• 16 ұпай

ДОСТАРЫМ

0 дос

    МЕНІҢ СЫЙЛЫҚТАРЫМ

    нет подарков

    Вам пока ничего не подарили.

    ОЙЫНДАР

    нет игр


    сізді каталогта көптеген қызықты ойындар күтіп тұр.
    • СУРЕТТЕР

    Загрузите фотографии и ваша страница станет интереснее
    • 0
      grRassvet-Serdce_Moe_Da_dorogoy
    • 0
      Мадина+Садвакасова+-+Жана+жыл(music.nur.kz)
    • Қадыржан Сапаров
      Сабақтың тақырыбы: Ана – өмірдің шуағы
      Сабақтың мақсаты:
      1. Оқушыларға 8 - наурыз мерекесі туралы түсінік беру және жанұядағы ана мен бала арасындағы қарым - қатынасты нығайту. Анаға деген бала махаббатын ояту. ана туралы түсініктерін кеңейту, өз ойларын ортаға салу.
      2. Оқушыларды анаға деген сүйіспеншілікке баулу, ана еңбегін ардақтап мейірімділікке, сый - құрметке, адамгершілікке тәрбиелеу.
      3. Оқушыларға ұлтқа тән жақсы қасиеттерді білуге, үйренуге және олардың логикалық ой өрісін, тіл байлығын, сөздік қорын, ойлау қабілеттерін, бала бойындағы өнері мен дарындылығын дамыту.
      Сабақтың көрнекілігі: Қабырға газеттері, «Ана есімін әрқашан – біздер биік ұстаймыз», «Ана» деп көркем жыр төккен, Армысың, ару нұр көктем! «Ана – өмір шуағы» нақыл сөздер, үнтаспа пайдаланылады.
      Сабақтың түрі: әдеби - музыкалық кеш
      Сабақтың барысы:
      Үнтаспада Ш. Қалдаяқовтың «Ана туралы жыр» әні орындалып тұрады. Төрге мерекеге арнайы жиналған ата - аналар, ұстаздар, қонақтар жайғасады.
      Жүргізуші: Той пердесін ашайық,
      Тойға шашу шашайық.
      Аналарды құрметтеп,
      Ән маржанын шашайық.
      Адам бойындағы барлық жақсы қасиет күннің нұрынан, ананың сүтінен таралған. Сондықтан құрметті аяулы асыл аналар, қадірлі Ұстаз - аналар, ару қыздар бүгінгі көктемгі күндей жарқырап, гүлдей құлпырған гүл мерекелеріңіз, күн мерекелеріңіз құтты болсын! «Ана – өмірдің шуағы» атты мерекелік кешімізге хош келдіңіздер!
      Сахнада Айбек терең ойда, ерсілі - қарсылы жүр. Сол кезде Әлібек кіріп келіп:
      Әлібек:- Айбек неге көңілсіз жүрсің?
      Айбек: Ойланып жүрмін
      Әлібек: Қызыңа қандай сыйлық беремін деп пе?
      Айбек: Жо - жоқ. Е - е, Әлібек, мен келе жатқан 8 наурыз мерекесін қалай өткізсек екен деген ойдамын.
      Әлібек: - Онда тұрған не бар? Жылдағыдай тақпақ айтып, өлең айтып, би билеп, құттықтаймыз аналар мен қыздарды! Мен, міне би билеп берейін, сен тақпақ ай……
      Айбек:- Жо - о, жоқ! Жарамайды. Жыл сайын би билеп, тақпақ айта береміз бе? Биыл басқаша, өзгеше құттықтау керек!
      Әлібек:- Сен қызықсың, тақпақ айтпай болмайды. Ана туралы ең әсем, ең жылы сөздер ақындардың өлеңдерінде. Жігіттер де дайындалып жүрген шығар, міне өздері де келе жатыр ғой ( 9 - сыныптың жігіттері шығады сахнаға ) Жігіттер қалай бастаймыз ба? Бастасақ бастайық, ендеше әсем әнмен аналарымыздың, ару қыздарымыздың көңілдерін көтерейік.
      Ән «Қызыл гүлім - ай» орындайтын 9 «Б» сынып оқушылары Әлібек, Айбек /қызыл гүл шоқтарын аналарға сыйлайды/
      Жүргізуші: Әр адам көзін ашып дүниеге келгенде мейірімді, жүрегі жылы жанды көреді. Ол – ана. Қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай бауырына басып, біз үшін жанұшыра шырылдайтын да – Ана. Әрқашан дұрыс, таза жүр, адал бол деп тілейтін де – Ана. Ана дегенде сөзге келмейтін тіл, лүпіл қақпайтын жүрек, мөлтілдемейтін жанар жоқ. Балаға анадан артық, анадан қымбат жан жоқ.
      «Аналар мерекесі туралы тарихи мәлімет» 9 «Б»сынып оқушылары Нұрислам, Назерке.
      1910 жылы Клара Цеткин және Роза Люксембург Копенгагенде өткен Екінші Халықаралық Социалист Әйелдер Конференциясына барып, дүниежүзі әйелдерінің құқықтарына қоғамның көңілін аудару үшін нақты бір күнді белгілеу туралы ұсыныс жасайды. Және 8 - наурыз күнін ұсынады. (К. Цеткиннің туған күні де 8 - наурыз). Сөйтіп коммунистер тарапынан қолдау тапқан Әйелдер мерекесінің Совет елінде қалыптасуына Леонид Ильич Брежнев көп үлес қосқан. Осы кісінің тапсырмасымен 1966 жылы 8 - наурыздан бастап, бұл күн КСРО көлемінде мереке ретінде бекітілді. Бірақ көп елдерде, атап айтқанда: Америкада – «Аналар күні», Францияда – «Әжелер күні», Жапонияда – «Қыздар күні» деген бар.
      Ән «Ана» орындайтын 9 «Б» сынып оқушылары Дидар, Әлібек
      Жүргізуші:
      Ана дейміз бәріміз де аңқылдап
      Ана дейді жас сәби де жарқылдап
      Ана деген - бәйтерегі өмірдің.
      Ана деген – алтын қазық, алтын бақ.
      /11 - сыныптардың мерекелік ән - шашуы/
      Жүргізуші:
      Ана деген - асыл жандар болаттай
      Ана деген - мөлдір жандар бұлақтай.
      О, адамдар қадірлей біл ананы
      Жат қылыққа ақыл - ойды тонатпай.

