Жаңалықтар

"Жасыл әлем" ертегілер байқауын өткізу туралы ЕРЕЖЕ

28.03.2018, 17:22 | Пікір: 0

"Жасыл әлем" ертегілер 

 байқауын өткізу туралы  

ЕРЕЖЕ

 

  1. 1.    Жалпы ережелер:

1.1. Осы Ереже "Жасыл әлем" ертегілер байқауының (бұдан әрі - байқау)  мақсаты мен міндеттерін, қатысушыларға қойылатын талаптар және Байқаудың өткізу тәртібін анықтайды. 

 

  1. 2.    Байқаудың мақсаты мен міндеттері:

2.1. Байқаудың мақсаты – мектеп жасындағы балалардың экологиялық дүниетанымын тәрбиелеу,оларда экологиялық мәдениетті қалыптастыру.

2.2. Байқаудың міндеттері:

-       климаттың өзгеруіне әсер ететін процестер және экология туралы білімін көтеру;

-       қаланың,елдің,ғаламшардың экологиясына және табиғатқа жауапкершілік сезімін қалыптастыру;

-       танымдық белсенділігі мен шығармашылық қызметі дамыту;

-       қатысушылардың жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту, олардың әлеуетін ашу.

 

  1. 3.    Ұйымдастырушылар:

          3.1. «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының республикалық штабы, «Жас Ұлан» Бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігі.

 

  1. 4.    Байқауға қатысушылар:

4.1. Байқауға Астана қаласы орта білім беру мектептерінің 5-11 сынып оқушылары қатыса алады.

4.2. Байқау жұмыстары келесі жас категориялары бойынша бағаланады:

- 5-7 сынып оқушылары;

- 8-9 сынып оқушылары;

- 10-11 сынып оқушылары.

 

5.   Байқауға қатысу шарттары: Байқау екі кезеңнен тұрады:

5.1. Бірінші кезең – өтінімдерді қабылдау және қарастыру.

5.1.1. Байқауға қатысу үшін экологиямен байланысты жазбаша туындылар: аңыздар, ертегілер, әңгімелер және т. б. қабылданады.

Қалауы бойынша өз жұмысын фото немесе суреттер арқылы бейнелеуге болады.

Талап етілетін мәтін көлемі –3 беттен көп емес А4 (times new roman, 12) форматында.

5.1.2. Қатысушылар өтінімдерін (қ. Қосымша 1-де көрсетілген) толтырылған сауалнамамен   қоса берілуі және Jasyl.alem2018@gmail.com электрондық поштасына жіберілуі қажет. Анықтама телефоны: Джунусова Жұлдыз - 8 (7172) 43-99-11, Андамас Абай - 8 (7172) 25-15-45.

5.1.3. Байқау жұмыстары бірегей,бөгденің көмегінсіз жазылған жеке-дара болуы керек. Байқау шарттарын бұзу фактілеріа, не плагиат жағдайы анықталса  қатысушы жарыстан шығарылады.

5.1.4. Байқау жұмыстарын бағалау критериилері: байқаудың шарттары мен тақырыбына сәйкестігі, креативтілігі, ой мазмұндауы, мазмұндау стилі.

5.1.5. Байқауға қатысуға өтінімдер 2018 ж. 2 мамыр  Астана уақыты бойынша сағ.18.00-ге дейін қабылданады.

Ескерту:

  • · Байқауға қатысушылар өтінімді жібере отырып автоматты түрде Байқауда ұсынылған  жеке деректерді және шығармашылық жұмысты жариялауға келісім береді.
  • · Сауалнамасыз бағытталған жұмыстар Байқауға қатысуға қабылданбайды және Байқау комиссиясында қаралмайды.

          5.1.6. Үздік деп танылған туындылардың авторлары (6 мамыр 2018ж. кешіктірілмей;өтінімде көрсетілген телефон нөмірлері арқылы) екінші турға қатысуға шақырылады.

 

5.2. Екінші кезең –ертегілер оқу.

5.2.1. Екінші турға өткен қатысушыларға көпшілік алдында және Байқау комиссиясының мүшелеріне мәнермен өздері шығарған  ертегіні оқып беруі керек.

5.2.2. Осы кезеңде сахналау элементтерін, деректемелерін, сондай-ақ достары және сыныптастары көмегін пайдалануына болады.

5.2.3. Жеңімпаздар көрермендер дауысы арқылы және Байқау комиссиясының пікірін ескере отырып шешіледі.

5.2.4. Екінші кезеңді өткізу күні мен уақыты– 14 мамыр 2018 ж., сағ.12.00.

 

6. Байқаудың қорытындысын шығару және марапаттау: 

6.1. Байқау жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен және дипломдармен марапатталды:

Әрбір 3 жас санатынан жүлде – Смартфон алатын жеңімпаз анықталатын болады.

6.2. Ең үздік байқау жұмыстары  www.zhasulan.kz сайтында "Жасыл әлем" ертегілер Байқауы" айдарында, сондай-ақ ұйымдастырушылардың әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында  жарияланатын болады.

 

7. Байқау комиссиясы:

7.1.Байқау ұйымдастырушылары кемінде 3 адамнан тұратын байқау комиссиясын құрады, оның құрамына саяси қайраткерлер, мемлекеттік қызметкерлер, қоғам қайраткерлері және т. б. кіруі мүмкін.

 

 

 

                                                                                                                         Қосымша 1

 «Жасыл әлем» ертегілер

байқауының сауалнамасы



  1. 1.       

Тегі

 

  1. 2.       

Аты

 

  1. 3.       

Әкесінің аты

 

  1. 4.       

Мектеп номері, сынып

 

  1. 5.       

Жасы

 

  1. 6.       

E-mail

 

  1. 7.       

Ұялы телефон (Сізбен байланысуға болатын) 

 

 

  1. 8.       

Үй телефоны  не басқа  байланысушы тұлға  телефоны 

 

*  "Жасыл әлем" байқауына тіркеле отырып, сіз растайсыз :

1)  Өзіңіздің жеке деректеріңізді өңдеуге келісіміңізді ;

2)  Ереже және Байқауды өткізу талаптарымен  танысуды;

3) Ұйымдастырушылар Комитетінің конкурстық жұмыстарды авторын міндетті түрде көрсете отырып (автордың ТАӘ), кез-келген мақсаттарда, кез-келген аумақта  пайдалануға құқығын. 

Сіздің келісіміңізді осы  өтінімді- кестенің  оң жақ төменгі бұрышында    қолыңызбен растаңыз.  Сол жақ төменгі бұрышына қолмен  Сауалнаманы толтыру күнін  қойыңыз. 

 

Толтырылған күні:

"Жасыл әлем"  балалар ертегілері байқауына қатысушының қолы:

 

 

       

 

 

Байқауға қатысу және Сауалнаманы толтыру бойынша сұрақтарға байланысты мына телефондардан  кеңес алуға болады: Джунусова Жұлдыз 8 (7172) 43-99-11, Андамас Абай 8 (7172) 25-15-45

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қосымша 2

 «Жасыл әлем» ертегілер

байқауының жұмысы

 

Автордың ТАӘ ,

мектебі, сыныбын

 көрсету

Шығарманың атауын көрсету

 

 

 

Мәтін

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шрифт Times New Roman, 12. А4

форматтағы және 3 беттен аспайтын

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пікірлер

Предыдущие 6 комментариев
Чтобы оставлять комментарии, Вам необходимо зарегистрироваться или авторизоваться на портале.