• 141812 ұпай

ДОСТАРЫМ

95 дос

    БІРЛЕСТІКТЕР

    состою в сообществах

    ОЙЫНДАР

    1 ойын

    • 0
      8ed84dc2c11a
    • 0
      17.Berkut & Aisha-Tugan jer [dj.cross@mail.ru]
    • 0
      59a77e3806ed
    • 0
      17BERK~1
    • 0
      000 .Бакытжан Мустапаев-Аллах
    • 0
      00 Б. Мустафаев махаббат
    • 0
      Торегали Тореали - Отанды сую иманнан (жана нуска) [www.kazmusic.kz]
    • 0
      17.Berkut & Aisha-Tugan jer [dj.cross@mail.ru]
    • 0
      17BERK~1
    • 0
      8ed84dc2c11a
    • 0
      (MUSIC~1
    • 0
      ! 01Smitty & Maximum - Интернет
    • 0
      59a77e3806ed
    • 0
      12.Asan Perdeshov - Agatai
    • 0
      WAPKA4~1
    • 0
      wap.ka4ka.ru_oceana_-_endless_summer_oficial_nyj_gimn_evro-2012__(single_mix)_12
    • 0
      V-ALEM ft Ainura Babaeva - Десант (Official OST Көк Тарландары)
    • 0
      V-ALEM - Казак рухы [www.kazmusic.kz]
    • 0
      too+late[www.vpleer.ru]
    • 0
      Smitty+-+Әкетай+(feat(music.nur.kz)
    • НУРСАЯ ШУКИРБАЕВА
      Маған ұнайды:
      13.12.2013, 16:06
      Предыдущие 6 комментариев
    • НУРСАЯ ШУКИРБАЕВА
      Сен де бір кірпіш дүниеге
      Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар қалан»- деген ұлы Абайдың ұлы сөзі мені де бей – жай қалдырмайды. Бүгінгі мектеп қабырғасындағы алған білімім мен тәлім - тәрбием менің болашағымның бастауы.Сол болашағыма бастар жолда тура жүру, өмірдегі өз орнымды қабілетіме қарай адаспай табу, мектеп бітіріп мамандық таңдау, азамат боп, еңбек етіп қызмет қылу мен үшін үлкен жүк екенін білемін. Мен қазір 8 сыныптың оқушысымын. Барлық сабақты да жақсы оқуға тырысамын, соның ішінде әдебиет пәні жаныма жақындау. Кім болам?- деген сұрақтарға бастауыш сыныптарда президент болам, директор болам деп Нұрсұлтан атама, директор тәтеме еліктеуші едім. Қазір мен мамандық таңдаудың не екенін түсінемін. Болашақ журналист болғым келеді, бұл менің әлі де балалық еліктеушілігім бе, әлде шын таңдауым ба.... Шын таңдауым болса, оған қалай қол жеткізем, журналист жолы ауыр жол, оны алып жүре алам ба, қолымнан келе ме деген де сансыз сұрақтар санамда сайрайды. Ия, мен әзірге балалық қиялыммен армандаймын, әдеби кітаптар оқимын, ақын, жазушылардың шығармаларымен, өмір жолдарымен танысамын. Өзімше бірдеңелер жазып шимақтаймын, қиялымның іске асуын ойлаймын.
      Аудандық оқушылар Үйіндегі «Дебат» үйірмесіне қатысып белгілі бір тақырып төңірегінде пікір- таластар айтуға, өз ойымды нақты, тез, мағыналы жеткізуге бұл үйірменің де тигізер пайдасы болар деймін. Сыныпта да мәдени шараларға сценарийлер жазып, жүргізуші болып та жүрмін. Сөйтіп еліміздің түкпір-түкпірін аралап, қаламымды қару еткім келеді. Қиындықтан қорықпай, ағысқа қарай жүзгім келеді.
      Маған ұнайды:
      15.08.2013, 9:25
      Предыдущие 6 комментариев
    • НУРСАЯ ШУКИРБАЕВА

      Елбасы Н.Назарбаевтың

      қанатты сөздерінен...



      1. Бүгінгі біздің тәуелсіздігіміздің қайнар көзі қазақ халқының сан ғасырлар бойы күресінде, азаттыққа ұмтылған қайсарлығында жатыр.



      2. Тәуелсіздік туын тігуге қаншалықты қажыр-қайрат керек болса, оны құлатпай сақтап қалуға соншалықты қажыр-қайрат керек.



      3. Өз мемлекетіміз үшін мақтаныш сезіміне бөленіп, біртұтас отбасы сезімін сезінуге, қазір бүкіл дүние жүзі білетін республика – Туын, Елтаңбасын, Гимнін ардақтап, құрметтеуге тиіспіз.



      4. Ел болу үшін ұлттық рух, ұлттық қасиет және ұлтқа деген сенім болуы керек.



      5. Елдік те, ерлік сияқты сын сағатта танылады. Ел бірлігі – ең асыл қасиет.



      6. Тағдыр қазаққа қырын қарамаған: жер де берген, кен де берген, ел де берген, ер де берген.



      7. Кез келген ел өзінің келешегін өскелең ұрпағымен байланыстырады.



      8. Жастарымыз салт-дәстүрімізді көздің қарашығындай бағып жүретін, көптің көкейіне үміт отын жағып жүретін, адамзаттың озық ой көгінде ағып жүретіндей болуы керек.



      9. Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, адамзаттық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып-көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп, еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!



