Жаңалықтар

Қазақстанға жастарды патриоттық тұрғыдан тәрбиелеуде бірыңғай жүйе керек

20.02.2017, 11:05 | Пікір: 0

Қазақстан Парламенті Сенатының қауіпсіздік және қорғаныс сенаторы, Халықаралық қатынастар бойынша Комитет Төрағасы Дариға Назарбаева Қарулы күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығына барды. Сенатор елдің қорғаныс министрімен, сонымен қатар әскери-патриоттық клуб және әскери мектептің тәрбиеленушілерімен кездесті. Кездесудің басты тақырыбы – жастардың әскери-патриоттық тәрбиесі турасында болды.

Қауіпсіздік ведомстваның басшысы Сакен Жасұзақов осы бағыт бойынша мемлекеттік органдар қызметінің маңызды басымдығы болатын атқарылатын іс-шаралар туралы ақпарат берді.  Оның айтуынша, соңғы жылдары әскери-патриоттық клубтардың саны қатты өсті. 177-ден 2308-ге дейін, яғни 12 есе өсіп, клубтағы оқушылардың саны 38-ден 65-ке, яғни 70 пайызға жетті.

«Дәстүрлі негізде жастардың республикалық әскери-паториоттық жарысын өткізетін «Айбын» клубы оң пікірге ие болды. Олардың ұйымдастырған жарысына қатысатындар - әскери-патриоттық клубтар, аймақтық жарыстардың жеңімпаздары, республикалық және облыстық мектеп-интернаттың тәрбиеленушілері, жоғары оқу орындарының әскери кафедрасының студенттері. Жыл сайын жарысқа 800 бала қатысады», - деп түсіндіріп өтті және жарыс 2020 жылға арналған Жастар саясатын жүзеге асыру Концепциясының жоспары аясында өтетінін тілге тиек етті.

Бұл жылы  «Айбын» халықаралық статусты иеленді. Жарысқа Қазақстанның барлық аймақтарынан 1000-ға жуық балалар қатысады. Сонымен қатар Ресейдің, Қытайдың, Белорусияның, Қырғызстанның, Армения мен Тәжікстанның әскери-патриоттық клубтары да шақырылды.

Сакен Жасұзақов бұл жарыстың ҚР ӘҚ білім беруінің 25 жылдығына орай өткізілетінін баса айтты. Жарысқа мемлекеттік органдар орталығының төрағалары, әскери қызметкерлер, «Жас ұлан» республикалық әскери мектебінің тәрбиеленушілері, қалалық әскери-патриоттық клубтар мен әскери кафедралар, «Жас ұлан» мен «Жас қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымы шақырылды. 

Сондай-ақ министр «Айбын» ұйымдастырған жарыспен қатар бірнеше іс-шаралар атқарылатынын айтты. Олар: әскери әндер байқауы, ерлік сабақтары, «Жігер» әскери-патриоттық лагерін өткізу. Жастарды әскери-патриоттық тұрғыда тәрбиелеу шараларын талдауда, ондағы жұмыстарды жүйелендіріп, жандандыру керек екенін жеткізді.

 ҚР ӘҚ-ның Бас штабының бастығының орынбасары Мұхамеджан Таласов бірнеше мәселелерді атап өтті. Олар-жастарды тәрбиелеуге қатысты құқықтық және оқу-материалдық базаның жетіспеушілігі, қоғамдық ұйымдар мен мемлекеттік органдардың шашыраңқылығы. Мәселенің барлығы орта мектептердегі алғашқы әскери дайындық пен ұйымдастыру жүйесінде екендігін айтты.

 «Жастарды әскерге шақырғанға дейінгі әскери дайындық жұмыстарын ұйымдастыруды модернизациялау керек. Оны тиімді әрі жоғары деңгейде өткізу үшін жақсы әдістемелік негіз, дайын материалдық-техникалық база, оқу үрдісіне біліктілігі жоғары әскери қызметкерлерді белсенді түрде шақыру керек», - деді.

Спикер жастарды тартудағы белгілі бір әлеуетке ие, маңызы бар жастар ұйымының тарамдары - мектепте әр түрлі әскери-патриоттық түрде құрылған әскери-спорттық пен әскери-техникалық клубтар, орталықтар, кластар, секциялар, қосымшалар, әскери-барлау және волонтерлік топтар мәселесіне ерекше тоқталды.

«Соңғы жылдары әскери-патриоттық клубтар саны өсті. Десек те, олардың жұмыстарына араласып, тексеру жүргізу керек. Көптеген мұндай мектептегі ұйымдарда қажетті материалдар жеткіліксіз және оларға қаржылай көмек көрсетілмейді. Құқықтық пен заңды базалық статусы да жоқ. Жұмыстары шашыраңқы, салғырттық пен қағаз жүзінде ғана өткізілетін іс-шаралар да анықталды. Міндеттерді жүзеге асырудағы тиімді амалдары мен нақты мақсаттары айқындалмаған. Кейбір осындай ұйымдардың жетекшілерінің не педагогикалық, не әскери білімдері жоқ», - деп Мұхамеджан Таласов бір қатар кемшіліктер мен қиындықтарды атап өтті.

 Оның айтуынша, әскери-патриоттық клубтардың жұмысы мемлекеттік бақылауға алынбаған. 

«Осыған байланысты олардың нақты саны мен мамандануын анықтау мүмкін емес. Олардың жұмыстарын жүйелендіріп, олармен тығыз қарым-қатынас орнату қиын болып тұр. Осылайша, әскери-патриоттық жұмыстардың осы жағдайларын ескере отырып, ең алдымен, өскелең ұрпақты патриоттық тәрбиелеуде мемлекет Бірыңғай кешенді жүйе құру қажет», - деп, Бас штабтың бастығының орынбасары сөзін түйіндеді.

 Өз кезегінде Дариға Назарбаева жастарды патриоттық тұрғыда тәрбиелеу ісіне Елбасы, Парламент, үкіметтік емес ұйымдар үлкен мән беретінін баса айтты. Сенатор жас қазақстандықтардың жұмысы бойынша осы бағытта бірнеше ұсыныстар жасады.

 «Бүгінгі күнде мемлекетіміздің орта мектептеріне кадеттік кластар енгізу қажеттілігі туып отыр. Оқу орындарында алғашқы әскери дайындықта қосымша сағаттар бөліп, Қазақстандағы әскери-патриоттық қозғалысын дамыту бойынша Стратегияны өңдеу керек», - деді.

Кездесудің ресми бөлімі біткен соң, қатысушылар Қарулы күштер Ұлттық әскери-патриоттық орталығының мұражайындағы жәдігерлермен танысты. 

Оксана ДАВЫДОВА, Астана,

Сурет Советбек МАГЗУМОВТЫКІ

Деректер алынды: «Литер» Республикалық қоғамдық-саяси газеті https://liter.kz/ru/news/show/29361-edinaya_sistema_patrioticheskogo_vospitaniya_molodezhi_nuzhna_v_kazahstane

Пікірлер

Предыдущие 6 комментариев
Чтобы оставлять комментарии, Вам необходимо зарегистрироваться или авторизоваться на портале.