақша қатынастары қазақ ауылына дендеп енiп, бiр жағынан, шаруалардың шаруашылық қызметiнiң ауқымын кеңейттi, екiншi жағынан, өсiмқорлық сауда-саттықтың дамуына жол ашты. Дәулеттiлер бүкiл малды, қауымдық жерлердi өз қолдарына шоғырландырып, барлық су көздерiн, қыстақтар мен жайлауларды иемденiп алды. Қазақ қоғамының көпшiлiгi iс жүзiнде өндiрiс құрал-жабдығы жоқ кедейлер едi. Сауда-саттықты кәсiп етушiлер мен өз шаруашылығында жалдама еңбектi пайдаланушылардың қатары молайып, саудагерлiк-кәсiпкерлiк өрiс алды. Сөйтiп, қазақ жерiндегi нарықтық қатынастардың алғашқы нышандарының шаруашылыққа, шаруаның жеке тұтыну қажетiне ықпалы күшейдi.
      Тауар-ақша қатынастарының дамуына, қазақ ауылының экономикасындағы басқа да өзгерiстерге байланысты, жер жекелеген адамдардың жеке меншiгiне айнала бастады. 19 ғ-дың аяғы мен 20 ғ-дың басында Қазақстан экономикасында әр түрлi экон. ұстындардың астасуы байқалды.
      Маған ұнайды:
      25.03.2013, 12:07
      Предыдущие 6 комментариев
    • Гүлзия Қуантаева
      Қазақстан экономикасы

      Қазақстан экономикасы - Қазақстанда нақты жұмыс істейтін нарықтық экономика құрылған. 2006 жылғы мамырда экономикадағы жұмыспен қамтылғандар саны 7991,4 мың адам болды. Өнеркәсіптің жетекші салаларының қатарына түсті және қара металлургия жатады. Қазақстанның мысы, қорғасыны, мырышы және кадмийі сапасының жоғары деңгейде болуына байланысты әлемдік нарықта сұранысқа ие және бәсекеге қабілетті.
      Қазіргі таңда экономикалық дамудың негізгі көзі елдің шикізат әлеуетін пайдалану болып табылады. 1985 жылмен салыстырғанда көміртегі шикізатын өндіру көлемі 225 пайызға өсті, ал дүние жүзі бойынша бұл көрсеткіш 1,3 есеге жуық өсті. 2005 жылы мұнай өндіру (газ конденсатын қоса алғанда) 61,9 млн. тоннаға, табиғи газ өндіру 25,2 млрд текше м болды. Қазақстанда болашақта ашық кен орындарын игеру есебінен 2015 жылға қарай 150 млн. тонна мұнай және 79 млрд текше м газ мөлшерінде көмірсутегі шикізаты өндіріледі. 2009 жылдан бастап мұнай өндірудің негізгі өсімі Каспий шельфінде байқалады деп көзделіп отыр.
      Еуропа елдері Қазақстан экспорты көлемінің негізгі бөлігін алады. Қазақстан ірі отын-энергетикалық өңір болып табылады. Еуропа елдері арасында Қазақстан экспортын негізгі тұтынушылар Швейцария, Италия, Польша, Германия болып табылады. Еуропа елдеріне экспорт жасау мұнай, ферроқорытпалар, металлургия өнеркәсібі өнімдерін, бидай сату есебінен артып отыр. Азия өңіріндегі елдерге қазақстандық өнімдерді жеткізу көлемі ұлғайды, онда негізгі тұтынушылардың бірі қытай өнеркәсібі болып табылады.
      1998-2005 жылдар аралығында ЖІӨ-нің нақты көлемі 1,8 есе артты, ал ЖІӨ-нің орташа жылдық өсімі 9,1% болды. 1998-2005 жылдары ЖІӨ-нің жан басына шаққандағы көлемі 2,5 есе артты. Қазақстанның ЖІӨ-нің көлемі 2006 жылы 76 млрд. долларға жетті, ол жан басына шаққанда 5,1 мың АҚШ долларын құрайды.
      Қазақстанның қаржы жүйесі ТМД елдерінің ішіндегі ең озық жүйенің бірі деп танылды. Банк секторы өз дамуында Достастықтың басқа елдерінен айтарлықтай алдыңғы қатарда келеді. Қазақстан банктерінің жиынтық активтері (50 млрд. АҚШ долларынан астам) Украина банктерінің жиынтық активтеріне теңеседі. Қазақстан Шығыс Еуропа елдерінің бірқатарынан алдыңғы қатарда. Қазақстанның капиталы сыртқы нарықта белсенді орын алуда, 2005 жылы бұл көрсеткіш 15 млрд. АҚШ долларына жетті. Қазақстан тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуды, сыртқы қолайсыз жағдайларға тәуелділікті төмендетуді қамтамасыз ету үшін бірінші болып Ұлттық қор құрды. 2001 жылдан бастап барлық мұнай түсімдерінің 60% Ұлттық қорда жинақталады. Аталған қордың көлемі 2005 жылдың соңындағы 8 млрд долларға қарағанда, 2006 жылы 14,5 млрд. АҚШ доллары болды. Елдің алтын валюталық қоры Ұлттық қорды қоса есепке алғанда 2006 жылғы 30 қарашада 15,086 млрд. АҚШ долларына дейін өсті.
      2006 жылы Қазақстанның халықаралық қорлары Ұлттық қордың қаржысын қоса алғанда ағымдағы бағамен 29 764,8 млн. АҚШ долларын құрады.
      Республика экономикасына 50 млрд. АҚШ долларына жуық тікелей шетелдік инвестиция тартылған. Қазақстан ашық сыртқы сауда саясатын дәйекті жүргізуде. Мәселен, 2004 жылы сыртқы сауда айналымының көлемі 7 млрд. доллардан астам оң сальдомен 33 млрд. АҚШ долларына жақындап, 1994 жылмен салыстырғанда 3 еседен астам өсті.
      2005 жылғы қаңтар-қараша аралығында Қазақстан Республикасының сыртқы сауда айналымы ұйымдастырылмаған сауданы қоспағанда 41016,4 млн. АҚШ долларын құрады. Сыртқы сұраныстың және жоғары экспорттық бағалар нәтижесінде экспорт 25197,4 млн. АҚШ доллары болды. Тұрақты ішкі сұраныстың қалыптасуы нәтижесінде импорт 15819 млн. АҚШ долларын құрады.
      Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында сыртқы сауда географиясы негізінен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығымен шектелсе, ол қазір айтарлықтай кеңейді. 2004 жылы Қазақстанның тауар айналымы құрылымында бірінші орынға ЕО-қа мүше елдер, Ресей, Швейцария және Қытай шықты.
      Республикадағы саяси және экономикалық тұрақтылық, қолайлы инвестициялық жағдай дүние жүзіндегі Қазақстанның жоғары рейтингінің сақталуына ықпал етті.
      Жылы Жалпы ішкі өнім АҚШ долларының айырбас бағамы Инфляция индексі
      (2000=100) Жан басына шаққандағы ЖІӨ
      (АҚШ деңгейінің % үлесі)
      1995 78,014,200 61.11 тенге 64 3.81
      2000 102,599,902 142.26 тенге 100 3.53
      2005 147,453,000 132.88 тенге 140 9.01
      Қазақстан бүгінгі таңда ТМД елдерінің ішінде бірінші болып Moody’s Investors Service, Standard & Poor’s и Fitch Rating’s Ltd сияқты жетекші халықаралық рейтингтік агенттіктердің инвестициялық класс рейтингін алды.
      2005 жылғы 20 желтоқсанда Fitch Rating’s рейтингтік агенттігі Қазақстан Республикасының инвестициялық рейтингін шетел валютасындағы ұзақ мерзімді облигациялар бойынша «ВВВ» деңгейіне дейін және ұлттық валютадағы ұзық мерзімді облигациялар бойынша «ВВВ+» деңгейіне дейін жоғарылатты, сондай-ақ шетелдік валютадағы қысқа мерзімді облигациялар бойынша «Ғ3» деңгейін растады. Бұл ретте барлық берілген рейтингтер «тұрақты» екені болжанып отыр. Осы агенттіктің соңғы есебіне сәйкес, Қазақстанда минералдық ресурстардың қомақты қорының болуы оның экономикалық келешегі зор екенін айқындайды.
      Қазіргі уақытта Қазақстан Бүкіл әлемдік банктің жіктеуі бойынша, кірісі орта деңгейден жоғары елдердің тобына жатады. Тұрмыс сапасының негізгі көрсеткіштерін салыстырсақ, соңғы 10 жыл ішінде қазақстандықтардың ақшалай табысы орта есеппен 5 есе өсті; орташа айлық жалақы 6 есеге жуық өсті; ең төменгі жалақы 25 есе өсті; ең төмен жалақы мөлшері 25 есе; зейнетақының орташа айлық мөлшері 4,6 есе артты.
      2006 жылғы мамырдағы жұмыссыздық деңгейі 7,7% мөлшерінде қалыптасты (2005 жылғы мамырда – 8,2%). Мемлекеттің 2005 жылы тегін медициналық көмектің кепілді көлеміне бөлінген шығыстары 2003 жылмен салыстырғанда 1,7 еседен астам өсті.
      [өңдеу]Тарихы