      Ана туралы аңыз әңгімелер. /Анаңды Мекке Мединеге 3 рет арқалап апарсаң да қарызыңнан құтыла алмайсың. Жұмақтың кілті ананың табанының астында/ орындайтын Қарлығаш, Айбек
      Келесі көріністе ана туралы бар шындық айтылмақшы. Жерді қанға тұншықтырған Ақсақ Темірдің ананың алдында бас иіп кішірейгені айтылмақшы.
      КӨРІНІС. Орындайтын 9 «Б» сынып оқушылары
      Алыстан әйелдің дауысы естіледі.
      ӘЙЕЛ: Жіберіңдер мені, үш ғаламның билеушісіне жібер, тарт қолыңды, апарыңдар ханға!
      АҚСАҚ ТЕМІР: Мына зарлы дауыс кімдікі екен, біліңдер тез!
      Шабарман: Үсті - басы шаң, алба - жұлба бір әйел «Ханға жіберіңдер!» деп қасарып тұр.
      АҚСАҚ ТЕМІР: Алып келіңдер.
      АНА: Баязитті өлтірген сен бе?
      АҚСАҚ ТЕМІР Иә,! Мен оны да жеңгенмін, басқаны да жеңемін. Әлі жеңуден қайтқаным жоқ. Сен не айтпақшысың?
      АНА Тыңда! Сен – талай «істі» «істесең де құр адамсың. Ал мен – Анамын! Сен Өлімге қызмет қыласың, мен өмірге қызмет қыламын. Сен менің алдымда жазалысың. Міне, мен саған «Сол жазаңды жу» деп келіп отырмын. Сен әділ болуға міндеттісің, мен анамын!
      АҚСАҚ ТЕМІР Отыр да сөйле, мен тыңдаймын!
      АНА Менің әкем де, ерім де бақытты еді. Оларды бақытты қылатын мен едім. Менің жалғыз ұлым бар еді. Жер бетіндегі ең сұлу сол еді.
      АҚСАҚ ТЕМІР Менің Жәңгірім сықылды.
      АНА Менің ұлым алтыға келгенде қарақшылар келіп, менің ерімді өлтіріп, ұлымды алып кетті. Міне, 4 жыл болды, жер жүзін шарлап, ұлымды іздеп жүрмін. Мен білемін, ұлым қазір сенің қолыңда. Сен менің ұлымның қайда екенін білуге міндеттісің, өзіме тапсыр!
      АҚСАҚ ТЕМІР Сонау жат жерден дарияларды, өзендерді, тауларды, ормандарды өтіп қалай келдің? Саған аңдар қалай тимеді? Қолыңда қаруың да жоқ.
      АНА Жолда бәрі болады, қабан, аю, жер тарпыған бұқалар ұшырасты. Барысты көрдім, көздері сенің көзіңдей екен, бірақ аңдардың да жүрегі бар ғой. Мен олармен сенімен сөйлескендей сөйлестім. Олар менің ана екеніме сенді. Аяғандары емес пе, күрсініп теріс кете барды.
      АНА Әркімнің анасы бар ғой. Сені де бір ана тапқан шығар.!
      АҚСАҚ ТЕМІР Күнсіз гүл гүлдемейді, махаббатсыз бақыт болмайды, әйелсіз махаббат болмайды. Анасыз ақын да, ер де болмайды.
      АНА Ендеше, бер баламды өзіме! Неге десең, мен анамың, сүйемін ұлымды.
      ТЕМІР Мен тәңірінің құлы Темір тиісті сөзімді айтамын. Мен өмір сүрдім, өмір бойына табанымның астында қара жер күңіреп келді. Осы қолыммен отыз жыл бойына ажалдың иінін қиратып келемін, оның мәнісі – ұлым Жәңгірдің кегін алмақшымын. Анам туралы ойламаппын да. Менің алдымда отырған әйел маған сөйлемеді, бұйырды. Мен әйел қайратын ұқтым. Қазір үш жүз адам аттанып, маған қараған жердің бәрін кезіп, мына әйелдің ұлын тапсын. Кімде - кім баланы тапса, ол бақытқа бөленеді. Осылай ма, ана?
      АНА Солай, хан, дұрыс айтасың. /Ақсақ Темір анаға басын иіп кішірейеді/
      Жүргізуші:. Осы айтылғанның бәрі – шындық, аналар ажалдан күштірек, өмірге данышпандарды, ақындарды, ерлерді әкелетін – аналар. Барлық жақсылықты себетін – аналар. Иә, аналар ажалдан да күшті. Тәңір құлы Темірді жібіткен де ана екен.
      Ән «Өз балаңнан артық бала бар ма, Ана» орындайтын 9 «Б» сынып оқушысы: Аққу
      Жүргізуші: Әрбір ана отының өшпеуін, бақытының көшпеуін, шаңырағының құламауын, сәбидің жыламауын, сұм соғыстың болмауын, қызыл гүлдің солмауын тілейді. Біз қазақ деген қасиетті халықтың ұрпағымыз. Қыз Жібек пен Баян Сұлуды, Мәншүк пен Әлияны. Қазақ қыздарын әлемге әйгілі еткен бұлбұл әншілеріміз. Күлаш Байсейітованы, Роза Бағыланованы, атақты күйші Дина Нүрпейісованы, сахнаның сәні Әмина Өмірзақованы, ақын қыздарымыз Фариза Оңғарсынова мен Ақұштап Бақтыгерейованы т. б. көптеген аналарымызды әрқашан үлгі тұтып мақтан етеміз.
      ҚР Мемлекеттік Гимнің авторы, сазгер, вальстің королі Шәмші Қалдаяқовтың «Ана туралы жыр» әнінің шығу тарихы айтылады және осы әнді бүкіл көрермендер қосылып шырқайды.
      Жүргізуші: Ана десем сезім билер тым ыстық
      Жарасымды адамдарға туыстық.
      Бар адамға берсе ананың мейірін,
      Орнар еді бар әлемге тыныштық
      10 - сыныптардың мерекелік тартуы
      Ән «Махаббат сыры» орындайтын 9 «Б» сынып оқушысы Баян
      / вальс орындалады 9 сынып оқушылары/
      Жүргізуші: Ана деген – асыл жандар болаттай, Ана деген – мөлдір жандар бұлақтай,- деп ақын жырлағандай, әйел тек аяулы ана, нәзік қыз ғана емес, сонымен қатар белсенді қызметкер. Ананың қоғам өміріндегі алатын орны үлкен. Ана – перзент тәрбиешісі. Ана – қызметкер, Ана – ғалым, Ана – зейнеткер.
      9 - сынаптардың мерекелік әзіл сықақтары
      Алинаның орындауында Ән «Сүгірдің жыры»
      Жүргізуші:. Дүниеде анасыз адам жоқ. Қаламы жүйрік жазушы да, данышпан ғалым да, ел басқарған көсем де, күміс көмей әнші мен мың бұралған биші де анадан туып, соның көкірегінен нәр алып өскен. Ана – тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі.
      Күй «Көңіл толқыны» орындайтын Қуаныш

