"Жас Ұлан" ұйымы Атырау қаласы

Статус группы...

ҚАТЫСУШЫЛАР

24 адам

    ӘКІМШІЛЕР

    1 адам

    ҚҰЖАТТАР

    0 құжат

    • СТЕНА СООБЩЕСТВА

    • 18 жазба
    • Бакытгуль Маратова
      25-27 шілде аралығанда "Ұланымыз Ұлы Елдің" атты "Жас Ұлан" ұйымының ІІ Республикалық форумы өтті. Қазақтың байтақ жерінің түкпір-түкпірінен ұйымның көшбасшылары жиналды. Атаулы шараның алғашқы күні әрбір облыстың делегаттары өз жобаларын таныстырды. Атырау облысының ұландары «Болашақ бастамасы» атты экожобаны қорғады. Астана қаласының еріктілерінің арқасында қызықты да көңілді тренингтер өтті.
      Маған ұнайды:
      01.08.2013, 16:44
      Предыдущие 6 комментариев
    • Бакытгуль Маратова
      «Өз өлкеңнің сырын аш» атты «Сарайшық» мемориалды кешеніне жас өлкетанушылар саяхаты
      Оқушылардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру, жас ұрпақты туған өлке тарихын зерттеуге машықтандыру мақсатында «Өз өлкеңнің сырын аш» атты «Сарайшық» мемориалды кешеніне жас өлкетанушылар саяхат шарасы
      26 маусым күні өткізілді.
      Маған ұнайды:
      01.08.2013, 13:57
      Предыдущие 6 комментариев
    • Бакытгуль Маратова
      26 маусым- Халықаралық есірткіге қарсы күрес күніне орай өткізілген «Жас Ұландардың» «Біз есірткіге қарсымыз!» атты флеш -мобы
      БҰҰ-ның бас ассамблеясы 1987 жылы 26 маусымды жыл сайын халықаралық есірткімен күрес күні ретінде атап өтуді қаулы еткен болатын. Содан бері жыл сайын осы күн қарсаңында салауаттылықты насихаттайтын шаралар дәстүрлі түрде өткізіліп келеді.
      Маған ұнайды:
      01.08.2013, 13:55
      Предыдущие 6 комментариев
    • Бакытгуль Маратова
      Атырау облыстық «Жас Ұлан»бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы қоғамдық бірлестігінің жоспарына сәйкес үстіміздегі жылдың 1-6 шілде аралығында Атырау облысы аумағындағы жазғы тынығу лагерлерінің демалушыларын және Атырау қаласының мектептен тыс тәрбие орталығы оқушыларын қатыстыру арқылы «Астана - «Жас Ұлан»: бір мақсат, бір тағдыр» тақырыбындағы апталық шаралары өткізілді. Аталған шараның мақсаты - елордамыз Астана қаласының 15 жылдығын және «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының құрылғанына 2 жыл толуын лайықты атап өту.
      Маған ұнайды:
      01.08.2013, 13:54
      Предыдущие 6 комментариев
    • Бакытгуль Маратова
      Үстіміздегі жылдың 1 маусымы күні Атырау облыстық Жастар саясаты мәселелері басқармасының мемлекеттік тапсырысы негізінде Атырау облыстық «Жас Ұлан» ББЖҰ ҚБ-нің жоспарына сәйкес «Менің ғажайып ертеңім» атты «Жас Қырандар» думанды фестивалі өткізілді.
      Фестиваль ұйым мүшелері арасындағы өнерге бейім дарындарды тану және оларды өзге оқушыларға үлгі ретінде көрсету, балаларға мерекелік көңіл –күй сыйлау мақсатында ұйымдастырылды.
      Маған ұнайды:
      01.08.2013, 13:51
      Предыдущие 6 комментариев
    • Бакытгуль Маратова
      2013 жылдың 21 мамыр күні Атырау қаласының №2 мектебі базасында «Жас Ұлан-2013» облыстық әскери-патриоттық клубтарының слеті болып өтті.
      Слет облыстық Білім беру басқармасымен бірлескен түрде Атырау облыстық Жастар саясаты мәселелері басқармасының мемлекеттік тапсырысы негізінде Атырау облыстық “Жас Ұлан” бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының ұйымдастыруымен жасөспірімдер мен жастардың қоғамдық белсенділігін көтеріп, отанға деген патриоттық сезімдерін күшейту мақсатында ұйымдастырылды.
      Шараға Индер, Құрманғазы, Жылыой, Мақат аудандарының және Атырау қаласының №5, №8 мектептердің әскери-патриоттық клубтары мүшелері, барлығы- 50 оқушы қатынасты.
      Маған ұнайды:
      01.08.2013, 13:48
      Предыдущие 6 комментариев
    • Бакытгуль Маратова
      4 маусым күні №7, 12 орта мектептің және облыстық дарынды балаларға арналған ұлттық гимназия мектебінің белсенді «Жас Ұландарының» қатысуымен Атырау қаласының Исатай-Махамбет алаңында «Тәуелсіздігімнің тірегі - ел рәміздері» атты нышандар тарихын насихаттау акциясы өткізілді. Акция барысында ел рәміздерінің толық сипаттамасы жазылған насихат парақшалары таратылып, қала тұрғындарымен осы тұрғыда пікірлесу жұмыстары жүргізілді.
      Үлкен кісілер балалардың бастамасына қолдау көрсетіп, еліміздің нышандарын халыққа насихаттауды қолға алғандары үшін балаларға алғыстарын білдірді. Күнделікті өмір ағысында жұмысбасты болғандықтан мұндай дүниелерге мән беруге уақыт таба алмай жататындықтарын айтып, жалпы халықтың патриоттық рухын оятуға қажетті шара екен деп мақұлдады.
      Бұл шара облыстық білім беру басқармасы арқылы облыс көлеміндегі күндізгі лагерь ашқан барлық білім беру ұйымдарына таратылып, оқушыларды қатынастыру арқылы жүзеге асырылды.
      Маған ұнайды:
      01.08.2013, 13:47
      Предыдущие 6 комментариев
    • Бакытгуль Маратова
      09/05/2013: Атырауда Ұлы Жеңістің 68 жылдығына арналған әскери шеру өтті
      Маған ұнайды:
      01.08.2013, 13:44
      Предыдущие 6 комментариев
    • Бакытгуль Маратова
      30.04.2013: Атырау облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы мүшелеріне арналған «Атырау – Атамекенім!» атты облыстық ұландар шығармашылығы фестивалі.
      Маған ұнайды:
      01.08.2013, 13:41
      Предыдущие 6 комментариев
    • Бакытгуль Маратова
      22/04/2013: Соғыс ардагерлерімен кездесу кеші
      Маған ұнайды:
      01.08.2013, 12:52
      Предыдущие 6 комментариев
    • Бакытгуль Маратова
      12/04/2013: Атырауда «Жастар экстремизмге қарсы» атты жастар акциясы өтті

