Жаңалықтар

«Eco Startup» халықаралық экологиялық стартап жобалар байқауының ЕРЕЖЕСІ

30.09.2019, 14:52 | Пікір: 0

1. Жалпы ережелер

 

1.1. Осы Ереже «Eco Startup» халықаралық экологиялық стартап жобалар байқауын (Әрі қарай – Байқау) өткізу тәртібін айқындайды.

1.2. Байқау Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырысы бойынша «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ «Жастар арасындағы әлеуметтік жауапкершілік тәрбиелеу және экологиялық сауаттылықты арттыру аясында жобаларды іске асыру» грантының аясында ұйымдастырылады.

 

2. Байқау мақсаты мен міндеттері

 

2.1.Байқау мақсаты:

Жастар арасында әлеуметтік жауапкершілік тәрбиелеу мен экология мәденин қалыптастыру үшін әлеуметтік маңызы бар экологиялық бизнесөбастамалар мен стартап жобаларды қолдау. Жастардың назарын қоқыс(ластау) мәселесіне аудару, мәселені шешуге жұмылдыру және әлеуметтік жауапкершілігін түсіндіру.

2.2.Байқау міндеттері:

-    халық арасында экология мәдениетін дәріптеу;

-    әлеуметтік жобалар саласында жастардың кәсіби және тұлғалық дамуына көмектесу;

-    жастардың идеялары мен жобаларын ұсынуға мімкіндік беретін әмбебаб алаң құру;

-    әлеуметтік жобаларды қолдауға арналған құралдардың қолжетімділігін кеңейту.

 

  1. 3.    Байқау өткізу механизмі 

3.1.         Байқау 2019 жылдың қыркүйек және қараша айлары аралығында өткізіледі. Байқау финалының күні, уақыты мен орны ұйымдастырушылардың ресми сайты www.zhasulan.kz мен Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшаларында @jasulan_qz, @eco_alem жарияланады.

3.2.         Байқау жұмыстары екі аталым бойынша қабылданады:

- Үздік стартап идея (Жүзеге асырылмаған, алғашқы сатыдағы жобалар)

- Үздік прототип (Даму сатысындағы жобалар: стартап жобаның үлгісі; жүзеге асыру сатысындағы жобалар: өнім іске қосылды, нәтижесі бар).

3.3. Байқау қатысушыларын іріктеу 2 кезеңнен тұрады.

3.3.1. I  кезең – қатысушыларды іріктеу. Байқау қатысушылары онлайн тіркеу формасын толтырып, стартап жоба презентациясын 2019 жылдың 20 қазанына дейін ұсынуы тиіс. Презентация .ptt, .ptx, .pdf форматында (7 слайдтан көп емес) немесе видео форматында дайындалуы қажет және жобаның мағынасын ашуы тиіс.

3.3.2. Өтініш пен құжаттар https://advisoryboard.ru парақшасында тіркеудің онлайн формасын толтыру арқылы қабылданады.

3.3.3 Қажет болған жағдайда Ұйымдастырушылар Өтінім берушіден Байқауға қатысты қосымша ақпараттар сұратуға құқылы.

3.3.4. Байқауға қатысуға өтінім потенциалды Байқау Қатысушысының осы Ережеде көрсетілген шарттар мен талаптарға келісімін білдіреді.

3.3.5. Байқауға қатысу өтінім беруші тараптан ақысыз түрде жүзеге асырылады.

3.3.6. II кезең – финал. 2019 жылдың 14-15 қарашасында Нұр-Сұлтан қаласында өтеді. Екінші кезеңге әр аталымнан 10 қатысушыға дейін өтеді. Байқау жеңімпаздарын Байқаудың финалдық кезеңінің қатысушыларының презентациялары мен өз жобаларын қорғау негізінде анықталады (бес минуттан көп емес) Қатысушылардың  Екінші кезеңде іріктеу Байқау Қатысушыларының өздерінің Бизнес-идеясы мен стартап жобаларының презентациясы мен қорғауы негізінде жүргізіледі (бір презентацияға бес минуттан артық емес).

3.4. Байқау жобаларын бағалауда комиссия мүшелері келесі келесі критерийлерді ескереді:

-        жаңашылдығы және бірегейлілігі;

-        өзектілігі;

-        мақсатты аудитория;

-        жүзеге асыру мүмкіндігі;

-        бәсекелестерден артықшылығы;

 

4. Байқау қатысушыларына қойылатын талапттар

 

4.1. Байқауға ТМД елдерінді тұратын 35 жасқа дейінгі жеке тұлғалар мен Жобалық топтар, ұйымдар қатыса алады.

