• 22432 ұпай

ДОСТАРЫМ

6 дос

    МЕНІҢ СЫЙЛЫҚТАРЫМ

    нет подарков

    Вам пока ничего не подарили.

    БІРЛЕСТІКТЕР

    состою в сообществах

    • 0
      Айдарбек+Рысбек+&+Тiлек+-+Суйген+журек(music.nur.kz)
    • 0
      Мен сенi суйемiн жаным Алё
    • 0
      ЯрмаК - Сердце пацана
    • 0
      Понти - Жорабеков - Жубатасынба, Жылатасынба [2013] [www.KazMusic.Ru]
    • 0
      Stromae - Papaoutai
    • 0
      G.A.S - Я Подарю Небо,Я Подарю Звзды
    • 0
      Hiro a.k.a Hirosima - Шапалак
    • 0
      imangazi & naiman - Кешкi самал...
    • 0
      jarmak_-_ljublju_tebja_(zvukoff.ru)
    • 0
      f-=-gulshodo
    • 0
      ka4ka.ru_bahh_tee_-_bud__ty_vetrom_id770759)
    • 0
      AWOLNATION+-+Sail(music.nur.kz)
    • 0
      bahh_tee_-_sumerki[zaycevmp3.net]
    • 0
      [WikiBit.net]-Музыка для мувиков - Группа клана ๖ۣۜWoW™- css v34
    • 0
      [Motivaciya]+Muzyka+dlya+trenirovok+-+Track+1+skachat_+sport_zal_club
    • 0
      _romantik shina---senshi magan_(vokal)_kulan.city.pro)
    • 0
      01. Bahh Tee - Любви достойна только мама (Лион & Bestseller prod.)
    • 0
      D+BEKZHAN+777+-+Andreea+Banica-Could+U+(Radio+Edit)+New+2012
    • 0
      Bahh+Tee+-+От+души+(SunJinn+prod.)(music.nur.kz)
    • 0
      dada_life_-_dont_feed_the_dada_(zaycev.net)
    • Azamat Karabekov
      Слова — это ключи… правильно подобрав которые,можно открыть любую душу и закрыть любой рот.
      Маған ұнайды:
      31.10.2013, 8:16
      Предыдущие 6 комментариев
    • Azamat Karabekov
      Osy shumaktardy shygargan Syr ulandarynan ainalain. Onerlerine tamsanudan sharshamaimyn
      Тектіліктің төресі...

      Тектілік ұлы, жанында бар тектілік,
      Тым мұқият, ісінде бар ептілік.
      Тыс салмақты, қазақы қыз биязы,
      Қоятұғын миығынан тек күліп.

      Сабырлы жан, берілмейтін ашуға,
      Дес бермейтін көкіректен басуға.
      Ұлы істердің бастауы боп бұлақтай,
      Жеткен бұл күн сан мыңдаған асуға.

      Салихалы, көреген жан тым асқақ,
      Ізеттікке сан өренді тұр бастап.
      Маңдайынан Алла сүйген аяулы,
      Көк төсеніп, жата тұғын нұр жастап.

      Туған күні, тербеткендей ақ бесік,
      26 жыл тұрғанына бақ есіп.
      Думанды күн келсе дағы күлімдеп,
      Жүре тұғын елін ойлап, күн кешіп.

      Даңқ емес оған, береке керек еліне,
      Өзіне емес, жан берер дархан жеріне.
      Жуанды емес, көреген жанды ұлықтар,
      Адалды әркез шығарар биік төріне.

      Тәңірім әркез, қолдасын, жебеп, демесін,
      Жықтырмай тағдыр адалдық атты кемесін.
      Жеңіске бастап қазақтай дархан өр елін,
      Жолында тайғақ Жаратқан әркез жебесін!

      Таймасын ләйім, сара жолынан таймасын,
      Адалдықпенен жүрегін мықым байласын.
      Биіктен талай тайдырып өңшең құзғынды,
      Асыра алмасын түлкілер қорқар айласын.

      Танытты бүгін баршаға қайсар бектігін,
      Заманда мынау текті боп мәңгі өтті кім?
      Кірленбей ары, асқақтап рухы өшпесін,
      Биікте ұстап тектілігінің көк туын!
      Маған ұнайды:
      31.10.2013, 8:14
      Предыдущие 6 комментариев
    • Azamat Karabekov
      ...моральные ценности — не бессмысленное изобретение дряхлых моралистов. Они потому и называются ценностями, что без них невозможны ни дальнейшее развитие общества, ни счастливая жизнь. Я напомню вам для начала несколько древних как мир истин, отменить которые не может ни технический прогресс, ни нигилистическая философия.
      Во-первых, нельзя жить для себя. Думая только о себе, человек всегда найдет тысячу причин чувствовать себя несчастным. Никогда он не делал всего того, что хотел и должен был делать, никогда не получал всего того, чего, по его мнению, заслуживал, редко был любим так, как мечтал быть любимым. Без конца пережевывая свое прошлое, он будет испытывать одни сожаления да угрызения совести, меж тем и то и другое бессмысленно. «Наши ошибки обречены на забвение, ничего иного они не заслуживают». Зачеркнуть прошлое все равно невозможно, попытайтесь лучше создать настоящее, которым вы впоследствии сможете гордиться. Разлад с самим собой — худшее из зол. Всякий, кто живет ради других — ради своей страны, ради женщины, ради творчества, ради голодающих или гонимых, — словно по волшебству забывает свою тоску и мелкие житейские неурядицы. «Подлинный внешний мир — это подлинный внутренний мир»." Андрэ Моруа
      Маған ұнайды:
      31.10.2013, 8:14
      Предыдущие 6 комментариев
    • Azamat Karabekov
      Елбасы Н.Назарбаевтың

      қанатты сөздерінен...



      1. Бүгінгі біздің тәуелсіздігіміздің қайнар көзі қазақ халқының сан ғасырлар бойы күресінде, азаттыққа ұмтылған қайсарлығында жатыр.



      2. Тәуелсіздік туын тігуге қаншалықты қажыр-қайрат керек болса, оны құлатпай сақтап қалуға соншалықты қажыр-қайрат керек.



      3. Өз мемлекетіміз үшін мақтаныш сезіміне бөленіп, біртұтас отбасы сезімін сезінуге, қазір бүкіл дүние жүзі білетін республика – Туын, Елтаңбасын, Гимнін ардақтап, құрметтеуге тиіспіз.



      4. Ел болу үшін ұлттық рух, ұлттық қасиет және ұлтқа деген сенім болуы керек.



      5. Елдік те, ерлік сияқты сын сағатта танылады. Ел бірлігі – ең асыл қасиет.



      6. Тағдыр қазаққа қырын қарамаған: жер де берген, кен де берген, ел де берген, ер де берген.



      7. Кез келген ел өзінің келешегін өскелең ұрпағымен байланыстырады.



      8. Жастарымыз салт-дәстүрімізді көздің қарашығындай бағып жүретін, көптің көкейіне үміт отын жағып жүретін, адамзаттың озық ой көгінде ағып жүретіндей болуы керек.



      9. Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, адамзаттық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып-көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп, еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!



      10.Әскери қақтығыстардың жосықсыз екенін әлемнің ұғынғанына зор сенім артсақ та, парасатты мемлекет басқа үкіметтердің уәдесіне сеніп қана қоймай өз елінің қуатына да сүйсінетінін ұмытпағанымыз жөн.



      11.Елімізге бойына ата-бабамыздың ел мен жерге деген сүйіспеншілік қасиеті дарыған, егеменді елімізге аянбай қызмет ететін, ой өрісі кең, алғыр да жүректі, сауатты да салауатты азаматтар қажет.