      Толық мақаласы: Қазақстан экономикасының тарихы
      Қазақстан экономикасы көне заманнан бастап Қазан төңкерiсiне дейiнгi кезеңде көшпелi мал ш-на негiзделдi. Мал жыл бойы өрiсте бағылады. Жер көшпелi қауымның ортақ меншiгi болып саналып, қазақ шаруалары оны қауымдасып пайдаланды. Мал жеке меншiкте болды. Шын мәнiнде малдың иесi жайылымға да иелiк еттi. Қазақстан Ресейге қосылған, одан мемлекеттiлiгi жойылған кезеңнен бастап, әсiресе, 1891 ж. Дала ережесi өмiрге енгiзiлгеннен кейiн, көшпелi ш-тың сипаты өзгердi. Тауар-ақша қатынастарының дамуы көшпелiлердiң едәуiр бөлiгiн жерсiз қалдырды, ал шұрайлы жайылымдық алқаптар ауқаттылардың қолына шоғырланды. Көшу ұзақтығы едәуiр қысқарып, табынның құрылымы және малды бағып-күту жағдайлары өзгердi. Тұрақты тұрғын үйлер мен мал қоралары пайда болды. Болыстар мен ауылдарға бөлiнген жерлердiң шекарасы айқындала бастады.
      9 ғасырың аяғы мен 20 ғ-дың басында көшпелi ш-ты дағдарыс шарпыды. Бұқараның кедей топтары қайыршылыққа ұшырап, мал басы кемiп кеттi. Көшпелiлердiң кедейленген бөлiгi отырықшыға айналды. Дағдарыстың тереңдей түсуiне патша өкiметiнiң ең шұрайлы жерлердi тартып алып, қоныс аударушыларға берген отаршылдық саясаты қатты әсерiн тигiздi. Шын мәнiнде бұл байырғы халықты ата мекендерiнен күшпен ығыстырып, құнарсыз жерлерге қуу болды. 1917 жылға дейiн патша үкiметi қазақтардан 45 млн. гектардан астам жердi тартып алып, iшкi Ресейден келген жаңа қоныс тебушiлерге алып бердi. Патша үкiметiнiң қоныс аудару саясаты жергiлiктi халықтың экон. мүдделерiне нұқсан келтiрдi. Ол қазақтардың ата-бабаларының құнарлы қоныстарын қоныс аудару қорына күшпен алып қосу арқылы жартылай отырықшы мал ш-на және егiншiлiкке бейiмделмеген қазақ көшпелiлерiнiң табиғи дамуын тежедi. Көшпелi ш. дағдарысы құнары аз аймақтарға ығысқан жұрттан мал ш-н анағұрлым тиiмдi жүргiзудi, сондай-ақ, егiншiлiк пен отырықшылыққа көшу мәселесiн шұғыл күн тәртiбiне шығарды. Қазақ халқының жерге қоныстану, оны пайдалану жолындағы күресi, атап айтқанда, жердi әдiл бөлу, орталықтан көшiрiп келген шаруаларға кепiлдi жер телiмдерiн қазақтардан тартып алып берудi доғартуға ұмтылу аса маңызды мәселелердiң бiрiне айналды. Қазақтардың Мемл. Думаға, басқа да мекемелерге жазған көптеген арыздарында жер иелену құқықтарының нақты еместiгi салдарынан көшпелi ш-тар жағдайының тиянақсыз болып отырғандығы атап көрсетiлдi. Мұның өзi олардың еңсесiн түсiрдi, ертеден орныққан үй-жай, қора-қопсыларынан айрылып, шөл және шөлейт, басқа да қолайсыз аймаққа қайта орнығуға, шаруашылықты жетiлдiруге деген ықыласын кемiттi. Отырықшылыққа көшу қазақ шаруалары үшiн қиын үдерiс болды. Жер иелену құқығымен қоса бұған белгiлi бiр мөлшерде қаржы-қаражат та қажет едi. Ал патша үкiметi қандай да бiр көмек көрсетуден бас тартты. Осындай себептерге байланысты қазақ жерiнде отырықшылыққа көшу кең таралмады. Бұл үдерiс егiншiлiктi дамытуға анағұрлым қолайлы жағдайлары бар солт.-шығыс облыстарда, қоныс аударған орыс шаруаларымен тығыз араласқан жерлерде өрiс алды. Сөйтiп, Қазақстанда әрқилы табиғи-геогр. және тарихи жағдайларға байланысты шаруашылықтың көшпелi, жартылай көшпелi және отырықшы сияқты үш түрi қалыптасты. Соңғы екеуiнде шөп шабу мен егiншiлiктi дамыту нәтижесiнде а. ш. машиналары пайдаланыла бастады. Қазақ ауылдарында бұл машиналарды алдымен бiрлесiп, кейiнiрек жекелеген адамдар несиеге сатып алды. 1908 ж. тек Ақмола облысының қазақтарында 6160 шөп шабатын машина болды.
      Тауар-ақша қатынастары қазақ ауылына дендеп енiп, бiр жағынан, шаруалардың шаруашылық қызметiнiң ауқымын кеңейттi, екiншi жағынан, өсiмқорлық сауда-саттықтың дамуына жол ашты. Дәулеттiлер бүкiл малды, қауымдық жерлердi өз қолдарына шоғырландырып, барлық су көздерiн, қыстақтар мен жайлауларды иемденiп алды. Қазақ қоғамының көпшiлiгi iс жүзiнде өндiрiс құрал-жабдығы жоқ кедейлер едi. Сауда-саттықты кәсiп етушiлер мен өз шаруашылығында жалдама еңбектi пайдаланушылардың қатары молайып, саудагерлiк-кәсiпкерлiк өрiс алды. Сөйтiп, қазақ жерiндегi нарықтық қатынастардың алғашқы нышандарының шаруашылыққа, шаруаның жеке тұтыну қажетiне ықпалы күшейдi.
      Тауар-ақша қатынастарының дамуына, қазақ ауылының экономикасындағы басқа да өзгерiстерге байланысты, жер жекелеген адамдардың жеке меншiгiне айнала бастады. 19 ғ-дың аяғы мен 20 ғ-дың басында Қазақстан экономикасында әр түрлi экон. ұстындардың астасуы байқалды.
      Маған ұнайды:
      25.03.2013, 12:06
      Предыдущие 6 комментариев
    • Айгерим Есебаева
      Қазақстанның солтүстік пен оңтүстік шекарасын бөліп тұрған 1800 шақырым жердің көрінісінде тоғайлы дала, жазық дала, шөлейт және шөлді жерлер бірін бірі ауыстырады. Қазақстан батысында Каспий теңізімен, шығысында орманды Алтай алқабымен, ал оңтүстігінде Тянь-Шань тауының шыңдарымен шектеледі. Ең төменгі нүктесі-Маңғышлақтағы Қарагүйе ойпаты, ол дүниежүзілік мұхит деңгейінен 132 метр төмен тұр. Ең жоғары жері – Хан-Тәңірі тауларының ең биік шыңы теңіз деңгейінен 7000 метр биіктікте. Үлкен 3 өзен-Ертіс, Тобыл мен Есіл өз суларын Солтүстік Мұзды Мұхитқа әкеліп құяды, ал Қазақстанның басқа өзендері Каспий, Арал, Балхаш сияқты үлкен-үлкен ішкі табиғи су алаптарына құйылады немесе Сарыарқадай кең далада ағып жатады, я болмаса шөлді жерлерге ағып, жерге сіңіп кетеді.

      Қазақстанның Батыс бөлігі түгелдей жазық жер, ал Шығысы – көбіне таулы алқап. Онда Тянь-Шань мен Алтай тауларының шыңдарынан басқа Тарбағатай, Сауыр, Қазақтың қырлары мен Көкшетау үстірттері бар. Қазақстан жерінде алты мыңнан астам өсімдіктер түрлері өседі, солардың 515-і тек қана біздің елімізде өсетіндер. Қазақ жерінде құстардың 500-дей түрі, аңдардың 178 түрі, бауырымен жорғалаушылардың 49 түрі, қос мекенділердің 12 түрі, ал өзендер мен көлдерінде балықтың 107 түрі кездеседі.Омыртқасыз жануарлар орасан көп: насекомдардың кездесетін түрлері 30 мыңнан кем емес, ал олардан басқа бірнеше мыңдаған моллюскілер, құрттар, өрмекшілер шаянтұқымдастылар және басқа жәндіктер өте көп. Каспий мен Арал теңіздерінің арасында орналасқан Үстірт шоқылары сәл ғана жоғары көтерілген, жусан мен жантақ бұталары өсіп тұрған шөлді жазық, оның сусыз ойпаттарында сексеуіл тоғайлары өсіп тұр. Тіп-тік шың құздарының сұлулығы - қайталанбас көрініс. Әсіресе биіктігі 340 метрге жететін Батыс құздарының көрінісі керемет сұлу – оның желмен өңделген құлама жарлары таңғаларлық әсер қалдырады. Тек осы жердің өзінде ғана муфлон немесе уриал, сусар тұқымдастарына жататын балжегіш, ұзын инелі кірпі мен тағы мысықтар қатарына жататын қарақал, құмтөбелік мысық пен атақты гепард та бар.
      Қазақ даласында қарақұйрық еліктер және көптеген шөл құстары- қарабауыр шіл, садж, бозторғайлар әуе кеңістігінде ұшып жүреді.
      Солтүстік Тянь-Шань баурайында сұлу зәулім шыршалар, ал Батыс Тянь-Шаньда арша тоғайлары мен ұзын болып өсетін шөптер мен құрғақ сай салалардың шабындықтары көздің майын алады. Бұл таулардың шатқалдарында алма мен жаңғақ жемісті тоғайлар өсіп тұрса, тау шыңдарының төбелерін мәңгі ерімейтін қар мен мұз айдындары жауып тұрады. Қар барысы - ирбисті, Тянь-Шаньнің қоңыр аюын, Сібірдің тау ешкілерін, ал қанаттылардың арасынан–жазылған қанатының ұзындығы үш метр болатын атақты күшігенді, гималайлық тау күркетауығы деп те аталатын Гималай ұларын, қар күшігенін, қазақ аңшыларының сүйіктісі–бүркітті, тағы тауық пен альпі ұзақтарын, ертегіге айналған көк құсты тек қана осы жерден табасыз...
      Тайгалық ағаштарды жамылған Алтай тауларында сізге бұғы тұқымдас алып бұландар, сұлу маралдар, біздің еліміздегі бұғының ең кішкентай түрі - тоқал бұғы, бүкіл әлемге көркемдігімен әйгілі болған бұлғын, нәзік ақсары тышқан да осында. Құр, шіл, тундралық және сирек кездесетін ақ түсті құрды тек осы жерден кездестіре аласыз. Жоғары тауда орналасқан Оңтүстік Алтайдағы Марқакөл көлінде флора мен фаунаның, балықтың ерекше түрі ускуч деп аталатын Марқакөл балық қорығы жасалған. Көлде су құстары, ал оның жағасындағы тоғайларда қара құтан сияқты селдір кездесетін құстардың ұясы бар,ал өте аз кездесетін Алтай ұлары құздарына ұя салады. Қазақстанның сары даласының көркемдігі тіпті тамаша. Оның мыңдаған суда және су маңында жүретін құстары бар көптеген тұзды және тұщы көлдерінде үйректің, қаздың, шағаланың, балшықшының, тырнаның ондаған түрлері мекендейді.
      Орталық Қазақстандағы тұзды Теңіз көлінде тіпті қызғылт қоқиқаздар ұя салады. Бұл қаздың осы түрінің ең қыйырдағы мекені. Оларды қорғау мақсатымен Қорғалжын қорығы жасалған. Тағы да бір дала көлі Наурызым қорығының тоғайлары мен көлдері де құстарға бай. Мұнда кезқұйрық, бөктергі, ақиық, күйкентай, қырғи, жамансары мекендейді. Түлкі, қарсақ, ақкіс, борсық, суыр, күзен, сілеусін, елік т.б. жануарлар кездеседі. Көлдерден басқа қазақ даласының ең оңтүстік шетінде бірегей қарағай шоқтары да үкімет қорғауында. Бұл тоғай шоқтарында мола бүркіті, сұңқардың көптеген бірегей түрлері сияқты жыртқыш құстар ұя басады.
      Шөл даланың көрінісі мүлде ерекше. Негізінде бұл сортаңда өсетін өсімдіктерге мол балшықты кең жазық дала. Жаңа айтылып кеткен Үстірттен басқа бұған Балхаш көлі мен Шу және Сарысу өзендерінің арасын алып жатқан Бетпақ-дала да жатады. Қазақстандағы құмды шөлге Сырдария өзенінің батыс жағына таман орналасқан Қызылқұм аймағы, Бетпақдала мен Шу өзенінің оңтүстік жағындағы Мойынқұм, Оңтүстік Балхаш, яғни Сарыесікотрау және Арал жағалауындағы Қарақұм құмдары бар. Көбіне құм төбелерді сексеуіл, жүзген, құм қарағаны сияқты өсімдіктер жауып тұрады. Мұнда елік, көптеген тышқандардың түрлері, сирек кездесетін қарақұйрық, гепард, сабаншы, шағыл мысығы, шұбар күзен, төрт жолақты қарашұбар жылан кездеседі, ал құстардан жыланбүркіт, тазқара, күшіген дуадақ тағы басқаларды көруге болады. Шөл далада бауырымен жорғалаушылар–ортаазиялық тасбақа, ең үлкен–сұр кесіртке, агама, көптеген геккондар және жыланның 17 түрі бар.
      Маған ұнайды:
      24.03.2013, 8:36
      Предыдущие 6 комментариев
    • Гүлзия Қуантаева
      Ғылыми-техникалық революция – ғылымды өндірістік дамудың жетекші факторына айналдыру арқылы өндіргіш күштерді түбегейлі өзгертіп, сапалық жағынан түлету. 20 ғ-дың 40-жылдарынан басталған ғылыми-техникалық революция барысында ғылымның өндіргіш күшке айналу үрдісі қарқын алып, елеулі нәтижелерге қол жетті: ең бастысы, еңбектің жай-ахуалы, сипаты мен мазмұны, өндіргіш күштердің, еңбек бөлінісінің құрылымы өзгеріске ұшырап, еңбек өнімділігі күрт өсті, сол арқылы қоғам өмірінің өзге салалары, әсіресе, адамдардың мәдениеті, тұрмысы, психологиясы жетіліп, табиғатпен қарым-қатынасы айқындала түсті.