      Жүргізуші:
      Елін, жерін сүйетін, ей, адамдар!
      Алдымен ананы аялаңдар!
      Ана – алып бәйтерек.
      Бәйтеректің бауырына топтасып саялаңдар!
      Құрметтесек ана қауымын құрметтейік.
      Жүздеріңізден шаттық пен қуаныштың нұры кетпесін!
      Көрініс « Ананың аялы алақаны» орындайтын Нұргали, Ұлбосын.
      Нұрғали: Ұлбосын қалай ойлайсың? Жоқты бар, ашты тоқ ететін кім?
      Ұлбосын: Әке қанша мейірімді болғанмен ананың жөні бөлек.
      Нұрғали: Жоқты бар, ашты тоқ ететін ол ана. Анасыз бала, ұйықтамайды. Ана үйдегі бақ, әке – отыратын тақ. Ана ақылды болса, үйдің қуанышы, әкенің жұбанышы..
      Ұлбосын: Үйдегі алтын қазық кім?
      Нұрғали: Үйдегі алтын қазық – ана. Ана ақылды болса, бала дана болады. Ана тәрбиесі – қызға үлгі, әке тәрбиесі – ұлға үлгі. Ана ақылшың, әке - қамқоршың. Ананы сыйламағанның ақылы кем, әкені сыйламағанның жақыны кем. Ананың мейірімі көзінде, ықыласы көңілінде, ақылы сөзінде.
      «Ана» Фариза Оңғарсынованың өлеңі оқылады
      Ана үлкен, биік құдірет,
      Анасыз өмір өтер, жөні бөлек.
      Өмірдегі балалар дүниеде,
      Арқасында сол ананың ғанибет.
      «Ана» сөзі үш әріптен құралған,
      Үш әріпте жатыр ғой бар арман.
      Сол арманым орындалып кетсе егер,
      Аналарға өмірім, арналып кетер ойлаған.
      Есіңде болсын ұлдар, қыздар,
      Өз анаңа боласың сен қарыздар.
      «Кешіріңдер, құрметті аналар» -
      Деп өтеді түсінетін адамдар.
      Ән «Менің анам алтын»орындайтын 9 «Б» сынып оқушысы Аққу
      Жүргізуші: Сен білесің бе, дүниедегі ең сұлу кім?
      Жүргізуші: Дүниедегі ең сұлу -- АНА. АНА – бар мұратын отбасының игілігіне байлаған әлемдегі ізгі адам АНА – бар тілегін перзентінің жолына арнаған әлемдегі ең мейірбан адам. Ұлттың ұйытқысы, ұрпақтың анасы.
      Жүргізуші: Иә, бүгін мақтасақ – барлығын жеңетін, тіршіліктің бұлағы әйел – ананы мақтайық. Бізге қажымас қайрат беретін әйел - анаға мың алғыс. Абылай, Абай, Шоқан, Махамбет пен Исатай, Мағжан, Мұқағали, Нұрсұлтан мен Тоқтар – аталарымыз бен ағаларымыз бәрі де ананың ақ сүтінен нәр алған.
      Жүргізуші: Эпостағы Гүлбаршын мен Құртқа, Ақжүніс пен Назым, тарихтағы Домалақ АНА, Айша бибі, ел билеген Айғаным, ел бастаған Бопай, ел қорғаған Гәуһар ана, бәрі бір ғана атқа ие, ол «АНА». Ендеше сол аналарға тағзым етейік.
      Ән « Мыңдаған раушан гүл»орындайтын Айгерім 9 сынып оқушысы
      Ана деген -- мөлдір бастау суаты,
      Ана деген – бұл өмірдің қуаты.
      Ана деген – алтын күннің сәулесі,
      Ақ таңың боп шашылатын шуағы.
      Ана деген -- қызыл гүлі өмірдің,
      Ана деген – мерекесі өмірдің.
      Ана деген -- дүниенің тірегі,
      Ана деген – сан ұрпақтың жүрегі.
      Ана деген – қол жетпейтін көктегі,
      Адамзаттың ақ арманы, тілегі.
      Барша, ана, құтты болсын мерекеңіз
      Әрқашан да, ана, сізбен берекеміз.
      Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам,
      Сонда біз кісілікке теңесеміз.
      Әзіл әңгімелер /КВН үзінді/ орындайтын 9 сынып оқушылары
      Жүргізуші: Күнде той бола бермес дәл осындай,
      Тыншымас көңіл бақыт жол ашылмай,
      Өмірде саған жақын адам болмас
      Түн ұйқысын төрт бөлген анашыңдай.
      Ән «Ана»
      Жүргізуші: Пәк сезіммен тілеймін адамдарға
      Анасының ақ сүтін ақтасын деп.
      Өмірде ана - бақыт, ана – пана,
      Өмірді өркендетер ана ғана.
      Ән «Мереке күніңмен» орындайтын Айбек, Аққу, Казбек
      «Ана деген» А Бақтыгерееваның өлеңі оқылады
      Өсірген талай көсем, талай шешен,
      Талай ер, талай ақын, талай дана.
      «Ана» деп біздің халық текке айтпаған.
      Адам бар ма ана сүтін татпаған,
      Алуан - алуан ауыр сынды аттаған.
      Адалдықты, ар - намысты сақтаған,
      Құттықтаймыз мейрамыңмен аналар,
      Ана дейміз бәрімізде аңқылдап,
      Ана дейді жас сәби де жарқылдап.
      Ана деген – бәйтерегі өмірдің,
      Ана деген – алтын қазық, алтын бақ.
      Ана десем сезім билер тым ыстық,
      Жарасымды адамдарға туыстық.
      Бар адамға берсе адамның мейірін,
      Орнар еді бар әлемде тыныштық.
      Ана деген – адамзаттың данасы,
      Ана деген – сәбилердің панасы.
      Ана деген – жарық жұлдыз шырағың,
      Ана деген – қайнар ыстық бұлағың.
      Ана деген – өмірдегі қамқорың,
      Ардақты ана, аяулы ана қымбаттым.
      Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың.
      Өміріме нәр береді ақ сүтің,
      Кен құшағың аясындай гүл бақтың.
      9 - сыныптардың КВН қойылымдары
      Жүргізуші:
      Ақ сүті оның өтеусіз жай қала ма?
      Борышты оған небір дархан дала да.
      Тірлік сеуіп келе жатқан дүниеге,
      Ей, адамдар, жол беріңдер анаға!
      О, аналар, осындайсың бәрің де,
      Осындайсың жасың - дағы, кәрің де.
      Сыйынатын болса өмірде құдірет,
      Сиыныңдар, ана деген тәңірге.!
      Осымен әдеби - музыкалық кешіміз аяқталды. Құрметті қонақтар, ұстаздар сіздерді көктем мейрамы – Сегізінші Наурыз мерекесімен құттықтаймыз. Сіздерге бақыт, денсаулық. Шығармашылық табыс тілейміз!
      ХОР «АНА»
      Маған ұнайды:
      09.03.2016, 15:37
      Предыдущие 6 комментариев
    • Қадыржан Сапаров
      Тақырыбы: «Тәрбие көзі - салт-дәстүр»
      («Тапқыр достар» танымдық ойыны)
      Мақсаты:
      1. Ұлттық салт- дәстүр туралы білімдерін, білгендерін тереңдету арқылы халық даналығын ұрпақ санасына сіңіру.
      2. Білімді болуға, адамгершілікке,шапшаңдыққа, намысты, жігерлі болуға тәрбиелеу.
      3. Ұлттық тәрбие туралы естерінде қалдыру. Сөйлеу, ойлау қабілеттерін
      дамыту, тәрбиенің ерекшелігін үйрету. Қызығушылығын арттыру.
      Түрі: электронды ойын
      Әдісі: сұрақ- жауап, сайыс, топтық жарыс
      Көрнекілігі: компьтер, тасымалдағыш құрылғы, слайдтар, әріптер
      жазылған қиықшалар,
      Пән аралық байланыс: әдеп, тарих, әдебиет
      Сабақтың барысы
      І. Ұйымдастыру
      ІІ. Кіріспе
      Топты таныстыру: (екі топтан бір оқушыдан келіп, қағаз суырады. «Тұмар», «Тұлым» сөздерінің қайсысы түссе топ аты солай аталады:)
      Тойбастар: (екі топ оқушылары бірге «Қаражорға» биін билейді.)
      Ретін таңдау: (екі топ асық иіру арқылы қай топ бірінші бастайтынын анықтайды:)
      ІІІ. Негізгі бөлім:
      Турлар:
      1. Әріптер сөйлейді «Сөз тапқанға …. »
      2. Ұяшық сұрақтары «Жүйрік болсаң …»
      3. Шебер қолдар «Шебер болсаң …»
      4. Көрініс «Ойлы болсаң …»
      ІҮ. Қорытынды

