Хабарландыру тақтасы

«Бірге өмір сүру» жастар фестивалі

23.11.2016, 12:37 | Пікір: 0

«Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» РҚБ Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Кітапханасының қолдауымен «Бірге өмір сүру» жастар фестивалін өткізеді. Фестивальға көпұлтты жас отбасылар, мерейгер отбасылар қатысады. 

Ісшараның негізгі мақсаты достық пен толеранттылықты, отбасылық құндылықтарды насихаттау, отбасы институтын, халықтар достастығын, адамгершілікті, руханилықты нығайту, қазақстандық отбасының жағымды беделін насихаттау, көпұлтты отбасы тұрмысының ерекшеліктерін сипаттау болып табылады.

Фестиваль Астана қаласында Ұлттық әскери-патриоттық орталығының Концерттік залында 26 қарашада сағат 12.00 өткізіледі. Фестивальда 1, 2 және 3 үздік орындармен қатар «Ең үлгілі келін», «Ең мейірімді қайын ене» және «Ең үздік отағасы» номинацияларының иегерлері анықталады.

Аталмыш шараға қоғам қайраткерлері, мемлекеттік қызметкерлер, жастар ұйымдарының өкілдері және т.б. арнайы қонақтар қатысады деп күтілуде.

Толық ақпарат алу үшін мына сілтемені басыңыз.

 


Пікірлер

Предыдущие 6 комментариев
Чтобы оставлять комментарии, Вам необходимо зарегистрироваться или авторизоваться на портале.