• 0 ұпай

ДОСТАРЫМ

5 дос

    МЕНІҢ СЫЙЛЫҚТАРЫМ

    1 сыйлық

    БІРЛЕСТІКТЕР

    состою в сообществах

    ОЙЫНДАР

    4 ойын

    Загрузите фотографии и ваша страница станет интереснее
    • Гүлжанат Нағыметова
      Кітап - рухани қазына. 7 желтоқсанда осы тақырып бойынша ашық тәрбие сағаты өткен болатын. Ашық тәрбие сағатының мақсаты оқушыларды кітапқұмарлыққа тәрбиелеу болатын. Кітап оқитын жастарымыз қазіргі таңда жоқтың қасы. Себебі, барлығы интернетте дайын тұр. ХХІ ғасыр жаһандану заманы екені белгілі. Бірақ жаһандану заманы деп құлдырап кетпейік. Кітап арқылы тіліміздің байлығын, сөздік қорымызды кеңейтеміз. Тіл - адамның басты қаруы. Тілімізді жоғалтып алмайық. Дерек көздеріне сүйенетін болсақ, әрбір жыл сайын 1 тіл жойылып отырады екен. Ал қазақ тілі жойылмауы үшін біз тілімізді құрметтеуіміз қажет. 3 тұғырлы тіл деп жатамыз. Сол 3 тұғырлы тілдің сіз үшін қайсысы маңызды? Орыс тілі ме, қазақ тілі ме, әлде ағылшын тілі ме? Әрине сіз қазақ тілі дейсіз. Бірақ сіз орыс тілінде сөйлейсіз. Қанша қазақ тілінде сөйлей беріңіз, бірақ сөздерініңіздің арасында орыс тілінің сөздері де кетіп қалады. Ол әдетке айналған. Орыс тілі мен ағылшын тілін жақсы меңгермеген адам жүре алмайды дейді. Қазіргі таңда көп ел орыс тілі мен ағалшын тілін білуге міндетті. Неге қазақ тілін білуге міндетті емес. Себебі, тілімізді қадірлейтіндер аз. Тым жақсы теледидар қарай кояйын десең, кілең түріктің, кәрістің сериялдары. Ал жақсы қазақ киноларына келейік. Қазақтың қара домалақ жігіттері, сұлу қыздары қазақ тілін сүйе отырып, орыс тілінде фильмге түссе,қалай ішің күймейді. Қазақ сериалы болған соң, қазақ тілінде түсірсе несі кетеді екен а? Түріктің мылжың сериалдарында әртістері басқа тілде емес, өздерінің тілдерінде сөйлеп жатады ғой. Ал біз соларды қазақ тілінде аударып көріп жүрміз. Егер бізде қазақ тілінде сериалдарымызды түсірсек, несі айып? Біз тәуелсіз елдің адамдары емеспіз бе? Сондықтан достар, Қазақ елі тілімізді қадірлейік. Тілімізді алдыңғы орынға қояйық
      Маған ұнайды:
      17.12.2013, 17:08
      Предыдущие 6 комментариев
    • Гүлжанат Нағыметова
      Әркімнің туған жері өзіне ыстық.Атауының өзі де ыстық болып келеді. Менің туған жерім - Арал. Арал экологиялық апатқа ұшыраған жер болса да, мен өз жерімді сүйемін. Және әрқашан мақтан тұтамын. Басқа жердің қыздары немесе ер балалары " Өй, Арал ма, Аралда дым қызық қой. Таста Аралды, ағаш жоқ, құм борайтта жатад" деп өздерінше менсінбейді. Бірақ Арал көркейіп келеді. Қазалы ,Шиелі секілді жақын жатқан аудандармен үнемі сайыстарға түсеміз. Арал аудан емес, қала. Ал Қазалы, Шиелі дегендер аудандар. Яғни Арал олардан үлкен. Білім мен спорт жағынан да алда келеміз. Осы Арал қаласында егер теңіз болғанда, шіркін, бай әрі әсем қала болар едік. Әрине, қазірде әсем. Бірақ экологиялық апатқа ұшыраған жердің топырағы құнарлы болмайды ғой. Егер теңіз оралса балыққа бай, жайқалған қала болар едік. Арал теңізінен кезінде 1 тәуліктің ішінде 14 вагон балық тиелінетін болған. Бұл арман қазіргі таңда бүкіл Аралдықтардың,бүкіл Қазақстандықтардың арманы. Сол арманға жетуіміз үшін Елбасымызда көп көмегін тигізуде.