      І. Қазақтың салт– дәстүрінде көп мән - мағына бар. « Мейірімділікті анадан үйрен, әдептілікті данадан үйрен» дегендей, көп әдепті де,тәртіпті де, тәрбиені де қазақтың салтынан үйренуге болады. Себебі, салт-дәстүр тұнып тұрған тәрбие. Бүгінгі ойынымыздың негізгі тақырыбы сол әдет-ғұрып, салт-дәстүрге байланысты болады. Ойын барысында ойыншыларымыз сол тұрғыдан білімдерін, білгендерін көрсетеді.
      ІІ. Әділ қазылармен таныстыру:
      «Тапқыр болсаң, тауып көр», «Жүйрік болсаң, шауып көр», «Ойлы болсаң, озып көр» -деп кезекті ойыншыларға береміз.
      v Топтың аты «Тұмар»
      Тұмар — молдаларға оқытып ,ұшбұрыштап матаға немесе теріге тігіп кішкентай баланың мойнына тағып қоятын нәрсе. Бұл пәле-жаладан, тіл, көзден, ауру-сырқаудан сақтайды деген ұғымнан туған.
      Сол заттың атауын ырым етіп біз өзіміздің топтың атына қойдық.
      v Топтың аты «Тұлым»
      Тұлым – баланың кішкентай кезінде шашын өсірмей екі шекесіне екі шоқ шаш қояды. Мұны «тұлым» деп атайды. Тұлым көбінесе қыз балаға қойылады және ол сәбиге лайықты ғұрып. Біз өз тобымызды сол әдет-ғұрып атауымен атауды жөн көрдік
      Тойбастар: «Қаражора» биі.
      ІІІ. Негізгібөлім
      1. Әріптер сөйлейді: Алдымен әріпдерді таңдап алады. Оқушылар
      өздеріне тиісті әріптен басталатын сөзбен жауап беру керек. Ол нақты және тапқырлықпен берілген жауап болу керек.
      С: 1. Ағаш үй есігі? (сықырлауық)
      2. Қалың малдың бір түрі? (сүт ақы)
      3. Қыздың қоштасу әні?( Сыңсу)
      4. Құда түскеннен кейінгі дәстүр? (сырға салу)
      5. Ұлттық киім?(сәукеле)
      6 Ән айтасың ба? (сайраймын т.б)
      Т: 1. Киізден басылған төсеніш? (текемет)
      2. Асықтың түсуі? (тәйке)
      3. Алғаш қадам басқанда берілетін той? (Тұсау кесу)
      4. Ұлттық киімдер білесің бе? (тақия)
      5. Адамғаалдымен не керек?
      6. бесікке салар алдында берілетін ырым-шашу? (тыштырма, тыштырмай)
      2. Ұяшық сұрақтарына жауап беру. (Тор көздерді таңдауы бойынша ашып, ондағы сұрақтарға жауап береді.)
      1. Мал сүйегін пайдаланып ойналатын ұлттық ойын түрлерін ата.
      2. Қойшылар ойлап тапқан ұлттық ойын?
      3. Үйленген ұлға ата-анасы не береді?
      4. Қазақ халқының үйлену тойында қандай ән айтылады?
      5. Бала дүниеге келгенде болатын той?
      6. Әшекей бұйымдар жасайтын адамдарды кім деп атайды?
      7. Бала жататын төсек?
      8. Бала алғаш рет қадам басқанда жасалатын рәсім?
      9. Бейтаныс адамның бір балағын түріп келуінің белгісі?
      10. Келін түсіру тойында келінді жаңа туыстарымен таныстыру үшін болатын салт не?
      11.Бесік құда дегеніміз не?
      12. Бел құда дегеніміз не?
      3. «Шебер қолдар» ойыны. (екі топқа түрлі-түсті қағаз беріледі. Сол қағаздан ою ояды).

      4. Көрініс: (екі топ алдын ала берілген үй тапсырмасы бойынша дайындаған салт-дәстүрге байланысты көрініс қояды)
      ІҮ. Қорытынды
      1. Сүйінші. Әділқазылар ұпай санын әр ойын бойынша айтып, жалпы нәтижесін хабарлайды. Жоғарғы ұпай саны – 10, ең кіші ұпай саны – 5. Марапаттау.
      2. Бата беру
      Б А Т А
      Еліңнің елеулісі бол!
      Халқыңның қалаулысы бол!
      Ақылыңа көркің сай,
      Ата-анаңның самғар құсы бол!
      Иә, жаратқан жар болып,
      Сендерді бәле-жаладан сақтасын!
      Елің сені мақтасын!
      Терең білім, терең ой ,
      Сеннен алшақ жатпасын!
      ӘУМИН
      Сөз соңы: Дәстүрімізді дәріптеп, салтымызды сақтап жүре беріңіздер!
      Рахмет! Сау болыңыздар!