      12.Қазір бой жарыстыратын заман емес, ой жарастыратын заман.
      Маған ұнайды:
      31.10.2013, 8:13
      Предыдущие 6 комментариев
    • Azamat Karabekov
      Сен де бір кірпіш дүниеге
      Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар қалан»- деген ұлы Абайдың ұлы сөзі мені де бей – жай қалдырмайды. Бүгінгі мектеп қабырғасындағы алған білімім мен тәлім - тәрбием менің болашағымның бастауы.Сол болашағыма бастар жолда тура жүру, өмірдегі өз орнымды қабілетіме қарай адаспай табу, мектеп бітіріп мамандық таңдау, азамат боп, еңбек етіп қызмет қылу мен үшін үлкен жүк екенін білемін. Мен қазір 8 сыныптың оқушысымын. Барлық сабақты да жақсы оқуға тырысамын, соның ішінде әдебиет пәні жаныма жақындау. Кім болам?- деген сұрақтарға бастауыш сыныптарда президент болам, директор болам деп Нұрсұлтан атама, директор тәтеме еліктеуші едім. Қазір мен мамандық таңдаудың не екенін түсінемін. Болашақ журналист болғым келеді, бұл менің әлі де балалық еліктеушілігім бе, әлде шын таңдауым ба.... Шын таңдауым болса, оған қалай қол жеткізем, журналист жолы ауыр жол, оны алып жүре алам ба, қолымнан келе ме деген де сансыз сұрақтар санамда сайрайды. Ия, мен әзірге балалық қиялыммен армандаймын, әдеби кітаптар оқимын, ақын, жазушылардың шығармаларымен, өмір жолдарымен танысамын. Өзімше бірдеңелер жазып шимақтаймын, қиялымның іске асуын ойлаймын.
      Аудандық оқушылар Үйіндегі «Дебат» үйірмесіне қатысып белгілі бір тақырып төңірегінде пікір- таластар айтуға, өз ойымды нақты, тез, мағыналы жеткізуге бұл үйірменің де тигізер пайдасы болар деймін. Сыныпта да мәдени шараларға сценарийлер жазып, жүргізуші болып та жүрмін. Сөйтіп еліміздің түкпір-түкпірін аралап, қаламымды қару еткім келеді. Қиындықтан қорықпай, ағысқа қарай жүзгім келеді.
      Маған ұнайды:
      31.10.2013, 8:12
      Предыдущие 6 комментариев
    • Azamat Karabekov
      Osy shumaktardy shygargan Syr ulandarynan ainalain. Onerlerine tamsanudan sharshamaimyn
      Тектіліктің төресі...

      Тектілік ұлы, жанында бар тектілік,
      Тым мұқият, ісінде бар ептілік.
      Тыс салмақты, қазақы қыз биязы,
      Қоятұғын миығынан тек күліп.

      Сабырлы жан, берілмейтін ашуға,
      Дес бермейтін көкіректен басуға.
      Ұлы істердің бастауы боп бұлақтай,
      Жеткен бұл күн сан мыңдаған асуға.

      Салихалы, көреген жан тым асқақ,
      Ізеттікке сан өренді тұр бастап.
      Маңдайынан Алла сүйген аяулы,
      Көк төсеніп, жата тұғын нұр жастап.

      Туған күні, тербеткендей ақ бесік,
      26 жыл тұрғанына бақ есіп.
      Думанды күн келсе дағы күлімдеп,
      Жүре тұғын елін ойлап, күн кешіп.

      Даңқ емес оған, береке керек еліне,
      Өзіне емес, жан берер дархан жеріне.
      Жуанды емес, көреген жанды ұлықтар,
      Адалды әркез шығарар биік төріне.

      Тәңірім әркез, қолдасын, жебеп, демесін,
      Жықтырмай тағдыр адалдық атты кемесін.
      Жеңіске бастап қазақтай дархан өр елін,
      Жолында тайғақ Жаратқан әркез жебесін!

      Таймасын ләйім, сара жолынан таймасын,
      Адалдықпенен жүрегін мықым байласын.
      Биіктен талай тайдырып өңшең құзғынды,
      Асыра алмасын түлкілер қорқар айласын.

      Танытты бүгін баршаға қайсар бектігін,
      Заманда мынау текті боп мәңгі өтті кім?
      Кірленбей ары, асқақтап рухы өшпесін,
      Биікте ұстап тектілігінің көк туын!
      Маған ұнайды:
      24.10.2013, 6:51
      Предыдущие 6 комментариев
    • Azamat Karabekov
      "...моральные ценности — не бессмысленное изобретение дряхлых моралистов. Они потому и называются ценностями, что без них невозможны ни дальнейшее развитие общества, ни счастливая жизнь. Я напомню вам для начала несколько древних как мир истин, отменить которые не может ни технический прогресс, ни нигилистическая философия.
      Во-первых, нельзя жить для себя. Думая только о себе, человек всегда найдет тысячу причин чувствовать себя несчастным. Никогда он не делал всего того, что хотел и должен был делать, никогда не получал всего того, чего, по его мнению, заслуживал, редко был любим так, как мечтал быть любимым. Без конца пережевывая свое прошлое, он будет испытывать одни сожаления да угрызения совести, меж тем и то и другое бессмысленно. «Наши ошибки обречены на забвение, ничего иного они не заслуживают». Зачеркнуть прошлое все равно невозможно, попытайтесь лучше создать настоящее, которым вы впоследствии сможете гордиться. Разлад с самим собой — худшее из зол. Всякий, кто живет ради других — ради своей страны, ради женщины, ради творчества, ради голодающих или гонимых, — словно по волшебству забывает свою тоску и мелкие житейские неурядицы. «Подлинный внешний мир — это подлинный внутренний мир»." Андрэ Моруа
      Маған ұнайды:
      24.10.2013, 6:51
      Предыдущие 6 комментариев
    • Azamat Karabekov
      Қияғажол бастаған, қиындықтан қашпаған, болашаққа қадам басқан көшбасшы жастар - "Жас ұландықтар"! Ертеңгі ел тірегі ,бүгінгі өскелең ұрпақ олар әрине "Жас ұландықтар"! Еліміздің түкпір-түкпірінде сан мыңдаған "Жас ұлан" ұйымының мүшелері бар. Қазіргі заман талабына сай, технология арқылы барлық "Жас ұландықтар" бір-бірімен дәл осындай сайт арқылы байланысуда.

      Қатарымыз көбейе бергей "Жас ұландықтар"!Тек қана алға!
      Маған ұнайды:
      24.10.2013, 6:49
      Предыдущие 6 комментариев
    • Azamat Karabekov
      Абай (Ибраһим) Құнанбаев Құнанбайұлы (1845-1904) — ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер[1], либералды білімді исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен.[2]

      Абай Шығыс пен Батыс мәдениеті мен өркениетін жетік білген. Бірқатар әлем ойшылдарының еңбектерімен жақсы таныс болған. Философиялық трактаттар стилінде жазылған «Қара сөздері» - тақырып ауқымдылығымен, дүниетанымдық тереңдігімен, саяси-әлеуметтік салмақтылығымен құнды.[3]
      Орта жүздің Арғын тайпасының Тобықты руынан шыққан билер әулетінен. Әкесі Өскенбайұлы Құнанбай өз заманындағы атақ даңқы алысқа кеткен адамдардың бірі болған. Патша өкіметі XIX ғасырдың ортасындағы бір сайлауда оны Қарқаралы ауданының аға сұлтандығына бекіткен. Шешесі Ұлжан Орта жүздің Арғын тайпасынан Қаракесек руының шешендікпен, тапқырлық, әзіл әжуамен аты шыққан шаншарлардың қызы «Абай» деп жас Ибраһимді анасы Ұлжан еркелетіп атаған. Содан бері бұл есіммен Абай тарихқа енді.