      Ғылыми-техникалық революцияның – екі негізгі алғышартты: ғыл.-тех. және әлеум. сипаттағы алғышарттары болды. Оның пісіп-жетілуінде 19 ғ-дың соңы мен 20 ғ-дың басындағы жаратылыстанудағы жетістіктер шешуші рөл атқарды. «Жаратылыстанудағы революциялар» дүмпуі электронның, радийдің, химиялық элементтер түзілуінің ашылуына, салыстырмалық теориясы мен кванттық ілімнің негізделуіне орай жүзеге асып, ғылымның микроәлем мен үлкен жылдамдықтар саласына дендей енуімен ерекшеленді.
      Ең алдымен, өнеркәсіп пен көлік қатынасында электрді қолдануға орай техникада да түбірлі өзгерістер болды. Радио ойлап табылып, жаппай тұтынымға енді. Авиация дүниеге келді. 20 ғ-дың 40-жылдары ғылым атом ядросын ыдырату проблемасын шешті. Әсіресе, кибернетиканың пайда болуы маңызды рөл атқарды. Атом реакторларын және атом бомбаларын жасау жөніндегі зерттеулер көптеген мемлекеттердің ұлттық ғыл.-тех. жобалар шеңберінде ғылым мен өнеркәсіпті өзара әрекеттестіру шараларын қолға алуына қозғау салды. Ғылым салаларын қаржыландыру деңгейі күрт өсіп, зерттеу мекемелерінің саны көбейді. Ғылым және техника жасалымдардың арасында тікелей байланыс күшейіп, ғылым жетістіктерін өндіріске енгізу қарқыны артты. 20 ғ-дың 50-жылдары ғыл.-зерттеулерде, өндірісте, сондай-ақ басқару жүйесінде ғылыми-техникалық революцияның рәмізіне айналған электронды-есептеу машиналары кеңінен пайдаланыла бастады. Ғылыми-техникалық революцияның қазіргі кезеңі: ғылымның өндіргіш күшке айналып, қоғамдық еңбек бөлінісінің жаңа сатыға өтуімен; өндіріс құралдары мен шаруашылық қарым-қатынастар субъектісінің сапалы өзгеріске ұшырап, өнімге жұмсалатын материал, капитал мен еңбек шығынының көрсеткіші кеми түсуімен; жаңа энергия көздерінің табылып, сипаты алдын ала белгіленген жасанды материалдарды қаделеуімен; өндірісті ғыл. ұйымдастырудың, бақылаудың және басқарудың зәру құралы ретінде ақпараттық қызметтің мән-маңызы артып, ғылым салаларының өзара байланысының, күрделі проблемаларды кешенді зерттеу қарқынының, гуманитарлық ғылымдар рөлінің өсуімен; әлеум. прогрестің мейлінше қарқындап, күллі адамзат іс-әрекеттерінің ынтымақтастыққа ойысуымен, «ғаламдық проблемалар» деп аталатын мәселелердің пайда болуымен ерекшеленеді. Осындай негізгі ерекшеліктерімен қатар ғылыми-техникалық революцияның басты ғыл.-тех. бағыттары: өндірістік үрдістерді, өндірісті бақылау мен басқаруды кешенді түрде автоматтандыру; энергияның жаңа түрлерін тауып, пайдалану; жаңа құрылымды материалдарды, биотехнологияны, информатиканы қолдану жолы қалыптасқан.
      Алайда ғылыми-техникалық революцияның мәні әлгі аталған ерекшеліктеріне де, басты бағыттарына да, тіпті қандай да бір ғаламат ғыл. жаңалықтарға да барып саймайды. ғылыми-техникалық революция. дегеніміз өндірістің бүкіл тех. базисін, бүкіл технол. тәсілдерін қайта құруды ғана білдіреді. ғылыми-техникалық революция адамзаттың аса маңызды қызметтері аясының: табиғат пен қоғам заңдылықтарын теория жүзінде танудың (ғылым); табиғатты түлетудің тех. құралдары мен тәжірибелері кешенінің (техника), материалдық игіліктерді жасау үрдісінің (өндіріс) және практикалық іс-қимылдар мен әрқилы қызмет түрлерінің жосықты өзара байланысу тәсілдерінің (басқару) бірегей жүйесін құруға арналған алғышарттар жасайды.
      Өндіріс пен қоғамдық тұтынымдағы ғылыми-техникалық революция енгізген өзгерістер ауқымы мен қарқыны адам мен табиғаттың, қоғам мен табиғи ортаның қарым-қатынасын жаңа сатыға шығарып, халықаралық ғылыми-техникалық ынтымақтастықты дамытуды талап етуде. Әсіресе, ғылыми-техникалық революцияның салдарынан туындаған кейбір зардаптар ұлттық, тіпті құрлықтық шеңберден шығып, көптеген елдің күш біріктіруін, халықар. деңгейде реттеуді қажетсінеді. Мыс., табиғи ортаның ластануымен күресу, ғарыш серіктері арқылы байланысу, әлемдік мұхит ресурстарын игеру, компьютерлік-технол. желілер қауіпсіздігін қамтамасыз ету, т.с.с. мәселелер бойынша өзара ынтымақтастық ахуалын орнатып, ғыл.-тех. жетістіктер айырбасына жол ашуға әр түрлі даму деңгейіндегі мемлекеттердің мүдделілігі артып келеді.
      Маған ұнайды:
      23.03.2013, 21:15
      Предыдущие 6 комментариев
    • Гүлзия Қуантаева
      Арал экологиясы – шөлейт аудандарда суды көп қажет ететін өндірістерді орналастырудағы стратегиялық қателіктердің нәтижесінде пайда болған экологиялық жағдай. 1961 жылға дейін Арал теңізінің көп жылдық орташа деңгейі 53 абс. м, орташа аумағы 66,1 км², көл. 1062 км3 болған. Өзендердің теңізге құйылу мөлшерінің кемуі, теңіздің су деңгейінің азаюына, оның 2-ге бөлінуіне әкеп соқтырды. Енді ол Үлкен Арал және Кіші Арал болып аталады (1992 ж.). Бұл 2 көлдің арасын бөліп тұрған құрғақ жердің ауданы жылдан-жылға ұлғаюда. Арал теңізінің тартылуы және оңтүстік ендікте суғармалы егіндік жерлердің көбеюі қуат, жылу, ылғал алмасуының тапшылығы сол өңірдің экологиясын және ландшафты мен ауа райын өзгертті. 1970 ж. Арал теңізіне құйылатын өзен суының көл. 7 – 11 км3-ге дейін азайса, ал 1980 ж. теңізге құятын өзен сулары мүлдем сарқылды. Су тазартудың және бірнеше рет пайдаланған сулардың шығыны шөлді жерлерді жарамсыз батпақ шалшыққа айналдырды. Ғарыштан түсірілген суреттерді талдағанда 1985 ж. табиғи көлдің саны 28 (аумағы 287,48 км²), антропогендік көлдің саны 195 (аумағы 6421,71 км²), ал қолдан жасалған Сарықамыс және Арнасай көлдерінің су қорының көл. 55 км3 болды. Жылдық түсетін ылғал мөлшері де өзгерді. Мыс., 1950 – 59 ж. ақпан – наурыз айлары ылғал көп түсетін, ал қыркүйек ең аз жауатын кезі болса, 1970 – 79 ж. жауынның көп жауатын кезі сәуір айына, аз түсетін айы шілдеге сәйкес келді. Тұздың атмосфераға таралуы 6 – 7 есе өсті. Арал өңіріндегі жаз айларындағы ең жоғ. темп-ра орта есеппен 1,8 – 2,5°С-қа жоғарылады. Бұл жалпы дүние жүзіндегі жылудың көтерілу тенденциясына байланысты болуы да мүмкін. Сырдария атырауы мен Қазалыда жылдық орташа салыстырмалы ауаның ылғалд. 15 – 20%-ға, ал 1960 жылдан Арал қ-нда 25 – 30%-ға азайды. Бұл жағдай Арал құмды аймағындағы конденсаттық ылғалды азайтты. Соның нәтижесінде жер қыртысының сулануы және шөл өсімдіктерінің ылғалдануы едәуір қысқарды. Теңіз жағасындағы аймақта көктем және күз кезінде теңізден келетін бриздер мүлдем жойылды. Өйткені көктемгі соңғы суықтар ұзаққа созылып, ал алғашқы күз суықтары керісінше, 10 – 12 күн ертерек түсетін болды. Егістік жерлерді суландырудың ұлғаюынан, шалшықтанған аумақтың көбеюінен судың булануы өсті, ал каналдар (жасанды арналар) мен сүзгілік (фильтрлік) көлдерден шыққан су булары микроклиматты өзгертуге әсер етті Теңіз деңгейінің төмендеуі ауа райының өзгеруіне, сол өңірдің сусыздануына әкелді. Бұл жерлерде 1950 – 90 ж. аралығында шаңды дауыл жиілігі 60 есе көбейіп, кеуіп кеткен теңіз түбінен көтерілген тұзды шаң жылына 15 – 75 млн. т-ға жетті. Жыл сайын суғармалы жердің 1 га-сынан 15 т-дан 90 т-ға дейін тұз жиналды. Бірнеше рет пайдаланған сумен суғарылғандықтан, Әмудария және Сырдария өзендерінің төм. құйылысында орналасқан аудандардағы жер қыртысы сортаңға (мыс., Қызылорда облысының 52%-ы) айналды. Тұзды шаңның көтерілуі атмосфераның бір тәуліктік радиац. балансын 2 есе азайтты. Өсімдіктерге қонған тұзды шаң, оның биол. өнімділігін төмендетті (мыс., сортаң жерге егілген мақтаның 1 га-сынан 7 – 8 ц-ден өнім алынды, ал бұл сортаң емес топыраққа егілген мақта өнімділігінен 4 есе аз). Экол. жағдайдың аэротүсіру арқылы алынған суретін талдау нәтижесінде жыл сайын 40 км3 су тиімсіз шығынданатыны белгілі болды. «Арал-2006» бағдарламасы бойынша жүргізілген зерттеу жұмыстарының мәліметтері бойынша өсімдіктердің өсіп-өнуі кезінде пайдаланылған судың мөлшері (брутто) суғарылу мөлшерімен (нетто) салыстырғанда 1,5 – 2 есе көп екені анықталды. Жыл сайын Әмудария су алқабында суғарылатын егістік жерден 11 – 15 км3 су, ал Сырдария су алқабынан 8 – 11 км3 су буланып, жылдан-жылға қоршаған ортаға зиянын тигізуде. Өсімдіктердің бағалы түрлерін арамшөптер басуда. «Қызыл кітапқа» енгізілген 70-тен астам жергілікті өсімдіктер сирек кездесетін өсімдіктердің қатарына жатады және олардың болашақта мүлдем жойылып кету қаупі бар. Табиғи ортаның азып-тозуы жергілікті халықтың денсаулығына да зардабын тигізіп отыр. Тұрғындар пестицидтерден, т.б. химикаттардан, түрлі улы тыңайтқыштар мен тұздан тазартылмаған сапасы төмен суды пайдалануда. Соның нәтижесінде бұл аймақта рак ауруы, баланың өлі тууы, генетик. ауытқулар, сүзек, сары ауру және жүрек қан тамырлары аурулары көбеюде. Арал т. мен Әмудария және Сырдария өзендерінде 1963 жылға дейін жылына 25 – 45 мың т балық ауланса, 1970 ж. бұл көрсеткіш 15 мың т, ал 1982 ж. су тұздылығының 12%-дан 40%-ға дейін өсуіне байланысты балық мүлдем ауланбады. 1994 ж. Орта Азия мемлекеттері «Аралды құтқару» қорын ұйымдастырды. Қазақстанның «Байқоңыр» аэроғарыштық экол. орталығының басшылығымен алғаш рет «Арал өңірінің экологиялық картасы» жасалды.
      Маған ұнайды:
      23.03.2013, 21:13
      Предыдущие 6 комментариев
    • Айгерим Есебаева
      Солтүстік Қазақстандағы Батыс Сiбiр ойпатынан оңт-тегi Алатау өңiрлерiне дейiнгi аралық 1500 — 1600 км, Батыстағы Атырау алқабынан Алтай тауларына дейiнгi 3000 км-ге жуық өңiрлердi әр түрлi топырақтар жамылғысы басқан. Бұл топырақ жамылғысының әр аймақтарда түзiлiп, орналасуы геогр. белдемдiлiк заңына байланысты. Мыс., Қазақстанның 86% жерiн алып жатқан жазық алқаптарында климаттың, топырақтың солт-тен оңт-ке қарай өзгеруi көлденең белдемдiк заңына сәйкес өзгерсе, Қазақстанның 14% жерiн алып жатқан оңт., оңт.-шығыс таулы алқаптарында — тiк белдемдiк (биiктiк белдеулiк) заңына сәйкес болады.