      Маған ұнайды:
      04.01.2016, 18:03
      Предыдущие 6 комментариев
    • Қадыржан Сапаров
      Х.Наубетов атындағы орта мектептің
      8б сынып ұйымдастырушысы
      Сапаров Қадыржанның қаңтар айына
      жұмыс жоспары

      № Тақырыбы Әдісі Күні Мақсаты:
      1. Сабырлы болу қиын ба?
      Тренинг Оқушыларды берілген тақырып бойыншы сөйлету, өзгелердің пікірін тыңдай білуге үйрету; сөздік қорларын байыту, адамгершілік қасиеттерін бойларына дарыту, сабырлы болуға шақыру.
      2. Ата салтым-асыл қазынам Д.үстел Ұлттық сананы ояту, тәрбиелеу, жас ұрпақ санасына, туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рухты сіңіру. Ана тілін, ділін, дінін, оның тарихын, мәдениетін,өмірін,кәсібін қастерлеп, салт-дәстүрін, рухани- мәдени мұраларын менгеру.
      3. Елім менің! Сайыс Қазақстанның тарихымен, бабалар ғұрпымен және мәдени мұраларымен байланысты қызықты сауалдар мен танымал әндер арқылы Қазақстан тарихынан сыр шерту, өз елінің тарихын, салт – дәстүрін толыққанды білетіндігін тексеру
      4. Сауалнама
      Анкеталық сұрақ
      оқушылардың мектепке, мұғалімдерге қатынасың және балалардың бір-бірімен қарым-қатынасын, сыныптағы психологиялық жағдайын анықтау.
      5. «Сыйласаң сыйлы боласың»
      Д. Үстел
      «Сыйластық» ұғымының адамгершілік құндылық ретіндегі мәнін ашу.
      6. «Жетістікке жету-өз қолыңда»
      Ой-талқы оқушылар арасында қарым – қатынасты нығайту, жағымсыз көңіл-күйден арылу, күш қуат жинау, өзін - өзі тану, құрметтеу, өзін еркін сезінуге көмектесу.



      Х.Наубетов атындағы орта мектептің
      «Жас Ұлан» ұйымының Д.М.Жоламанқызы
      Ұланбасысы:
      Маған ұнайды:
      04.01.2016, 18:01
      Предыдущие 6 комментариев
    • Қадыржан Сапаров
      МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ


      «Жас Ұлан» ұйымының мақсаты:
      Өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге
      деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру.
      «Жас Ұлан» ұйымының міндеттері:
      Қазақстан халқының тілін, мәдениетін, тарихын білу негізінде өскелең жас
      ұрпақтың бойында рухани-адамгершілік әлеуетті қалыптастыру;
      Балалар мен жасөспірімдердің азаматтық белсенділігі мен саналылығын
      арттыру;
      Танымдық жұмыстарды ынталандыру;
      Балалар мен жасөспірімдердің зияткерлік, шығармашылық және әлеуметтік
      дамуы үшін қолайлы жағдай жасау;
      Жауапкершілік пен еңбексүйгіштікті қалыптастыруға, көшбасшылық және
      ұйымдастырушылық қабілеттерін дамытуға бағытталған баланың жеке тұлғалық
      қасиеттерін дамыту.


      ҚЫЗМЕТТЕРІ МЕН ҚАҒИДАЛАРЫ

      «Жас Ұлан»ұйымының атқаратын қызметі:
      - Тәрбиелік;
      - Танымдық;
      - Коммуникативтік;
      - Әлеуметтік;
      - Ақпараттық;
      - Шығармашылық.
      «Жас Ұлан» ұйымының қызмет қағидалары:
      Азаматтық сана-сезім және жалпы адами құндылықтардың басымдылығы;
      Еріктілік және қол жетімділік;
      Ұрпақтар сабақтастығы мен «Жас Ұлан» ұйымының дәстүрлерін сақтау;
      Ұйымның негізгі мақсаты мен міндетін жүзеге асырудағы ересектер мен
      балалардың бірлігі;
      Қызметтің патриоттық, толеранттық, рухани-адамгершілік бағыты.












      Ұйымдастыру жұмыстары

      № Атқарылатын іс-шаралар Орындалу мерзімі Орындалу жауапкершілігі
      1. «Жас ұлан», «Жас қыран» балалар ұйымдарының жоспарын жасап, бекіту. Қыркүйек «Жас ұлан», «Жас қыран» балалар ұйымдарының отырысында
      2. «Жас ұлан», «Жас қыран» балалар ұйымдарының белсенділерін тағайындау, атрибутикамен таныстыру. Қыркүйек Мектептегі ұйымның отырысында
      3. Мектептегі жас ұлан мүше лерін баспасөзге жазылуды ұйымдастыру. Қыркүйек-Қараша Тәлімгер
      4. Тәжірибе алмасу, үйрену мақсатында семинар өткізу.
      Үнемі Тәлімгерлер, ұйым мүшелері
      5. Шығармашылық жұмыстар ды тереңдету, ақпарат құрал дарын игеру мақсатында мектепаралық сайыстар, байқаулар ұйымдастыру. Даталы күндерде Тәлімгерлер, ұйым мүшелері
      6. Облыстық, аудандық, қала лық «Жас ұлан» ұйымының үйлестірушілерін тағайын дау, «Жас ұлан» ұйымының орталық штабтарын құру . Қыркүйек, қазан «Жас ұлан» ұйымының отырысында
      7. Облыстық «Сыр ұланы» газетімен тығыз байланыс жасап,облыстық «Мың бала» сайтында материалдар жариялау,республикалық
      «жас ұлан .kz» әлеуметтік желімен жұмыс жасау. Үнемі Тәлімгерлер, ұйым мүшелері










