Қозғалыс жайлы

Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы

 

2011 жылғы 11 ақпанда өткен «Нұр Отан» ХДП XIII Съезінде Елбасы, Н.Ә. Назарбаев Қазақстанның жас азаматтарының басын біріктіретін «Жас Ұлан» бірыңғай қозғалысы және «Жас Қыран» балалар ұйымдарының жаңа жүйесін құру керектігін атап өткен.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойы қарсаңында 2011 жылғы 6 шілдеде «Елорда күніне» орайластырылып жастар ұйымдары көшбасшыларынан бастамашыл топ «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» Республикалық Қоғамдық Бірлестігін құрды.

Ұйымның мақсаты – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарға сәйкес рухани дүниесі кең тұлғаны қалыптастыру, балалар мен жасөспірімдерді қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу. Ұйымның  төменгі буынына («Жас Қыран») - 1-4 сынып оқушылары, жоғарғы буынына («Жас Ұлан») - 5-11 сынып оқушылары қабылданады.

2011 жылғы 1 қыркүйекте Астана қаласы №66 мектепте Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының алғашқы мүшелерін салтанатты түрде қабылдады.
2011 жылғы қазан-қараша айларында еліміздің барлық өңірлерінде ұйым жұмысымен таныстыру мақсатында көшпелі жиналыстар өткізілді.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай «20 жұлдызды күн» шеңберінде 3 желтоқсан – «Жастар күні «Жас Ұлан» қатарына Қазақстанның барлық өңірлерінде бір уақытта 20 000 оқушы салтанатты түрде қабылданды.

2012 жылғы 26-29 қаңтар аралығында «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының өңірлік үйлестірушілеріне арналған «Балдәурен» республикалық оқыту-сауықтыру орталығында кеңейтілген семинар өткізілді.

2012 жылғы 28 қаңтарда «Балдәурен» республикалық оқыту сауықтыру орталығында «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына салтанатты  қабылдау рәсімі өтті.     Жаңаөзен қаласының ең үздік 150 оқушысы «Жас Ұлан» қатарына қабылдануы - аталған шараның ерекшелігі болып табылды.

2012 жылғы 30 қаңтарда «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының өңірлік үйлестірушілерінің Қазақстан Республикасы Білім және ғылым  вице-министрі М. Н. Сарыбековпен кездесуі өтті. Кездесу барысында «Жас Ұлан» ұйымының одан әрі жұмысына байланысты өзекті сұрақтарға жауаптар алынып, бірнеше мәселелер талқыланды.

2012 жылғы 1 мамыр Қазақстан халқы бірлігі күніне орай бүкіл ел бойынша Республикалық бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау рәсімі өтті.Осы күні бүкіл еліміз бойынша 700 000 оқушы «Жас Ұлан» қатарына қабылданды.

Бүгінгі таңда «жасұландықтар» - республикамыздағы балалар қозғалысы дамуындағы Елбасының белсенді көмекшілері. Бір жыл ішінде олар  ұйымды да қалыптастырып, сонымен қатар, еліміздің барлық өңірлерінде өз жұмыстарын бастап үлгерді.  

«Жасұландықтар» алғашқы туған күндерін ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен, І Республикалық «Жас Ұлан» көшбасшылар Форумы (Щучинск қ.) өткізіліп жатқан, «Балдәурен» оқыту-сауықтыру орталығында атап өтті. Форум оқушыларды Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы бойынша құрылған, «Жас Ұлан» идеясы аясында біріктірді, балалар мен жасөспірімдер қозғалысы көшбасшыларының жаңа буынын тәрбиелеу және өсіру.

Форум қатысушыларына арналған арнайы бағдарлама дайындалған. 15 күн бойы тренингтер, дебаттық турнирлар, спартакиада, тақырыптық күндер, шығармашылық кештер, белгілі қоғам, мәдениет және өнер қайраткерлерімен, «Болашақ» бағдарламасының түлектерімен кездесу өтті.   

6 шілдеде Оқушылар сарайында  Астана күніне Форум аясында  ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов балалар мен жасөспірімдер қозғалысының көшбасшыларымен кездесуі өтті.

Астананың 14-ші туған күнінде салтанатты түрде Білім және ғылым министрі  «Жас Ұлан» қатарына қабылданатын республикамызыдың ең үздік 14 оқушысына  галстук тақты. Министр мырза үлкен қамқоршы ретінде, балалар ұйымдарының көкейтесті сұрақтарына жауап беруге, олардың жаңа бастамаларын тыңдауға және болашақ жоспарларын қолдау үшін келді.

Кездесу қатысушылары арасында, облыстық «Жас Ұлан» слеті қортындысы бойынша іріктелген, еліміздің барлық өңірлерінен келген 300 үздік  «жасұландықтар».

2012 жылғы 7 тамыз күні Еліміздің бас қаласы Астанада Монғолия Халық Республикасының Баян Өлгей қаласынан келген, Қоғамдық Демократия Монғолия жастар одағының белсенді мүшелері,  үздік аймақтық көлеміндегі физика, математика пәндері олимпиадаларының жеңімпаздарымен «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының белсенді мүшелерінің кездесуі өтті.

Туған өлкемізге келген қонақтарды жаңа оқушылар сарайында жасұландықтар қарсы алып, оқушылар сарайымен таныстырып, саяхат жасады. Шара барысында екі ел оқушыларының арасында тәжірибе алмасу, балалар ұйымдары жұмысын таныстыру мақсатында дөңгелек үстел өтті. Жасұландықтар өздерінің болашақ жоспарларын, алға қойған мақсаттарын, жаңа бастамаларымен таныстырды және көрші ел қонақтарының қойған  көкейтесті сұрақтарына жауап берді.   

Жасұландықтар Баян Өлгейден келген өз достарына Астанаға саяхат жасап, Астананың көрікті жерлері «Бәйтерек», «Думан» ойын-сауық орталығы, Президент мәдени орталығына және ҚР бірінші Президентінің мұражайына, Керей-Жәнібек, Абай, Құрманғазы ескерткіштеріне саяхат жасап еліміздің тарихымен таныстырды.