      Осындай текті ортадан шыққан Құнанбай мен Ұлжаннан туған төрт ұлдың бірі Абай жастайынан ақ ерекше қабілетімен, ақылдылығымен көзге түседі. Балаға сыншы әкесі осы баласынан қатты үміт етеді. Әкесі оның зеректігін байқағаннан кейін, 10 жасқа толған соң Семейдегі Ахмет Риза медресесіне береді.Медреседе төрт жыл оқығаннан кейін, оқудан шығарып алып, қасында ұстап, ел басқару ісіне баули бастайды. Әкесінің төңірегінде ел жақсыларымен араласып, өз халқының рухани мәдениет жүйелерімен жете танысады. Өзі билер үлгісінде шешен сөйлеуге төселеді. Ұтымды сөзімен, әділ билігімен елге танылып, аты шығады. Көп ұзамай, жетпісінші жылдардың бас кезінде Қоңыр Көкше дейтін елге болыс болады. Билікке араласып, біраз тәжірибе жинақтағаннан кейін ол халық тұрмысындағы көлеңкелі жақтарға сәуле түсіруге күш салып бағады. Бірақ онысынан пәлендей көңіл тоятындай нәтиже шығара алмайды. Сондықтан халқына пайдалы деп тапқан істерін көркем сөзбен, әсіресе, өлеңмен насихаттамақ болады. Абай бір жағынан шығыс классиктері Низами, Сағди, Қожа Хафиз, Науаи, Физули, Жәми тағы басқаларды оқыса, екінші жағынан А. С. Пушкин, А.И. Герцен, М.Е. Салтыков-Щедрин, Н.А. Некрасов, М.Ю. , Л.Н. Толстой, И.А. Крылов, Ф.М. Достоевский, И.С. Тургенев, Н.Г. Чернышевский мұраларын оқып, терең таныс болған, Батыс әдебиетінен Гете, Дж. Байрон сияқты ақындарды оқып, Дрепер, Спиноза, Спенсер, Льюис, Дарвин сынды ғалымдардың еңбектерін зерттейді.
      бай 10 тамыз 1845 ж. қазіргі Семей облысының Шыңғыс тауларында Қарқаралының аға сұлтаны Құнанбайдың төрт әйелінің бірі, екінші әйелі Ұлжаннан туған.

      Ақынның арғы тегі Орта жүз Тобықты Арғын ішіндегі Олжай батырдан басталады. Олжайдан Айдос, Қайдос, Жігітек есімді 3 ұрпақ тарайды. Бұлардың әрқайсысы кейін бір-бір рулы ел болып кеткен. Айдостың Айпара деген әйелінен: Ырғызбай, Көтібақ, Топай, Торғай, деген 4 ұл туады.Бұлардың әкесі момын, шаруа адамы, ал шешесі өткір тілді, өр мінезді әйел болған. Сол Айпара балаларына:

      «Шынжыр балақ, шұбар төс Ырғызбайым,
      Тоқпақ жалды торайғыр Көтібағым,
      Әрі де кетпес, бері де кетпес Топайым,
      Сірә да оңбас торғайым...»

      Ана айтқанындай, шынында, бұлардың ішінде Ырғызбай ортасынан оза шауып, ел басқарған. Ырғызбайдан Үркер, Мырзатай, Жортар, Өскенбай тарайды. Өскенбай шаруаға жайлы, билікке әділ кісі болғандықтан, “Ісің адал болса Өскенбайга бар,арам болса Ералыға бар” деген мәтел сөз қалған.Өскенбайдың әйелі Зереден Құнанбай туады.Құнанбай 4 әйел алған адам. Оның бәйбішесі Күңкеден – Кұдайберді, інісі Құттымұхамбетке айттырылып, қалыңдық кезінде жесір қалған соң өзі алған екінші әйелі: Ұлжаннан – Тәңірберді (Тәкежан), Ибраһим (Абай), Ысқақ, Оспан, үшінші әйелі Айғыздан – Халиулла, Ысмағұл туады. Қартайған шағында үйленген ең кіші әйелі Нұрғанымнан ұрпақ жоқ. Абайдің “ Атадан алтау, анадан төртеу едім дейтіні осыдан. Болашақ ақын сабырлы мінезімен, кең пейілімен ел анасы атанған “кәрі әжесі” Зеренің таусылмайтын мол қазынадай аңыз ертегілерін естіп, абысын-ажынға жайлы, мінезі көнтерлі, әзіл-қалжыңга шебер, жөн-жобага жетік өз анасы Ұлжанның тәрбиесінде өсті. Абай әуелі ауылдағы Ғабитхан молдадан сауатын ашады да, 10 жасқа толған соң 3 жыл Семейдегі Ахмет Риза медресесінде оқиды. Бұл медреседе араб, парсы тілдерінде, негізінен, дін сабағы жүргізілетін еді. Құрбыларынан анағұрлым зейінді бала оқуға бар ықыласымен беріліп, үздік шәкірт атанады. Ол енді дін оқуын ғана місе тұтпай, білімін өз бетінше жетілдіруге ұмтылады. Сөйтіп көптеген шығыс ақындарының шығармаларымен, араб, иран, шағатай (ескі өзбек) тілінде жазылған ертегі, дастан, қиссалармен танысады, Шығыстың Низами, Науаи, Сәғди, Қожа Хафиз, Фзули сияқты ұлы ғұлама, классик ақындарына бауыр басады. Медресенің үшінші жылында Абай Семей қаласындағы “Приходская школаға” да қосымша түсіп, орысша сауатын аша бастайды. Бірақ бұл оқуын әрі жалғастыра алмай, небәрі 3 жылдан соң оның мұсылманша да, орысша да оқуы аяқталады.
      Абайдың басқа балалардан алымдылығын аңғарған Құнанбай оны елге шақырып алып, өз жанына ертіп, әкімшілдік-билік жұмыстарына араластырмақ болады. Сөйтіп 13 жастағы Абай ел ісіне араласады. Абай әке қасында болған жылдарда атқамінер би-болыстардың қулық-сұмдықтарын, қазақ даласына ыдырай бастаған феодрулық қатынастардың кереғар қайшылықтары кіріптар еткен әлеуметтік теңсіздіктің зардаптарын, аштық пен жалаңаштықты, патриапхалдық, кертартпа салт-сана, әдет-ғұрып зандарының залалдарынын айқын түсінді.

      Патша үкіметінің отаршылық саясаты мен парақор орыс әкімдерінің жергілікті би-болыстардың арамза әрекеттерін айнытпай танып, көкірегінде жиркеніш сезімі оянып, соларға қарсы күресуге бел буды, “ елге пайдалы, адамгершілігі бар, әділ басшы болсам ғана жақсы адам боламын” деген тұжырымға бекіді. Осы мақсатпен болыс сайлауына түсіп, жеңіп шығады да, 1876-1978 ж. Қоңыр-Көкше еліне болыс боладі. Бұл жылдары Абай өз қолындағы билікті пайдаланып, әділдік таразасын тең ұстауға күш салды. Әлсізге зорлық көрсеткендерді, ұрлық жасағандарды қатты жазаға тартып, халық қамқорына айналды. Оның ел басқарудағы бұл бағыты халықты қалауынша езіп-жаншып жүрген шонжарлар тарапынан қатты қарсылыққа ұшырады, үстінен оязға жалган арыз айтушылар көбейді. Соның бірі Үзікбай Бөрібаевтың “Таймақкөл деген жерімді тартып алды ” деген жалған арызы бойынша көтерілген іс 10 жыл сүргінге созылып, ақыры Е. П. Михаэлистің көмегімен аяқсыз қалды. П. В. Маковецкий бұл істі 1884 ж. 27 тамызда жалған жала деп тауып, қысқартып тастады. Ақын үстінен жазылған “Абай барымта алды, ауыл шайып әйел қорлады” деген бір топ шонжар дұшпандарының арызы да нәтіжесіз қалды.