      «Жас ұлан» ұйымының жұмыс жоспары

      № Атқарылатын
      іс-шаралар Орындалу мерзімі Орындалу жауапкершілігі
      1. «Ел ертеңі –жас ұлан!» Мектептерде жиындар, отырыс тар өткізу. Жас ұлан мүшелерін ұйымдастырылған шараларға қатыстырып отыру. Үнемі
      2. Тәлімгер мектебі. Тәлімгер отырысын ұйымдасты ру. Озық тәжірибені насихаттап, тәжірибе алмасу.Жас мамандар ға көмек беру. Үнемі
      3. «Жадыңда жүрсін , Жасұлан». Ұйым мүшелерінің мінберін ұйымдастыру. Үнемі
      4. Акциялар , операциялар. Ұйым мүшелерінің ізденісі, ұрпақтар сабақтастығы. Тарихи-мәдени ескерткіштерді зерттеп, қорғауға алу. Үнемі
      5. Туған өлке-тұнған шежіре. Табиғатты аялау. Экологиялық тәрибені насихаттау. Қоршаған ортаны қорғау жұмыстары. Үнемі
      6. Қайырымдылық қадамы. Қайырымдылық шаралар ұйым дастыру. Қарттарға көмектесіп достарына қол ұшын созу. Акцияларға қатысып, үлкенге құрмет. Кішіге ізет көрсету. Үнемі
      7. Ашық пікір алаңы. Жиындар, отырыстар, пікірталас тар ұйымдастыру. Қатардағы достарға жақсы істерді насихаттап, үлгі ету. Теріс тәрбиеден бойын аулақ қылуға ықпал ету. Үнемі
      8. «Жас ұланның жарқын жолы.»
      « Шарықта жас қыран!» Қалалық, мектепішілік шараларға белсене араласу. Мерекелік даталарға байланысты шаралар ұйымдастыру. Мерекелі даталарда
      9. «Он-лайн» конферен циялар ұйымдастыру Облыстық оқу орталығы,
      «Жасұлан»ұйымы Жылына 2 рет
      10. «Балалар әлеміндегі игі істер» жобасын іске асыру.(Қайырымдылық, мейірімділік, тазалық акцияларын іске асыру) Облыстық оқу орталығы,
      «Жасұлан»ұйымы Үнемі
      11. Республикалық «Жаңа леп» балалар мен жас өспірімдерге арналған әндер байқауына бала лар әндерін жинақтау.
      Талантты композиторлар, ақын дар мен балалар әндерінің автор ларын табу, отандық ең үздік балалар ән жинағын шығару мақсатында оларға қолдау көрсету. Қыркүйек
      12. Балалар арасында «Қазақстан 2050»
      бейнероликтер байқау ын ұйымдастыру «Қазақстан 2050» идеясын балалардың шығармашылық потенциалын дамыта отырып насихаттау Қазан
      11 Ұлтжандылық пен патриотизм идеялары. Жастарды ұлтжандылыққа баулу , патриоттық сананы қалыптастыру шарарларын ұйымдастыру.(Семинар) Қазан
      12 Атамұрам – асыл қазынам»
      Ұлттық ойындар арқылы балалар мен жасөспірімдердің тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру, дамыту, патриоттық, интеллек туалдық, адамгершілік, рухани тәрбие беру. Қараша
      13 «Ел рәміздері –менің мақтанышым» Балалар мен жастарға арналған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерінің тарихы туралы үздік шығармалардың рес публикалық танымдық-зерттеу лер байқауын ұйымдастыру. Желтоқсан
      14 Өзін-өзі басқару-өзіз-өзі тәрбиелеудің мәде ниетінің баспалдағы. Балалардың бойында өзін-өзі тану мәдениеті мен өзін-өзі тәрбиелеу шарттарын қалып тастыру.(Семинар практикум) Қаңтар
      15 Қазақ этнопедагоги касы арқылы әлеумет тенген тұлға тәрбиесін дамыту. Балалардың бойында қазақ этнопедагогикасы арқылы әлеуметтенген тұлға тәрбиесін дамыту.(Шеберлік сыныбы) Ақпан
      16 «Ақ қауырсын» кітапқұмарлар клубының тұрақты оқырмандардың «Бала би» байқауы
      Халқымыздың рухани бай қазы насын бүгінгі ұрпаққа жеткізу. Зиянды әдеттерден бас тартқызу мақсатында балаларды кітап оқуға шақыру. Наурыз
      17 «Жасұландардың жеті жұлдызы »облыстық жас өнерпаздар байқауы Жеті бағытта (би, ән, мүшайра, жобалар байқауы, ерекше қасиет ке иесі, т.б )ұйымдастырылатын байқауыда талантты балаларды анықтау Сәуір
      18 «Жас ұлан көктемі»
      Жас дарынды, өнерлі жас ұландардың жаңа қырларынан көрінуіне жағдай жасау, қолдау көрсету. Мереке сыйлау Мамыр
      19 Балаларды Отансүйгіш
      тікке тәрбиелеудің тәлімдік ілмідері. Балалардың бойында ұлтжанды лық , отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру шараларын ұйымдастыру. (Кеңес) Үнемі



      Мәдени-шаралар жоспары

      № Жұмыстың мазмұны Мақсаты Мерзімі
      1 «Қазақстанның экология лық мәселелерін шешу жолдары» тақырыбында шығармалар байқауы.
      Балалардың экологиялық мәдениетін көтере отырып,экологиялық білімдерін жетілдіру. Қыркүйек
      2 «Жасыл әлем» көрме Балаларға экологиялық білімдері арқылы экологиялық мәселелерді шешуді көрсету,экологиялық мәдениеттерін жетілдіру. Қазан
      3 «Айналайын» Мүмкіндігі шектеулі және арнайы интернаттағы балаларға қамқорлық акцияларын ұйымдастыру. Қараша

      4 «Жасұлан-кемел келешек»салтанатты қабылдау. Мектептер арасында ұйым мүшелерінің белсенділерін белгілі даталарда
      Жыл бойы
      5 «Біз Жасұлан-Елбасы ның тірегі, Еліміздің жүрегі»1 желтоқсан Қазақстан Республикасы ның бірінші президенті күніне орай массалық (көпшілік)флешмоб Елбасымыздың көрегендігі, білімпаз дығының арқасында еліміз өсіп, өніп келе жатқанын, елбасының әр ісі елінің әрбір азаматына үлгі, өнеге екенін дәріптеу мақсатында көпшілік флешмоб ұйымдастыру Желтоқсан
      6 «Тәуелсіз елдің ұрпағымыз» 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай облыстық мерекелік шара
      Жас ұрпақтың бойында патриотизм мен азаматтық жауапкершілікті қа лыптастырып, Отанға деген сүйіс пеншілік сезімі мен Қазақстанның тарихы мен мәдениетіне деген қызы ғушылығын арттыру, сондай-ақ, балалардың көркем шығармашылы ғын дамыту мен кеңінен насихаттау . Желтоқсан
      7 «Өркен» экожобасы Экологиялық тәрибені насихаттау. Қоршаған ортаны қорғау жұмыстары Жыл бойы

      8 Тәуелсіз ел тірегі !» салтанатты қабылдау. Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында салтанатты қабылдау рәсімі. Желтоқсан
      9 Достарым-байлығым Балалар Үйіне қайырымдылық акциясын ұйымдастыру. Қаңтар
      10 «Тәлімі мол тәлімгер» байқау Озат тәлімгерлерді анықтау,оларды көпшілікке таныстыру, озат тәжірибелерін насихаттау. Ақпан
      11
      Қанатты достар мерекесі Тазалық акцияларын қатысу. Табиғатқа жанашырлықпен қарап, экологиялық шараларға қатысу. Наурыз


