• 18764 ұпай

ДОСТАРЫМ

56 дос

    МЕНІҢ СЫЙЛЫҚТАРЫМ

    2 сыйлық

    БІРЛЕСТІКТЕР

    состою в сообществах

    • 0
      !!!00www(( DJ ALMAS 2013 ))
    • 0
      МузАрт+-+Тамшылар•°•°[BauYrzhaN]™2o13™[AsILBeKuLi]°•°•(music.nur.kz)
    • 0
      МузАрт+-+Сенин+козин(music.nur.kz)
    • 0
      МузАрт+-+Мумкiн+емес(music.nur.kz)
    • 0
      МузАрт+-+Коктем+конил(music.nur.kz)
    • 0
      МузАрт+-+Арман-ай+(-)(music.nur.kz)
    • 0
      Нурмукасан(+)+-+Неткет+оmiр(music.nur.kz)
    • 0
      Орда+-+kesh+meni(new)(music.nur.kz)
    • 0
      Орбакайте+Кристина+&+Руссо+Авраам+-+Любовь,+которой+больше+нет(music.nur.kz)
    • 0
      РЭП-ONLY YOU
    • 0
      Неизвестный+исполнитель+-+Beyonce(music.nur.kz)
    • 0
      Оne Republic-Аpologize
    • 0
      Орда - Килы заман
    • 0
      Многоточие - Дыши
    • 0
      Мне нравиться
    • 0
      музыка
    • 0
      Краски+-+Ты+уже+взрослый(music.nur.kz)
    • 0
      Копия M. Jakson-You're not
    • 0
      Неизвестный+исполнитель+-+0018Nevergreen(music.nur.kz)
    • 0
      Краски+-+Мне+мальчик+твой+не+нужен(music.nur.kz)
    • Динислам Тлесов
      Маған ұнайды:
      21.01.2014, 12:29
      Предыдущие 6 комментариев
    • Динислам Тлесов
      Көк тудың желбірегені,
      Жаныма қуат береді!
      Маған ұнайды:
      21.01.2014, 12:29
      Предыдущие 6 комментариев
    • Динислам Тлесов
      Аудандық жастар форумы өтті
      Аудандық жастар форумы өтті
      Аудандық ішкі саясат бөлімінің тапсырысымен, «Жас Арал өрендері» қоғамдық бірлестігі ұйымдастыруымен «Жалғыз Отан – Тәуелсіз Қазақстан» атты аудан жастарының I форумы өтті. Жиынның мақсаты ауданымызда мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылуы, жастардың тұлға болып қалыптасуы мен азаматтық позициясын орнықтыру. Жастардың басын қосқан форум «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты дөгелек столмен басталды. Аудан әкімі Мархабат Жайымбетов жастармен жақын дидарласып, ұсыныс-пікірлерін тындады. Арал жастары тынбай енбектенсе аудан әкімі ретінде қашанда қолдайтындығын жеткізді.

      Форумға аудандық ішкі саясат, білім, денсаулық, мәдениет, жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламалар, спорт және денешынықтыру бөлімдерінің өкілдері, орта оқу орындарындағы жастар ұйымдарының жетекшілері қатысты. Бас қосуды ашқан аудан әкімі Мархабат Жайымбетұлы: «Қазіргі таңда біз¬дің алдымызда күрделі мәселе¬лердің бірі болып осы жастарға өздерінің жігерлерін бұдан әрі дамыту үшін, алған білімдерін іске асыру үшін, мемлекетімізге өз үлестерін қосу үшін тиісті жағдай жасау мәселесі тұр. Сондықтан өз атымнан еліміздің болашағы – жас жеткіншектерге айтарым, қандай жағдай болса да, еліміздің қауіпсіздігін, тыныштығын, болашағын сақтау мен Отанымызды қорғау жолында күш жігерімізді аямайық! «Өсер елдің баласы арманшыл болса, өшер елдің баласы жанжалшыл болады» деген. Сондықтан жастар, армандарын асқақ, талаптарың таудай болсын» - деп тілегін білдірді.

      «Жас спорт жаттықтырушысы» Исмаилов Мәди, «Жас дінтанушы» Кеңесханов Нұржан, «Жас мемлекеттік қызметші» Сарымбетов Еркебұлан, «Жас тілші» Омарова Фариза, «Жас көшбасшы» Тілесов Дінислам және «Жастар жанашыры» номинациясымен бір топ кәсіпкерлер марапатталып, бағалы сыйлықтар табыс етілді.