      Ақын саяси қызметі үшін 1870 жылдары Петербургтен Семейге айдалып келген Михаэлиспен , 80-жылдарда орыс демократтары Н. И. Долгополов, А. А.Леонтьевпен танысады. Бұл озық ойлы азаматтардың Абайдың саяси-әлеуметтік көзқарасына игі ықпалы тигізгені сөзсіз. Бірақ Абай Құнанбаев орыс мәдениетімен, әдебиетіменен, демократтық көзқарастарымен осы кісілер арқылы деу ағат айтқандық болар еді. Бұл тұста М. О. Әузовтың “Ал, кейін орыс тілін біліп, орыстың ұлы мадениетін мол, терең тани бастаған Абай озгын ойды бұлардан үйренбейді. Пушкиннің өзінен, Белинский, Герцен, Чернышевский, Салтыков-Щедрин, Некрасовтардың өз мұраларын оқып, кең, терең тарбие алды. Абайдың классик ақын болған маңызын, әлеументтік көзқарасын тек Михаэлис әсерінен деп қойсақ, әрі Абайға, әрі орыс халқының ұлы мұрасына жане ұлы даналарына қиянат сөз айтқан болар едік ” деген тұжырымын келтірсек те жеткілікті. Абай осылайша Европаның 'Гете, Байрон сияқты ақындарын, Спенсер, Спиноза, Льюис, Дарвин, Дрепер сынды ғұламаларының туындыларын оқыды. Сөйтіп Әуезовтың сөзімен айтқанда “1884 жылдары, жасы қырыққа таман іліңенде, ол дүниеден көп мағлұматы бар кісі болды.” Абай осы тұста, 1886 ж. досы Михаэлистің ұсынысымен, Семей облысы Статистика комитетінің толық мүшесі болып сайланды.

      1875 жылы Қоңыркөкше елінде өткен сайлауда жеңіп шығып, 1878 жылға дейін болыс болады. Қазақ халқының дәстүрлі ел билеу жосындарын, әдет-ғұрып заңдарын жетік білетін Абай ел ішіндегі әр алуан әкімшілік-құқықтық реформаларға белсене араласады. Егде тартқан шағында әкімқара биліктен, атқамінерліктен іргесін аулақ салып, шығармашылықпен ғана шұғылданады. Абайдың көптеген шығармаларында Адам, Болмыс және Ралам тақырыбы, сондай-ақ, абсолюттік ақиқат сыры тұрақты орын алады.[5]

      1885 ж. мамыр айында Шар өзенінің бойындағы Қарамола деген жерде Семейдің ген.-губернаторы Цеклинцкийдің басқаруымен Семей губернасиясына қарайтын 5 уездің 100-ден астам би-болыстары бас қосқан төтенше съезі өткізілді. Осы съезде төбе би болып сайланған Абайға “Семей қазақтары үшін қылмысты істерге қарсы заң ережесін” әзірлеу тапсырылды. Абай бастаған комиссия барлығы 93 баптан тұратын ережені 3 күн, 3 түнде әзір етті. Бұл қазақ қауымында ежелден қалыптасқан кертартпа әдет-ғұрып заңдарына да, патша өкіметінің халықты қанаушылыққа ,зорлық-зомбылыққа негізделген заңына да ұқсамайтын, өзгеше құжат еді. Оның әсіресе ұрлық, қылмыс пен әйел мәселелеріне арналған баптары ерекше құнды. Бірақ Абайдің атақ-даңқын осынша көкке көтерген Қарамола съезінен кейін оның дұшпандары тіпті еліріп кетті. 1890 ж. Байғұлақ, Кұнту деген жуандардан бастаған 16 атқамінер Жиренше қыстауының шетіндегі Ши деген жерде Абайға қарсы дұшпандық әрекетке сөз байласады.

      1891 жылдан бастап Абай басына ауыртпалық түсіп, бір-біріне ұласқан қайғы бұлты ашылмай қояды. Осы жылы ақынның сүйікті інісі Оспан жарық дүниеден өтеді. Одан кейін орысша әскери білімі бар, үлкен үміт күткен баласы Әбдірахманнан айырылады. Бұлардың қазасының ақын жанына қандай батқаны оның осы тақырыпқа арнаған топтама өлеңдерінен айқын көрінеді. Сөйтіп жүргенде соңғы тіренішіндей болған дарынды ақын баласы Мағауия да қайтыс болды. Осындай қабаттасқан қайғы қасіреттен күрт сынған Абай Мағауияның қазасынан кейін қырық күннен соң, өзі де дүние салады. Ақынның сүйегі Шыңғыстаудың ығындағы Жидебай мекенінде, інісі Оспанның жанына жерленеді. Бұл күнде ол арада қазақтың ұлы екі перзенті — Абай мен Шәкәрімге деген ұрпақтың өшпес махаббатының, ізгі құрметінің белгісіндей болып, сәулет өнерінің соңғы үлгісімен салынған қос мұнаралы кешенді алып мазар тұр.

      1891 ж. Оразбай бастаған дау 1897 жылға дейін созылады. Бұл шиеленістің аяғы 1898 жылғы Мұқыр сайлауындагы жанжалға, Абай өміріне қастандыққа әкеп соқтырады. Ақын бұл жанжалдың барша жиренішті сырын , өзінің ақ екендігін Сенатқа хатында барынша айғақты деректермен дәлелдеп береді. Абай өлең жазуды 10 жасында (“Кім екен деп келіп ем түйе қуған…”) бастаса, өз өлеңдеріне шығаруды шамамен 1880-1997 ж. аралығында көбірек қолға алған. Өлеңдерін әркімдердің атымен таратып, Көкбай атынан бастырған ақын жазған өлеңдерін “жинауды ” шәкірттеріне 1896 ж. ескерткен. Ал қара сөзбен жазылған ғақлия-өсиеттерін 1890-98 ж. аралығында қолға алған. Абай 3 әйел алған. Байбішесі Ділдадан: Ақылбай, Әбдірахман, Кұлбадан, Әкімбай, Мағаұия, Райхан; екінші әйелі Әйгерімнен Тұрағұл, Мекайыл, Ізкаіл, Кенже деген 7 ұл, 3 қыз сүйген. Келіндей алған әйелі Еркежаннан ұрпақ көрген жоқ.
      Абай өлең жазуды 10 жасында («Кім екен деп келіп ем түйе қуған...») бастаған. Одан басқа ертеректе жазылған өлеңдері — «Йузи-рәушән», екіншісі — «Физули, Шәмси». «Сап, сап, көңілім», «Шәріпке», «Абралыға», «Жақсылыққа», «Кең жайлау» өлеңдері 1870 — 80 жылдар аралығында жазылған. Ақындық қуатын танытқан үлкен шығармасы — «Қансонарда» 1882 ж. жазылған. Алайда жасы қырыққа келгеннен кейін ғана көркем әдебиетке шындап ықылас қойып, көзқарасы қалыптасып, сөз өнерінің халық санасына тигізер ықпалын түсінеді. Шығармалары үш жүйемен өрбиді: бірі — өз жанынан шығарған төл өлеңдері; екіншісі — ғақлия (немесе Абайдың қара сөздері) деп аталатын прозасы; үшіншісі — өзге тілдерден, әсіресе орысшадан аударған өлеңдері.

