Жаңалықтар

«Балалар денсаулығына қоршаған ортаның экологиялық әсері. Шешімнің ортақ жолдары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

05.06.2017, 14:47 | Пікір: 0

  2017 жылдың 5 маусымында «Қазақстанның экологиялық қоры» ҚҚ  ұйымдастыруымен  «Балалар денсаулығына қоршаған ортаның экологиялық әсері. Шешімнің ортақ жолдары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстел барысында қоршаған ортаның  балалар денсаулығына әсері және оларды шешу мәселелері талқыланды. Сонымен қатар қатысушылар "Бала және қоршаған ортаны қорғау" диалог алаңының жұмыс топтарымен әрі қарай талқылаулар жүргізу үшін, ұсыныстар  мен қорытындыларын білдірді.

Жиынға ҚР Парламентінің Мәжіліс депутаты Хаменова Бақытгүл Қайржанқызы,Мәжілістің экология және табиғатты пайдалану жөніндегі комитетінің мүшесі,эколог-ғалымдар,ЮНИСЕФ,мемлекеттік құрылымдар,жоғары оқу орындары мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

"Жас Ұлан" бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы" РҚБ  атынан жетекші маман Күлбай Нұрболат және баспасөз қызметінің жетекшісі Сайлауова Арайлым қатысып, өз ойларымен бөлісті.

 

Баспасөз қызметінің жетекшісі

Сайлауова Арайлым

Пікірлер

Предыдущие 6 комментариев
Чтобы оставлять комментарии, Вам необходимо зарегистрироваться или авторизоваться на портале.