      Ауданда жастар саясатын жүргізу мәселесінде «Ғайберен» және «Жас Арал өрендері» қоғамдық бірлестіктерін атап айтуға болады. Сонымен қатар жайдарман ойындарында Республикамызға танымал Дәрмағамбетов Төребек жетекшілік ететін «Арал-Ас» жайдарман тобы және мектеп жанынан құрылған 14 аула клубтары жұмыс жасайды. 2012 жылы талантты, білімді саяси өмірде белсенді жастарды қолдау мақсатында облыс әкімінің бастамасымен «Сыр үміті» жастар сыйлығы тағайындалып, ауданымызда түрлі салада қызмет жасап жүрген 5 жас жас маман сыйлықтың иегері атанды. Астана қаласында Ел басының қатысуымен өткізілген республикалық «Жас Отан» жастар қанатының II съезіне ауданымыздан 5 делегат қатысып қайтты. 2012 жылы жастар арасында жұмыссыздық деңгейі 8,1 пайызды құраса, 2013 жылдың I-тоқсанында 6,6 пайызды құрап отыр. Аудандық жұмыспен қамту орталығы арқылы жастар тәжірибесімен ағымдағы жылғы I-тоқсанында 130 жас маман жұмыспен қамтылды.

      Жиында «Жас Отан» жастар қанатының ІІ Съезд делегаты, №71 мектеп-интернат директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Әбілбаев Әліби, «Жас Ұлан» жасөспірімдер ұйымының көшбасшысы Тілесов Дінислам, «Жас Арал өрендері» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы, «Жас Отан» жастар қанатының Арал аудандық филиалының атқарушы хатшысы Ізбасаров Әлібектер жастар саясатын іске асыру мақсатында жасалып жатқан іс-шаралар жайына тоқталып, жастардың басын қосуға басшылық жасағаны үшін аудан басшысына алғыстарын білдірді. Форум соңы аудан жастарының қатысуымен флешмобқа жалғасты.
      Маған ұнайды:
      20.01.2014, 13:37
      Предыдущие 6 комментариев
    • Динислам Тлесов
      Маған ұнайды:
      15.01.2014, 15:09
      Предыдущие 6 комментариев
    • Динислам Тлесов
      Мен алғаш рет осыдан 2-3 жыл бұрын 7 сыныбымда облыстық жарыста дәл осындай суреттегідей стартқа келіп жүгірген болатынмын. Ол Қызылордадағы Ғани Мұратбаевтағы Қайсардың стадионы болатынмын. Ол кезде енді бірінші рет жарысқа келіп тұрмын әрі ауылдағыдай емес страты бөлек кәдімгідей. Стартқа тұрасың аяқты ыңғайлап қойып аласың соын ауылдағы ағайымыздай жүгір ди салмайды ол жақта. Пистон ататы. Қарапайым тілмен айтқанды дауысы қатты шығатын пистолеттин түріғой аспанға қарап қойып ататын адам наушник тағып алат та настрат внимание и пистон атылды. Сол кезде мен ерекше сезімге берілген болатынмын. Ана пистоннын дауысы қалай атылды содан кейін қалай жүгіргенімді білмеймін шаршағам жоқ. Сол кездегі бастапқы қобалжуымды сезімімді осы суретке қарап есіме алам!!
      Маған ұнайды:
      15.01.2014, 15:01
      Предыдущие 6 комментариев
    • Динислам Тлесов
      Менің сүйікті әрі шұғылданатын спортым - Жеңіл атлетика!!!
      Маған ұнайды:
      15.01.2014, 14:55
      Предыдущие 6 комментариев
    • Динислам Тлесов
      Усейн Болт жеңіл атлетикадан әлем семпионы бірнеше жылдар бойы ол рекорд орнатты ал оған әлі ешкім жете алған жоқ. Әлі де чемпиондықты ешкімге бермей келе жатыр
      Маған ұнайды:
      15.01.2014, 14:53
      Предыдущие 6 комментариев
    • Динислам Тлесов
      Достар Роналдоны бәрімізде білеміз. Алтын допты алған болатын және футбол королі атағын алды. Неге ол көзіне жас алды деп ойлайсыздар? Ойланып көріңіздерші? Лев Толстой айтқан "Адамда Талант 1% болса ал еңбек 99%" осы қарапайым сөздің астарында үлкен мән жатыр. Криштиано Роналдо алдына мақсат қойды озып шығам деп оны талай сұхбаттарында айтқан болатын. Ол осы арманына жетті. Ненің арқасында деп ойлайсыңдар. Әрине еңбектің. Сондықтанда ол қуаныштан арманына жеткенін сезініп жылап жіберді. Міне әрбір адам осылай мақсат қоя білу керек. Әл-Фарабидін үлкен қарт кісі бала кезінде ақ ғұлама ғалым болатынын білген. Қалай? Себебі оның арман-мақсатын сұрап,тәнті болып алдыңа үлкен арман қойған екенсің деген. Сондықтан біз жастар келешек еліміздің тірегі алдымызға үлкен мақсат қойып сол мақсатқа арманға жету жолында үлкен тер төгуіміз қажет еңбектенуіміз керек достар!Көшбасшы болуға ұмтылыңыздар!
      Маған ұнайды:
      15.01.2014, 14:49
      Предыдущие 6 комментариев
    • Динислам Тлесов
      Маған ұнайды:
      08.09.2013, 8:28
      Предыдущие 6 комментариев
    • Динислам Тлесов
      Маған ұнайды:
      08.09.2013, 8:27
      Предыдущие 6 комментариев
    • Динислам Тлесов
      Н.Назарбаевтың ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесін Астанада өткізу туралы шешім қабылдануына байланысты Қазақстан халқына Үндеуі
      07 FriAsia/Almaty2012-12-07T09:32:00+06:00Asia/Almaty12bAsia/AlmatyFri, 07 Dec 2012 09:32:00 +0600 2012, 09:3210851
      Астана. 7 желтоқсан. BAQ.kz Құрметті қазақстандықтар!
      Өздеріңіз білесіздер, Қазақстан Астанада Халықаралық мамандандырылған ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу құқына қол жеткізді.