      Абай өлеңдері түгел дерлік лирикадан құралады, поэма жанрына көп бой ұрмағаны байқалады. Қысқа өлеңдерінде табиғат бейнесін, адамдар портретін жасауға, ішкі-сыртқы қылық-қасиеттерін, мінез-бітімдерін айқын суреттермен көрсетуге өте шебер. Қай өлеңінен де қазақ жерінің, қазақтың ұлттық сипатының ерекшеліктері көрініп тұрады. Ислам діні тараған Шығыс елдерінің әдебиетімен жақсы танысу арқылы өзінің шеберлік — шалымын одан әрі шыңдайды. Шығыстың екі хикаясын «Масғұт» және «Ескендір» деген атпен өлеңге айналдырады. Ислам дініне өзінше сенген діни таным жайындағы философиялық көзқарастарын да өлеңмен жеткізеді. Абайдың дүниетанудағы көзқарасы XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақ халқының экономикасы мен ой-пікірінің алға ұмтылу бағытта даму ықпалымен қалыптасты. Дүниетану жолында сары-орыстың төңкерісшіл демократтарының шығармаларын оқып, өз дәуірінің алдыңғы қатарлы ой-пікірін қорытып, басқаларға қазақ өміріндегі аса маңызды мәселелерді түсіндіруге қолданады. Дүниетану өңірінде екі қасиеттің — сезім мен қыйсынның , түйсік пен ақылдың қатынасын таразылайды. Сондықтан да: «Ақыл сенбей сенбеңіз, Бір іске кез келсеңіз» деп жазады.

      Кез келген халықтың тарих сахнасына шығуы — жүйеге бейімделген біртектес өмір салттың ғана нәтижесі емес, сонымен бірге қасиеттік деп саналатын- арман-аңсардың (идеал) да біртұтастығына айғақ. Олай болса Абай сынының тәлкегіне түскен еріншектік, дарақылық, жалқаулық, күншілдік, өтірікшілік, өсекшілдік, мақтаншақтық, жағымпаздық, жікшілдік сияқты қасиеттер қазақ баласының кейбірінің бойындағы туа біткен кемшілік емес, сол Абай өмір сүрген қоғамдағы саяси әлеуметтік қатынастардың нәтижесі екеніне ден қою қажет. Сонда, Абай бұрынғы бабаларымыздың бойынан көрген «кемшіліктерді» себеп ретінде емес, сол замандағы саяси-әлеуметтік қатынастардың салдары ретінде қарастыруға жол ашқан.
      Абайдың көркемдік, әлеуметтік гуманистік және дінге көзқарастары терең білінген еңбегі - қара сөздері. Абайдың қара сөздері (Ғақлия) - ұлы ақынның сөз өнеріндегі көркемдік қуатын, философиядағы даналық дүниетанымын даралап көрсететін классикалық стильде жазылған прозалық шығармасы. Жалпы саны қырық бес бөлек шығармадан тұратын Абайдың қара сөздері тақырыбы жағынан бір бағытта жазылмаған, әр алуан. Оның алты-жеті үлгісі қысқа болса, қайсыбіреуі мазмұн, тақырып жағынан өзгешелеу, ауқымды болып келеді. Абай өзінің қара сөздерінде шығарманың ажарына ғана назар аударып қоймай, оның тереңдігіне, логикалық мәніне зор салған.

      Сөйтіп көркемдік шеберлік пен ғылыми зерделік арқылы көркемдік сана мен философиялық сананы ұштастырады. Абайдың қара сөздеріндегі гуманистік, ағартушылық, әлеуметтік ойлары дін туралы пікірлерімен бірігіп, тұтас бір қазақ халқының философиялық концепциясын құрайды. Абайдың кара сөздері сондай-ақ жалпы адамзат баласына ортақ асыл сөзге айналды.

      Оның қара сөздерінің бірнешеуі ең алғаш 1918 ж. Семейде шыққан "Абай" журналында жарық көрді. Кейіннен, Абайдың қара сөздері орыс, қытай, француз, т.б. көптеген әлем тілдеріне аударылды.
      Маған ұнайды:
      24.10.2013, 6:49
      Предыдущие 6 комментариев
    • Azamat Karabekov
      БІРІНШІ СӨЗ

      Бұл жасқа келгенше жақсы өткіздік пе, жаман өткіздік пе, әйтеуір бірталай өмірімізді өткіздік: алыстық, жұлыстық, айтыстық, тартыстық - әурешілікті көре-көре келдік. Енді жер ортасы жасқа келдік: қажыдық, жалықтық; қылып жүрген ісіміздің баянсызын, байлаусызын көрдік, бәрі қоршылық екенін білдік. Ал, енді қалған өмірімізді қайтіп, не қылып өткіземіз? Соны таба алмай өзім де қайранмын.
      Ел бағу? Жоқ, елге бағым жоқ. Бағусыз дертке ұшырайын деген кісі бақпаса, не албыртқан, көңілі басылмаған жастар бағамын демесе, бізді құдай сақтасын!
      Мал бағу? Жоқ, баға алмаймын. Балалар өздеріне керегінше өздері бағар. Енді қартайғанда қызығын өзің түгел көре алмайтұғын, ұры, залым, тілемсектердің азығын бағып беремін деп, қалған аз ғана өмірімді қор қылар жайым жоқ.
      Ғылым бағу? Жоқ, ғылым бағарға да ғылым сөзін сөйлесер адам жоқ. Білгеніңді кімге үйретерсің, білмегеніңді кімнен сұрарсың? Елсіз-күнсізде кездемені жайып салып, қолына кезін алып отырғанның не пайдасы бар? Мұңдасып шер тарқатысар кісі болмаған соң, ғылым өзі - бір тез қартайтатұғын күйік.
      Софылық қылып, дін бағу? Жоқ, ол да болмайды, оған да тыныштық керек. Не көңілде, не көрген күніңде бір тыныштық жоқ, осы елге, осы жерде не қылған софылық?
      Балаларды бағу? Жоқ, баға алмаймын. Бағар едім, қалайша бағудың мәнісін де білмеймін, не болсын деп бағам, қай елге қосайын, қай харекетке қосайын? Балаларымның өзіне ілгері өмірінің, білімінің пайдасын тыныштықпенен керерлік орын тапқаным жоқ, қайда бар, не қыл дерімді біле алмай отырмын, не бол деп бағам? Оны да ермек қыла алмадым.
      Ақыры ойладым: осы ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде-кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі дедім де, ақыры осыған байладым, енді мұнан басқа ешбір жұмысым жоқ.
      Маған ұнайды:
      24.10.2013, 6:49
      Предыдущие 6 комментариев
    • Azamat Karabekov
      Үндістер екі Америка құрлығындағы байырғы халықтардың жалпы атауы. Американы ең алғаш ашқан Колумб емес осы үндістер. Бұл атау 15 ғасырда испан теңіз жиїанкездерінің Үнді жерін таптық деген жаңсақ пікірлерінен жергілікті халыққа еуропалықтар тарапынан сырттай таңылған. Жалпы саны 38 млн. адам (2002). Антропол. жағынан Үндістер үлкен моңғол пішіндес расаның америкалық тобына жатады.


      Мазмұны [жасыру]
      1 Тіл
      2 Тарихы
      3 Мәдениеттi-тарихи облыстар
      3.1 Солтүстік Америка
      3.2 Латын америкасы
      4 Отаршылдық
      5 Дүниелiк өркениетке үндiстерiнiң үлесi
      6 Мәдениеті
      7 Сілтемелер
      Тіл[өңдеу]

      Лингвистер Үндістердің тілін ондаған тілдер шоғырына бөледі. Дж. Гринберг, т.б. ғалымдар Үндістер тілін 9 топқа және 1 шеттетілген тілге (Мексикадағы тараска) біріктіреді. Солтүстік және Орталдық Америка Үндістері тілі не-дене (атапаск, навах, апачи, тлинкит, хайда), пенути (майя, какчикель, маме, кекчи, киче, хуастек, михе, цимшиан, т.б.), алгонкин-мосан (алгонкин, сэлиш, кри, оджибве, монтанье, чиппева, т.б.), хока-сиу (хока, ирокез, сиу, т.б.), ацтектаноан (науа, пипиль, шошон, тарахумара, майо, тепехуан, т.б.), макро-ото-манге (сапотек, отоми, миштек, масатек, чинантек, т.б.), макро-чибча (чибча-муиска, ленка, мискито, гуайми, куна, т.б.), ал Оңт. Америкада же-пано-кариб (же, пано, уитото, гуайкуру, бороро, т.б.) анд-экваторлық (кечуа, аймара, араулан, араван тілдері, т.б.) болып бөлінеді. Ең ірі тілдер кечуа, гуарани, аймара. Көпшілік Үндістер екі тілді. АҚШ пен Канадада ағылшын және француз, Латын Америкасында испан және португал тілдерінде сөйлейді.
      Тарихы[өңдеу]