      Жастарды діни экстремизмнің қатерлері мен сын-тегеуріндеріне қарсы жұмылдыру, экстремистік идеялардың таралуымен күресу және жастарды тиімді әлеуметтендірудің негізі ретінде ұлттық мәдениет, салт-дәстүрлерді құрметтеу мен қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған іс-шараға облыстық жоғары оқу орындары мен арнайы орта білім беру мекемелерінің 8 мыңға жуық студенті қатысты.

      Жастар алдында баршаны патриотизмге шақыра отырып, Атырау облысының әкімі Б.Ізмұхамбетов, ҚР Дін істері агенттігінің төрағасы Қ.Лама Шариф, ҚР Президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрайымы Г.Әбдіхалықова, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Б. Смағұл, сондай-ақ облыстағы қоғамдық пікірдің аса беделді көшбасшылары сөз сөйледі.

      Жастар акциясының барысында жастар алдында Қазақстанның эстрада жұлдыздары – Мәдина Сәдуақасова, Маржан Арапбаева, Ерболат Құдайбергенов, белгілі ақын термеші Еркебұлан Қайназаров және Қарақат пен Қыдырәлі отансүйгіштік рухындағы әндерді шырқап, өз өнерлерін көрсетті.
      Маған ұнайды:
      01.08.2013, 12:39
      Предыдущие 6 комментариев
    • Бакытгуль Маратова
      10.04.2013: «Атырау облысында “Жас Ұлан” балалар мен жасөспірімдер ұйымы жұмысын қалыптастыру және дамыту» тақырыбындағы дөнгелек үстел.
      Маған ұнайды:
      01.08.2013, 12:32
      Предыдущие 6 комментариев
    • Бакытгуль Маратова
      Атырау «ЖАС ҰЛАНДАРЫ» Республикалық футбол турнирі жеңімпазы атанды
      Маған ұнайды:
      01.08.2013, 12:24
      Предыдущие 6 комментариев
    • Бакытгуль Маратова
      01/11/2012: Атырау облыстық «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы Ұлан Басшылары мен атқарушы хатшыларының елге танымал қоғам қайраткерлерімен кездесу кеші.
      Маған ұнайды:
      01.08.2013, 12:16
      Предыдущие 6 комментариев
    • Бакытгуль Маратова
      20/12/2012: «Ұланымыз Ұлы елдің!» атты «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының Ұлан Басшылары мен атқарушы хатшыларына арналған І облыстық форумы.