      Біз елеулі үміткер, осындай халықаралық форум өткізуде тәжірибесі бар бельгиялық Льеж қаласын жеңіп шықтық.
      Бұл Қазақстанның зор табысы.
      ЭКСПО көрмесі – бұл мәні жағынан бүкіләлемдік экономикалық форумдармен, ал туристік тартымдылығы жағынан әлемнің ең кең танымал спорт жарыстарымен теңдес жаһандық ауқымдағы оқиға.
      Халықаралық көрмелер өткен 160 жылдан астам уақытта олар негізінен экономикалық алыптар саналатын – АҚШ, Франция, Германия, Жапония, Бразилия, Канада, Ұлыбритания, Испания, Қытай және басқа елдерде өтті.
      Енді олардың қатарына Қазақстан да еніп отыр.
      Біздің осынау жаңа табысымыз біздің бүкіл әлемде құрметті елге айналғанымызды тағы да көрсетіп беріп отыр.
      Біз үшін Халықаралық көрмелер бюросына мүше 160 мемлекеттің басым көпшілігі дауыс берді.
      Іс жүзінде Астананы бүкіл әлем таңдады!
      Сондықтан ЭКСПО-2017-ні өткізу – бұл, сонымен бір мезгілде, Қазақстанның бүкіл әлем алдындағы орасан зор жауапкершілігі.
      Біз небары бес жылда Көрме орталығын тұрғызып, жаңа қонақүйлер, жолдар салып, көлікті дамытып, қонақтарды қарсы алуға даярлықты қамтамасыз етіп, үлкен дайындық жұмыстарын жүргізуіміз керек.
      Бұл міндеттің ауқымы аса зор.
      3 ай ішінде ЭКСПО-2017 көрмесін шамамен 5 миллиондай шетелдіктер келіп көретін болады.
      Бүкіл елдер өз павильондарын көрме тақырыбы – «Болашақтың энергиясына» сәйкес дайындайды.
      Өткеннің тәжірибесі көрсеткендей, мұндай көрмені өткізу олар өткен қалалар мен елдердің дамуына зор ықпалын тигізді.
      Бұл біздің еліміз үшін жаңа энергетикалық және «жасыл» технологиялар алуда аса зор мүмкіндік.
      Бұл ЭКСПО-2017-ні дайындау мен өткізу уақытында, сондай-ақ оның нысандарын одан әрі пайдалануда Қазақстанға келіп түсетін миллиардтаған доллар инвестициялар.
      Көрмені дайындау мен өткізудің барлық мәселелерін шешу үшін мен Мемлекеттік комиссия құрдым.
      Астанада жаңа Көрме кешенінің құрылысы үшін жер белгіленді.
      Бұл Қазақстандағы тағы бір «халықтық құрылыс» болмақ.
      Бес жыл тез өте шығады.
      ЭКСПО-2017-ні өткізу құқы жолындағы күрестегі Астананың табысы – ол бүкіл Қазақстан халқының табысы.
      Бүкіл қазақстандықтардың Халықаралық көрмені өткізуге белсенді атсалысатынына менің ешқандай күмәнім жоқ.
      Мен ЭКСПО-2017-нің біздің тарихымыздың тағы бір алтын парағы болатынына сенемін.
      Мен бүкіл отандастарымды топтасуға және біздің елімізді осынау кең ауқымды халықаралық оқиғаға белсенді дайындауға шақыр
      Маған ұнайды:
      08.09.2013, 8:27
      Предыдущие 6 комментариев
    • Динислам Тлесов
      Маған ұнайды:
      08.09.2013, 8:21
      Предыдущие 6 комментариев
    • Динислам Тлесов
      ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ел Тәуелсіздігінің 21 жылдығына арналған салтанатты жиында Қазақстан халқына Жолдауын жариялады.