      Жазық алқап топырағы. Ауд. 235 млн. га. Қазақстанның жазық аймақтарында солт-тен оңт-ке қарай мынадай топырақ белдемдерi кездеседi: 1) республиканың қиыр солт-н орманды дала белдемi алып жатыр. Негiзiнен бұл жерлер Батыс Сiбiр ойпатында орналасқандықтан жер бетi жазық, ойпатты, сондықтан орманның шайылған сұр топырағы мен шайылған сiлтiсiзденген қара топырағы тән. Бұл аймақтың топырақтары құнарлы, негiзiнен жаздық бидай егiледi. Қалған жерлерiн орман, шабындық пен жайылымдар алып жатыр. Ауд. 400 мың га; 2) осы белдемнен оңт-ке қарай даланың қара топырақты белдемi (Жалпы Сырттан Ертiс өңiрi жазықтығына дейiн 2000 км-ге созылған) жалғасып жатыр. Аум. 25,7 млн. га, оның 15 млн. га-сы жыртылған жерлер, негiзiнен астық дақылдары егiледi. Қара топырақты белдем солт-тен оңт-ке қарай 2 белдем аралығына бөлiнедi: кәдiмгi қара топырақты белдем аралығы Батыс Сiбiр ойпатының оңт-н Сарыарқа өңiрiнiң және Жайық биiк шығыс жазығының солт. бөлiктерiн қамтып (енi 100 — 140 км-дей), батыстан шығысқа созылып жатыр. Аум. 11,8 млн. га. Жер бетi жазық, топырағы құнарлы, негiзiнен астық дақылдары егiлiп, еттi-сүттi мал өсiрiледi; оңтүстiктiк қара топырақты белдем аралығы — кәдiмгi қара топырақты белдем аралығының оңт-н бойлап батыстан шығысқа созылып жатыр, енi 50 — 125 км-дей, аум. 13,9 млн. га. Жер бетi жазық, топырағы құнарлы. Бұл негiзiнен ылғалы жеткiлiктi, дәндi дақылдар егуге қолайлы жерлер. Құрғақшылық әрбiр 7 — 9 жылда бiр-екi рет қайталанады.
      3) Республиканың оңт. бөлiгiндегi шөлдi белдемге дейiнгi орт. аймақты құрғақ-далалы және шөлдi-далалы қара-қоңыр топырақты белдем алып жатыр. Аум. 90,5 млн. га, яғни республика жерiнiң 33,2%-ы. Мұнда солт-тен оңт-ке қарай 3 белдем аралығына бөлiнедi: күңгiрт қара-қоңыр топырақты белдем аралығы — қоңыржай қуаң дала, мұнда жыл сайын егiннен тұрақты өнiм алынбайды. Топырақтағы қара шiрiк мөлш. 3 — 4%-дай. Аум. 27,7 млн. га. Топырақ құнары жап-жақсы болғанымен құрғақшылық әрбiр 3 — 4 жылда бiр қайталанып болып тұрады. Соңғы 10 жылда бұл белдем аралығындағы жыртылған жер көлемi оларды пайдаланудың тиiмсiздiгiнен, бұрынғы 10 млн. га-дан 3 — 4 млн. га-ға азайтылған; жай қара-қоңыр топырақ орын алған алқаптың аум. 24,4 млн. га. Топырақтың беткi қабатындағы қарашiрiк мөлш. 2 — 3%. Құрғақшылық кейде жыл сайын, кейде 2 жылда бiр рет қайталанады, сондықтан суарылмайтын егiншiлiкпен айналысу тиiмсiз, ал суару үшiн тұрақты су көздерi жоқ. Тың игеру кезiндегi асыра сiлтеушiлiкпен бұл белдем аралығында астық үшiн игерiлген 4 — 5 млн. га жерге соңғы 10 — 12 жылда егiс егiлмейтiн болды, тек аз ғана малазықтық жем-шөп егiлетiн жерлер қалдырылды. Мұнда соңғы жылдары тек мал өсiрiледi; ашық қара-қоңыр топырақты белдем аралығы — өте қуаң шөл (шөлейт) дала, негiзiнен мал ш-на жарамды. Аум. 38,4 млн. га.
      4) Шөл дала белдемiнiң аум. 119,4 млн. га, немесе республика аумағының 44%-ы. Мұнда 2 белдем аралығы бар. Қоңыр топырақты белдем аралығы — шөлдi аймақ, оның жусаны мол, жайылымы жұтаң жерлер. Аум. 57,4 млн. га. Жылдық жауын-шашын мөлш. 120 — 150 мм. Топырақтың беткi қабатындағы қарашiрiк мөлш. 1 — 1,5%. Сұр қоңыр топырақты белдем аралығы шөлдi аймақ, жусан мен эфемерлi өсiмдiктер басым. Аум. 61,8 млн. га. Жылына түсетiн жауын-шашын мөлш. 80 — 130 мм. Топырақта қарашiрiк мөлш. 1%-дай. Алқапта құмды, тақыр, сор жерлер жиi кездеседi. Бұл жерлерде мал ш. дамыған, егiншiлiк суармалы жерлерде ғана шоғырланған.
      Биiк таулы аймақтың топырағы республиканың оңт.-шығысын алып жатыр. Аум. 37 млн. га, республика жерiнiң 14%-ын құрайды. Қазақстанда топырағы мен климаты жағынан ерекшеленетiн 4 биiктiк белдеу бар: 1) тау етегiндегi шөлдi-далалы белдеу теңiз деңгейiнен 450 — 750 м (кейбiр аймақтарда 300 — 1000 м) биiктiкте орналасқан. Тянь-Шань тау етектерiнде негiзiнен сұр, Батыс Тянь-Шань тау етегiнде сұр-қоңыр, Солт. Тянь-Шань мен Алтай таулары етектерiнде ашық қара-қоңыр топырақ таралған. Бұл жерлерде суармалы және тәлiмi егiншiлiк және мал ш. дамыған. 2) Аласа таулы дала белдеуi — әр түрлi таулы аймақта 600 — 2200 м биiктiкте орналасқан алқап. Алтай мен Солт. Тянь-Шаньда таудың күңгiрт қара-қоңыр және қара топырағы таралған. Ал Бат. Тянь-Шаньда (Оңт. Қазақстанда) сұр қоңыр және таудың қоңыр топырағы басым. Қарашiрiк мөлш. 10 — 15%-дай. Жайылымы — шүйгiн, ағашы қалың алқап, мал ш. жақсы дамыған. 3) Орташа таулы орманды-далалы және шалғынды-орманды белдеулерi әр түрлi таулы аймақтарды 1000 — 2500 м-ге дейiнгi деңгейдi қамтиды. Негiзiнен таудың шайылған, сiлтiсiз қара топырақтары мен орманның сұр топырақтары және таулы-шалғынды топырақ тараған. Бат. Тянь-Шаньда таудың қоңыр, Алтайда күлгiн топырақтар түзiлген. Жайылымы — шүйгiн, орман ш. жақсы дамыған. 4) Биiк таулы альпiлiк, субальпiлiк шалғынды және қарлы-мұзды белдеулерi Батыс Тянь-Шань мен Алтай аралығындағы биiк таулы аумақтардың 1800 — 3800 м кейде одан да биiк деңгейлердi алып жатыр. Топырағы альпiлiк, субальпiлiк, шалғынды-шымды. Көпшiлiк жерi топырақсыз тасты шыңдар мен мәңгi мұз, қар басқан шыңдардың үлесiне тиедi. Шалғынды жерлерi — жазғы жайлау ретiнде пайдаланылады.
      Өсiмдiктерi. Қазақстанда өсiмдiктердiң 15 мыңдай түрi бар. Оның 2 мыңнан астамы балдырлар, 5 мыңдайы — саңырауқұлақтар, 600-ге жуығы — қыналар, 500-ге жуығы мүк тәрiздiлер және 6 мыңнан астамы — жоғары сатыдағы түтiктi өсiмдiктер. Қазақстан микрофлорасының (саңырауқұлақтар) құрамындағы түрлердiң 4,8%-ы эндемик болып табылады. Жоғары сатыдағы өсiмдiктердiң түр байлығы, интродукцияланған, мәдени дақылдар мен кездейсоқ әкелiнген 500-ден аса түрлердi қоспағанда, 161 тұқымдасқа, 1120 туысқа жататын 6100-ге жуық түрден тұрады. Оның iшiндегi 730 түр тек Қазақстанда өсетiн — эндемиктер. Бұлардың iшiндегi ең ерекше 12 монотиптi туыс бар: физандра, рафидофитон, жалған шөлмасақ, жалған шандра, боченцевия, канкриниелла, тобылғыгүл, птеригостемон, пастернаковник, тоғайя, недзвецкия, шолақтауия. Қазақстан флорасындағы түрлердiң басым бөлiгi 15 тұқымдасқа топтасқан. Алғашқы құрлықтық өсiмдiктердiң қалдықтары Оңт. Балқаш өңiрi мен Бұрынтауда жоғ. ордовиктiк қатпарлардан табылған. Олар плаун тәрiздiлерге жататын Akdalophyton caradocki пен қырықбуынға жататын — Sarituma tatjanae. Бұлар шамамен 450 млн. жыл бұрын тiршiлiк еткен.
      Республикамыздың қазiргi флорасы эоцендiк субтропиктiк (36 — 58 млн. жыл бұрын), олигоцендiк орманды-мезофильдiк (26 — 35 млн. жыл), неогендiк ежелгi жерортатеңiздiк таулы-ксерофиттiк, субтропиктiк-ксерофиттi бұталық және миоцен-плиоцендiк алғашқы далалық (13 — 25 млн. жыл), плейстоцендiк (2 млн. жыл) флоралардың негiзiнде қалыптасқан.
      Өсiмдiктердiң Қазақстан жерiнде таралуы, түрлер мен эндемиктердiң топтасуы, табиғи аймақтар мен таулық белдеулерде әр түрлi. Республиканың осыншама бай өсiмдiктер дүниесi түрлердiң биол., экол., эвол. ерекшелiктерiне байланысты әр түрлiбiрлестiктер мен қауымдастықтарда жүйеленген.
      Қазақстанның жазық бөлiгi орманды далалық, дала, шөлейт және шөл белдемдерiне (аймақтарға) ажыратылады. Орманды далалық аймақ — республика жер аумағының 2,04%-ын алып жатыр, 54Әс.е-тен жоғары Көкшетау мен Петропавл қ-ларының маңында орналасқан. Орман түзушi түрлер: жылауық қайың, талдың бiрнеше түрлерi, бұталардан: итмұрын, тобылғы, далалық шие, т.б. бар. Бұл белдемнiң шалғындық және далалық телiмдерiнде алуан түрлi шөптесiн өсiмдiктер мен астық тұқымдас шөптер басымдылық ететiн қауымдастықтар таралған. Бұл аймақ 2 белдемге бөлiнедi: 1) оңтүстiк ылғалы аз қоңыржай жылы орманды дала белдемi — сұр ормандық топырақта қайыңды-теректi, теректi ормандар, ал қара топырақта шалғынды-далалық экожүйелер орналасқан; 2) қоңыржай құрғақ шоқталған орманды дала белдемi — қайыңды-теректi шоқ ормандар мен қара топырақтағы алуан-түрлi және астық тұқымдасты шөптесiн өсiмдiктi далалық экожүйелер таралған.
      Далалық аймақ елiмiздiң жер аумағының 28%-ын алып жатыр, аум. 110,2 млн. га, батыстан (Едiл-Жайық өзендерi аралығынан) шығысқа қарай (Алтай-Тарбағатай тау бөктерi) 2500 км-ге созылып жатыр. Далалық флораның құрамында 2000-нан астам түр бар деп шамаланады. Оның 175-i — эндемиктер. Негiзгi басым түрлер: қау (боз), сонымен қатар бетеге, тобылғы, қарағай, аласа бадам. Далалық аймақ 3 белдемге бөлiнедi: 1) қоңыржай-құрғақ және құрғақ дала; кәдiмгi және оңт. қара топырақтағы алуан түрлi шөптесiн — бозды белдем; 2) қоңыржай-құрғақ және жылы-құрғақ белдем—күңгiрт қара-қоңыр және қара-қоңыр топырақтардағы бетегелi-бозды дала; 3) шөлейт құрғақ, қоңыржай ыстық белдем — ашық қара қоңыр топырақтағы жусанды-бозды дала. Шөлдi аймақ — жалпы аум. 124,6 млн. га. Өзiне тән өсiмдiк жамылғысы алуан түрлi, 2500 — 2800 түр бар, олардың iшiнде 200 — 215 түрi — эндемиктер. Шөлдi аймақ 5 белдемге ажыратылады: 1) солтүстiк далалы жердегi құрғақ, қоңыржай-ыстық шөлдер — аум. 40 млн. га., немесе елiмiздiң жер аумағының 14,7%-ы. Өсiмдiк жамылғысы астық-тұқымдасты — жартылай бұталы (боз, еркекшөптi-жусанды) шөлдер мен құмдақ-бұталы (жүзгiн-раң-шағыржусан-еркекшөптi) шөлдер тарайды; 2) орталық (солтүстiк тұрандық) өте құрғақ, ыстық шөлдер — аум. 51,2 млн. га, немесе республика жерiнiң 18,9%-ын алып жатыр. Бұл жерлерде жартылай бұталы (жусанды, бұйырғынды, изендi), сексеуiлдi, бұталы (қоянжын-жүзгiндi) өсiмдiк жамылғысы дамыған; 3) оңтүстiктегi өте құрғақ, ыстық шөлдер — аум. 30,3 млн. га, немесе Қазақстанның 11,1%-ын алып жатыр. Бұл жерлерге эфемероидты — жартылай бұталы (сұр-жусанды, эфемерлi), ал дөң және тiзбектелген аллювийлi — эолды құмдарда бұталы-сексеуiлдi-эфемероидты (сексеуiл-қоянжын-жүзгiндi) өсiмдiк жамылғылары тән; 4) тау етегiндегi құрғақ, өте ыстық шөлдер — аум. 3,2 млн. га немесе Қазақстанның 1,2%-ы. Негiзiнен эфемероидты iрi шөптесiн-жартылай бұталы өсiмдiктер өседi; 5) тау етегiндегi өте құрғақ шөлдер — аум. 11,6 млн. га, немесе республиканың 4,3%-ын алып жатыр. Эфермероидты-псаммофиттiк бұталы өсiмдiк жамылғысы тән.
      Қазақстанның таулы экожүйелерiнiң аум. 18,6 млн. га, яғни республика жерiнiң 7%-ы. Бұл ретте есепке алынып отырғаны 4 — 5 биiктiк белдеулi биiк таулар ғана. Таулы экожүйелердiң флорасын 3400 — 3600 түр құрайды деп шамаланады. Оның iшiнде 540 — 570 түр эндемик болып табылады. Тек Қаратаудың флорасында 165 — 170 эндемик түрлер бар. Олардың iшiнде, шыршалы (шренктiк шырша, сiбiрлiк шырша); май қарағайлы, самырсынды (сiбiрлiк самырсын, сiбiрлiк майқарағай); қылқан жапырақты ормандарды; алмалы (Сиверс алмасы, қырғыз алмасы), өрiктi (кәдiмгi өрiк), қайыңды-теректi (түктi қайың, көк терек) — жапырақты ағаш ормандарды атап өтуге болады. Таулы экожүйелерде итмұрын мен бөрiқарақаттың (зеректiң), аршаның, қылшаның, бетегенiң, сарыкүйiк қауымдастықтары да кең тараған. Қазақстанның табиғи флорасы — пайдалы өсiмдiктердiң қайнар көзi. Мұнда жем-шөптiк өсiмдiктердiң 700-ден астам түрi, дәрiлiк өсiмдiктердiң 400-ге жуық, әсемдiк-безендiрушiлiк 700 — 800, ширнелiк (300-ден астам), эфир-майлық (450-ге жуық), улы-зиянды (250-ден астам) өсiмдiктер түрлерi бар.
      Маған ұнайды:
      23.03.2013, 13:35
      Предыдущие 6 комментариев
    • Қазақстанның табиғаты
      Қазақстан Республикасының аумағы батысында Еділ өзен алабынан шығысында Алтай тауы шыңдарына дейін, солтүстігнде Батыс Сібір жазығынан (Солтүстік Қазақстан жазығы) оңтүстігінде Тянь-Шань тауына дейін созылып жатыр.
      Географиялық зерттелу тарихы
      Еуропа мен Азия елдері арасындағы қарым-қатынастың көпшілігі (керуен жолдары, елшілік көштері, т.б.)ежелгі заманнан-ақ қазіргіҚазақстан аумағындағы жер арқылы өткен. Осыған байланысты Қазақстанның кейбір табиғи нысандары туралы жазба деректер өте ерте кезден белгілі болған. Мысалы, Геродот (б.з.б. 5 ғ.) Каспий теңізінің шығысында шексіз жазық өңір жатқандығын және оны массагеттердің мекендейтіндігін баяндаған. Птолемей (б.з. 2 ғ.) өз еңбектерінде Жайық (Dаіх), Жем (Rhymmus) және Сырдария(Jаxаrtеs) өзендері туралы мәліметтер келтірген.
      • 9 – 10 ғасырларда араб ғалымдары Арал теңізіне толық сипаттама беріп, картаға түсірді және гректердің Әмудария мен Сырдарияөзендері Каспий теңізіне құяды деген топшылауын теріске шығарып, Арал теңізіне құятынын анықтаған. Арабтардың сол кездегі деректерінде Жайық, Жем, Сағыз өзендері аталған. 13 ғасырда Моңғолияға Италия саяхатшысы Плано Карпини және фламанд саяхатшысы Виллем Рубрук бастап барған елшілер өздері жүрген Қазақстан аумағындағы шөл, шөлейт аймақтардың қысқаша сипаттамасын берген. Олар өздерінің жеке бақылаулары негізінде Каспий теңізінің тұйық алап екендігі туралы маңызды геогр. мағлұматтарды жаңартып толықтырған және Алакөл,Балқаш көлдері, Тарбағатай, Жетісу Алатауы (Еренқабырға) жайында алғашқы деректер келтірген.
      • 15 – 17 ғасырлардағы Қазақстан туралы географиялық мәліметтер Ресей әдебиеттерінде жинақтала бастаған. Бұл мәліметтер Мәскеу мемлекетін және оған іргелес аумақтарды бейнелеген “Большой чертеж” (“Үлкен сызба”) картасында жүйеленген. 1627 ж. шыққан “Книга большого чертежа” (“Үлкен сызба кітабы”) атты еңбекте қазіргі республиканың батыс, оңтүстік және орталық бөліктерінің біршама жерлеріне нақтылы сипаттама берілген. 17 ғасырларда Қазақ ордасына және Орта Азия хандықтары жеріне жасалған орыс саяхатшыларының зерттеулері жиілей түскен. Олардың Жайық өз. сыртындағы дала туралы мәліметтері жинақталып, “Чертеж всей земли безводной и малопроходной каменной степи” (“Бүкіл жері сусыз, өтуге қиын тастақты дала сызбасы”) деген атпен жарық көрген (1697). Бұл туынды С.Ремезов жазған “Чертежная книга Сибири” (“Сібірдің сызба кітабы”) атты орыстың тұңғыш геогр. атласы құрамына енген. Мұнда Қазақстан аумағының көпшілік бөлігі қамтылған. 18 ғ-дыҢ 30-жылдарынан 19 ғ-дың 60-жылдарына дейін созылған Ресейдің Қазақстанды отарлау үрдісі оның аумағының геогр. зерттелуінің сипаты мен барысына әсерін тигізбей қоймады. Бұл кезеңде жаңа қосылған аумақтарда орыс мемлекеті билігін орнату және нығайту мақсатына сай көптеген арнаулы әскери және ғыл. экспедициялар ұйымдастырылды.


