Жаңалықтар

«Менің тату отбасым» бейнероликтер мен фотосуреттер байқауы

31.07.2019, 0:00 | Пікір: 0

Қазақстан Республикасының  отбасылары  арасындағы «Менің тату отбасым» бейнероликтер мен фотосуреттер  байқауын өткізу туралы

ЕРЕЖЕ

 

1. Өзектілігі:

Отбасы  – кез-келген қоғаммен кез-келген мемлекеттің негізі, бұл адамды өмір бойы бағыттайтын  бірегей әлеуметтік топ, жақын адамдардың тек қандық туыстығы ғана емес, рухани бірлігі болып табылады. Отбасы бірлігі арқылы мемлекеттің тұрақтылығы қалыптасады. Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Отбасы - қазақстандық қоғамның діңгегі, еліміздің экономика, мәдениет, әлеуметтік саясаттағы жаңа жетістіктерінің негізі. Әр қазақстандық отбасының игілігі – «Қазақстан-2050» Стратегиясының басты мақсаты болып табылады» деген болатын.

 

2. Мақсаты және міндеттері:

Аталған іс-шараның мақсаты отбасы құндылықтарының рөлін бекіту менен қолдау, отбасылық қарым-қатынастың дәстүрі менен мәдениетін сақтау, отбасын жақындастыру және нығайту.

 

3. Қатысушыларға қойылатын талаптар мен  өту тәртібі:

Байқауға Қазақстан Республикасында  тұратын барлық отбасылар қатыса алады. Бір қатысушы бірнеше өтініш жібере алады және әр өтініш жеке қарастырылады.

 

4. Байқау екі номинация бойынша өткізіледі:

1. Үздік бейнеролик "номинациясы»

2. Үздік фотосурет "номинациясы»

 

4.1 "Үздік бейнеролик" номинациясына қатысу үшін:

 

1) отбасы мүшелерінің жетістігін, отбасы дәстүрін, ерекшелігі менен құндылықтарын айқындайтын өз отбасы туралы бейнеролик әзірлеу. Бейнеролик ұзақтығы – 3 минуттан аспауы тиіс;

         2) бейнероликті Instagram әлеуметтік желісінде  жариялау;

         3)  @taty_otbasy, @jasulan_qz, @cisc_offial  парақшаларына жазылып және белгілеп, #tatyotbasy  #tatyotbasy #CISCGRANTS2019  #QOGAMGOVKZ #JASTARJYLI   хэштегтерін көрсету;

4) байқауға қатысу үшін https://forms.gle/7UvVKVD8iGNopULq8 сілтемеде көрсетілген өтінім  (Қосымша 2)  толтыру (өтінімді толтыра отырып, қатысушы өзінің жеке деректері менен бейнеролигін Байқаудың әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жариялауға келісім береді);

5) бейнероликті  әлеуметтік желіде белсенді түрде жарнамалау қажет (қаралым саны, лүпілдер, пікірлер).

 

4.2 "Үздік фотосурет" номинациясына қатысу үшін:

1) Байқауға фотосуретті электронды түрде, jpg - форматта жіберу қажет, фотосуреттің өлшемі 1 Mb болуы керек. Фотосурет жинақ түрінде (коллаж)  болмауы керек;

         2) фотосуретті Instagram әлеуметтік желісінде 200 сөзден аспайтын түсініктемесімен  жариялау;

3) @taty_otbasy, @jasulan_qz, @cisc_offial  парақшаларына жазылып және белгілеп, #tatyotbasy  #tatyotbasy #CISCGRANTS2019#QOGAMGOVKZ #JASTARJYLI   хэштегтерін көрсету;

4) байқауға қатысу үшін https://forms.gle/Xnjt4TLAR5cUR4Gq

 

 сілтемеде көрсетілген өтінім  (Қосымша 2)  толтыру (өтінімді толтыра отырып, қатысушы өзінің жеке деректері менен фотосуретін  Байқаудың әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жариялауға келісім береді);

5) фотосуретті әлеуметтік желіде белсенді түрде жарнамалау қажет (қаралым саны, лүпілдер, пікірлер).