      ҚР Президенті Н. Назарбаев
      Біздің ең басты мақсатымыз — 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіру. Бұл туралы бүгін елордадағы «Астана Опера» жаңа мемлекеттік опера және балет театрында Қазақстан халқына Жолдау арнаған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.

      «Біздің ең басты мақсатымыз — 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіру. Бізде ол үшін мүмкіншілік те, ресурс та, білімді адамдар да, берекелі ұлт та бар», — деді Мемлекет басшысы.
      Осы ретте еліміздің 2050 жылға дейінгі стратегиясының негізгі ережелерін жан-жақты баяндап берді.

      «Тура 15 жыл бұрын біз Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын қабылдадық. Бұл 1997 жыл болатын, әлі посткеңестік дүлей басылмаған, дағдарыс Оңтүстік-Шығыс Азияның және өзге де аймақтардың нарығын шарпып тұрған. Бізге де өте қиын еді» деді Елбасы.
      «Осы өткен жылдарда біздің Стратегия бізге шамшырақ қызметін атқарды, тура жолдан таймай тек алға жүруімізге ықпал етті» деді ҚР Президенті өз сөзінде.

      «Біз өз жолымызды таңдауымыз керек еді, ал бұл жол Қазақстан-2030 Стратегиясында белгіленген. Бұл құжат бізге стратегиялық мақсаттар мен міндеттерді айқындап берді» деп атап өтті Н.Назарбаев.

      Қазақ тілі 2025 жылға дейін латын әліпбиіне көшеді. Бұл жайында мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді. Айта кетейік, соңғы бірнеше жылдан бері ұлт зиялылары қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру мәселесін көтеріп жүрген болатын. Бүгінгі таңда ана тіліміз кириллица әріптерімен жазылып жүр.
      Маған ұнайды:
      08.09.2013, 8:20
      Предыдущие 6 комментариев
    • Динислам Тлесов
      Маған ұнайды:
      08.09.2013, 8:20
      Предыдущие 6 комментариев
    • Динислам Тлесов
      Маған ұнайды:
      08.09.2013, 8:12
      Предыдущие 6 комментариев
    • Динислам Тлесов
      Үндістер екі Америка құрлығындағы байырғы халықтардың жалпы атауы. Американы ең алғаш ашқан Колумб емес осы үндістер. Бұл атау 15 ғасырда испан теңіз жиїанкездерінің Үнді жерін таптық деген жаңсақ пікірлерінен жергілікті халыққа еуропалықтар тарапынан сырттай таңылған. Жалпы саны 38 млн. адам (2002). Антропол. жағынан Үндістер үлкен моңғол пішіндес расаның америкалық тобына жатады.