      "Ертіс өзені"
      Ертіс өзені бойында бекіністер салуға және Жоңғар хандығымен дипломатиялық қарым-қатынас орнауына байланысты Шығыс жәнеОңтүстік-Шығыс Қазақстанды тұңғыш топографиялық картаға түсіру ісі жүргізілді. Сонымен қатар Қазақстанның батысында, Каспий менАрал теңіздері жағалауында, Сарысу, Шу өзендерінің алаптарында картаға қарапайым түсірулер іске асырылды. Бұл түсірулердің нәтижесінде, бір жағынан, Қазақстанның жеке өңірлерінің тұңғыш ірі масштабты карталары жасалса, екінші жағынан, табиғат ерекшеліктері туралы ғылыми мәліметтер жиналды. Қазақстан географиясы туралы алғашқы ғыл. еңбек П.И. Рычковтың 1762 ж. шыққан “Топография Оренбургская” (“Орынбор топографиясы”) атты кітабы болды. Қазақстанның геогр. зерттелу тарихында 1768 – 74 жылдардағы акад. экспедициялар ерекше орын алды. Ресейдің Ғылым және көркемөнер академиясының академиктері мен адъюнктері Қазақстанның Еділ мен Жайық өзендері аралығындағы бөлігін, Маңғыстау түбегін, Ырғыз бен Торғай өзендерінің алабын, Есіл даласын, Ертіс маңы ойпатын,Кенді Алтайды және Қалба жотасын зерттеді.
      • 1820–21 жылдары экспедициялық зерттеулер нәтижесінде “Естественная история Оренбургского края” (“Орынбор өлкесінің табиғат тарихы”) атты 3 томдық еңбек жарияланды. Оның 1-бөлімінде Бат. Қазақстанның табиғат жағдайларына жалпы сипаттама берілді.
      • 19 ғ-дың 1-жартысында қазіргі Қазақстан аумағын зерттеуші экспедициялардың саны артты. 1827 жылдан 1872 жылға дейінгі аралықта Г.С. Карелин өлкені картаға түсірумен бірге әр түрлі аймақтардың (Каспий теңізі жағалауы, Алтай, Тарбағатай, Жетісу Алатауы тауларының) жануарлар мен өсімдіктер дүниесінен коллекциялар жинады. Атақты неміс ғалымыА.Гумбольдт өзінің Алтайға жасаған саяхаты (1829) нәтижесінде “Центральная Азия” (“Орталық Азия”) деген көлемді еңбегін шығарды. 19 ғ-дың 30-жылдарына дейін Қазақстан туралы жиналған географиялық деректер А.И. Левшиннің “Описание киргиз-казачьих или киргиз-кайсацких орд и степей” (“Қырғыз-қазақ не қырғыз-қайсақ ордасы мен даласының сипаттамасы”) деген кітабында (1832) қорытындыланды. Бұл кітап Қазақстанның жері туралы берілген алғашқы толық географилық сипаттама болды.