      12 «Жас ұлан- чемпион» жас спортшылар мен кездесу кеші. Жас ұландықтар арасындағы спортта дарынды балаларды достарына үлгі ету. Сәуір
      13 Ұланымыз ұлы елдің Жасұландықтардың » ІІ облыстық слеті Жасұландарды біріктіріп, ұйым аясына шоғырландыру, оқушылардың өзара қарым-қатынасын нығайтуға мүмкіндік жасау, жаңа ойлармен бөлісу.Жастарды ұлтжандылыққа баулып, тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруға және дамытуға, интеллектуалдық, адамгершілік, рухани тәрбиелеу. Сәуір
      14 Салауаттылық-сәніміз Спорттық-сауықтыру шараларына қатысу. Жыл бойы
      15 Ғани ғұмыр жаңғырып, тарихта қалған мәңгілік» Ғани Мұратбаевты кеңінен таныту мақсатында, жастарға үлгі ретінде тәрбиелік маңызы зор шара өткізу. Маусым
      16 Туған күніңмен, Жасұлан! Қорытынды есеп, салтанатты жиын. Мамыр



























      Мектептегі «Жас ұлан» ұйымында жүргізілетін жұмыс жоспары

      № Атқарылатын жұмыстар
      Мазмұны Қатысушылар Уақыты Жауапты
      1. «Жас ұлан», «Жас қыран»ұйымының белсенділерін тағайындау.Ұйымның
      атрибукасымен таныстыру. «Жас ұлан» ұймының жарғысымен таныстыру. «Жас ұлан» мүшелері қыркүйек Тәлімгер, ұйым мүшелері
      2. «Жас ұлан» ұйымының отырысы
      1) міндеттерін оқыту
      2) қоғамдық тапсырмаларды бекіту «Жас ұлан» ұйымы мүшелерінің алдағы уақытта атқаратын жұмыстарын талдау «Жас ұлан» ұйымының мүшелері
      қыркүйек

      Тәлімгер, ұйым мүшелері
      3. «Қайырымдылық қол көмегін жасайық» тобын құру, мүше
      лерін сайлау, көмек қажет ететін кісілерге көмек жасау Қайырымдылық көмегін жасау «Жас ұлан» ұйымының
      мүшелері қыркүйек Тәлімгер, ұйым мүшелері
      4. «Жасыл желек жанға сая» мектепте тазалық, көркейту жұмысын жүргізу Мектеп ауласының таза болуына, көркейту – көгалдандыру жұмысына ат салысу 5-7 сынып
      Жас ұландары
      үнемі Тәлімгер, ұйым мүшелері
      5. «Қозғалыстың жас испекторлары» отрядын құру Жол қауіпсіздік ережелеріне жұмыстар жүргізу. 8 сынып
      Жас ұландары қыркүйек Тәлімгер, ұйым мүшелері
      6. « Ана тілім-асыл мұрам» Тілдер мерекесін өткізу:
      5-7 сынып мәнерлеп оқу кеші;
      8-9 сынып мерекелік кеш;
      10-11 сынып рефераттар дайындау. 5 – 10 сынып
      Жас ұландары қыркүйек Тәлімгер, ұйым мүшелері
      7. «Ұстаз үлгі өнеге ұлағатым» Мұғалімдер мерекесіне байланысты ардагер ұзтаздармен кездесу:
      5-7 сынып ашық хаттар жазу;
      8-9 сынып газет шығару;
      10-11 сынып концерттік бағдарлама дайындау. 5 – 11 сынып
      Жас ұландары қазан Тәлімгер, ұйым мүшелері
      8. «Қарттарым -асыл қазынам»
      Жалғызбасты қарттарға көмек акциясы Қайырымдылық акциясына қатысып, жалғызбасты қарттарға қол көмегін беру.
      9. «Жас ұлан- чемпион» жас спортшыларымен кездесу кеші Оқушыларды салауатты өмір салтына тәрбиелеу 5 – 11 сынып
      Жас ұландары қараша Тәлімгер, ұйым мүшелері
      10. «Жырым сенсің , Қызылорда!» Қала күніне арналған акция 5-7 сынып
      Жас ұландары қараша Тәлімгер, ұйым мүшелері
      11. Бақыт деген - денсаулық Ашық есік күні 5-7сынып
      Жас ұландары қараша Тәлімгер, ұйым мүшелері
      12. «Саламаттану –болашағыңды сәулелендіру» Денсаулық күніне байланысты акция өткізу 5 – 8 сынып
      Жас ұландары қараша Тәлімгер, ұйым мүшелері
      13. «Ұлы дала сазы» Қорқыт кесенесіне саяхат 7 сынып
      Жас ұландары қараша Тәлімгер, ұйым мүшелері
      14. «Біз әрдайым , жаныңдамыз!» Үйден оқитын балаларға қол ұшын беріп, көмек көрсету 8 – 9 сынып
      Жас ұландары желтоқсан Тәлімгер, ұйым мүшелері
      15. «Ойы терең, қаламы ұшқыр» Оқушылар мақалаларын баспасөз бетіне жариялау 2- 11 сынып
      Жас ұландары Үнемі Тәлімгер, ұйым мүшелері
      16. «Елімнің еркіндігі - тәуелсіздік» Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын 5 -11 сынып Жас ұландары желтоқсан Тәлімгер, ұйым мүшелері

      17. «Жас өрт сөндірушілер» сайысы Оқушыларға сақтық шараларын үйрету. 6 сынып
      Жас ұландары желтоқсан Тәлімгер, ұйым мүшелері
      18. «Жасыл шырша шақырады» Мектепішілік жаңа жыл кешіне дайындық жұмыстарын ұйымдастыру:
      5-7 сынып ертеңгілік;
      8-9 сынып карнавал;
      10-11 сынып балмаскарад ұйымдастыру. 5 – 11 сынып
      Жас ұландары желтоқсан Тәлімгер, ұйым мүшелері

      19. «Сырдың сырлы әлемі» Қызылордалық ақын – жазушылармен кездесу кеші 5 – 11 сынып
      Жас ұландары қаңтар Тәлімгер, ұйым мүшелері
      20. «ХХІ – ғасыр көшбасшысы» Оқушылардың білім деңгейін анықтау мақсатында интеллектуальды ойын ұйымдастыру 5 – 7 сынып
      Жас ұландары Қаңтар Тәлімгер, ұйым мүшелері