      10.Әскери қақтығыстардың жосықсыз екенін әлемнің ұғынғанына зор сенім артсақ та, парасатты мемлекет басқа үкіметтердің уәдесіне сеніп қана қоймай өз елінің қуатына да сүйсінетінін ұмытпағанымыз жөн.



      11.Елімізге бойына ата-бабамыздың ел мен жерге деген сүйіспеншілік қасиеті дарыған, егеменді елімізге аянбай қызмет ететін, ой өрісі кең, алғыр да жүректі, сауатты да салауатты азаматтар қажет.



      12.Қазір бой жарыстыратын заман емес, ой жарастыратын заман.
      Маған ұнайды:
      09.03.2013, 14:33
      Предыдущие 6 комментариев
    • НУРСАЯ ШУКИРБАЕВА
      Қымбатты әйелдер!

      8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күніне байланысты шынайы құттықтауымды қабыл алыңыздар.

      Әйел әрқашан халықтың ар-ожданы, ізгіліктің, нәзіктіктің және және дархан көңілдің көрінісі болып келді және болып қалмақ, бүгінгі мереке оларға деген шынайы құрмет белгісі.

      Әйел өзінің табиғатынан-ақ кішіпейілділіктің, жоғары адамгершіліктің және мейірімділіктің айнасы. Сондықтан, ол бүкіл қоғамның арқауы ретінде келісім мен тұрақтылықтың нығаюына ықпал етеді.

      *********

      Шығыста: «Әйел бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді», дейді. Тәуелсіз еліміздің ұл-қыздарын тәрбиелеп, азаматтарға сенімді тірек болып, қоғам ісіне білек сыбана кірісіп, қиын қыстау кезде демеу болып жүргендеріңіз үшін әйел қауымына алғыс айтамын.

      *********

      Көктемде арулар қоса құлпырады. Жігіттерге оны көрсін деп көз, сүйсін деп жүрек беріпті. Құдай шебер осынша көл-көсір сұлулықты көз алдымызға үйіп-төккен. Осының бәрі Алла нұрының Жер бетіне түскен тек жүзден бір ғана Нығметі дейді. Бір-ақ пайыз! Соның өзі-ақ Жер бетіндегі тіршілік отын жағуға жетіп жатыр. Сол бір пайыз нұр арқасында Жер бетінде өмір шеруі тоқтаусыз, толассыз салдыртып келеді. Сол шеру сәнді-салтанатты болсын деп, Алла тағала Хауа анамызды жаратқанда оның дидарына нәзік нұр сүйкепті. Содан Хауа ана сұлулығына Адам атамыздан бастап адам назары сұқтанумен келеді.
      Маған ұнайды:
      07.03.2013, 16:50
      Предыдущие 6 комментариев
    • НУРСАЯ ШУКИРБАЕВА
      Бәрінен де ардақты
      Құрсағында көтерген талай ай,күн,
      Кешіксе сәл баласын алаңдайтын.
      Жер бетінен анадан асқан жанды,
      Шарласаңда қанша рет таба алмайсың.
      Ана,ана бәрінен де ардақты,
      Көтереді қиындықты,салмақты.
      Мына біздер мәпелейік оларды,
      Осы есім білген жанға қымбатты.
      Маған ұнайды:
      07.03.2013, 15:10
      Предыдущие 6 комментариев
    • НУРСАЯ ШУКИРБАЕВА
      «Таңшолпанда» топ жарды

      Құрылғанына 13 жыл болған аудандық оқушылар Үйінің «Ақтолқын» би ансамблі бүгінгі күні көптеген жетістіктерге қол жеткізіп, республика көлеміне танымал болды. Қаншама шәкірт өзінің өмірдегі таңдау жолын би өнерімен жалғастырды. Ансамбльдің алғашқы қарлығаштары республикалық «Гүлдер», «Алтынай», «Салтанат» би ансамбльдерінің білікті бишілері болса, оны жалғастырушылар облыстық «Томирис», «Нұргүл», «Сыр сұлуы» ансамбльдерінде өнер көрсетіп жүр.
      Ансамбльдің қазіргі жетекшісі Бөлекиева Жансая да осы ансамбльдің алғашқы мүшелерінің бірі. Міне, жас буынға өнермен бірге өнегелі тәрбие беріп, сұлулыққа, талғампаздыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеп келе жатқан «Ақтолқын» тағы бір жетістікке қол жеткізді.
      Осы жылғы сәуір айынан бастап «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» АҚ Қызылорда облыстық филиалы «Таңшолпан» телебайқауын ұйымдастырды. Телебайқаудың іріктеу және жартылай финалдарынан сүрінбей өтіп, финалда байқауды ұйымдастырушылардың берген тапсырмасы бойынша қазіргі заманауи би орындаған ақтолқындықтар Байқоңыр қаласынан келген Россияға танымал «Проминат» би ансамблін артқа тастап, Бас жүлдеге ие болды. Біз аз уақыттың ішінде жаңа жанрда би дайындап, оны жоғарғы деңгейде орындап шыққан балғын бишілерімізді жеңістерімен құттықтап, алар асуларың мен шығар биіктерің көп болсын,-деп тілейміз.
      Маған ұнайды:
      07.03.2013, 14:46
      Предыдущие 6 комментариев

    Изменить аватарку

    Файл формата JPG, PNG и GIF, не более 10 Мб. Минимальные размеры изображения 220x220