      Мазмұны [жасыру]
      1 Тіл
      2 Тарихы
      3 Мәдениеттi-тарихи облыстар
      3.1 Солтүстік Америка
      3.2 Латын америкасы
      4 Отаршылдық
      5 Дүниелiк өркениетке үндiстерiнiң үлесi
      6 Мәдениеті
      7 Сілтемелер
      Тіл[өңдеу]

      Лингвистер Үндістердің тілін ондаған тілдер шоғырына бөледі. Дж. Гринберг, т.б. ғалымдар Үндістер тілін 9 топқа және 1 шеттетілген тілге (Мексикадағы тараска) біріктіреді. Солтүстік және Орталдық Америка Үндістері тілі не-дене (атапаск, навах, апачи, тлинкит, хайда), пенути (майя, какчикель, маме, кекчи, киче, хуастек, михе, цимшиан, т.б.), алгонкин-мосан (алгонкин, сэлиш, кри, оджибве, монтанье, чиппева, т.б.), хока-сиу (хока, ирокез, сиу, т.б.), ацтектаноан (науа, пипиль, шошон, тарахумара, майо, тепехуан, т.б.), макро-ото-манге (сапотек, отоми, миштек, масатек, чинантек, т.б.), макро-чибча (чибча-муиска, ленка, мискито, гуайми, куна, т.б.), ал Оңт. Америкада же-пано-кариб (же, пано, уитото, гуайкуру, бороро, т.б.) анд-экваторлық (кечуа, аймара, араулан, араван тілдері, т.б.) болып бөлінеді. Ең ірі тілдер кечуа, гуарани, аймара. Көпшілік Үндістер екі тілді. АҚШ пен Канадада ағылшын және француз, Латын Америкасында испан және португал тілдерінде сөйлейді.
      Тарихы[өңдеу]

      Үндістердің ата-бабалары кейінгі палеолитте (б.з.б. 30 — 10 мыңжылдықтар) Америкаға Беринг теңізі және бұғазы арқылы Солтүстік-Шығыс Азиядан қоныс аударған. Сол кездегі діни наным-сенімдерді (құдіретке сиыну, ата-баба аруағына табыну, бақсылық, тотемизм, т.б.) ұзақ уақыт бойы сақтап қалған. Еуропа отаршылары келгенге дейін Орталық және Оңтүстік Америка Үндістер өзіндік өркениеттерді (ацтек, майя, инк, т.б.) қалыптастырды.
      Мәдениеттi-тарихи облыстар[өңдеу]

      Солтүстік Америка[өңдеу]
      Отаршылдық қарсаңында Америкада бірнеше тарихи-мәдени облыстар қалыптасты.
      Теңіз аңшыларының Арктик. облысы (эскимостар, алеуттер).
      Солтүстік Американың солтүстік-батыс жағалауы — маманданған балық кәсіпшілігі мен теңіз аңшылығының облысы (хайда, тлинкиттер, вакаштар, селистер, т.б.).
      Калифорнияда — аңшы-балықшылар облысы
      Канаданың солтүстік және Алясканың ішкі бөлігі — Алгонкин мен Атапаск тайпалары орналасқан облыс.
      Қазіргі АҚШ аумағының шығыс бөлігінде жер өңдеумен айналысқан отырықшы тайпалар мекендеген (шығыс алгонкиндер, ирокездер, мускогтар) облыс.
      Американы ашқаннан кейін далалық аймақта бизон аулайтын аттылы аңшылар (сиу, дакота, оседжжер, мандандар, арапахо, чейендер, паундар, кәддо, вичита) облысы
      Солтүстік Американың оңтүстік-батысы (қазіргі Нью-Мексико, Аризона-Юта, Колорадо штаттары) — суармалы егін шаруашылығы дамыған облыс (Пуэбло, Пима).
      Латын америкасы[өңдеу]


      Еуропалықтар келгенге дейін Орталық Америка мен Андыдағы Үндістер мәдениеті едәуір өркендеген ел еді. Бұл аймақтың тұрғындары егін шаруашылығының күрделі суландыру жүйесін игеріп, маис, бұршақ, асқабақ, күнбағыс, какао, агава, темекі, мақта, картоп екті. Сонымен қатар мал шаруашылығы, металлургия кәсібі де дами бастаған-ды. Жоғары мәдениет ошағы қалыптасып, балық аулауды кәсіп еткен қала-мемлекеттер пайда болды.
      Оңтүстік Американың тропиктік бөлігін (Амазонка мен Ориноко алқаптары және Бразилия таулы үстірті) жерді кетпенмен өңдеген тайпалар мекендеді.
      Аргентина Пампасымен Патагон таулы үстіртін мекендейтін Үндістер мен Солт. Американың далалық аймағындағы тұрғындардың тіршілігінде, мәдениетінде ұқсастық мол.
      Оңтүстік Американың қиыр түстігі мен Отты жер аралының байырғы Үндістері (она, ямана, алакалуфтар) аңшылықпен айналысып, жартылай көшпелі тіршілік еткен.
      Отаршылдық[өңдеу]

