• 20 ұпай

ДОСТАРЫМ

1 дос

    МЕНІҢ СЫЙЛЫҚТАРЫМ

    нет подарков

    Вам пока ничего не подарили.

    БІРЛЕСТІКТЕР

    ОЙЫНДАР

    нет игр


    сізді каталогта көптеген қызықты ойындар күтіп тұр.
    • 0
      __Ж@н тек сенi суйем_1
    • 0
      _0_0_B~1
    • 0
      _yz_zatu_-_ZHylama_yzym_(iplayer
    • 0
      _I_Follow_Rivers
    • 0
      _-_music
    • 0
      5ivesta_Family_-_Tuk_Tuk_(get-tune
    • 0
      10 Dan Balan-Do utra
    • Aida Kishkenbai
      Табиғаттың тазалығы – кіршіксіз жүректен басталады

      «Табиғаттың тазалығы – кіршіксіз жүректен басталады» - я, Астана қалалық саябағында өткен «ЕХРО-2017» көрмесіне орайластырылған экологиялық акцияның атауы осылай болатын. Республикалық «Жас ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының ұйымдастыруымен өткен аталмыш шараға қала мектептерінің оқушылары, жас ұлан ұйымының белсенділерімен ұйым көшбасшылары қатысқан болатын. Акция барысында қатысушылар төрт топқа бөлініп, берілген тапсырмаларды орындауы міндетті болды. Берілген тапсырмалар соңында көңілді эстафета мен қызықты ойындарға ұласқан аталмыш шара жас ұландардың жүзіне күлкі үйрілтіп, зор қуаныш сыйлады. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, көңілдерінен нұр шашыраған әрбір жас ұландық шынайы шаттықтың кемеріне енген болатын. «Көшбасшы», «Қызыл өрік», «Алоха» мен «Бемз» сынды төрт топқа бөлінген білімпаз жастар түрлі сынақтарда өз білімдерін көрсетті. Дегенмен, жүзден жүйрік, мыңнан алғыр болып, ерекше білімпаздығымен дараланған «Алоха» тобы жүлделі І орынды еншілеген болатын. Өздерінің қызықты да тәтті қылықтарымен ерекшеленген «Қызыл өрік» тобы ІІ орын еншілесе, «Бемз» бен «Көшбасшы» топтары ІІІ орынды місе тұтты. Көңілді де қызықты ойындар мен қызу бидің шырайын шығарған ұландар ойындағы жеңістен гөрі көкіректеріндегі жылу мен рухтарының асқақтағандарын сезініп, одан асқан жеңіс болмасына бек сенімді болды. Жеңімпаздарға түрлі сыйлықтар мен арнайы дипломдар табысталды. Елордамызға деген ыстық ықыластары мен шексіз махаббатырын жасыра алмаған ұландардың жүздеріндегі күлкілері еш тыйылмады. Кіршіксіз жүректердің кір шалмас саналарында тазалықтың негізі сіңген әр ұлан - болашақта табиғатымыздың әр тасымен әрбір тамшы суының қадірін ұғып, олардың тазалығы жолында аянбай еңбек етеріне сенім білдіреміз. Себебі, табиғаттың тазалығы – кіршіксіз жүректен басталады.
      Маған ұнайды:
      22.03.2014, 16:30
      Предыдущие 6 комментариев
    • Aida Kishkenbai
      Он сегіз мың ғаламға сәруар болған Мұхаммет,

      Отыз үш мың асхабқа сардар болған Мұхаммет.

      Жоқшылық пен індетке қанағатшыл Мұхаммет,

      Күнә тартқан үмбетке шапағатшыл Мұхаммет.

      Кірпік ілмей талықты, – сабыр табар Мұхаммет,

      Жетім, міскін, ғаріпті жарылқаған Мұхаммет.

      Үлес берген пендеге сара жолдан Мұхаммет,

      Азап кешкен әммеге пана болған Мұхаммет.