      "Балқаш көлі"
      • 1840–50 жылдар аралығында Шығыс, Оңтүстік-Шығыс және Орталық Қазақстан өңірлеріне Ресей ботанигі Л.И. Шренк саяхат жасады. Ол Жетісу Алатауына, Балқаш–Алакөл ойысының шығыс бөлігіне физикалық-географиялық сипаттама берді. 19 ғасырдың орта шенінде Арал (А.И. Бутаков) және Каспий (К.М. Бэр, Н.А. Ивашинцов) теңіздері жан-жақты зерттелді.


      "Алакөл көлі"
      1857 ж. Арал-Каспий атырабына императорлық Санкт-Петербург Ғылым Академиясы ұйымдастырған экспедицияға И.Г. Борщов пен Н.А. Северцов қатысты. Экспедиция жұмыстарының қорытынды деректерінің маңызы өте зор болды. Экспедиция жүмысының нәтижесінде Батыс Қазақстанның жер беті, геологиялық құрылысы, климаты, флорасы және фаунасы туралы нақты деректер кеңейді. Борщов “Материалы для ботанической географии Арало-Каспийского края” (“Арал-Каспий өлкесінің ботаникалық географиясына арналған деректер”) деген классикалық монографиясында Батыс Қазақстанды ландшафтылық-географиялық облыстарға бөлді.
      • 1856–57 жылдары П.П. Семенов (Семенов-Тян-Шанский) Тянь-Шань тауына өзінің әйгілі саяхатын жасады. Ол бұл сапарындағы зерттеу қорытындысында таулы өлкенің орографиясына (таулы жер бедері) жаңаша сипаттама беріп, тұңғыш рет биік тау ландшафтын анықтады. П.П. Семеновтың бұл сапарда ашқан аса маңызды жаңалықтарының бірі – Орта Азиядан тау мұздықтарының табылуы. Ғалымның осы жолғы еңбегі Орта Азия мен Қазақстанның Тянь-Шань сияқты таулы өлкелерін жан-жақты зерттеудің ғылым негізін жасағандығы болды.


      "Тянь-Шань тауы"
      • 19 ғ-дың 50–60-жылдарында Жетісу Алатауы мен Іле өңірін қазақтың ұлы ғалымы Шоқан Уәлиханов зерттеді. Жетісу және Тянь-Шаньның табиғатына ғылыми сипаттама берді. Балқаш көлі мен Алакөлдің пайда болу және қалыптасу тарихының өте ұқсастығын дәлелдеді. Жетісу Алатауы мен Солтүстік Тянь-Шань тауын жануарлардың таралуына қарай биік таулық белдеулерге бөлді. Сонымен бірге осы зерттелген өңірлердің маршруттық және жалпы шолулық карталарын жасады. 19 ғ-дың алғашқы жартысында кен байлықтарын іздеуге байланысты физикалық -географиялық сипаттағы бірқатар жаңа деректер алынды. Әсіресе, Орталық Қазақстан мен Тарбағатай тауының және Маңғыстау түбегінің геологиялық құрылысы, орографиясы туралы нақтылы деректер жиналды.
      • 19 ғ-дың 60-жылдарында Ресейдің Қазақстанды отарлаудың тарихи үрдісі аяқталды. Соған орай кен байлықтары пайдалануға, темір жолдың салынуына және егістік жер қорының кеңеюіне көп көңіл бөліне бастады. Жалпы географиялық зерттеулермен бірге арнаулы геология, топырақтану, ботаника, гидрология, т.б. салалар бойынша жұмыстар жүргізілді. 1865–79 ж. аралығында А.Татаринов Оңтүстік Қазақстаннан Ленгер, Келтемашат, Боралдай, т.б. қоңыр көмір кен орындарын ашты. Бұрын Маңғыстау түбегінен көмір кенінің ашылуына байланысты мұнда одан әрі барлау жұмыстары жүргізілді. Қазан төңкерісіне дейін Маңғыстау түбегін зерттеу жұмыстарының ең көрнектісі – Н.И. Андрусовтың “Мангышлак” (“Маңғыстау”) атты еңбегі. Мұнда автор түбектің тектоникасы, стратиграфиясы туралы белгілі болған барлық деректерді тұжырымдады.
      • 1865–79 жылдары И.В. Мушкетов пен Г.Д. Романовский Арал маңын, Қаратауды, Тянь-Шаньның солтүстігін, Балқаштың оңтүстігін, Тарбағатайды зерттеп, Түркістан аймағының алғашқы геологиялық картасын (1881) жасады. Онда бүкіл Оңтүстік Қазақстан өңірі камтылды. И.В. Мушкетов Орта Азияның физикалық географиясы мен геологиясына арналған “Туркестан” (“Түркістан”) еңбегін жазды (1886–1906). Ол сонымен бірге 1887 ж. Верныйдағы (қазіргі Алматы) зілзаланың себебін және зардаптарын зерттеді. 19 ғасырдың 90-жылдарында Сібір темір жолын салуға байланысты Солтүстік Қазақстанда көрнекті геолог К.И. Богдановичтің жалпы басшылығымен бірнеше экспедициялық зерттеу жүргізілді. Осының нәтижесінде Солтүстік және Орталық Қазақстанның геологиялық құрылысының негізгі сипаты анықталып, бірнеше көмір кен орындары (Екібастұз, т.б.) ашылды. А.Н. Замятин, Н.Н. Тихонович және С.И. Мироновтың зерттеулері нәтижесінде Ембі мұнайлы өңірінің стратиграфиясы мен тектоникасының жалпы сұлбасы жасалды, мұнайдың жер асты тұз күмбездерімен байланыстылығы анықталды.
      Қоныстандыру басқармасының Н.Г. Кассин, А.А. Козырев, П.В. Матвеев басқарған экспедициялары Қазақстанның бірқатар аудандарының жер асты сулары туралы тұңғыш мәліметтер берді. Геология, топырақ тану, ботаника, т.б. экспедициялар өз жүмыстарына қосымша Қазақстанның жер бедері және оның ерекшеліктерінің жалпы сипаттамасы туралы зерттеулер жүргізді. Мысалы, Мушкетов өзінің геологиялық зерттеулерінің нәтижесінде Тянь-Шаньның қазіргі жер бедерінің қалыптасу заңдылықтарын ашты және орогр. құрылысының негізгі белгілерін анықтады. Оның Арал Қарақұмында жүргізген бақылаулары Қазақстан мен Орта Азиядағы қуаң өңірлер жер бетінің өзгеруіне эолдық факторлардың күшті әсер тигізгенін дәлелдеді. Д.Л. Иванов Батыс Тянь-Шаньнның ірі масштабты гипсометриялық картасын жасады. М.В. Баярунас Маңғыстаудың оңтүстігіне жүргізген геологиялық зерттеулері кезінде қосымша геоморфологиялық бақылаулар жүргізіп, Қарақия, Қауынды, т.б. тұйық ойыстарға жан-жақты географилық сипаттама берді. Санаулы ғана арнаулы геоморфологиялық зерттеу жұмыстарының ішінде Л.С. Бергтің еңбегі ерекше. Ол алғашқы болып Солтүстік Арал шөлдерінің жер бедері пішіндеріне геоморфологиялық сипаттама берді.
      • 19 ғ-дың 70-жылдарынан Қазақстан аумағында метеорологиялық бақылаулар жүргізілді, бірақ мұнда метеорологиялық станциялардың саны өте аз болды және аумақ бойынша орналасуы біркелкі болмады.


      "Арал теңізі"
      • 1898 – 99 жылдары Берг, П.Г. Игнатьев және В.Д. Елпатьевский Орыс Географиялық қоғамының Батыс Сібір бөлімшесінің тапсырмасымен Солтүстік және Орталық Қазақстанның ірі көлдеріне зерттеу жүргізді. 1899 – 1902 ж. аралығында Берг Арал теңізінің гидрологиясын зерттеді. Нәтижесінде Арал теңізі туралы бұрынғы түсініктер түбірімен өзгертілді. Бұрын бүкіл Тұран ойпатын жауып, шығыста Балқаш көліне дейін созылып жатқан біртұтас Арал – Каспий алабы болды деген ұғым теріске шығарылды. Өз зерттеулерінің нәтижесін Берг “Аральское море” (“Арал теңізі”) монографиясында (1908) қорытындылады. Бұл еңбек өз деректерінің нақтылығымен, ғыл. қорытындыларының маңыздылығымен бүгінгі күнге дейін маңызын жойған жоқ. Осыдан кейінгі жылдары Берг Балқаш көлін жан-жақты зерттеді.