      Еуропа отаршылдары Үндістердің табиғи өсуін тоқтатты. Олардың құнарлы жерлерін иемденіп, тіршілікке қолайсыз өңірлерге көшірді. Тұтас халықтарды жойып жіберді. 1900 жылғы есеп бойынша АҚШ Үндістерінің саны 75%-ға азайған. Латын Америкасындағы Үндістер бірқатар ұлттардың (мексикалықтар, парагвайлық, т.б.) қалыптасуына маңызды рөл атқарды. АҚШ-та 291 мен Аляскада 200-дей байырғы халық қауымы тіркелген. Қазіргі кезде АҚШ үкіметі Үндістерге өтемақы төлеп тұрады. Жоғары оқу орындарына түсуге арналған квота белгілеген. Соған қарамастан, жергілікті Үндістердің көпшілігі жойылып кету алдында тұр. Олар еур. мәдениет пен тілді қабылдап, дәстүрлі мәдениетін жоғалта бастаған. Солтүстік Америка Үндістері католик және протестант, ал Латын Америкасындағылардың көпшілігі католик дінін ұстанады. Дәстүрлі діндерді, түрлі культтық ағымдарды (пейотизм, шейкеризм, т.б.) ұстанатындар да кездеседі. 20 ғасырдың ортасынан бастап Үндістер арасында өз тілі мен мәдениетіне деген қызығушылық орнады. Бүгінгі кезде Үндістер қауымы бақылайтын Канадада 60 шақты білім беру орталықтары, АҚШ-та 20 шақты колледж жұмыс істейді. Көптеген халықар. ұйымдары (Оңтүстік Америка үндістерінің кеңесі, Үндіс халықтарының бүкіләлемдік кеңесі, т.б.) бар. Әрбір елдің Үндістерінің ұйымдары (АҚШ-та — Америка үндістерінің ұлттық конгресі, т.б.; Канадада — Ұлттық бауырластық; Бразилияда — Бразилия үндіс халықтарының одағы, т.б.) Үндістер мүддесі үшін жұмыс істеп келеді.
      Дүниелiк өркениетке үндiстерiнiң үлесi[өңдеу]

      Үндістердің дәстүрлі шаруашылығы — егіншілік. Дүние жүзі халықтары олардан маис, картоп, күнбағыс, маниона, какао, мақта, темекі, т.б. өсімдіктер егуді үйренді.
      Мәдениеті[өңдеу]

      Үндістер сәулет және бейнелеу өнерінің, қолөнердің тамаша үлгілерін жасаған. Бай ауыз әдебиеті, би өнері мен сан алуан философиялық көзқарастары сақталған.
      Маған ұнайды:
      08.09.2013, 8:11
      Предыдущие 6 комментариев
    • Динислам Тлесов
      Маған ұнайды:
      25.05.2013, 6:12
      Предыдущие 6 комментариев
    • Динислам Тлесов
      Құрметті жас түлектер!Сіздерді осы көктемнің қуанышты да,ұмытылмас,қимас сезімді мейрамымен , Жас ұлан ұйымының мүшесі ретінде құттықтаймын. Сіздерге алдағы уақытта табыс тілеймін. Мектепті өз білімдеріңізбен қуантсаңыздар, енді елді өздеріңіздің жақсы, игілікті істеріңізбен қуанттыңыздар. Ұлттық бірыңғай тестілеуден жақсы нәтиже көрсетіп, өздеріңіздің, ұстаздарыңыздың еңбегін ақтаңыздар. Мен, Жас ұлан, сіздерге сәттілік тілеймін.
      Абзал жандар биік тұлға байсалды,
      Құшақ жайып, төл мерекең қарсы алды.
      Түлектерге жарқын тілек білдіріп
      Құттықтайды Жас ұландар баршаңды!
      Маған ұнайды:
      25.05.2013, 6:00
      Предыдущие 6 комментариев
    • Динислам Тлесов
      ҚЫРЫҚ БЕСІНШІ СӨЗ