      Әбужаһил залымға төзім қылған Мұхаммет,

      Жалақордың хақ жолға өзін бұрған Мұхаммет.

      Жалғаншының қайғысын ұмыттырған Мұхаммет,

      Зікір айтып Рухын шынықтырған Мұхаммет.

      Малғұн, лағин, шайтанға соғыс қылған Мұхаммет,

      Шариғатқа үмбетін тоғыстырған Мұхаммет.

      Тариқатқа – жолбасшы, жаны ышқынған Мұхаммет,

      Ақиқатты баршаға табыстырған Мұхаммет.

      Жамандыққа – жақсылық бағыштаған Мұхаммет,

      Тауфық тілеп, залыммен алыспаған Мұхаммет.

      Сәждеге ұрып маңдайын, тағат қылған Мұхаммет,

      Қабыл болып дұғасы – таң аттырған Мұхаммет.

      Залымдардың бәлесін харап қылған Мұхаммет,

      Бір Алланың Дидарын талап қылған Мұхаммет.

      Бес уақыт намазда имам болған Мұхаммет,

      Миғражда көргені Дидар болған Мұхаммет.

      Ғаршы, Күрсі базарын иеленген Мұхаммет,

      Сегіз бейіш төріне Кие берген Мұхаммет.

      Міскін Ахмет құлына мұра қылған Мұхаммет,

      Жетімдерге жүрегін шыра қылған Мұхаммет.
      Маған ұнайды:
      22.03.2014, 16:30
      Предыдущие 6 комментариев
    • Aida Kishkenbai
      Өмір деген сан алуанды, қызықты,
      Өмір деген қос белбеулі сызықты.
      Өмір деген дәріптейтін білгірді,
      Өмір деген кешіретін бұзықты.

      Бұл өмірде сабақ оқу керекті,
      Мағыналы, қазыналы, деректі.
      Солардың бір бөлімі бар физика,
      Ұғындырар тартылыс пен себепті.

      Қатты күйде қатайып, өкпелерміз,
      Бір қуансақ сұйықтай төкпелерміз.
      Заряд алып ақыл мен парасаттан,
      Шын жүректен төгеміз көпке лебіз.

      Қуанамыз, кей сәтте алқынамыз,
      Ұғынуға бұл пәнді талпынамыз.
      Біреузінен он тармақ тарай тұғын,
      Таңырқаймыз формула қалпына біз.

      Тартылыспен ғашық боп ұнатармыз,
      Күшімізбен заңғарды құлатармыз.
      Массамызға тәуелді болып біздер,
      Қолдан жасап аспанды жылатармыз.

      Жарқырайды найзағай күңгір көктен,
      Күн шыққанда бар ғалам шүкір еткен.
      Найзағайға іліксек, күл болармыз,
      Жын емес, тоқ ұрғанда көкіректен.

      Сабақ десе сирейміз газдай болып,
      Қуанамыз бес десе жаздай болып.
      Тыныш күйге енеміз кей сәттерде,
      Тізіліп ап партаға қаздай болып.




      Теріспіз біз, кей сәтте оң болармыз,
      Графикте жататын ромбалармыз.
      Үйкеліске түсіріп қолымызды,
      Жылынармыз суықта тоңғаннан біз.

      Серіппедей созылып, керілерміз,
      Дат басса егер жүректі, жемірелміз.
      Апайлардың айқайын тыңдап өскен,
      Негізі біз болаттай берік елміз.

      Эппиликс бойымен айналармыз,
      Энергияға тәуелді айналамыз,
      Асып кетсе Кельвинің плюс болып,
      Қайта – қайта будақтап қайналармыз.

      Қысым қысса жан – жақтан қиналамыз,
      Тітіркейміз, кірпідей жиналармыз.
      Сабақ сұрап тақтаға шығарса егер,
      Үзік- үзік пленкалы кинолармыз.