      "Қазақстан өсімдіктері"
      • 20 ғасырдың басында қазіргі Қазақстан жерінде топырақтану зерттеулері етек жайды. Қоныстандыру басқармасы ұйымдастырған экспедицияларға топырақ зерттеушілер С.С. Неуструев, Л.И. Прасолов, А.И. Безсонов, т.б. басшылық етті. Қазақстанның өсімдігін зерттеуге ботаник және географ А.Н. Краснов үлкен еңбек сіңірді. Оның экспедициясы Алтайды, Каспий ойпатын, Шу-Іле тауларын, Іле өзен алабын, Іле Алатауын қамтыды. Ол алғашқылардың бірі болып Тұран шөлін жіктеп, онда шөлдің саздақты, құмайтты, тастақты, сортаң түрлерінің бар екендігін анықтады. Геоботаникалық зерттеулердің ішінде В.В. Сапожников Тянь-Шаньда, Жетісу Алатауында, Алтайда ботаникалық және географиялық зерттеулер жүргізді. Ол бұл тау жүйелеріндегі өсімдіктердің таралуының бірқатар заңдылықтарын ашты. В.М. Савич Батыс Қазақстанда жүргізген геоботаникалық зерттеу нәтижелеріне сүйеніп, шөл және дала белдемінің ауыспалы сипатта екендігі туралы пікір айтты. 1908 жылғы Торғай экспедициясынан бастап И.М. Крашенинников 30 жыл бойы Қазақстанды геоботан. тұрғыдан зерттеді. Ол өз еңбектерінде, әсіресе, өсімдік ассоциациясының жер бедерімен және топырақпен өзара қатынасын терең талдады.
      • 19 ғ-дың соңы – 20 ғ-дың басында Қазақстан фаунасын зерттеуге көңіл бөліне бастады. Ірі зоологиялық зерттеулерді Арал – Каспий экспедициялары жүргізді. Жаратылыс зерттеушілердің Петербург қоғамы өлкенің жаратылыс тарихын анықтау мақсатында экспедиция ұйымдастырды және Каспий мен Арал теңіздерінің фаунасын зерттеуде бай материал жинақтады. Экспедицияның ихтиологиялық коллекциясын зерттеу нәтижелеріне сүйеніп, К.Ф. Кесслер жаңа геологиялық уақытта Каспий мен Арал теңіздері арасында болған байланыстылық туралы пікірге алғашқылардың бірі болып өз күмәнін айтты. Северцовтың, А.М. Никольскийдің зерттеулері географиялық тұрғыда жүргізілуімен ерекшеленеді. Северцов “Вертикальное и горизонтальное распределение туркестанских животных” (“Түркістан жануарларының таулы және жазық өңірде таралуы”) деген күрделі еңбегінде (1873) Орта Азияны географиялық аудандастырудың негізін қалады (Оңтүстік Қазақстанды қоса).
      ________________________________________
      Қазақстанның орнитофаунасын алғаш талдап зерттеушілер: Н.А. Зарудный, П.П. Сушкин, В.Н. Бостанжогло. Бұл ғалымдар өздерінің тікелей бақылаулары мен бұрынғы мәліметтерді пайдаланып Қазақстан аумағында кұстардың геогр. таралуын жете түсіндірді. Сондай-ақ, олардың еңбектерінде Қазақстанның жазық бөлігін аудандастыру мәселесі қамтылған. Северцов, Краснов, Берг, Неуструев, Крашенинниковтың еңбектерінде табиғат кешендерінің әр түрлі құраушылары аралығындағы байланыстылық талданып, физикалық-географиялықзаңдылық тұжырымдалып, табиғи аудандастыру мәселелері көтерілді. Қазақстан аумағының қазіргі физикалық-географиялық бөлінуінің негізі Бергтің “Опыт разделения Сибири и Туркестана на ландшафтные и морфологические области” (“Сібір мен Түркістанды ландшафтық және морфологиялық аймақтарға бөлу тәжірибесі”) мақаласында (1913) қаланды. Осы жұмысында Берг нақтылы деректер негізінде Қазақстан аумағын ландшафтылық белдемге және морфологиялық облыстарға бөлді. Бергтің аудандастыру туралы еңбегінің Қазақстан аумағы үшін қазірге дейін ғыл. маңызы күшті.
      Қазақстан жерінің кеңестік дәуірде зерттелуі Қазақстанның өндіргіш күштерін соц. негізде дамыту мәселелерімен тікелей байланыстырылды. Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының дамуы табиғи қорлардың зерттелуімен ұштастырылды. Әрбір ірі құрылысқа байланысты географиялық ортаның элементтері – жер қойнауы, топырақ қабаттары, су қорлары, климаты, т.б. зерттеле басталды. Кен байлықтарын табу және оларды игеру мақсатында геологиялық барлау кеңінен етек алды. Топырақ және өсімдік түрлерін зерттеу экспедицияларының жұмысы жандандырылды. Жаңа қалалар мен елді мекендердің пайда болуына және одан әрі дамуына байланысты Қазақстанның көпшілік бөлігінің климаттық жағдайы зерттелді, су қорларын іздеу жұмыстары кең көлемде жүргізілді. Дегенмен, республика жерінің географиялық зерттелу барысы әр кезеңде әр түрлі болды. Бұл жағдай ең алдымен республикадағы табиғи ресурстардың игерілу қарқынына, ғылыми мекемелердің жұмыс көлеміне байланысты болды.
      Осы шаралардың барлығын жүзеге асыру үшін Қазақстан аумағы геогр. жағынан жан-жақты зерттеле бастады. Зерттеу, әсіресе, 20 ғасырдың 20-жылдарының ортасында елімізде халық шаруашылығын қайта құру және соцоллогиялық экономиканың негізін қалау кезеңінде кең өріс алды. Жеке облыс аумағын жүйелі және жан-жақты зерттейтін ғылыми экспедициялар ұйымдастырыла бастады.

      Минералдық шикізат

      тардың кеңінен іздестіріле барлануына байланысты Қазақстан жерін зерттеуші институттардың, геологиялық партиялардың және трестердің (Сібір , Орталық геологиялық институттың Сібір бөлімі, Алтай полиметалл, Атбасар полиметалл және Қазақ геологиялық барлау трестері, Ауыр өнеркәсіп халкомының Қазақ геология-гидрогеология басқармасы, т.б.) саны көбейе түсті. 1926 ж. КСРО ҒА жанында құрылған одақтас және автономиялы республикаларды зерттеуші арнаулы комитет Қазақстанның жер қойнауын зерттеу жұмысын қолға алды. 1933 жылы Қзақ гидрометеорология басқармасы ұйымдастырылды. 1932 жылы КСРО ҒА-нда Қазақстанның өндіргіш күштерін зерттеуге арналған конференция өтті. Бұл жағдай республикада жүргізілген көптеген зерттеу жұмыстарының бастамасы болды. Сол жылы КСРО ҒА-ның Қазақстандық базасы құрылды (1939 ж. КСРО ҒА-ның бөлімшесіне айналды).
      ________________________________________
      Геологиялық зерттеулердің басты мақсаты' – еліміздің өнеркәсібіне аса қажет кен орындарын табу және оларды барлау болды. Бұл бағытта В.К. Котульский (Алтайда), В.П. Нехорошев, Н.Н. Горностаев, А.К. Мейстер (Шығ. Қазақстанда), М.П. Русаков, Н.Г. Кассин, Д.С. Коржинский (Орталық Қазақстанда). Замятин (Жем алабында), т.б. еңбек етті. Кен орындарының өнеркәсіптік маңызын анықтай түсу үшінӘулиеата уезінде, Мұғалжарда, Қызылқұмда (И.П. Герасимов, П.К. Чихачев), Солтүстік-Шығыс Қазақстанда (А.А. Козырев), Орталық Қазақстанда (Қ.Сәтбаев) геологиялық зерттеулер іске асырылды. Геоморфологиялық байқаулар Үстіртте (Н.Л. Благовидов), Каспий ойпатында (Герасимов) жүргізілді. Н.А. Копыловтың 1927 ж. шыққан “Материалы по гипсометрии Казахстана” (“Қазақстан гипсометриясы бойынша деректер”) кітабында Қазақстан геоморфологиясы туралы алғашқы маңызды мағлұматтар берілді.
      Оңтүстік Қазақстан облыстарының климатын зерттеуде Түркістан метеорологиялық институты елеулі үлес қосты. Түркістан (1924) және Қазақстанның (1925) климаттық жағдайлары туралы еңбектер жарық көрді. Республика аумағын климаттық аудандастыру алғашқы қадамы [1927 ж. шыққан М.Д. Пономарев пен В.Н. Барсуктың “Климатический очерк Казахстана” (“Қазақстанның климаттық очеркі”) еңбегі] жасалды.
      Қазақстандағы алғашқы гидрологиялық кешенді зерттеу жұмысы ретінде М.М. Давыдовтың (1925) және Б.X. Шлегельдің (1926) еңбектерін атауға болады. Бұлар Оңтүстік Қазақстан өңірінің су шаруашылығы жағдайын сипаттады. КСРО ҒА-ның басшылығымен Қазақстан гидрографиясының жоспарлы зерттелуі жолға қойылды, осы мақсатпен республиканың батыс бөлігіне бірнеше экспедициялар шықты. Бұлардың материалы бойынша 1928 ж. П.Н. Лебедевтің “Краткий гидрографический очерк Казахстана” (“Қазақстанның қысқаша гидрографиялық очеркі”) және “Гидрометеорологический очерк Казахстана” (“Қазақстанның гидрометеорологиялық очеркі”) еңбектерін баспадан шығарды. Шу, Талас, Сырдария өзендерінің төм. ағысындағы көлдер зерттелді.
      КСРО Географиялық коғамының Верный және Түркістан бөлімдері Кіші және Үлкен Алматы өзендерімен өтетін лай тасқындардың себебін анықтау мақсатында зерттеу жұмыстарын ұйымдастыра бастады. Қоныстандыруға және жер қорын есепке алуға байланысты Қазақстан өңірлерінің топырағын зерттеу кең өріс алды. Республика аумағы топырақ жамылғысының алғашқы сипаттамаларын Р.И. Аболин (1922), К.Д. Глинка (1923) және Л.И. Прасолов (1925) берді. Олардың жұмыстарында топырақ-өсімдік белдемдерінің сұлбасы жасалып жіктелді.Қостанай (В.И. Баранов), Орал (И.И. Фелимонов, И.В. Ларин), Ақтөбе (М.И. Рожанец) және Жетісу (А.Мухли) облыстарының аумағына экспедициялар шықты. КСРО ҒА-ның экспедициялары құрамында Герасимов Үстірттің, Неуструев Каспий ойпатының топырақ жамылғысын зерттеді. Әсіресе, Герасимовтың еңбектерінде (1928–30) бұл өңірлердің топырақ қабаттарының қалыптасу жағдайлары және бұған байланысты өңірді физикалық-географиялық аудандастыру жөнінде құнды деректер берілді.
      ________________________________________
      Геоботаникалық зерттеулердің де өзіндік қолданбалық мақсаты белгіленді. Бұлардың алдына жайылымды, шабындықты және жыртуға жарамды жерді анықтау әрі оларға сипаттама беру міндеті қойылды. Алғашқы жылдары геоботан. жұмыстың көпшілігі Батыс Қазақстанда жүргізілді (И.В. Ларин). КСРО ҒА-ның қазақстандық экспедициясы құрамындағы топырақ-ботаника отряды бұл өңірдің өсімдігін зерттеуге елеулі үлес қосты. Республиканың Жер Халкомы Семей және Павлодар облыстарына экспедициялар жіберді. Бұл саладағы зерттеудің алғашқы жиынтық қорытындыларын (1923–25) Крашенинников жариялады. Ол өз еңбегінде өсімдік жамылғысы географиясын түсіндіруге генетик. принципті пайдалануды және физ-геогр. аудандастырудың алғашқы сұлбасын ұсынды. Осы кезеңде республика фаунасын зерттеуде Д.Н. Кашкаров, В.Н. Шнитников, Б.С. Виноградов, т.б. елеулі үлес қосты.