      Үндістердің ата-бабалары кейінгі палеолитте (б.з.б. 30 — 10 мыңжылдықтар) Америкаға Беринг теңізі және бұғазы арқылы Солтүстік-Шығыс Азиядан қоныс аударған. Сол кездегі діни наным-сенімдерді (құдіретке сиыну, ата-баба аруағына табыну, бақсылық, тотемизм, т.б.) ұзақ уақыт бойы сақтап қалған. Еуропа отаршылары келгенге дейін Орталық және Оңтүстік Америка Үндістер өзіндік өркениеттерді (ацтек, майя, инк, т.б.) қалыптастырды.
      Мәдениеттi-тарихи облыстар[өңдеу]

      Солтүстік Америка[өңдеу]
      Отаршылдық қарсаңында Америкада бірнеше тарихи-мәдени облыстар қалыптасты.
      Теңіз аңшыларының Арктик. облысы (эскимостар, алеуттер).
      Солтүстік Американың солтүстік-батыс жағалауы — маманданған балық кәсіпшілігі мен теңіз аңшылығының облысы (хайда, тлинкиттер, вакаштар, селистер, т.б.).
      Калифорнияда — аңшы-балықшылар облысы
      Канаданың солтүстік және Алясканың ішкі бөлігі — Алгонкин мен Атапаск тайпалары орналасқан облыс.
      Қазіргі АҚШ аумағының шығыс бөлігінде жер өңдеумен айналысқан отырықшы тайпалар мекендеген (шығыс алгонкиндер, ирокездер, мускогтар) облыс.
      Американы ашқаннан кейін далалық аймақта бизон аулайтын аттылы аңшылар (сиу, дакота, оседжжер, мандандар, арапахо, чейендер, паундар, кәддо, вичита) облысы
      Солтүстік Американың оңтүстік-батысы (қазіргі Нью-Мексико, Аризона-Юта, Колорадо штаттары) — суармалы егін шаруашылығы дамыған облыс (Пуэбло, Пима).
      Латын америкасы[өңдеу]


      Еуропалықтар келгенге дейін Орталық Америка мен Андыдағы Үндістер мәдениеті едәуір өркендеген ел еді. Бұл аймақтың тұрғындары егін шаруашылығының күрделі суландыру жүйесін игеріп, маис, бұршақ, асқабақ, күнбағыс, какао, агава, темекі, мақта, картоп екті. Сонымен қатар мал шаруашылығы, металлургия кәсібі де дами бастаған-ды. Жоғары мәдениет ошағы қалыптасып, балық аулауды кәсіп еткен қала-мемлекеттер пайда болды.
      Оңтүстік Американың тропиктік бөлігін (Амазонка мен Ориноко алқаптары және Бразилия таулы үстірті) жерді кетпенмен өңдеген тайпалар мекендеді.
      Аргентина Пампасымен Патагон таулы үстіртін мекендейтін Үндістер мен Солт. Американың далалық аймағындағы тұрғындардың тіршілігінде, мәдениетінде ұқсастық мол.
      Оңтүстік Американың қиыр түстігі мен Отты жер аралының байырғы Үндістері (она, ямана, алакалуфтар) аңшылықпен айналысып, жартылай көшпелі тіршілік еткен.
      Отаршылдық[өңдеу]

      Еуропа отаршылдары Үндістердің табиғи өсуін тоқтатты. Олардың құнарлы жерлерін иемденіп, тіршілікке қолайсыз өңірлерге көшірді. Тұтас халықтарды жойып жіберді. 1900 жылғы есеп бойынша АҚШ Үндістерінің саны 75%-ға азайған. Латын Америкасындағы Үндістер бірқатар ұлттардың (мексикалықтар, парагвайлық, т.б.) қалыптасуына маңызды рөл атқарды. АҚШ-та 291 мен Аляскада 200-дей байырғы халық қауымы тіркелген. Қазіргі кезде АҚШ үкіметі Үндістерге өтемақы төлеп тұрады. Жоғары оқу орындарына түсуге арналған квота белгілеген. Соған қарамастан, жергілікті Үндістердің көпшілігі жойылып кету алдында тұр. Олар еур. мәдениет пен тілді қабылдап, дәстүрлі мәдениетін жоғалта бастаған. Солтүстік Америка Үндістері католик және протестант, ал Латын Америкасындағылардың көпшілігі католик дінін ұстанады. Дәстүрлі діндерді, түрлі культтық ағымдарды (пейотизм, шейкеризм, т.б.) ұстанатындар да кездеседі. 20 ғасырдың ортасынан бастап Үндістер арасында өз тілі мен мәдениетіне деген қызығушылық орнады. Бүгінгі кезде Үндістер қауымы бақылайтын Канадада 60 шақты білім беру орталықтары, АҚШ-та 20 шақты колледж жұмыс істейді. Көптеген халықар. ұйымдары (Оңтүстік Америка үндістерінің кеңесі, Үндіс халықтарының бүкіләлемдік кеңесі, т.б.) бар. Әрбір елдің Үндістерінің ұйымдары (АҚШ-та — Америка үндістерінің ұлттық конгресі, т.б.; Канадада — Ұлттық бауырластық; Бразилияда — Бразилия үндіс халықтарының одағы, т.б.) Үндістер мүддесі үшін жұмыс істеп келеді.
      Дүниелiк өркениетке үндiстерiнiң үлесi[өңдеу]

      Үндістердің дәстүрлі шаруашылығы — егіншілік. Дүние жүзі халықтары олардан маис, картоп, күнбағыс, маниона, какао, мақта, темекі, т.б. өсімдіктер егуді үйренді.
      Мәдениеті[өңдеу]

      Үндістер сәулет және бейнелеу өнерінің, қолөнердің тамаша үлгілерін жасаған. Бай ауыз әдебиеті, би өнері мен сан алуан философиялық көзқарастары сақталған.
      Маған ұнайды:
      24.10.2013, 6:49
      Предыдущие 6 комментариев
    • Azamat Karabekov
      ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ел Тәуелсіздігінің 21 жылдығына арналған салтанатты жиында Қазақстан халқына Жолдауын жариялады.


      ҚР Президенті Н. Назарбаев
      Біздің ең басты мақсатымыз — 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіру. Бұл туралы бүгін елордадағы «Астана Опера» жаңа мемлекеттік опера және балет театрында Қазақстан халқына Жолдау арнаған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.

      «Біздің ең басты мақсатымыз — 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіру. Бізде ол үшін мүмкіншілік те, ресурс та, білімді адамдар да, берекелі ұлт та бар», — деді Мемлекет басшысы.
      Осы ретте еліміздің 2050 жылға дейінгі стратегиясының негізгі ережелерін жан-жақты баяндап берді.

      «Тура 15 жыл бұрын біз Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын қабылдадық. Бұл 1997 жыл болатын, әлі посткеңестік дүлей басылмаған, дағдарыс Оңтүстік-Шығыс Азияның және өзге де аймақтардың нарығын шарпып тұрған. Бізге де өте қиын еді» деді Елбасы.
      «Осы өткен жылдарда біздің Стратегия бізге шамшырақ қызметін атқарды, тура жолдан таймай тек алға жүруімізге ықпал етті» деді ҚР Президенті өз сөзінде.