      Не десекте бұл сабақ алып екен,
      Жақсы оқысаң жолыңда жарық екен.
      Әрекетке түссе егер шын шабытым,
      Бар пәндерді жырыма салып өтем.

      Талайларды таң қылар алғырлығы,
      Бұл пәнде бар ілімнің сан қырлығы.
      Тартылыстың заңына бағынбаймын,
      Қымбат маған өмірдің заңдылығы!
      Маған ұнайды:
      22.03.2014, 16:30
      Предыдущие 6 комментариев
    • Aida Kishkenbai
      Алтын ұя-мектебім
      Мектеп менің екінші үйім.Менің күнделікті жарты күнім сонда өтеді.Біздер-сыныптагы оқушылар бір үйдің балаларындай бір-бірімізге бауыр басып қалдық.Ондағы ұстаздарымыз бізді білім нәрімен сусындатып қана қоймай,тағылымы мол,мықты тәрбие де береді.Мен болашақта қалаған мамандығының,білімді маманы боламын деген арманым бар.
      Мектебім ыстық мекенім,
      Өзіңде қыстап өтемін.
      Өзіңнен алған біліммен,
      Биікке самғап өсемін.
      Мектебім үйім мекенім,
      Сендегі бармен көктедім.
      Көктеген жасыл ағаштай,
      Өзіңнен бір кез түлеймін.
      Маған ұнайды:
      22.03.2014, 16:29
      Предыдущие 6 комментариев
    • Aida Kishkenbai
      Анашым

      Біздің әрқайсымыз үшін өмірдегі ең әзиз,ең жақын жан-анамыз екені хақ.Мейірім тұнған ана жанары,жылы үні мен жыммысы,жаным деген жалғыз сөзі...Ия,бізге мәңгі жолбасшы да оның махаббаты шыгар тегі.Асыл анасына-өзіне өмір сыйлаган жанға,осынау мәңгілік тақырыпқа ертелі-кеш ән арнамаған ақын мен сазгер жоқ шығар.
      Маған ұнайды:
      22.03.2014, 16:29
      Предыдущие 6 комментариев
    • Aida Kishkenbai
      Астана бас-қала
      Қазақстан Республикасының астанасы-Астана.Астана еліміз бас қаласы.Еліміздің мақтанышына айналған Астана күннен күнге көркейіп келеді.Есіл өзенінің бойынан орын тепкен әсем Астананы бүгінде бүкіл әлем біледі.Мен еліміздің бас қаласы-Астананы мақтан тұтамыз.Астанамды әрі қарай көркейтуге ат салысамын.Жасай бер!Елорда,жасай бер,Астана!
      Талай ақын жырлаған,
      Өзің жайлы Астана.
      Жаса,жаса,жас қала,
      Әсем болған бас қала.
      Маған ұнайды:
      22.03.2014, 16:29
      Предыдущие 6 комментариев
    • Aida Kishkenbai
      Туған жер

      Тамған жер-Қазақстан кінділ қаным,
      Бақыт қой сенде әрбір атқан таңым.
      Тілім бар,дәстүрім бар-бар байлығым,
      Қазақ боп туғаныма мақтанамын.
      Барша ел танып білді қазақ халқын,
      Іргелі еліміз бүгін жүзі жарқын.
      Құшақ жайып қарсы ал,болашағым
      Елім үшін жан берем-осы антым.
      Маған ұнайды:
      22.03.2014, 16:28
      Предыдущие 6 комментариев
    • Aida Kishkenbai
      Менің елім

      Егеменді елімнің
      Татулық әркез байлығы
      Жайнаған қазақ жерімнің
      Биікте тұрар байрағы.
      Сезімнің тілмен төгіп кестелерін.
      Ғасырдан,ғасырларға
      Көшті өнерім
      Ұлттымның ана тілі ғой
      Ар таңбасы
      Тіл өшпесе
      Меніңде өшпегенім.
      Маған ұнайды:
      22.03.2014, 16:28
      Предыдущие 6 комментариев
    • Aida Kishkenbai
      Отаным менің кең-байтақ