      21. «Жас ақындар» мүшайрасы Мектеп ішіндегі жас ақындардың өлеңдерін оқытып, баспасөз бетіне үздік өлеңді жариялау 8 – 11 сынып
      Жас ұландары Ақпан Тәлімгер, ұйым мүшелері
      22. «Ана - өмір бастауы» Аналар мерекесіне дайындық жұмысын жүргізу. Сыныптар арасында сурет конкурсын, жыр оқу кештерін, салтанатты кештер ұйымдастыру 5 – 11 сынып
      Жас ұландары наурыз Тәлімгер, ұйым мүшелері
      23. «Табиғатты аяла да бағала» Мектеп ауласына көркейту көгалдандыру жұмыстарын жүргізуге ат салысу 5-11сынып
      Жас ұландары наурыз Тәлімгер, ұйым мүшелері
      24. «Қош келдіңдер , қанатты достар!» Құстар күнін атап өткізу 5 – 7 сынып
      Жас ұландары Сәуір Тәлімгер, ұйым мүшелері
      25. Қалалық «Қозғалыстың жас инспекторлары» сайысына қатысу Қалалық сайысқа топ жинақтап, қатыстыру 6 – 8 сынып
      Жас ұландары
      Сәуір Тәлімгер, ұйым мүшелері
      26. «Халықтар достығы» Халықтар бірлігі күніне арналған салтанатты жиын өткізу
      5 – 10 сынып
      Жас ұландары мамыр Тәлімгер, ұйым мүшелері
      27. «Ерлік – елдік қорғаны» Жеңіс күніне арналған салтанатты жиын:
      5-6 сынып мәнерлеп оқу кеші;7-8 сынып
      газет шығару;9 сынып концерттік бағдарла ма ұйымдастыру;10 сынып түрлі акциялар ұйымдастыру;11 сынып дөңгелек үстел. 5 – 11 сынып
      Жас ұландары Мамыр Тәлімгер, ұйым мүшелері «Жас ұлан» ұйымы
      28. «Ұланымыз –ұлы елдің» «Жас ұлан» ұйымына үздік оқушыларды салтанатты түрде қабылдау 5 – 7сынып
      Жас ұландары Мамыр Тәлімгер, ұйым мүшелері
      29. «Кітап -ақылшы досым !» Мектеп кітапханашысына көмек көрсету, кітаптарды түптеп, акцияға атсалысу 8 – 9 сынып
      Жас ұландары
      Мамыр Тәлімгер, ұйым мүшелері


      30.
      «Жас ұлан » ұйымының отырысы «Жас ұлан» ұйымының жыл бойы атқарған іс – шараларын талдап, жақсы жұмыс жасаған оқушыларды мектеп директорының мақтау қағазына ұсыну
      5 – 11 сынып
      Жас ұландары
      мамыр Тәлімгер, ұйым мүшелері

      31 «Сәбидің шат күлкісі» Жас ұландықтардың балалар Үйіндегі достарын құттықтауы. 5 – 10 сынып
      Жас ұландары Маусым Тәлімгер, ұйым мүшелері






      Мектептегі «Жас қыран» ұйымында жүргізілетін жұмыс жоспары

      № Атқарылатын жұмыстар Мазмұны Қатысушылар Уақыты Жауапты
      1 «Жас қыран» ұйымының жиыны . Жаңа ұйымның атрибутикасымен, жарғысымен таныстыру. Жаңа оқу жылындағы өзгерістермен таныстыру «Жас қыран »
      ұйымының
      мүшелері қыркүйек Тәлімгер, «Жас қыран» мүшелері

      2 «Жас қыран» ұйымының отырысы
      1)міндеттерін оқыту
      2) жылдық жоспармен таныстыру
      3)қоғамдық тапсырмаларды бекіту «Жас ұлан» ұйымының міндеттері мен алдағы уақытта атқаратын жұмыстарын талдау . «Жас қыран»
      ұйымының
      мүшелері қыркүйек Тәлімгер,«Жас қыран» мүшелері
      3 «Тілім менің тілегім, соғып тұрған жүрегім»
      (мәнерлеп оқу сайысы) Тілдер мерекесін өткізу «Жас қыран» ұйымының мүшелері қыркүйек Тәлімгер, «Жас қыран» мүшелері

      4 Қалдырған ізің мәңгілік Ұстаздарды мерекемен құттықтау «Жас қыран» ұйымының мүшелері қазан Тәлімгер,«Жас қыран» мүшелері
      5 Елдің болашағы- біз ! «Жас қыран» ұйымына оқушыларды қабылдау 1-4-сынып оқушыларын «Жас қыран» ұйымына салтанатты түрде қабылдау «Жас қыран» ұйым мүшелері қараша Тәлімгер, «Жас қыран» мүшелері

      7 «Дені сау ұрпақ-жарқын болашақ!» Денсаулық күніне байланысты спорттық эстафеталық сайыс «Жас қыран» ұйымының мүшелері қараша Тәлімгер,«Жас қыран» мүшелері
      8 «Тәуелсіздік –ел тілегі» Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын. «Жас қыран» ұйымының мүшелері желтоқсан Тәлімгер, «Жас қыран» мүшелері

      9 Жасыл шырша шақырады. Жаңа жыл кешіне дайындық жұмыстарын жүргізу.
      «Жас қыран» ұйымының мүшелері желтоқсан Тәлімгер,«Жас қыран» мүшелері
      10 «Оқы, ойлан, іздеп тап» интеллектуалды сайыс Оқушылардың білім деңгейін анықтау мақсатында интеллектуалды ойын ұйымдастыру «Жас қыран» ұйымының мүшелері қаңтар Тәлімгер, «Жас қыран» мүшелері

      11 «Менің сүйікті кейіпкерім» Кітапқұмарлар отырысы «Жас қыран»
      ұйымының мүшелері ақпан Тәлімгер,«Жас қыран» мүшелері
      12 «Ана-өмірімнің шуағы»
      Аналарды мерекемен құттықтау. «Жас қыран» ұйымының мүшелері. наурыз Тәлімгер, «Жас қыран» мүшелері

      13 «Армысың, Әз Наурыз!» Наурыз мерекесіне арналған мерекелік бағдарлама. «Жас қыран» ұйымының мүшелері. наурыз Тәлімгер,«Жас қыран» мүшелері
      14 «Құстар - біздің досымыз» 1 сәуір –Құстар күніне орай сурет көрмесін ұйымдастыру «Жас қыран» ұйымының мүшелері Сәуір Тәлімгер, «Жас қыран» мүшелері

      15 «Ұлы ерлік –ұрпаққа үлгі » Жеңіс күніне арналған салтанатты
      жиын «Жас қыран» ұйымының мүшелері мамыр Тәлімгер,«Жас қыран» мүшелері
      16 «Ардақтаймыз ,біз жеңістің
      ерлерін! » Ұ.О.С-ның ардагерлерінің үйіне барып мерекемен құттықтау «Жас қыран» ұйымының мүшелері мамыр Тәлімгер, «Жас қыран» мүшелері

      17 «Жас қыран» ұйымының отырысы «Жас қыран» ұйымының жыл бойы атқарған іс шараларын талдап жақсы жұмыс жасаған оқушыларды мектеп директорының мақтау қағазына ұсыну «Жас қыран» ұйымының мүшелері мамыр Тәлімгер,«Жас қыран» мүшелері
      Маған ұнайды:
      04.01.2016, 17:28
      Предыдущие 6 комментариев

    Изменить аватарку

    Файл формата JPG, PNG и GIF, не более 10 Мб. Минимальные размеры изображения 220x220