      «Біз өз жолымызды таңдауымыз керек еді, ал бұл жол Қазақстан-2030 Стратегиясында белгіленген. Бұл құжат бізге стратегиялық мақсаттар мен міндеттерді айқындап берді» деп атап өтті Н.Назарбаев.

      Қазақ тілі 2025 жылға дейін латын әліпбиіне көшеді. Бұл жайында мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді. Айта кетейік, соңғы бірнеше жылдан бері ұлт зиялылары қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру мәселесін көтеріп жүрген болатын. Бүгінгі таңда ана тіліміз кириллица әріптерімен жазылып жүр.
      Маған ұнайды:
      24.10.2013, 6:48
      Предыдущие 6 комментариев
    • Azamat Karabekov
      Н.Назарбаевтың ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесін Астанада өткізу туралы шешім қабылдануына байланысты Қазақстан халқына Үндеуі
      07 FriAsia/Almaty2012-12-07T09:32:00+06:00Asia/Almaty12bAsia/AlmatyFri, 07 Dec 2012 09:32:00 +0600 2012, 09:3210851
      Астана. 7 желтоқсан. BAQ.kz Құрметті қазақстандықтар!
      Өздеріңіз білесіздер, Қазақстан Астанада Халықаралық мамандандырылған ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу құқына қол жеткізді.

      Біз елеулі үміткер, осындай халықаралық форум өткізуде тәжірибесі бар бельгиялық Льеж қаласын жеңіп шықтық.
      Бұл Қазақстанның зор табысы.
      ЭКСПО көрмесі – бұл мәні жағынан бүкіләлемдік экономикалық форумдармен, ал туристік тартымдылығы жағынан әлемнің ең кең танымал спорт жарыстарымен теңдес жаһандық ауқымдағы оқиға.
      Халықаралық көрмелер өткен 160 жылдан астам уақытта олар негізінен экономикалық алыптар саналатын – АҚШ, Франция, Германия, Жапония, Бразилия, Канада, Ұлыбритания, Испания, Қытай және басқа елдерде өтті.
      Енді олардың қатарына Қазақстан да еніп отыр.
      Біздің осынау жаңа табысымыз біздің бүкіл әлемде құрметті елге айналғанымызды тағы да көрсетіп беріп отыр.
      Біз үшін Халықаралық көрмелер бюросына мүше 160 мемлекеттің басым көпшілігі дауыс берді.
      Іс жүзінде Астананы бүкіл әлем таңдады!
      Сондықтан ЭКСПО-2017-ні өткізу – бұл, сонымен бір мезгілде, Қазақстанның бүкіл әлем алдындағы орасан зор жауапкершілігі.
      Біз небары бес жылда Көрме орталығын тұрғызып, жаңа қонақүйлер, жолдар салып, көлікті дамытып, қонақтарды қарсы алуға даярлықты қамтамасыз етіп, үлкен дайындық жұмыстарын жүргізуіміз керек.
      Бұл міндеттің ауқымы аса зор.
      3 ай ішінде ЭКСПО-2017 көрмесін шамамен 5 миллиондай шетелдіктер келіп көретін болады.
      Бүкіл елдер өз павильондарын көрме тақырыбы – «Болашақтың энергиясына» сәйкес дайындайды.
      Өткеннің тәжірибесі көрсеткендей, мұндай көрмені өткізу олар өткен қалалар мен елдердің дамуына зор ықпалын тигізді.
      Бұл біздің еліміз үшін жаңа энергетикалық және «жасыл» технологиялар алуда аса зор мүмкіндік.
      Бұл ЭКСПО-2017-ні дайындау мен өткізу уақытында, сондай-ақ оның нысандарын одан әрі пайдалануда Қазақстанға келіп түсетін миллиардтаған доллар инвестициялар.
      Көрмені дайындау мен өткізудің барлық мәселелерін шешу үшін мен Мемлекеттік комиссия құрдым.
      Астанада жаңа Көрме кешенінің құрылысы үшін жер белгіленді.
      Бұл Қазақстандағы тағы бір «халықтық құрылыс» болмақ.
      Бес жыл тез өте шығады.
      ЭКСПО-2017-ні өткізу құқы жолындағы күрестегі Астананың табысы – ол бүкіл Қазақстан халқының табысы.
      Бүкіл қазақстандықтардың Халықаралық көрмені өткізуге белсенді атсалысатынына менің ешқандай күмәнім жоқ.
      Мен ЭКСПО-2017-нің біздің тарихымыздың тағы бір алтын парағы болатынына сенемін.
      Мен бүкіл отандастарымды топтасуға және біздің елімізді осынау кең ауқымды халықаралық оқиғаға белсенді дайындауға шақыр
      Маған ұнайды:
      24.10.2013, 6:48
      Предыдущие 6 комментариев
    • Azamat Karabekov
      Арал теңізі — Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында орналасқан сутоған. Теңіз ХХ ғасырда ауданы жағынан (68 мың км2) әлемде төртінші орында болған болатын, бірақ 1960 жылдардан бастап теңіздің суы азайып келеді.рал теңізі, Кайнозой дәуірінің орта шетінде, яғни бұдан 21 млн. 1200 жыл бұрын Каспий теңізіне қосылып жатқан. Бұған теңіздің терістік бетіндегі қазіргі Сарышығанақ, Ақеспе тұсынан 80 метр тереңдіктен Олигоцен уақытында өмір сүрген қызыл балықтың, ірі ұлудың, киттің омыртқа сүйектерінің тасқа айнала бастаған күйінде табылуы дәлел болмақ. Бұл теңіздің кезінде мұхитпен қосылып жатқандығын көрсетеді. Сондай-ақ Арал маңынан акуланың тісі мен сүйегі табылды. ХІХ ғасырдың орта кезіндегі Арал-Каспий ойпатының пайда болуы жөніндегі болжамдардан Арал бассейнінің геологиялық ерте кезеңде Жерорта теңізімен тұтасып жатқан су айдыны екенін, оның кейінгі Альпілік дәуірлерде жер қыртысының көтерілуіне байланысты ұсақ су айдындарына бөлінгенін білеміз. Сондай-ақ, Арал теңізінің көлемі жайлы, Арал теңізі жайлы ұғымдар сонау ерте дүние әдебиеттерінде де кездеседі.
      Ендеше қазіргі кезде әлем елдері назарын өзіне аударып отырған осы су айдынын зерттеу сол ерте заманан бүгінгі күнге дейін жалғасып келеді деуге болады. Міне, сондықтан да көне зерттеулер мен қазіргі жаңа мәліметтерді салыстыру арқылы Арал теңізі бассейнімен оның жағалауының даму эволюциясын, сондай-ақ ғасырлар бойы өзгеру сипатын анықтау қиын емес. Мысалы, ежелгі заманның өзінде Арал теңізі көп елдерге мәлім болған. Өйткені, сол IХ-X ғасырлардағы араб ғалымдары – Ибн Хордадбех, Ибн Руста, Әл-Масуди, Әл-Истахри келтірген мәліметтер аса құнды саналады. Демек, бұл еңбектерден сол кездегі Аралдың көлемі мен жағаларының пішіні туралы мағлұмат алуға болады.
      Ибн-Хордадабех «Китаби-ал-масалик Вал-мамлик» саяхаттар мен мемлекеттер кітабы атты еңбегінде Амударияны -Жейхун, Арал теңізін - Күрдер көлі деп атайды. Ал Ибн-Рустеннің Амудария мен Арал теңізі туралы жазғандары неғұрлым нақты, оның мәліметтері бойынша, Арал теңізінің көлемі 80 фарсах (бір фарсах-6 шақырым). Теңіздің басты жағалауындағы Жоталары Сиякух (қара таулар) деп аталады. Ал оң жақ жағалауы батпақты, онда қалың орман өскен. Демек аталмыш Сиякух – үстіртің тік жарлы құздары болуы мүмкін. Өйткені оның батыс жағалауы қазір де биік келеді, кейбір нүктелердің биіктігі 190 метрге жетеді.
      Сол сияқты Араб географы Әл-Истахри Арал теңізін «Хорезм көлі» деп атаған және Сырдария жөнінде мәліметтер келтірген. Истахри былай дейді: «Бұл көлдің айналасы 100 фарсах. Суы тұзды, көлге Жейхун, Илаш Сырдария және басқа өзендер құяды». Сондай-ақ Х ғасырда өмір сүрген белгісіз автордың парсы тілінде жазған «Худуд-ал Алам шығыстан батысқа дейінгі әлем облыстары» атты қолжазбасында да Арал теңізінің сипаттамасы берілген. Мұнда теңіздің көлемі 300 фарсахқа тең келетіні және жағалауларының құмды екені жазылған. Жоғарыдағы Арал теңізі жөнінде мәлімет қалдырушылар негізінен теңізді арнайы зерттеген адамдар емес, жолшыбай көргенін жазған саяхатшылар, жалпы дүниежүзілік әдебиетке қатысты шағын дерек жинаған шолушылар. Сондықтан бұл кезде Арал теңізі жайлы нақты ғылыми зерттеулер болған жоқ деуге болады. Дегенмен осы өлкенің сол кезеңдегі көрсетілген табиғат жағдайлары мен қазіргі табиғатының өзгерісін салыстыра қарағанда өңірдің сипатынының бұрынғы кезде нақты қандай болғандығына көз жеткізуге болады.
      Негізгі Арал теңізі жайлы нақты деректі мәліметтердің жиналуы, яғни арнайы зерттеулердің басталуы ХVІІ-ХІХ ғасырлардың еншісіне тиеді. Өйткені бүгінгі Арал деген атау сол ХVІІ ғасырдан бергі жерге берілген. Яғни 1740-1741 жылдары Сырдария мен Арал маңын зерттеуге алғашқылардың бірі болып, Иван Мурауин қатысып, тұңғыш рет Арал теңізінің шығыс жағалауларын өте дәлдікпен арнайы түсірілімге түсіріп, карта жасаған. Жалпы Арал теңізі жайлы соңғы толық зерттеулер 1946–1950 жылдар аралығында болған. Ондағы мәліметтер бойынша теңіз көлемі 66 мың шаршы шақырымды құрап, ең ұзын бөлігі 424 шақырым, ал ендігі бөлігі 292 шақырым, орташа тереңдігі 16,1 метр, ең терең жері 68 метр деп сипатталып жазылған. Содан қалған бүгінгі теңізде шамамен 15-20 мың шаршы шақырымға жуық қана су айдындары бар көрінеді. Теңіздің осындай тартылуына орай өңірде алғаш рет 2001 жылы Арал теңізінің табаны қала орны болған деген болжам жасалды, ал бұл күндері осы болжам шындыққа айнала бастағандай.
      Өйткені бұрын Арал теңізі өз деңгейін сақтап тұрған жылдары сол жағасынан көне заманға тән ою-өрнектер, адам сүйектері ұшырасқан кездері болғаны жөнінде кезінде теңізде жүзген кейбір қарт кеме капитандарының талай өз аузынан естіген кездеріміз де болды. Бірақ та, ол кезде теңіз астында қала барын кім білсін. Ал енді теңіз тартылып, жағасы әр деңгейде ашыла бастағанда, қазір де бұл жағдай жиі көріне бастады. Өйткені қазіргі археолог ғалымдардың деректері бойынша құрғаған теңіз табанынан табылған әлгі мешіттің ою-өрнектерді сол 12-15 ғасырлардың еншісіне жатқызады. Сондай-ақ бұған дәлел ретінде Арал тарихынан белгілі сол 1592 жылдарға дейін қазіргі табылған қала орны яғни, «Барсакелмес» аралының батыс беті құрлықпен бірігіп жатқан көрінеді. Кейін теңіз суының көтерілуіне байланысты құрлықтан бөлініп қалған. Сондай-ақ жоғарыда сөз болғандай сол ертедегі араб ғалымдарының деректері бойынша да теңіз көлемі сол әрқили көлемде өзгеріп отырған. Мысалы, 80,100 және 300 фарсах мөлшерінде. Егер де бір фарсах 6 шақырым болса, сонда кезінде теңіздің ең үлкен деген көлемі не бәрі 300 х 6 = 1800 шақырым ғана. Бұл – теңіздің сол 1950 жылғы көлемімен салыстырғанда төмен екенін көрсетеді. Міне осыған орай бір сөэбен айтқанда «Барсакелмес» аралы сол 1592 жылға дейін құрлықпен жалғасып жатыр деген сөз шындыққа жақын.
      Маған ұнайды:
      24.10.2013, 6:46
      Предыдущие 6 комментариев
    • Azamat Karabekov
      Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу құқығын иеленген еліміздің құрметіне орай Халықаралық көрмелер бюросының қабылдауына қатысты.

