Жаңалықтар

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына байқау жариялайды

18.05.2020, 0:00 | Пікір: 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына байқау жариялайды. «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы - ғылым, шығармашылық, қоғамдық қызмет салаларында жемiстi еңбегімен көзге түскен, сондай-ақ жоғары спорттық жетістіктері үшін дарынды жастарды мемлекет тарапынан қолдау мақсатында ұсынылады.

Байқау - әдебиет, ғылым, дизайн және бейнелеу өнері, журналистика, классикалық музыка, қоғамдық қызмет, спорт, театр және кино, эстрада, халық шығармашылығы номинациялары бойынша өтеді.
Сыйлық алуға халықаралық және республикалық конкурстардың, фестивальдар мен түрлі шаралардың лауреаттары, республикалық және халықаралық деңгейлердегі спорттық жарыстардың жүлдегерлері мен жеңімпаздары, сондай-ақ қызметі инновациялық болып табылатын және тиісті сала мен тұтастай қоғамды дамытуға ықпал еткен Қазақстан Республикасының 29 жасқа дейінгі азаматтары сыйлық алуға үміткер бола алады. «Дарын» жастар сыйлығын алуға кандидатураларды ұсынуды мемлекеттiк органдар, қоғамдық бiрлестiктердің өкілдері жүргiзедi.
Жеңімпаздарға Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен «Дарын мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты» атағы беріледі және дипломмен, төсбелгілермен сондай-ақ ақшалай сыйлықпен марапатталады.

Толық ақпаратты Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ресми сайтынан алуға болады (qogam.gov.kz). «Дарын» жастар сыйлығы ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасының бастамасымен 1992 жылы тағайындалған. Әр жылдары Денис Тен, Димаш Құдайберген, Мария Мудряк, Элизабет Тұрсынбаева, Әділхан Макин және басқада азаматтар аталған сыйлықты иеленген болатын.

Ізденушілердің құжаттарын 2020 жылғы 10 тамызға дейін Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері комитет premiya.daryn2019@gmail.com эл. пошта арқылы қабылдайды.
Қосымша сұрақтар бойынша 8/7172/74-05-25, 8/7172/74-18-43 (8-747-388-7554) байланыс телефондары арқылы хабарласуға болады.


Пікірлер

Предыдущие 6 комментариев
Чтобы оставлять комментарии, Вам необходимо зарегистрироваться или авторизоваться на портале.