Жаңалықтар

КӨШБАСШЫЛАР МЕКТЕБІ: «ЖАС ҰЛАН» БЕЛСЕНДІЛЕРІ СЕМИНАР-ТРЕНИНГТЕ ТОҒЫСТЫ

05.05.2017, 16:41 | Пікір: 0

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы мен «Жас Ұлан» ББЖҰ бірлесе жұмыс істеу меморандумы аясындағы бірлескен жоспарға сәйкес «Көшбасшылық мектебі» семинар-тренингісі басталды. Алты күнге жоспарланған іс-шара балалардың кәсіби дағдыларын, көшбасшылық қасиеттерін дамытуға бағытталған.

– Кейінгі толқынмен жұмыс істеу үшін жастар ұйымдарымен қоян-қолтық байланыс орнату қажет. Мұның арқасында әрбір қазақстандық жастың жеке тұлғалық дамуына жол ашылады. Мәселен, Кітапхана тарапынан 2015 жылдан «Әлемді өзгертетін идеялар» әлеуметтік жобасы жүзеге асырылуда. Оның аясында 4000-нан астам оқушы мен студент, жас мамандар екі күндік дәрістерді тыңдады. 44 жоғары оқу орнымен меморандумдар құпталып, «Жас Ұлан» ББЖҰ» РҚБ іспетті өзге жастар ұйымдарымен де ықпалдастық орнатылған. Кітапхана жанында құрылған «Кемел Ел» сарапшылық клубының жұмысы арқылы инновациялық жобалар мықтап қолға алынбақ. Себебі кейінгі ұрпақтың бойына еліне, ұлтына деген оң сезімдерді ұялату – қашан да алдыңғы буынның борышы болмақ, - деді Елбасы кітапханасы директорының орынбасары Жапсарбай Қуанышев.

Семинар жұмысы жас белсенділер бойында көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру, «Әлемді өзгертетін идеялар» жобасы шеңберіндегі жастар ұйымының мүшелері арасында ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.

– Елбасы кітапханасы мен біздің міндетіміз ортақ. Бәсекеге қабілетті, креативті, қазіргі технологияларды меңгерген жастарды тәрбиелеу бағытында жұмыла еңбек еткен жөн. Осы тұста бірлесе ұйымдастырылған семинар ретінде мектеп бірлестіктері көшбасшыларын дайындау және тәрбиелеуді көздейді, - деді «Жас Ұлан» ББЖҰ» РҚБ төрайымы Динара Сәдуақасова.

Алты күндік семинар-тренинг барысында  арнайы іріктеуден өткен 7-10 сынып оқушылары топ құру негіздерімен, көшбасшылықтың қыр-сырымен танысады,  журналистика, бизнес жайлы білім жинап, мақсатқа жету және оны іске асыру туралы дәріс тыңдайды.

Семинардың алғашқы күнінде жастар ұйымдарының өкілдері бір-бірімен танысып, оқушыларға топ құру қағидаларын түсіндірді.

 

Дереккөз: presidentlibrary.kz ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасының сайтынан

http://presidentlibrary.kz/kk/news/koshbasshylar-mektebi-zhas-ulan-belsendileri-seminar-treningte-togysty

Пікірлер

Предыдущие 6 комментариев
Чтобы оставлять комментарии, Вам необходимо зарегистрироваться или авторизоваться на портале.