      Жайнаған сасыз қаласы,
      Жайқалған жомарт даласы
      Ел-Отан біздің кең-байтақ
      Отанның біздер баласы.
      Отан-асыл анамыз,
      Ана сүтін ақтаймыз.
      Есейгенде ер болып,
      Елді жаудан сақтаймыз.
      Маған ұнайды:
      22.03.2014, 16:28
      Предыдущие 6 комментариев
    • Aida Kishkenbai
      Өтірік өлең
      Айға барып тынықтым,
      Бір сыр барын мен ұқтым.
      Қатып қалған мұздарды,
      Аузыммен үрлеп жылыттым.
      Қауырсыннан әсемдеп,
      Тауық шұлық тоқыпты.
      Әтеш болса ерігіп,
      Жыр дастанды оқыпты.
      Маған ұнайды:
      22.03.2014, 16:28
      Предыдущие 6 комментариев
    • Aida Kishkenbai
      Ұстазға арнау

      Ұстазым,ұлы ақылшым,білім берген,
      Шәкірттің жайын ойлап,қамын жеген.
      Ұстазым,бүгін сенің қуанышың,
      Тілек айтып құттықтап мерекеңмен.
      Қазақстан-ұлы Отан
      Желбірейді тәуелсіздік жалауы,
      Әрбір жанның жүрегінде алауы.
      Сен деп соғады жүрегім,
      Қазақстан-ұлы Отан тірегім.
      Отан
      Мен туған жер
      Даласы кең.
      Жан-жануарар мекендеген
      Шөптері ем.
      Қазақстан,биіктен көріне бер,
      Мен сені мәңгілікке сүйіп өтем.
      Маған ұнайды:
      22.03.2014, 16:27
      Предыдущие 6 комментариев
    • Aida Kishkenbai
      Сыйлық... авторы: Кишкенбай Аида

      Түр – түрі бар сыйлықтардың өмірде,
      Бірі алтын, енді бірі көңілде.
      Көрсең дағы сан нақышты сыйлықты,
      Жүрек сыйын көре алмассың өңіңде.

      Оюланып, нақышталып жасалған,
      Алтын түстес, күмістермен қашалған.
      Талай сыйлық келсе дағы алдыма,
      Шын қуаныш шыға алмаған қарсы алдан.

      Сыйлық алып, тәтті сезім баураған,
      Сырт – келбетті қуаныштар жаулаған.
      Сезім іштей лаулап ешуақ жанбаған,
      Сыйлық алып бірақ сыртым лаулаған.

      Сыйлықтарды түр – түрімен жинағам,
      Ала бергем, ашкөз болғам, тыймағам.
      Сан сыйлықты сыйласада бұл өмір,
      Шын бақытты бірақ маған қыймаған.

      Алсам дағы сан өнеге сайыстан,
      Жеңілмегем, қайта – қайта сайысқам.
      Сан сайыста қайыспаған қабырғам,
      Мына өмірдің қыспағынан қайысқан.

      Әр сыйлық пен жадыраған өңірім,
      Қуаныштан алқынатын көңілім.
      Тосын сыйын берсе дағы сан сыйлық,
      Тосын сыйын бере алмаған өмірім.

      Сан сыйлығың қайғыларды бастаған,
      Сыйлықтарды жинап алып, тастағам.
      Я, Жаратқан сыйлық бермей өтсеңде,
      Қыла көрші мені ақын, жас қалам!

      Сыйлық берсін, беруін еш тыймасын,
      Жеңіліске тағдыр бізді қыймасын.
      Бас сыйлықты алмасамда сайыстан,
      Тағдыр маған өз сыйлығын сыйласын!
      Маған ұнайды:
      22.03.2014, 16:26
      Предыдущие 6 комментариев

    Изменить аватарку

    Файл формата JPG, PNG и GIF, не более 10 Мб. Минимальные размеры изображения 220x220