      «Атырау облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» қоғамдық бірлестігі мен Облыстық білім беру басқармасының ұйымдастыруымен, ұйым жоспарына сәйкес 2012 жылдың 20 желтоқсанында Ұлан Басшылары мен атқарушы хатшыларына арналған І облыстық форумы болып өтті.
      Форум Н.Тілендиев атындағы Кіші өнер академиясының концерт залында өткізілді. Оған облысымыздың 7 ауданынан-40, Атырау қаласы бойынша- 30, облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-гимназия, лицей, интернаттар бойынша-50, барлығы -120 Ұлан Басшысы және 30-дан астам тәлімгерлер мен білім бөлімдерінің әдіскерлері қатынасты.
      Маған ұнайды:
      01.08.2013, 12:14
      Предыдущие 6 комментариев
    • Бакытгуль Маратова
      13/03/2013: ҚР Жол полициясы комитеті жергілікті атқарушы, билік органдарымен, «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» Жастар қанаты» филиалдарымен, «Жас Ұлан» бірыңғай балалар және жасөспірімдер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестіктерінің өңірлік өкілдіктерімен, азаматтық қоғамның басқа да институттарымен бірлесуімен, 2013 жылдың 11-16 наурыз аралығына жоспарланған «Біз жолдағы қауіпсіздік үшін» атты кең көлемді республикалық автошеруі Атырау облысы аудандарында облыстық ІІД Жол полициясы басқармасы ұйымдастыру-профилактикалық жұмыс бақылау штабы, Атырау облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы қоғамдық бірлестігі, «Нұр Отан» ХДП-сы «Жас Отан» Жастар қанаты» Атырау облыстық филиалы өкілдіктерінің бірлесуімен 11-16 наурыз аралығында өткізілді.
      Маған ұнайды:
      01.08.2013, 12:08
      Предыдущие 6 комментариев
    • Бакытгуль Маратова
      13/03/2013: ҚР Жол полициясы комитеті жергілікті атқарушы, билік органдарымен, «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» Жастар қанаты» филиалдарымен, «Жас Ұлан» бірыңғай балалар және жасөспірімдер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестіктерінің өңірлік өкілдіктерімен, азаматтық қоғамның басқа да институттарымен бірлесуімен, 2013 жылдың 11-16 наурыз аралығына жоспарланған «Біз жолдағы қауіпсіздік үшін» атты кең көлемді республикалық автошеруі Атырау облысы аудандарында облыстық ІІД Жол полициясы басқармасы ұйымдастыру-профилактикалық жұмыс бақылау штабы, Атырау облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы қоғамдық бірлестігі, «Нұр Отан» ХДП-сы «Жас Отан» Жастар қанаты» Атырау облыстық филиалы өкілдіктерінің бірлесуімен 11-16 наурыз аралығында өткізілді.
      Маған ұнайды:
      01.08.2013, 12:08
      Предыдущие 6 комментариев
    • Бакытгуль Маратова
      АСТАНА. 5 желтоқсан. ҚазАқпарат - Астанада ҚР Тұңғыш Президенті күнін мерекелеу аясында «Жас Ұлан - 2012» Республикалық жүлдесін табыстау шарасы өтті. Жүлденің иегерлері ең белсенді әрі талантты жасұландықтар атанды.
      «Менің ойымша, бұл ұйым келешек ұрпақты тәрбиелеп шығаруда үлкен жетістіктерге жетеді. Біз үшін «Жас Ұлан» ұйымы балаларға еңбекқорлықты, білімге ұмтылуды, қиыншылыққа мойымауды үйреткені аса маңызды», - деді ҚР Білім және ғылым министрлігінің жастар ісі жөніндегі комитеті төрағасының міндетін атқарушы Нұрлан Өтешев.
      Жас ұланның гаран-при жүлдесі қызылордалық Бекарыстан Аманжоловқа, «Жас тілші» номинациясы павлодарлық Айжан Темірбековаға, «Жас дарын» номинациясы батысқазақстандық Алексей Шинге және басқа да номинациялар табыс етілді.
      Айта кету керек, бүгінде 6-16 жас аралығындағы жасұландықтардың қатары 700 мыңға жетіп жығылады.
      Маған ұнайды:
      01.08.2013, 11:58
      Предыдущие 6 комментариев