      Құдай табарака уатағаланың барлығының үлкен дәлелі - неше мың жылдан бері әркім әртүрлі қылып сөйлесе де, бәрі де бір үлкен құдай бар деп келгендігі, уа һәм неше мың түрлі діннің бәрі де ғадаләт, махаббат құдайға лайықты дегендігі.
      Біз жаратушы емес, жаратқан көлеңкесіне қарай білетұғын пендеміз. Сол махаббат пен ғадаләтке қарай тартпақпыз, сол алланың хикметін біреуден біреу анығырақ сезбекпен артылады. Инандым, сендім демек инандырамын, сендіремін деген емес.
      Адамшылықтың алды - махаббат, ғадаләт, сезім. Бұлардың керек емес жері жоқ, кіріспейтұғын да жері жоқ. Ол - жаратқан тәңірінің ісі. Айғыр биеге ие болмақта да махаббат пен сезім бар. Бұл ғадаләт, махаббат сезім кімде көбірек болса, ол кісі - ғалым, сол - ғақил. Біз жанымыздан ғылым шығара алмаймыз, жаралып, жасалып қойған нәрселерді сезбекпіз, көзбен көріп, ақылмен біліп.
      Маған ұнайды:
      02.03.2013, 17:36
      Предыдущие 6 комментариев
      Алия Мударисова
      жақсы пікір
      14.03.2013, 13:29
    • Динислам Тлесов
      БІРІНШІ СӨЗ

      Бұл жасқа келгенше жақсы өткіздік пе, жаман өткіздік пе, әйтеуір бірталай өмірімізді өткіздік: алыстық, жұлыстық, айтыстық, тартыстық - әурешілікті көре-көре келдік. Енді жер ортасы жасқа келдік: қажыдық, жалықтық; қылып жүрген ісіміздің баянсызын, байлаусызын көрдік, бәрі қоршылық екенін білдік. Ал, енді қалған өмірімізді қайтіп, не қылып өткіземіз? Соны таба алмай өзім де қайранмын.
      Ел бағу? Жоқ, елге бағым жоқ. Бағусыз дертке ұшырайын деген кісі бақпаса, не албыртқан, көңілі басылмаған жастар бағамын демесе, бізді құдай сақтасын!
      Мал бағу? Жоқ, баға алмаймын. Балалар өздеріне керегінше өздері бағар. Енді қартайғанда қызығын өзің түгел көре алмайтұғын, ұры, залым, тілемсектердің азығын бағып беремін деп, қалған аз ғана өмірімді қор қылар жайым жоқ.
      Ғылым бағу? Жоқ, ғылым бағарға да ғылым сөзін сөйлесер адам жоқ. Білгеніңді кімге үйретерсің, білмегеніңді кімнен сұрарсың? Елсіз-күнсізде кездемені жайып салып, қолына кезін алып отырғанның не пайдасы бар? Мұңдасып шер тарқатысар кісі болмаған соң, ғылым өзі - бір тез қартайтатұғын күйік.
      Софылық қылып, дін бағу? Жоқ, ол да болмайды, оған да тыныштық керек. Не көңілде, не көрген күніңде бір тыныштық жоқ, осы елге, осы жерде не қылған софылық?
      Балаларды бағу? Жоқ, баға алмаймын. Бағар едім, қалайша бағудың мәнісін де білмеймін, не болсын деп бағам, қай елге қосайын, қай харекетке қосайын? Балаларымның өзіне ілгері өмірінің, білімінің пайдасын тыныштықпенен керерлік орын тапқаным жоқ, қайда бар, не қыл дерімді біле алмай отырмын, не бол деп бағам? Оны да ермек қыла алмадым.
      Ақыры ойладым: осы ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде-кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі дедім де, ақыры осыған байладым, енді мұнан басқа ешбір жұмысым жоқ.
      Маған ұнайды:
      02.03.2013, 17:23
      Предыдущие 6 комментариев
    Предыдущие записи

    Изменить аватарку

    Файл формата JPG, PNG и GIF, не более 10 Мб. Минимальные размеры изображения 220x220