      Арал қаласына деген тағы да бір арманым бар. Арал қаласында "Жас Ұлан" ұйымы жақсы қызметтер атқаруда. Осы Жас Ұлан ұйымының тек оқушылар арасында ғана емес, сонымен қатар студенттер арасында да белгілі ұйым болғанын қалаймын.Туған жерімде Университет салынып, Жас Ұландар ұйымы студент жастарымыздың да ұйымы болса арманым болмас еді.
      Сосын Аралда Жас Ұлан ұйымына арнайы ғимарат тұрғызылса деймін. Сол ғимаратта тек Жас Ұландықтар қызмет атқарып, Аралымның өркендеуіне көп септігін тигізетін игі істер жасалуын қалаймын.
      Маған ұнайды:
      17.12.2013, 16:43
      Предыдущие 6 комментариев
    • Гүлжанат Нағыметова
      Мен ең негізгі бір мәселені айта кетсем.
      Ол жастардың қызығушылығының басқа жаққа яғни айтқанда агентке қатты бұрылуы. Неше түрлі логиндар ашып,неше түрлі есімдермен кіретін адамдар да аз емес. Агентке Қазақстандағы барлық жастар,оқушылар кіреді деп көпке топырақ шашпай-ақ қояйын.Бірақ агентке кіретіндер саны өте көп. Мен агенттің зиянын айтсам, саусақпен санарлықтай емес.Сондықтан негізгі зиянын айтсам, ол-тіл байлығымыздың төмендеуі және уақытымыздың текке кетуі. Өздеріңізде білетін боларсыздар, агентте қысқартылып жазылатын сөздер көптеп кездеседі. Мысалы, сіз біреуге қалайсын? деп жазсаныз, ол сізге жаксы оз жеп жауап кайтарады. Бұндай мысалдарды көптеп кездестіруге болады. Ал екінші зияны уақытымыздың текке кетуі. Агентке кірген адам, одан шыға алмайды. Бұл бір індет секілді. Тамақ ішсенде,көшеде жүрсенде,жатсанда,тұрсанда,отырсаңда қолыңнан ұялы телефон түспей,ұялы телфонға үңілумен болсың. Егер агент арқылы сөйлесіп отырсаңыз, сол сөйлесіп отырған адамыңыз сізге әзіл жіберсе,сіз өзіңізден өзіңіз күлесіз,Бұл қалыпты жағдай. Шындап агентті қоямын деген адам,әрине қояды.Бірінші кезінде агентке кіргін келіп,қайта-қайта ұялы телефонға қарай ұмтыла бересің. Бұл- менің басымнан өткен жағдай.Сондықтан да бұл жағдайлардың бәрі агентке кіретін адамдардың басынан өткен шығар деп ойлаймын. Кейбірі агентке кіріп,сабағына көңіл аудармай, көңіл аударғанның өзінде, кітабын бір қолына алып, бір қолына ұялы телефон алып, сабағын оқу бұл жағдай өзімізге қате жағдай. Қазір агентке тек жастар мен оқушылар ғана кірмейді. Үлкен кісілер де кіреді. Үлкеннен үлгі алу керек деп жатады. Бірақ үлгілері осы ма? Мүмкін қызбен немесе жігітпен танысу үшін кіретін болар, қатты танысқысы келіп бара жатса, басқаша да танысуына болады ғой. Сондықтан агентке кіру дұрыс емес деп ойлаймын.
      Маған ұнайды:
      28.11.2013, 17:23
      Предыдущие 6 комментариев

    Изменить аватарку

    Файл формата JPG, PNG и GIF, не более 10 Мб. Минимальные размеры изображения 220x220