4.2. Топтағы қатысушылар саны 4 (төрт) адамнан аспауы тиіс. Жобалық топ бір Қатысушы ретінде қарастырылады.

4.3. Байқауға қатысуға өтінім тікелей стартап жобаның автормен немесе авторлар тобымен берілуі тиіс.

 

5. Байқау комиссиясы

 

5.1. Байқаудың сараптау комиссиясының саны үш адамнан кем емес.

5.2. Байқау комиссиясының мүшелері мен Жюри осы Ережеде көрсетілген талаптар мен ережелерді қатаң сақтауға міндетті.

5.3. Байқау комиссиясың мүшелері Өтінім берушілерді іріктеуден өткізерде Байқау мақсаты, міндеттері мен критерийлеріне байланысты риясыз шешім қабылдауға міндетті.

5.4. Байқаудың іріктеу кезеңінде байқау комиссиясы қатысушылардың жұмыстарын www.advisoryboard.ru парақшасы арқылы оналайн режимде бағалайды.

5.5.1. Байқаудың жеңімпаздарын анықтау жобалардың финалдық таныстырылыманан кейін байқау комиссиясының алқалық отырысында анықталады.

5.5.2. Байқау комиссиясының Байуқау лауреаттарын іріктеу жайлы шешімін Байқау комиссиясының хатшысы Хаттамамен бекітеді.

5.5.3. Хаттамаға Байқау Қатысушыларының презентацияларына баға берген Байқау комиссиясы мүшелерінің қолы қойылады.

5.6. Финалдық кезеңде ең жоғарғы ұпай жинаған Қатысушы Байқау жеңімпазы аталады.

 

6. Марапаттау

 

6.1. Байқаудың әр номинация бойынша жеңімпаздары диплом және ақшалай сыйлықтармен марапатталады. Барлық қатысушыларға сертификаттар табысталады.

6.2. Жүлде қоры жеңімпаздарға жобаны жүзеге асыруға арналған грант ретінде беріледі. Жүлде қорының жалпы сомасы 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңгені құрайды.

6.3. Жүлде қоры екі аталым бойынша Байқау жеңімпаздарының арасында бөлінеді (ҚР Салық кодексінің 172-бабы 1-тармағына сәйкес ұтысқа жеке табыс салығын шегеру шартымен):

- Үздік идея идея – 750 000 (жеті жүз елу мың) теңге;

- Үздік прототип -  750 000 (жеті жүз елу мың) теңге.

6.4. Байқау жеңімпаздарының есепшотына ақшалай қаражат түскен соң 2020 жылдың 30 сәуіріне дейін бағдарламалық және қаржылық есеп өткізуі тиіс.

 

7. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

 

7.1. Өтінім берушінің өтінімі Байқаудың негізгі талаптарға сай келмеген жағдайда, Сараптау комиссиясы Өтінім берушіні Байқауға қатыстырмауға құқылы.

7.2. Ұйымдастырушылар қатысушылардың жеке деректерінің сақталуына кепілдік береді.

 

8. Ұйымдастырушылық сұрақтар және байланыс ақпараттары

 

8.1. Байқау өткізілу кезеңіндегі қатысушылардың тұруына және тамақтануына байланысты шығындар ұйымдастырушы тараптан өтеледі.

Нұр-Сұлтан қаласына дейінгі және қайтар жол шығындары жіберуші тараптан өтеледі.

8.2. Барлық туындаған дауларды конкурсты ұйымдастырушылар  мен комиссия шешеді.

8.3. Байқаудың ұйымдастырушылары: «Жас Ұлан»ББЖҰ»РҚБ «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ қолдауымен.

мекен-жайы: 010000, Қазақстан Республикасы, Нұр-сұлтан қ., Б. Майлин к-сі, 1а үй, 3 қабат.

тел: 8 (7172) 25 15 45, 8 708 425 15 45

e-mail: zhasulan2020@mail.ru

 Жобаның үйлестірушісі - Исханова Аида, тел: 8 702 852 51 69.

 

Пікірлер

Предыдущие 6 комментариев
Чтобы оставлять комментарии, Вам необходимо зарегистрироваться или авторизоваться на портале.