      "Өндіріс орындары"
      Өндірісті тиімді де дұрыс орналастырудың маңыздылығы экономиканы қайта құру жоспарын жасау кезінде айқындала түсті. Алғашқы бесжылдық (1929–32) жоспарларында Қазақстанда өнеркәсіп және ауыл шаруашылығының барлық салаларының техникалық базаларын жасау қарастырылды; ол үшін республикадағы геогр. зерттеулерді кеңінен және жан-жақты жүргізу керек болды. Бұл кезеңде (1928–40) экспедициялық зерттеулер кең етек алды. Республикада тұрақты ғылыми-зерттеу мекемелерінің және жергілікті ғылыми кадрлардың көбеюінің нәтижесінде Қазақстан жерінде тұрақты бақылаулар жүргізу жолға қойылды. Геологиялық барлау жұмыстары түсті және сирек металдар, көмір, т.б. кен байлықтарының қоры жөнінен Кеңес Одағы бойынша Қазақстанды жетекші орындардың біріне шығарды. Алтайдың, Орталық Қазақстанның кентастық кен орындарын және Тянь-Шань, Жетісу (Жоңғар) Алатауы, Арал маңы, Мұғалжар тауы, т.б. өңірлердің геологиялық құрылысын зерттеу қарқынды түрде жүргізілді.
      Климаттық және гидрологиялық жұмыстар метеорол. және гидрометеорол. ст-лардың көбеюіне негізделе жүргізілді. Су қорларын зерттеу өрістеді. Өндіріс қажеттерін өтеу және салынуға тиісті гидротех. құрылыстардың геогр. жағдайларын анықтау үшін кейбір жеке алаптарға кешенді зерттеулер жүргізілді. Бұлардың нәтижесінде И.И. Фелимоновтың Жайық-Көшім каналы, Орт. Қазақстанды суландыру перспективасы, Б.К. Терлецкийдің Балқаш-Алакөл алабы жөнінде, Солтүстік және Орталық Қазақстан туралы “КСРО су қорларының анықтамасы” жинағының 13-томы, т.б. еңбектері жарық көрді. Арал теңізі мен Балқаш көлін жаңадан зерттеу басталды. Іле Алатауына Н.Н. Пальгов гляциологиялық бақылаулар жүргізді.
      • 2-дүниежүз. соғыс жылдарында (1941–45) жалпы геогр. зерттеулер біршама қысқарды, негізінен майдан мен тыл мұқтажын өтеу ғана ескерілді.
      КСРО ҒА-ның Географиялық институтының көпшілік қызметкерлері Алматыға көшіріліп, Топырақ тану және Ботаника институттарымен және басқа жергілікті ғалымдармен бірлесе отырып, ауыл шаруашылығын өркендетудің қорларын табу және зерттеумен шұғылданды. Дәл геоморфологиялық карталар жасалды, су және топырақ жамылғысының қорлары түбегейлі зерттелді. Солардың нәтижесінде жерді тиімді пайдалануға нақты ұсыныстар берілді. Республика алғашқы рет табиғи мал азығының қоры бойынша аудандастырылды (Л.Г. Соболев), геоморфология бойынша (И.П. Герасимов), агроклиматологиядан (П.Н. Колосков) ірі қорытындылар шығарылды, топырақты зерттеудің геохимиялық тәсілі жасалды (М.А. Глазовская), су ш. қажетін өтеуге катысты табиғат жағдайларының бірнеше карталары (Б.А. Федорович, С.Л. Кушев) құрастырылды. Бұл материалдарды қорытындылай келе А.А. Григорьев өзінің Қазақстан табиғаты туралы очерктерін жариялады. Осы жылдары КСРО ҒА Қазақ бөлімшесінің Геогр. секторын белгілі ғалым Н.Н. Баранский басқарды. Ол республика экономикасын мамандандыруды жетілдіре түсу мақсатында Қазақстанды 5 экономикалық ауданға бөлді. Соғыстан кейінгі жылдары (1945 жылдан бастап) Қазақстандағы геогр. зерттеулерге баса көңіл бөлінді. Халық ш-н қалпына келтіру және одан әрі дамыту үшін табиғи ресурстарды көптеп табу және оларды шұғыл шаруашылыққа пайдалану керек болды. 1946 ж. ҚазКСР ҒА құрылды. Оның кұрамында бірнеше экспедициялар ұйымдастырылып, Арал теңізіндегі Барсакелмес аралының, Балқаш көлінің оңтүстігіндегі шөлдің, Жетісудың геогр. жағдайлары зерттелді. Республика аумағын физикалық-географиялық аудандастырудың алғашқы сұлбасы құрастырылды (Н.Г. Рыбин, 1948). Бұрынғы жүргізілген зерттеу материалдары негізінде республика табиғатының басты кешендеріне тұжырымды сипаттама берілген “Қазақстанның физика-географиялық очерктері” (1952) жарыққа шықты.
      ________________________________________
      Қазақ КСР ҒА-ның Географиялық институты Қазақстан табиғатын зерттеуді одан әрі жалғастыра берді, “Қазақстан. Физика-географиялық сипаттама” (1950) жинақ кітабын шығарды. КСРО ҒА-ның өндіргіш күштерді зерттеу кеңесі игерілуге тиісті жаңа аудандарда кешенді экспедициялық зерттеулер ұйымдастырды. Осы мақсатпен Торғайдың шикізат қоры, Солтүстік және Орталық Қазақстанның минералдық шикізат, гидроэнергетикалық және ормандық қорларын зерттеді. Тянь-Шаньда биік таулық физикалық-географиялық станциясы құрылды. Республика жерін геоморфологиялық зерттеу, әсіресе геоморфологиялық картаға түсіру ісі өрістеді. Жер қойнауын зерттеу тәсілдерінің бірі – геологиялық картаға түсіру жалпы зерттеу процестерінің құрамына енгізілді. Сөйтіп геоморфологиялық карта табиғи аудандастыру мен ландшафтын зерттеудің негізіне айналды.


      "Қазақ КСР ҒА-ның тұңғыш президенті"
      Суландыру, орман алқаптарын отырғызу, тың және тыңайған жерді игеру шараларына байланысты республиканың жеке аудандарының микроклиматы және жылу балансы зерттелді. Аңызақ жел, атмосфералық қуаңшылық, жел эрозиясы, топырақ борау, топырақ бетінің тоңдануы сияқты құбылыстар және климаттың өзгеру заңдылықтары зерттелді. Осы зерттеулердің деректері негізінде “Қазақстан климаты” (1959) атты жинақ шықты.
      Гидрологиялық зерттеулердің ішінде республика көлдерінің жете тексерілгенін аңғаруға болады. Бұл жұмысты кейіннен КСРО ҒА-ның Көлтану институты айналған көлтану лабораториясы мен Қазақ КСР ҒА-ның географиялық секторының қызметкерлері бірлесе жүргізді. Зерттеу жиынтығын А.В. Шнитников қорытындылады. Көлдердің физикалық-географиялық жағдайымен қоса олардың гидробиол. және экон. жақтары да зерттелді. Көлдердің жалпы кадастры құрастырылды. Жер беті суы қорларын зерттеу нәтижелері тың және тыңайған жерлерді игеруге байланысты біршама толықтырылды. Бірнеше ірі гидрологиялық кешендік зерттеулер жүзеге асырылды және бұлардың деректері “Ресурсы поверхностных вод районов освоения целинных и залежных земель” (“Тың және тыңайған жерді өңірлерінің беткі ағын қоры”), “Ресурсы поверхностных вод СССР” (“КСРО жер беті ағынының қоры”) жинақтарына енгізілді.
      Топырақ

      жамылғысын зерттеген әр саланың ғылыми және өндірістік мекемелердің қорытындылары көп томдық “Почвы Казахской ССР” (“Қазақ КСР-інің топырағы”) басылымында және бірнеше жалпы шолулық карталарда жарияланды. Геоботаникалық және зоогеографиялық зерттеулердің жиынтық деректері жарық көрді. КСРО ҒА-ның аэротәсілдер лабораториясы Солтүстік Қазақстанның табиғи жағдайын зерттеудің аэротәсілін белгіледі. Экономикалықгеография саласында Қазақстанның табиғатын, халқын, экономикасын және мәдениетін бейнелейтін кешендік еңбектер (И.Т. Тәжиев, М.Ш. Ярмұхамедов, К.Б. Ахмедова, т.б.), өндіргіш күштерді тиімді орналастыруға, экономикалық аудандастыруға және экономикалық аудандарды мамандандыруға, аумақтық-өндірістік кешендердің қалыптасу мәселелеріне, еңбек және табиғи қорларға баға беруге арналған жұмыстар (В.А. Адамчук, Б.Я. Двоскин, Е.Н. Гладышева, С.Әбдірахманов, т.б.) жарық көрді. Республика жерін жан-жақты зерттеу нәтижесінде Қазақстанның және оның жеке аймақтарының кешендік атластары құрастырылды. Тың өлкесінің, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының бірнеше ландшафтылық карталары шықты. Ландшафтылық зерттеулердің кеңінен етек алуына ландшафт танушы ғалымдардың бүкілодақтық 6-кеңесінің (1963) Алматыда өтуі әсер етті. Арал маңы мен Жезқазған өңірінің, Алматы, Қарағанды, Маңғыстау облыстарыньщ ландшафтылық жағдайы зерттелді ( География жәнеГеография институты).

      Жер бедері
      Республика аумағының 10%-ы биік таулы өңірлер үлесіне тиеді, қалған бөлігі – ойпат, жазық, үстірт, қырат жерлер. Оңтүстік-батыс, солтүстік және орталық аймақтарға негізінен теңіз деңгейінен 200 – 300 м ғана биік келген жазық жер бедері тән. Оңтүстік-шығысы биіктігі 5000 – 6000 метрлік таулы өңір болып келген. Яғни, республиканың топографиялық жер бедері оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа және шығыстан батысқа қарай аласарады. Сонымен бірге, Қазақстан жерінде Каспий теңізі, Арал теңізі, Балқаш көлі сынды тұйық сулы алаптар, терең ойыстар мен құрғақ арналар баршылық. Қазақстанның ең биік жері – Хантәңірі шыңы (6995 м). Ол республиканың оңтүстік-шығыс бөлігін қамтитын Тянь-Шань тау жүйесінде. Каспий теңізінің шығыс жағалауында құрлықтық бөлігінің ең ойыс жері, теңіз деңгейінен 132 м төмен жатқан Қарақия (Қаракие) ойысы орналасқан.[1].
      Маған ұнайды:
      10.03.2013, 13:35
      Предыдущие 6 комментариев
    Предыдущие записи