      Мемлекет басшысы іс-шараға қатысқандар алдында сөйлеген сөзінде ЭКСПО-2017 көрмесін Астанада өткізу туралы шешім үшін Қазақстан Республикасы атынан алғысын айтты, деп хабарлайды ҚР Президентінің баспасөз қызметі.

      - ЭКСПО көрмесі кең байтақ Еуразия құрлығының жүрегі іспеттес қалада алғаш рет өтеді. «Болашақтың энергиясы» атты бүкіләлемдік көрме жаһандық энергетиканың жаңартылуына қуатты серпін береді деп сенемін. Еліміз көрменің жоғары деңгейде өтуі үшін бар күш-жігерін салатын болады, - деп атап өтті Қазақстан Президенті.

      Нұрсұлтан Назарбаев келем деушілердің барлығын қазақ қонақжайлығын сезініп, табиғаттың және ұлы дала кеңістігіндегі заманауи қаланың ғажайып әсемдігін тамашалау үшін Қазақстанға шақырды.

      Астанада «ЭКСПО-2017» көрмесін ұйымдастыру үшін Қазақстан «Болашақтың энергиясы» атты тақырыпты ұсынды. Ол ең алдымен, баламалы энергия көздерін дамытуды қоса алғанда, энергетикадағы сапалы өзгерістер жолы мен оны тасымалдау тәсілдерін іздестіруге бағытталған.

      Орнықты энергиямен жабдықтау жаһандық негізгі мәселе саналады, оны шешу экономикалық өсімді қамтамасыз ету және қоршаған ортаға жүктемені біруақытта төмендету кезінде әлеуметтік стандарттарды арттыру үшін қажет.

      Қазақстанның бұл тақырыпты таңдауының өз негізі бар. Еліміз дәстүрлі энергиялық ресурстардың елеулі қорына ие бола отырып, баламалы энергия көздерін пайдалану жөніндегі шараларды дәйекті түрде қабылдауда және «жасыл» экономика құру бағытын ұстанған.

      Қазақстанның елордасы «ЭКСПО» көрмесін ұйымдастыру үшін жоғары талаптарға сәйкес келеді деп танылды. Бизнес пен өмір сүру үшін қолайлы және серпінді орта қалыптасқан заманауи қала бүгінде ЕҚЫҰ-ның саммиті мен қысқы Азиада ойындары тәрізді халықаралық ірі іс-шараларды өткізіп, тәжірибе жинақтады. Бұдан бөлек, «ЭКСПО-2017» көрмесін өткізу үшін қосымша инфрақұрылым құрылатын болады.
      Маған ұнайды:
      24.10.2013, 6:45
      Предыдущие 6 комментариев

    Изменить аватарку

    Файл формата JPG, PNG и GIF, не более 10 Мб. Минимальные размеры изображения 220x220