 

5. Кезеңдер, Байқауды өткізу уақыты, жүлде қоры:

Бірінші кезең – байқауға қатысуға өтінім жинау.

Екінші кезең – іріктеу, Байқау комиссиясының жеңімпаздарды анықтауы. Өту аралығы:  2019 жылдың 10 қыркүйегіне дейін.

•        Байқау комиссиясының отырысына  3б. көрсетілген талаптарға сай келетін роликтер мен фотосуреттер жіберіледі;

•        байқау комиссиясының мүшелері мағыналық мәнін, техникалық орындалуын және пікірлер санына, фотосуреттің сапасына қарай (көрсетілім, лүпіл, пікірлер) бағалайды;

 Жүлде қоры екі түрлі аталымда (ҚҚС есебінсіз) байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлері арасында бөлінеді:

1) «Үздік бейнеролик» - бұл номинацияда 1 орын үшін диплом, 150 000 теңге ақшалай сыйлық беріледі., 2 орын үшін диплом, 100 000 теңге ақшалай сыйлық беріледі., 3 орын үшін диплом, ақшалай сыйлық 50 000 тг.

2) «Үздік фотосурет»  - бұл номинацияда 1 орын үшін диплом, 150 000 теңге ақшалай сыйлық беріледі. 2 орын үшін диплом, 100 000 теңге ақшалай сыйлық беріледі., 3 орын үшін диплом, ақшалай сыйлық 50 000 тг.

Өту аралығы: 2019 ж. 30 қыркүйектен кеш емес.

Байқау қорытындысы ұйымдастырушылардың ресми құралдарында (@jasulan_qz) және байқаудың әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жарияланады (@tatu.otbasy).

Жеңімпаз ұйымдастырушылар менен комиссия мүшелері қатысатын салтанатты марапаттау рәсіміне шақырылады.

 

6. Ұйымдастырушылар:

- «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» Қызылорда облыстық қоғамдық бірлестігі (www.zhasulan.kz, tatu.otbasy @gmail.com)  «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ және ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министірлігінің қолдауымен.

7. Қосымша ақпарат: Кез-келген сұрақтар бойынша шара ұйымдастырушысына хабарласуларыңызды сұраймыз:Серік Бағлан, тел. 8 705 597 47 09.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қосымша 1

 

Қазақстан Республикасының жас отбасылары  арасындағы «Менің тату отбасым» бейнероликтер мен фотосуреттер  байқауына қатысу үшін

ӨТІНІМ

 

Отбасы мүшелерінің аты-жөні

 

Бейнероликтің  атауы

 

Қысқаша сипаттамасы (200 сөзден көп емес)

 

Бейнероликке сілтеме

 

Байланыс құралдары 

Мекен-жайы менен телефоны (үй, ұялы байланыс) 

 

E-mail 

 

 

* Өтінімде көрсетілген жеке деректерді таратуға және әлеуметтік желілерде бейнероликті жариялауға келісім береміз

 

Толтыру күні             __________________

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасының жас отбасылары  арасындағы «Менің тату отбасым» бейнероликтер мен фотосуреттер  байқауына қатысу үшін

ӨТІНІМ

 

Отбасы мүшелерінің аты-жөні

 

Фотосуреттің  атауы

 

Қысқаша сипаттамасы (200 сөзден көп емес)

 

Фотосурет

 

Байланыс құралдары 

Мекен-жайы менен телефоны (үй, ұялы байланыс) 

 

E-mail 

 

 

* Өтінімде көрсетілген жеке деректерді таратуға және әлеуметтік желілерде фотосуретті жариялауға келісім береміз

 

Толтыру күні             __________________

 

 

 

Пікірлер

Предыдущие 6 комментариев
Чтобы оставлять комментарии, Вам необходимо зарегистрироваться или авторизоваться на портале.