2016 жылғы 10 ақпанда Қазақстан Республикасы Президенті  Н.Ә. Назарбаев  «Қазақстан Республикасында Бала құқықтары жөніндегі уәкіл институтын құру туралы» №192 жарлыққа қол қойды.

Құжатқа сәйкес, мекеме Қазақстан Республикасында бала құқықтарын қорғаудың  ұлттық жүйесін жетілдіру мақсатында құрылған.

Жарлықта былай көрсетілген: «Қазақстан Республикасында бала құқықтарын қорғаудың ұлттық жүйесін жетілдіру мақсатында, қатысушы мемлекеттің Біріккен Ұлттар Ұйымының Бала құқықтары туралы конвенциясына бейілділігін растай отырып, әлемдік қоғамдастықтың балалар өмірі үшін қолайлы және мейірімді ортаны қалыптастырудағы күш-жігерін қолдай отырып,  Қазақстан Республикасында өз қызметін қоғамдық негізде жүзеге асыратын Бала құқықтары жөніндегі уәкіл институтын құруды қаулы етемін».

2016 жылғы 25 наурызда Мемлекет басшысының Жарлығымен ҚР-да бала құқықтары туралы Уәкіл болып ҚР Парламентінің Мәжіліс депутаты Балиева Зағипа Яхянқызы тағайындалды.

Уәкілетті институттың негізгі мақсаттары балалардың құқықтары мен заңды мүдделерiнің кепілдіктерін қамтамасыз ету, сондай-ақ мемлекеттік және қоғамдық институттармен өзара бірлесе отырып балалардың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтiру болып табылады.

Ресми сайт: bala.gov.kz